kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Топырақ және оның құнарлығы. Топырақты өңдеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Топырақ және оның құнарлығы туралы. Топырақты өңдеудің Қазақстанда кездесетін түрлері, топырақ эрозияны туралы және оған қарсы күресу шаралы, тағы да презентация бар. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Топырақ және оның құнарлығы. Топырақты өңдеу»

«Ж.Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылық колледжі» КМҚК

КГКП «Есильский сельскохозяйственный колледж им.Ж.Кизатова»

Пән/Предмет____ Агрономия негіздері_______________________________

Мамандығы/Специальность: 1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» Группа/ Топ № ___25_____

Мұғалім/ Преподаватель: Черкасова Е. А.

Дата /Күні___

Сабақ жоспары /План занятия №___3__

Сабақ тақырыбы/ Тема занятия:_ Топырақ және оның құнарлығы. Топырақты өңдеу.


Сабақ мақсаттары /Цели занятия:_

Дидактикалық: агрономияның ерекшеліктері қарауға

Тәрбиелелік: оқуға қызығушылықты тәрбиелеу

Дамытушы: теориялық білімді қалыптастыру


Сабақ түрі/Тип занятия: Дәріс

Оқыту әдістері/Методы обучения_ Дәріс оқу, әнгімелесу, түсіндіру

Көрнекілік/Материальное оснащение: __ Кестелер, суреттер, оқулық; Аринов К. «Агрономия негіздері».


Сабақтың барысы және мазмұны:

1. Cабақты ұйымдастыру: Аудиторияның және топтың сабаққа дайындығын тексеру

Организация занятия

2. Зерттелген тақырыптың теориялық бөлімнің тексерілуі:

Проверка теоретической части изученной темы

1 Өсімдік тіршілігіне қажетті факторлар

2 Жарық, жылу, су және егіншіліктегі ылғал режимін реттеу.

3 Топырақтың ауа режимі және оны егіншілікте реттеу

4 Қоректік заттар жэне оларды егіншілікте реттеу

5 Егіншілік заңдары

3. Оқушылардың білімдерін өзектендіру:

Актуализация знаний учащихся

1 Агрономияның ерекшеліктері қандай?

4. Мақсат, міндеттердің қойылуы және окушылардың таным қызметтер мотивациясы:

Постановка целей, задач и мотивация познавательской деятельности

___ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін белгілеу. Дәріске көрнекі материалдарды қосу

5. Сабақ тақырыбының жоспары:

План темы занятия

1 Топырақ және оның құнарлылығы.

2 Топырақ өңдеу

3 Топырақтың эрозиясы

4 Эрозияға қарсы шаралар

6. Зерттелген мәліметтің мазмұндамасы мен бекітілуі: бақылау сұрақтары

Изложение и закрепление изложенного материала

7. Өткен тақырыптардың және жаңа мәліметтің меңгеру дегі оқушылардың бағасы.

Оценка участия учащихся в освоении нового материала

8. Қорытынды жасау:

Подведение итогов занятия: жаңа тақырып бойынша сұрақтары

9. Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу, тақырып бойынша қосымша ақпарат іздеу. Топырақ өңдеуі туралы мәлімет дайындау.

Домашнее задание

Бақылау сұрақтарға жауап беру керек, конспект оқу


Топырақ - Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты

Құнарлылық — топырақтың мүмкін өнімді қалыптастыру үшін өсімдікті бүкіл тіршілік мерзімінде қажетті қоректік заттармен, сумен және басқа да тіршілік себеп-шарттарымен қамтамасыз ету қабілеті. 

Құнарлылықтың потенциалды немесе табиғи, тиімді немесе жасанды түрлері бар. Топырақтың құрамындағы қоректік заттардың жалпы қоры оның потенциалды немесе табиғи құнарлылығын көрсетеді. Табиғи құнарлылық адамның қатысуынсыз әр түрлі тарихи-табиғи процестердің әсерінен пайда болып дамиды.

Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді.

Топырақ өңдеу – ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа мех. әсер ету. 

Топырақ өңдеу қаншалықты тереңдікте жүргізілуіне байланысты: негізгі – жер жырту, топырақты қопармай тереңнен қопсыту, т.б.; беткі қабатты сыдыра жырту, қопсыту, тырмалау, т.б.; арнайы – фрезерлеу, т.б. болып ажыратылады.

