Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Әлем әдебиетінің алыбы, қазақ әдебиетінің заңғар жазушысы,қазақ драматургиясының тарланы Мұхтар Әуезовтің шығармаларын тарихи деректерге сүйене отырып зерттеу арқылы терең, сапалы, мазмұнды білім қалыптастыру және функционалдық сауаттылықты арттыру.
Дамыту: Әуезов туындыларын және оқушылар шығармашылығын кіріктіре отырып, оқушы танымын, қызығушылығын арттыру,драмалық шығармаларын көрсету арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту әрі білім алушыларды үш тілділікке баулу.
Тәрбиелік:Ұлы тұлғаның еңбектерінен тағылым,тәрбие ала отырып, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітетін, «Мәңгілік Ел» деңгейіндегі бәсекеге қабілетті,болашақтың патриоттарын тәрбиелеу.