Әңгiмелеу 11мин.    Автор туралы мәлімет. Балтабай Әділов – Алматы облысы, Қастек ауылында дүниеге келген. Театр және кино актері. Көптеген рөлдерді сомдады. «Жүрегім ашық жақсыға» атты кітаптың авторы.  
     
     «Табиғат сәні»  Балтабай Әділов     Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салды. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.  -Жар салдыр, дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын!  Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.  -Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға  жағалай қарап алып. – Табиғат сәні неде?  - Жасыл желек -дедіАқбөкен.  -Тоғай- деді Қоян.  - Тау мен тас –деді Арқар.  -Дала, - деді Қасқыр.  - Орман, - деді Түлкі.  - Су, - деді Бұғы.  - Жер, - деді Піл.  - Тас, - деді Аю.  - Көкжиек,- деді Керік.  - Шөп, -деді Борсық.  - Күн, - деді Қодас.  - Құс, - деді Саршұнақ.  Аңдар айтып біттік дегендей, іркіліп қалды. Арыстан оқты көзін үнсіз отырған елікке қадады.  -Сен неге үндемейсің? Елік лып етіп орнынан тұрды да, Арыстанның алдына келіп:  - Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, Табиғат сәні-осы  айтылғандардың  бәрі. Солардың бәрін  қоссақ, табиғаттың сәні шығады.  Еліктің  сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.  
     Сұрақтар:  1. Арыстан аңдарды не себепті жинады?  2. Аңдардың жауаптары неге әр түрлі болды?  3. Еліктің табиғат сұлулығына берген бағасы қандай?  4.Қалай ойлайсың, табиғаттың сәні неде?  Бейнеролик«Табиғат – адамзатқа аманат»3мин.  Сұрақ: -Осы табиғатты қалай сақтай аламыз?1мин  
          |