Алғы дақылдарды жинағаннан кейінгі бірінші терең өңдеуді топырақты негізгі өңдеу дейді.

Жерді аударып жырту(вспашка с полным оборотом пласта) ертеден келе жатқан топырақты негізгі өңдеудің басты тәсілдерінің бірі. Жерді жыртқанда ол 180 градусқа аударылып топырақтың беткі қыртысы асына түседі, астыңғы қабаты үстіне шығады, онымен бірге топырақ қопсытылады, араластырылады және арамшөптер қырқылады. Тереңдігі 20-30 см-ге дейін. Жерді әр түрлі соқалармен жыртады. Топырақтың қыртысының жақсы аударылуы, үгітілуі, қопсуы соқаның қайырмасының түрлеріне байланысты.

Ол топырақтың беткі 12 см қалыңдығын қиып алып жердің астыңғы ылғалды қабатына түсіреді. Сондықтан, мұндай тәсіл мәдени жырту деп аталады. Шолақ түрен негізгі корпустың кішірейтілген түрі. Оны негізгі корпустың алдына орнатады. Топырақты мәдени жырту оның құрылымын жақсартумен қатар танаптың бетіндегі органикалық заттарды топыраққа сіңіреді. Сондай-ақ, мәдени жыртудың арқасында танап беті тегіс болады, мұның өзі ауылшаруашылық дақылдары тұқымын бірдей тереңдікке сіңіріп, олардың тез көктеп шығуына, бір мезгілде пісуіне мүмкіндік береді. 
Жер жырту тереңдігі топырақ жағдайына (гумус қабатының қалыңдығы), себілетін ауыл шаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне, алғы егістерге байланысты 20 см-ден 32-35 см-ге дейін өзгеруі мүмкін. Жырту тереңдігі 18-20 см-ге дейін болса, оны таяз жырту(мелкая вспашка) дейді, 20-22 см болғанда әдеттегі, ал одан көп болған жағдайда терең жырту деп атайды. Топырақ неғұрлым тереңге жыртылса, соғұрлым оның ылғалдық, ауалық, жылулық және коректік заттар режимдері жақсарады.

Топырақты тұрақты таяз жыртатын болса, танаптарда арамшөптер, ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестері көбейіп, ылғал аз жиналып, мәдени өсімдіктер оның жетіспеушілігінен зардап шегеді және керісінше жағдай болады. Жер жырту тереңдігі алғы егістерге, себілетін ауыл шаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Жердің беткі қабатын өңдеу тәсілдері және құралдары

Ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне және жақсы дамуына жерді тек терең өңдеу жеткіліксіз, сондықтан оның беткі қабатын өңдеу керек. Осыған орай топырақты негізгі өңдегенге дейін, не одан кейін немесе терең өңдеу тәсілін қолданбай-ақ топырақтың беткі қабатын өңдейді. Жердің беткі қабатын өңдеуге сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау, катоктау, малалау және басқа әдістері жатады.

Сыдыра жырту. (лущение) Қазіргі кезде ойық(лунковые) және жазық(плоскорезные) табақты сыдыра жыртқыштар кең қолданылуда. Ойық табақты сыдыра жыртқыштар топырақты түқым себу алдында және сүрі танапта өңдеу үшін қолданылса, ал жазық табақтылары - көктемде ылғал жабуға қолданылады.

Ойық табақтар топырақты кеседі, үгітіді және аударады, ал жазық табақтар топырақты қопсытады және ығыстырады.

Топырақ өңдеу жүйесінде сыдыра жырту кеңінен қолданылады. Сыдыра жырту дәнді дақылдарды жинағаннан кейін аңыз паясы мен сүрі танаптарды өңдеуге, әсіресе жатаған бидайықтың тамырсабағын ұсақтауға пайдаланылады. Сонымен қатар оны тың немесе тыңайған жерлерді, көп жылдық шөптердің қыртысын жыртудың алдында немесе кейіннен шымды ұсақтауға қолданады.

