kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?й жануарлары...

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок предназначен для детей учащихся коррекционного кабинета. Урок про домашних животных. В начале урока повторяется пройденные материалы. В качестве введение детям задается такой вапрос: "На какие виды делятся животные?", "Где обитает дикие животные?". "Назовите домашних животных". Далее работа с текстом, потом работа с рисунками. Решаем сканворд. Рассказываем о пользе домашних животных.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?й жануарлары...»




































Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: үй жануарлары, олардың төлдері туралы мәлімет беру, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, сол сөздерді тілдік қатынаста қолдануды үйренеді.
Түзете-дамыту: тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, оларды жақсы көруге тәрбиелеу, оқушыларды еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын түрі.
Сабақтың көрнекілігі: үй жануарлары туралы слайдтар, үй жануарларының дыбыстары, сөзжұмбақ, мәтін, ойын элементтері, үй жануарларының өрісін көрсету, жайлаумен таныстыру.
Сабақтың барысы:
l. Ұйымдастыру кезеңі.
a) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу
б) Сөйлесу
Мұғалім сөзі:

Сәлеметсіздер ме! Балалар! Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Қара достар жан-жаққа
Дайынсың ба, сабаққа
Мұғаліммен, ата-ана,
Келіп қапты қонаққа.
Қане, балалар! Бүгінгі келген қонақтарымызбен амандасайық. Балалар бүгін біз үй жануарларымен танысамыз. Соның ішінде төрт түлікпен танысамыз. Төрт түліктің пірлері бар. Пірлерін атаңдаршы қане: Шопан ата (қой), Қамбар ата (жылқы), Зеңгі баба (сиыр), Ойсыл қара (түйе), Сексек ата (ешкі).

Жылқының пірі кім? Қамбар ата. Естімедім кім дедіңдер? Қамбар ата. Қамбар ата.

Балалар, бізге Қамбар атаның өзіде келіп қалды.

Дефектолог:
- Жылдың қай мезгілі?
- Аптаның нешінші күні?
- Қаңтардың нешесі?
Сұрақ-жауап әдісі:
Жануарлар неше топқа бөлінеді?
Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді?
Жабайы жануарларды ата.
Үй жануарларына нелер жатады?
Үй жануарлары слайдтан көрсетіледі.


Дефектолог: балалар қазір мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі суреттің орнына аттарын жазамыз.

- Төрт түлік малға қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі жатады.


...............малдың жүйрігі.
...........малдың құттысы.





Сиырдың төлін ......... деп атаймыз. ............шөлге

төзімді жануар.

Балалар болсақ назарымызды тақтаға аударайық. Келесі тапсырмада суреттің жартысы ғана көрсетіледі. Жасырынған суреттің не екенін табуымыз керек.

Слайдтан көрсетіледі.

Бірінші суретте не жасырулы тұр. Жауабы: жылқы. Екінші суретте «сиыр» екен! Үшінші суретті қараймыз. Бұл не болды? Бұл? «Қой» екен! Төртінші суретімізге назар салайық, өркеші бар жануар. Бұл не? «Түйе» екен! Бесінші суретте секең-секең жүретін ол не? «Ешкі»

Ал, енді балалар, осы төрт түліктің төлдерін білесіңдер ме? Сол туралы мұғалімдеріңмен (Әділбек Мұратұлымен) бірге жұмыстанасыздар.


Мұғалім:

Балалар келесі тапсырма төрт түліктің төлдері жайлы болмақ. Карточкамен жұмыс жасаймыз.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Сиырдың төлі - ... . Қойдың төлі - ... . Жылқының төлі - ... . Түйенің төлі - ... . Ешкінің төлі - ... .
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөз тіркестерін көшіріп жаз.
... қозы, ... құлын, ... бұзау, ... бота.
Керекті сөздер: жүйрік, сүйкімді, момақан, тентек

Сергіту сәті.

Балалар тапсырманы орындап болсақ, шаршаған боларсыздар кішкене серігіп алайық. Ортаға шығып жаттығу жасаймыз. Тақтаға қараймыз бейне баянға қарап, жасағанын қайталаймыз. (видео ролик)

Келесі тапсырма сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақ жазылған қағаздар беремін, осыны толтырамыз.

Сөзжұмбақ шешу:








Болсақ, назарымызды экранға аударамыз. Жауабымызды тексереміз. 1)төл. 2)күн. 3)қымыз. 4)сиыр. 5)жаз. 6)құлын. 7)лақ. 8)қозы. 9)ешкі.

Балалар сіздер білесіздер ме? Үй жануары ит бар ғо, 10-ға жуық дыбыс шығарады, ал мысық 100-ге жуық дауыс шығарады екен. Ал, енді төрт түлік малдың дауысы туралы Қамбар атамызбен бірге саласыздар.

Дефектолог:

Балалар экранда берілген төрт суретті бір-бірден өздеріңе таңдап алыңыздар. Содан соң сол таңдап алған жануарлардың дауысын салыңыздар.

Екінші тапсырма үй жануарларының дауысын ажырату. Дауыс шығарады соны қай жануардың дауысы екенін айтамыз.

1)жылұының дауысы; 4)қойдың дауысы;

2)есектің дауысы; 5)иттің дауысы;

3)ешкінің дауысы; 6)сиырдың дауысы;

7)мысықтың дауысы;

Міне, балалар үй жануарларының қандай дауыс шығаратынын білдік.

Мұғалім:

Балалар Қамбар атаның кететін уақыты болды шығарып салайық. Сау болыңыз! Қамбар ата.

Енді балалар төрт түліктің пайдасын, бізге не беретіні жайлы сөйлесейк.




Балалар төрт түліктің пайдасын білдік. Енді сиырдың сүтінен жасалған сүзбеден құрт жасаймыз. Кімнің икемі бар екенін қарайық.

Қорытынды:
- Балалар, бүгін сендермен қандай тақырыппен таныстық?
- Үй жануарларын ата.
Шұбат ненің сүтінен жасалады?
Қымыз ненің сүтінен жасалады?
Төрт түлік малдың төлдерін ата.


Түйе-малдың үлкені,
Жылқы-малдың үркегі,
Сиыр-малдың сүттісі,
Қой-түліктің құттысы- демекші, биылғы жыл қой жылы, баршамызға құт әкелсін! Еліміз тыныш болсын! Балалар, бүгін сабаққа жоғары дәрежеде қатыстыңыздар, сендерге алғыс білдіремін. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?й жануарлары...

Автор: Исламгалиев Адилбек Муратович

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272327

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Жануарлар ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(28) "zhanuarlar-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "203719"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429535988"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Жануарлар ?ыста ?алай жылынады? "
    ["seo_title"] => string(34) "zhanuarlar-k-ysta-k-alai-zhylynady"
    ["file_id"] => string(6) "111365"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1407412497"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Жары? – жануарлар тіршілігіне ?ажетті жа?дай "
    ["seo_title"] => string(52) "zharyk-zhanuarlar-tirshilighinie-k-azhietti-zhag-dai"
    ["file_id"] => string(6) "111364"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1407411952"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Жануарлар қалай көбейеді?""
    ["seo_title"] => string(25) "zhanuarlar_kalai_kobeiedi"
    ["file_id"] => string(6) "538262"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1580702140"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Та?ырыбы	Жануарлар?а да ауа керек "
    ["seo_title"] => string(38) "tak-yryby-zhanuarlarg-a-da-aua-kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "113846"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1411069496"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства