Просмотр содержимого документа
«урок по казахскому языку 6-класс "?й жануарлары"»
Сабақтың тақырыбы:Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:1)Етістік және тұйық етістіктің жасалу жолын меңгерту.
2)оқушылардың сөздік қорын рамытып,сөйлеу мәнерін жетілдіру,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыра отырып,етістіктің жұрнақтарын ажырата білуге үйрету.
3)Туған елге,жерге,мемлекеттік тілге деген патриоттық сезімін ояту,үй жануарлары туралы айта отырып,табиғатты,жан-жануарларды оялуға баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойландыру.
Сабақтың түрі:Саяхат сабағы.
Пәнаралық байланыс:биология,сурет,әдибиет,музыка.
Сабақтың түрі:жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
- Сәлеметсіздер ме,балалар!Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Саяхат сабағы.Сабақтың мақсаты таныстырылады.
ІІ Негізгі бөлім.
-Мына әнге назар аударайық!
-Әннің аты қалай аталады?
-Иә,”Cаржайлау”
-Бұл әнді бұрын-соңда естіп көрдік пе?
-
-Балалар,бұл әннің сөзін жазған М.Мақатаев атамыз екен.Мұқағали атамыз жайлы білеміз бе?
-
-Балалар,біз биыл ақның ақын М.Мақатаевтың туғанына 81 жыл толғанын білеміз.
Ақынның өмірбаянына қысқаша шолу.
Ақиық ақынМұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызмет-терінде болған. Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған. М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б.
(слайд№-6)
Ауылға саяхатқа барайық.
-Ауылда кімдер тұрады?
-Ата мен әже.
-Олай болса атаның әңгімесін тыңдайық.
Түліктің пайдасы
Қазақ халқының негізгі кәсібі - мал шаруашылығы.Қазақстанда қой, сиыр,жылқы және түйе өсіріледі.Қой - аса пайдалы мал.Қойдың жүнінен неше түрлі мата тоқиды.Қойдың терісінен былғары жасайды.Жылқы-көлік.Биенің сүтінен қымыз ашытады.Түйенің сүтінен шұбат ашытады.
-Ата бізге не туралы әңгіме айтты?
-Төрт түлік.
-Иә,балалар төрт түлік жайында.
-Қандай жануарларды білеміз?
-Жануарлай қалай дыбыстайды?
-Иә,балалар.
Тақтаға назар аударайық! (слайд )
Қымыз ашытады. Шұбат ашытады. Айран дайындалады
Не істейді?(Бұл қай сөз табы?)
-Кім айтады?
Е т і с т і к
Құрамына қарай: негізгі
туынды.
Негізгі - түбір арқылы жасалынады, ал туынды – түбірге жұрнақ жалғануы арқылы жасаланады.
Туынды етістік жасайтын жұрнақтар;(слайд 14)
-да, -де,-та, -те,-ла, -ле.
Мысалы: таза+ла,баға+ла,шеге+ле.
-лан, -лен,-дан, -ден,-тан, -тен.
Мысалы: ойлан, еңбек+тен,ашу+лан.
(слайд 15)
Тұйық етістік-қимылдың атын білдіреді және сөйлемде септеледі.