Сыдыра жыртудың пайдасымен қатар жағымсыз әсері де байқалады. Онда аңыз паясы жойылады, топырақтың беткі қабаты шаңданады, құрғайды. Солтүстік Қазақстан жағдайында сыдыра жыртуды топырақты өңдеудің тәсілі ретінде қолдануды шектеу, кейбір жағдайларда қолданудан бас тарту керек. Қөктемді ылғалды болған жылдары сыдыра жыртуды қолдану тиімдірек, себебі олар арамшөптерді, әсіресе қара сұлыны жақсы жояды, аңыздық түқымсепкіштердің жұмысына қолайлы жағдай жасайды. Өндірісте сыдыра жыртқыштардың гидрофицияланған түрлері ЛДГ-10, ЛДГ-15, ЛДГ-20 кеңінен таралған. Терендігі 6-10см болуы керек.

Топырақты қопсыту өз салмағының, қардың, механикалық (ауылшаруашылық техникалары машиналары мен құралдары), физика-химиялық (жауын-шашын) және басқа факторлардың әсерінен нығыздалады, сондықтан ондағы ауа атмосфераға ығыстырылып шығарылады, яғни оның ауа режимі нашарлайды, сондықтан топырақты қопсытып тұру керек. Сонымен қатар топырақты қопсытудың негізгі мақсаты – оған судың жақсы сіңіруін қамтамасыз етіп, ылғал қорын молайту.

Топырақ көлемін ұлғайту үшін оның бөлшектерінің өзара орналасуын өзгертуді топырақты қопсыту дейді. Топырақты қопсыған жағдайда ұстау үшін оны жаз бойы бірнеше рет әр түрлі тереңдікке өңдеуге тура келеді. Қопсыту жиілігі мен тереңдігі нығыздалу дәрежесіне, гранулометриялық құрамына, ауа райына, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, жүргізу мақсатына байланысты 3-4 см-ден 14-16 см-ге дейін ауытқиды. Топырақты қопсыту үшін соқалар, сыдыра жыртқыштар, тырмалар, культиваторлар қолданылады. 

Культивациялау жер өңдеудегі жыртудан кейінгі көп ең қолданылатын маңызды топырақ өңдеу тәсілі. Культивациялау кезінде топырақ қопсытылады, араластырылады және арамшөптер қырқылады. Сонымен қатар онымен өсімдіктерді түптеуге, үстеп коректендіруге болады.

Культивациялаудың екі түрі болады: тегіс (жаппай) (сплошная) және қатараралықты(рядковая) культивациялау.

Тегіс культивациялау өсімдіктер жоқ жерлерде, яғни егін себер алдында, оны жинағаннан кейін және таза парларда жүргізіледі. Ал қатар аралықты культивациялау отамалы дақылдарды күтіп-баптағанда жүзеге асырылады. Қатараралықты өңдегенде өсімдіктер қасында өңделмейтін қорғау алаңшалары қалдырылады, олар өсімдік тамырларын қырқылудан сақтайды.

Отамалы дақылдардың өніп-өсуі барысында олардың қатараралықтарын өңдеген кезде минералдық тыңайтқыштарды қосымша коректік зат есебінде беруге болады. Отамалы дақылдардың қатараралықтарын өңдеуге ылғалы мол аймақтарда дақылдарды түптеу, ал суармалы егіншілікте танаптарда қарықтар жасау жатады.

Топырақты культивациялау үшін КРН-4,2,КРН-5,6, РВК-4,2, РВК-5,6, КОН-4,2, КПШ-5, КПШ-9, КПШ-11 және басқа культиваторлар қолданылады. Бұл культивациялардың жұмыс органдары табан және пышақ тәріздес, серіппелі, штангалы болып келеді, сондықтан олардың әрқайсысының атқаратын қызметі әр түрлі. 

Культивациялау тереңдігі 5-6см-ден 10-12см-ге, ал кейде 20см-ге дейін. 
Тырмалау(боронование) танапта ылғал сақтау, арамшөптердің жас өскіндерін (жіпшелерін) құрту, танапты тегістеу үшін жүргізілетін топырақ өңдеу тәсілі.

Тырмалар тісті(зубовая) (ЗБСС-1, ЗБТС-1), дискілі(дисковая) (БДТ-7) және инелі(игольчатая) (БИГ-3А) болып бөлінеді. Тісті тырмалар жер қайырмалы соқалармен өңделген танаптарда, ал, дискілі және инелі тырмалар танапты сыдыражыртқыштармен өңдеген жерлерде қолданылады.

