Просмотр содержимого документа
«?нді дауыссыз дыбыстар 5-сынып»
Күні:03.02.16ж
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы:Үнді дауыссыз дыбыстар
Мақсаты:а)білімділік-үнді дауыссыз дыбыстар жайлы түсінік бере отырып, олардың жасалу жолын оқушыларға тапсырмалар беру арқылы меңгерту.
ә)дамытушылық-оқушылардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін арттыра отырып, өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
б)тәрбиелік-жаттығу, тапсырмалар арқылы жақсылыққа, ізгілікке, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып,оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі:дәстүрлі
Сабақтыңтипі:жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтыңәдісі:түсіндірмелі, сұрақ-жауап, топпен жұмыс
Сабақтыңкөрнекілігі:кеспе қағаздар
Пәнаралықбайланыс:әдебиет
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)сәлемдесу
ә)түгелдеу
б)сабаққа даярлау, оқушыларды екі топқа бөлу
ІІ.Үй жұмысын тексеру
«Кубизм» стратегиясы бойынша сабақты өтілген материалдармен байланыстыру.
1
4
2
5
3
6
1.Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
2.Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?
3.Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
4.Еріндік, езулік дауыстылар қалай жасалады?
5.Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата
6.Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қалпына қарай қалай бөлінеді?
ІІІ.Жаңа сабақ
Балалар, біз қазір дауыссыз дыбыстардың түрлерін өтіп жатырмыз.
Өткен сабағымызда қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды өттік.
Бүгінгі сабағымызда үнді дауыссыз дыбыстарды қарастырамыз.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Қатаң Ұяң Үнді
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыздар деп атаймыз.
Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у, м, н, ң
ІV.Топпен жұмыс.
Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырмалар беру.
І,ІІ топ.
1.Үлестірме қағаздармен жұмыс
Берілген мәтін ішінен үнді дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.
2.Осы сөздердің ішінен бір-екі сөзге фонетикалық талдау жасату.(Әр топтан бір баладан шығып фонетикалық талдау жасайды.
3.Адасқан әріпті орнына қойып, сөйлем құрастыр.
І топ: і, м, б, л, і. ш, о, б, а, л, қ, а. а, л, а, д.
к, е, м, т, р, е, е. с, ұ, з, а, т.
ІІ топ. ы, ж, ұ, м,с. ғ, м, ы, л, а. з, н, а, м, а.
қ, ы, е, з, м, т. о, ш, қ, у, ы.
V.Сергіту сәті.
4.Оқу – білім туралы мақалдың жүйесін тауып оқы.
5.Берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беріңдер.