Ж. Аймауытов “Әнші” әңгімесі
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі : Әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық
мұратын мәтінге сүйене отырып ашу ;
Әнші бейнесін тереңірек талдау.
Дамытушылығы : “Әдебиет пен өнер егіз ” деген ұғымды ашу;
Жеке және топтық жұмысты шапшаңдыққа баулу;
Өз ойын еркін жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыруға дағдыландыру.
Тәрбиелілігі : Оқушыларды өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу;
Ұлттық құндылығымыз бен намысымызды
қорғай білуге үйрету;
Өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу .
Сабақтың түрі: жаңа материалды өздігінен игерту
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі : талдау, өзара талқылау , ізденушілік
Сабақтың көрнекілігі : интер. тақта, үнтаспа, қима қағаздар,
түсіндірме сөздігі
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ән - әуез, тарих
1 . Оқушылармен сәлемдесу , түгендеу.
2 . Оқушыларды топқа бөлу.
І топ “Болашақ”
ІІ топ “Ұлан”
ІІІ топ “Өнерпаз”
1. “Әнші” әңгімесінің жалпы мазмұнын “Зымыран сұрақтар” әдісімен сұраймын.Сұрақты тез оқимын. Жауап тез, қысқа әрі түсінікті болуы керек .
Ж. Аймауытов кім?
Әңгімедегі әнші есімі?
Әмірханның өмірдегі бейнесі кім?
Автор әншімен қайда кездесті ?
Әнші ән айтуды кімнен үйренді?
Әмірхан қандай әнші?
Әңгіме кейіпкерлерін ата?
Жастар не ұйымдастырды?
2. Кейіпкер бейнесін талдау
І топ Әмірханның мінезі
ІІ топ Әмірханның қарым-қатынасы
ІІІ топ кәсібі
Қарым –қатынасы
Әмірхан
Кәсібі
Мінезі
Талдау барысында әншінің жан-жақты қыры ашылды .
Бұл қырлары алғашқы әңгімеде анықталса ,
біз үшін белгісіз бір қыры – сезімталдығы мен сыршылдығы .
Әмірханның осы қырын ашатын жүрек түкпіріндегі мөлтек сыры іспеттес хикаясы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы ,
негізгі өзегі екеніне тоқтала отырып, жаңа сабаққа көшемін
Мұғалім сөзі :
Біз өткен сабақта “Әнші” әңгімесі арқылы қазақтың атақты әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнері жайында білдік. Талантты жазушы
Жүсіпбек Аймауытов
әнші Әмірхан бейнесі арқылы қазақтың ән өнерін, ұлттық мәдениетімізді паш етті .
Бүгінгі жаңа сабақта біздер әнші бейнесін тереңірек ашуға бар ынта - жігерімізбен жұмыс
жасаймыз.
Әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады .Әрбір мәтінді /50-52 беттер/
абзацтарға бөліп, оны оқиды, мазмұндайды , тақырып қояды.
І топ
- Әңгімедегі ой бөлігі(4-5 абзац 50 бет)
- Ой бөлігіңді оқы
- Түсінгеніңді мазмұнда
- Тақырып қой
ІІ топ
- Әңгімедегі ой бөлігі (2-3-4 абзац 50-51 бет)
- Ой бөлігіңді оқы
- Түсінгеніңді мазмұнда
- Тақырып қой
ІІІ топ
- Әңгімедегі ой бөлігі (5-7 абзац 51 бет)
- Ой бөлігіңді оқы
- Түсінгеніңді мазмұнда
- Тақырып қой
2. Мәтінмен жұмыс.
Бұл кезеңде хикаяның тілдік ерекшелігін тануға болады. Әр топ хикаяның толық мәтінімен жұмыс жүргізеді .
а) теориялық ұғымды еске түсіреміз (жалқы есім, диалог).
ә) талдау жұмыстарын жүргіземіз.
І топ жалқы есімдерді түр –түріне ажырату
ІІ топ диалогтарды тауып, рөлдік оқу
Ақтамақ пен әнші
Әнші мен автор
Ұрылар мен әнші
ІІІ топ “Ақтамақ” бейнесіне ассоциация құру
Ақтамақ
3. Ұжымдық жұмыс
Хикаяттағы мағынасы түсініксіздеу сөздерді тауып , түсіндірме күнделігіне орындайды .
Түсіндірме күнделігі:
Мәтіндегі сөз
Жөпшеңді
Орамал тастады
Жанторсық
Таң асып тұрған
Жаныңа қош айтысу
Қоржынбасы
Оқушы түсінігі
_________________
_________________
_________________
_________________
_________________
_________________
_________________
“ Егер мен жазушы болсам...” (хикаяны өз ойымен аяқтап жазу).