Бір тіске түсетін қысымы бойынша тісті тырмалар жеңіл, орташа және ауыр болып үшке бөлінеді. Егер, бір тіске түсетін қысым 0,5-1,0 кг болса жеңіл, 1,0-1,5 кг болғанда, орташа, ал 1,5 кг-нан артық жағдайда ауыр тырмалар қатарына жатады.

Тісті тырмалар соқамен аударып жыртылған жерлерде қолданылады. Жеңіл тырмалар күздік дәнді масақты, отамалы дақылдар егістіктерінде арамшөптердің жас өскіндерін және топырақ қабыршағын жою үшін ерте көктемде, егістікті суарғаннан кейін, отамалы дақылдар көктеп шыққаннан соң жүргізіледі.

Орташа тырмалар тығыз емес және гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтарды, ал ауыр тырмалар балшықты, сазбалшықты топырақтарды тырмалау үшін қолданылады.

Танап бетіне аңыз және өсімдік қалдықтарын сақталу үшін жазықтабан сыдыратілгіш культиваторлармен өңделген танаптарда инелі тырмалар пайдаланылады. Тырмалау тереңдігі 3-4 см шамасында. Дискілі тырмалар топырақ кесектерін жақсы ұсатады, шым қыртысын тіліп, оларды қопсытады. Сондықтан оларды гранулометриялық құрамы ауыр, нашар өңделген жерлерде қолданады.

Нығыздау (уплотнение,прикатывание). Топырақты нығыздау, ұсату және оның беткі қабатын тегістеу үшін жүргізілетін өңдеу тәсілі нығыздау деп аталады.

Бұл топырақтың жоғарғы қабатының нығыздалуын, тегістелуін қамтамассыз етеді. Бұл жұмысты атқаруда бұдырлы сақиналы ЗККШ-6 катогымен ЗКВГ-1.4 және СКГ-2 су құйылатын катоктар қолданылады. 

Солтүстік Қазақстанда тек бұдырлы сақиналы шантастар қолданылады, себебі олар топырақты аз шаңдатады. Ол топырақты 10 см дейін тығыздайды, шаң мен ұсақ түйірішіктер төмен түскендіктен беткі 0- 4 см қабаты борпылдақ және құрылымды болып қала береді

Ол қопсытуға қарама-қарсы процес. Нығыздау топырақтың төменгі жағынан үстіңгі қабатына ылғалдың көтерілуін, себілген ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының топырақпен және оның ылғалымен жақсы жанасуын қамтамасыз етеді, соның арқасында тұқымның жақсы бөрітіп, жылдам және біркелкі көктеп шығуына мүмкіндік туғызады. Топырақты нығыздау егін себер алдында, немесе сеуіп болғаннан кейін жүргізіледі.

Жеке топырақ өндеудің тәсілі ретінде тығыздау өзінің мәнін жоғалтуда, себу аңыздық СЗС- 2,1; СЗС- 6; СЗС- 12 тұқым сепкіштері себумен бірге әр қатарды жеке- жеке тығыздайды.

Шұңқырлау(лункование). Бұл агротехникалық шара сүдігер көтерілген немесе сүрі танапта ұзындығы 1,3 м және тереңдігі 15- 20 см тұйық шұңқыр жасау үшін жүргізіледі. Әр шұңқырға 19- 25 л су сыяды, сонда бір гектарда 250- 300 м³ су жинауға мүмкіндік туады.

Шұңқырларды қазуға ЛОД- 10 шұңқырлағышын немесе ЛДГ- 10 сыдыра жыртқышына шұңқыр қазуға арналған ПЛДГ- 10 қондырғысын жалғап қолданады. Шұңқырлағыштарды жұмысқа қосарда қимыл бұрышын 30°- қа тең етіп қояды. Ықтырмалы сүрі танаптарда шұңқырлағышын ықтырмалардың арасы өңделеді.

Топырақты тегістеу(разравнивание,шлейфование) танаптардың беткі қабаты әр түрлі жағдайларға (жер бедері, топырақ өңдеу сапасы және басқалар) байланысты ойлы-қырлы болуы мүмкін. Мұндай жерлерде ауылшаруашылық дақылдарының себілген тұқымдары топыраққа әр түрлі тереңдікке сіңіріледі, сондықтан олар шұбалаңқы көктеп, егіннің бір мезгілде пісіп-жетілмеуіне әкеліп соқтырады. Сол себепті топырақты тегістейді. Біркелкі емес топырақ бетінің мөлшерін азайтуды тегістеу деп атайды.

Топырақты тегістеу жерді жыртқаннан және терең культивациялағаннан кейін, егін себер алдында және сеуіп болғаннан соң жүргізіледі. Топырақты тегістеу суармалы егіншілікте, әсіресе күріш егісіне қажет. Егер, танап тегіс болмаса, берілген су біркелкі жайылмайды, ойпаң жерге жиналып қақ тұрады, ал қыратты жерлерден ылдыйға қарай су ағып эрозия құбылсын тудыруы мүмкін. Танап бетін тегістеу өсімдіктерді вегетация кезінде күтіп-баптауды жеңілдетеді және егін ору жұмыстарының сапасын жақсартады.

Топырақты тегістеу үшін культиватрлар, тырмалар, жеңіл катоктар, малалалар, ал суармалы жерлерде арнайы грейдерлер, бульдозерлер қолданылады. Соқпақ-тырма ШБ-13 (шлейф-борона-13)

Топырақты арнайы өңдеу шаралары. Оған фрезерлеу, үңги және қабаттап жырту, топырақты тілу, шұңқырлау, тышқаншылап қазу жатады.

Фрезерлеу топырақты арнайы терең өңдеу тәсілі ретінде өте шымды (қыртысты) шабындықтарды және шымтезекті топырақтарды өңдеуге қолданылады. Фрезерлеу кезінде топырақ өңдеудің бірнеше тәсілдері, яғни жырту, культивациялау, тырмалау жүзеге асырылады. Топырақты фрезерлегенде ол жақсы ұсатылады және араласады. Жалпы өңдеу тереңдігі 25-40 см-ге дейін жетеді. Өндірісте ФБН- 1, ФБК- 2 фрезалар және арнайы қопсытқыштар КФ- 3,6, КФ- , КФГ- 8,6- 0,1 шығарылады.

Плантаждық жырту. (плантажная) Ол үңги соқамен топырақты 40 см (кейде 60 см) тереңдікке өңдеу. Оны жүзімдер, бақшалы дақылдар мен орманды екпе ағаштар үшін жасайды. Үңги жыртқанда қарашірікті қабат қарқынды уатылып, салдың астына түсіріліп, төмен құнарлы астыңғы жағы үстіне шығарылып одан сайын мәдениеттен діріледі. Мұндай өңдеу үшін ППН- 50 және ППУ- 5а соқаларды қолданады.

Қабаттап жырту. Топырақ қабаттарын ішінара немесе түгел араластырумен өңдеуді атайды. Ол екі немесе үш қабатты болуы мүмкін. Екі қабатты өңдеуде топырақтың үстіңгі және астыңғы қабаттары орнын ауыстырады, үш қабатты жыртқанда үщін ПД- 3- 35 соқаларын қолданады.

ПД- 3- 35 үш қабатты соқа топырақты 60 см тереңдікке 50 см кеңдікке өндейді. Бұл жағдайда аударылған (жоғары) қабат орнында қалады, астыңғы (үшінші) екіншінің орнына келіп екінші үшіншінің орнына келеді. Бұл өңдеу кебірлерде қолдануға ұсынылады.

Саңылаулау(щелевание). Топырақтың су өткізгіштігін жақсарту, күзгі жауын-шашынды, көктемгі қар суын жинау үшін топырақта терең тіліктер жасалатын өңдеу тәсілін саңылаулау дейді. Бұл тәсіл су эрозиясымен күресу үшін қолданылады. Ол үшін арнаулы саңлау жасағыштармен ені 3-5 см, ал тереңдігі 1,5 метрге дейін жететін саңылаулар жасалады, олар арқылы топырақтан артық сулар әкетіледі. Аталған әдіс беткейдегі грануметриялық құрамы ауыр топырақтарды өңдеу үшін қолданылады.

Бұл тәсіл қазіргі кездерде Қазақстанның солтүстік облыстарында пар өңдеу жүйесінде қолданылып жүр, себебі парға ықтырма сепкенде онда қар қалың жиналып, көктемде еріген су топыраққа сіңіп үлгермей су эрозиясын тударады. Сондықтан, осы су топыраққа жақсы сіңуі үшін оны саңылаулайды.

Топырақ эрозиясы

Топырақ эрозиясының екі түрі бар: жел эрозиясы және су эрозиясы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Топырақтану институтының зерттеулері нәтижесінде республикада эрозияға бейім жер 70млн гектардан астам немесе республика аумағының 26% -ы. Оның 52 млн гектары жел эрозиясына бейім, 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім.

Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы

судың топырақтың беткі қабатын шайып кетуін, жыра мен сай саланың, жар мен орлардың пайда болуын топырақтың су эрозиясы деп атайды. Нөсер жаңбырдан немесе мөлшерден артық суарған топырақтың беткі қабаты шайылады. Басында ұсақ жыралар пайда болып, олар суарған сайын ойылып, тереңдеп, сайға айналады

Эрозиясының басым болуы,

  1. Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы;

  2. Күшті желдің жиі соғуы;

  3. Топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл (құмды, құмдауытты) топырақтардың молдығы

Олармен күресу шараларын ұсынды.

1) агротехникалық шаралар: еңісі үлкен беткейлерде жерді су ағысының бағытына көлденең жырту, қыста қар тоқтату, топырақты қайырмасыз соқамен жырту, т.б.;

2) мелиорация шаралары: жыра мен сай, өзен жағаларына, суару түрлері бойынша ағаш және бұта отырғызу; топырақ қорғайтын көпжылдық шөптер себу, сайлар мен құмды жерлердің топырағын нығайту мақсатында бұларға тамыры тереңге кететін, жел эрозиясына бой бермейтін ағаштарды және дақылдарды отырғызу

3) Топырақ эрозиясына қарсы табиғат қорғау ағаштарын отырғызу: ауыл шаруашылығында дақылдарды кезектестіріп отыруға көбірек көңіл бөлу (Бір дақылды жылма жыл себу топырақтың құнарлығын жояды)

4) Жер жыртқанда, атмосфералық және ирригациялық жүйелерден келетін сулардың ағып кетпеуіне қамқорлық жасау;

5) Құмды, тасты жерлерде, тау бөктерлерінде, мал жаюды реттеп отыру.

6) Тыңайтқыштар қолдану. Эрозия кезінде топырақтың құнарлылығы қатты кемитіндіктен мұндай жерлерге органикалық және минералдық тыңайтқыш берудің маңызы зор. Тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығын қалпына келтіреді, эрозияға ұшыраған жерлерге егілген дақылдардың өнімі көтеріледі. 

Топырақтың өңдеудің түрі

Қандай тобына жатады

Тереңдігі

Құрал-жабдықтар (машиналар)

Не үшін қолданылады

Ерекшеліктері

Сурет









Синквин  әдісі

Зат  есім  (кім?  не?) – топырақ

Сын  (есім  қандай?) -  қара, қоңыр  қара,қоңыр сұр

Сан  есім  (қанша?неше?)  -  елімізде  үш  топырақ  зонасы  бар

Етістік  ( не істейді? Қайтеді? ) – Топырақ  су  және  жел  эрозиясына  ұшырайды

немесе   адамдар  топырақ  эрозиясына  қарсы  күрес  шараларын  қолданады



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Топырақ және оның құнарлығы. Топырақты өңдеу

Автор: Черкасова Евгения Анатольевна

Дата: 25.02.2017

Номер свидетельства: 395503

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Ашық сабақ "Топырық""
    ["seo_title"] => string(19) "ashyk_sabak_topyryk"
    ["file_id"] => string(6) "460987"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520402214"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""?аза?станда?ы  топыра?  типтері" "
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-standag-y-topyrak-tiptieri"
    ["file_id"] => string(6) "187739"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426572439"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Мен және табиғат"
    ["seo_title"] => string(20) "mien_zh_nie_tabig_at"
    ["file_id"] => string(6) "381997"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484998847"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Қозғалыс дегеніміз не?"
    ["seo_title"] => string(27) "k_ozg_alys_dieghienimiz_nie"
    ["file_id"] => string(6) "382002"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484999122"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Ашы? саба? "Топыра?" "
    ["seo_title"] => string(19) "ashyk-sabak-topyrak"
    ["file_id"] => string(6) "216518"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433018479"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства