kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Таби?ат – ?семдік ?лемі".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:          Таби?ат – ?семдік ?лемі.

Саба?ты? ма?саты:                                       О?ушыларды?   «Таби?ат»,       

                                                                            «с?лулы?» адамгершілік    

                                                                            ??ндылы?тары туралы   

                                                                            т?сініктерін ке?ейту.

Саба?ты? міндеттері:

                                                                           1.Таби?ат с?лулы?ы туралы   

                                                                               т?сінік беру;

                                                                           2.Таби?ат ?семдігіне  

                                                                               ?ызы?ушылы?тарын арттыру;

                                                                           3.Таби?атты с?юге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі:                                                  Ойын-жатты?у.

Саба?ты? ?діс-т?сілі:                                       Т?сіндіру,с?ра?-жауап, ойын,  тренинг.

Саба?ты? к?рнекілігі:                                     Д?птер, о?улы?, та?ырып?а негізделген     

                                                                              слайдтар, на?ыл с?здер, ?атты ?а?аздан    

                                                                              жасал?ан ?лкен ж?рек ж?не ша?ын    

                                                                              ж?рекшелер.

Саба?ты?  байланысы:                                   К?нделікті  ?мірмен.                                                                                       

Саба?ты? барысы:

Шатты? ше?бері

   Саламатсы?дар ма, балалар! Б?гінгі саба?ымызды жа?сы, к?тері? к??іл-к?ймен бастау ?шін, сендерді шатты? ше?берін ??ру?а ша?ырамын.

Орнымыздан т?райы?,

Ала?анды тосайы?

Ала?анда жылулы?

Досымыз?а сыйлайы?

  - Ал,балалар, бір-бірімізге ала?ан жылулы?ын, ?демі к?лкімізді сыйлай отырып,

б?ріміз бірге «Таби?ат анамыз» ?нін шыр?айы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Таби?ат – ?семдік ?лемі".»

Пәні: Өзін- өзі тану

Сыныбы: 2 сынып

Бастауыш сынып мұғалімі:

Айдарова Ләззат Бекжігітқызы.

Сабақтың тақырыбы: Табиғат – әсемдік әлемі.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Табиғат»,

«сұлулық» адамгершілік

құндылықтары туралы

түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

1.Табиғат сұлулығы туралы

түсінік беру;

2.Табиғат әсемдігіне

қызығушылықтарын арттыру;

3.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын-жаттығу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, ойын, тренинг.

Сабақтың көрнекілігі: Дәптер, оқулық, тақырыпқа негізделген

слайдтар, нақыл сөздер, қатты қағаздан

жасалған үлкен жүрек және шағын

жүрекшелер.

Сабақтың байланысы: Күнделікті өмірмен.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері

Саламатсыңдар ма, балалар! Бүгінгі сабағымызды жақсы, көтерің көңіл-күймен бастау үшін, сендерді шаттық шеңберін құруға шақырамын.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды тосайық

Алақанда жылулық

Досымызға сыйлайық

- Ал,балалар, бір-бірімізге алақан жылулығын, әдемі күлкімізді сыйлай отырып,

бәріміз бірге «Табиғат анамыз» әнін шырқайық.


Табиғат –анамыз

Сөзін жазған Н.Жанаев

Әнін жазған С.Қаратаев


Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.


Жазда аралап тауында,

Барамыз біз бауына

Өзеніне шомылып

Жүгіреміз жауында

  • Балалар, біз бүгінгі сабақта табиғаттың сұлулығы мен әсем құбылыстары, олардың адамға әсері туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

Балаларға табиғаттың сұлулығын, оның қайталанбайтын ерекше екенін сезіндіру мақсатында мұғалім әңгімелесу жүргізеді:

  • Табиғат аясындағы демалыс сендерге ұнайды ма?

  • Адам табиғатты түсіне алады ма?

  • Туған жерлерінің қандай көріністерін ұнатасыңдар?

Балалар табиғат, туған жер туралы ойларын ортаға салады.

Мәтінмен жұмыс

Табиғат сұлулығының адамға әсері туралы балалардың ойларын білу мақсатында мұғалім Қ.Толыбаевтың «Күн мен гүлдер» әңгімесін айтып береді және әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын тыңдайды.

Мұғалім автор ролінде, бір оқушы күн ролінде, қалған оқушылар гүлдер ролінде әңгімені оқиды. Әрбір гүлдің оянған сәттегі сұлулығын,әсем қимылын, оқып бара жатып, олардың әсемдігін адам қимылдарымен, сұлулығымен салыстырып, өз ойларын айтады.


Күн мен гүлдер

Қ.Толыбаев

Асқар таудың төбесінен бері асқан күн нуға бөккен қалың қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі. Шөптің бетіне, жапырақтың алақанына тұнған тұнық шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды. Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.

  • Оу, шоқтай Шұғынық, түрегел! Әлемге жарық жайылды. Құстар да оянды. Шырылдап сайрап жүр.

Ұйқысын аша алмай басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді:

  • Қазір, Күн көке, .... қазір, ақ Сәуле.

Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барады.

  • Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

  • Қазір, ашайын көзімді, қазір....

Сәуле әрі сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербелді.

  • Гүлбадан, көтер басыңды, аш , алтын қауашағыңды! Көрсін қалың жұрт.

  • Жарайды,- деп керіледі сары басын сілкіп Гүлбадан: «Қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын!»

Ақ Сәуле сорайған көк бас қурайға барады.

  • Атқұлақ, шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!

  • Қазір, алтын Күн!

Атқұлақ керіліп –созылып, бойын жазды да, мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтерді.

Қаз-қатар тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалады.

Осылайша Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп, ұйқыға шомып, манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап, Жер бетін сәндендіріп жіберген.

  • Гүлдерді, өсімдіктерді кім және қалай оятады?

  • Таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңді естеріңе түсіріп, айтып беріңдерші.

Балалардың жауаптары.

Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім тарапынан түйінделеді:

  • Қазақ халқы табиғаттың осындай сұлулығын балаларының бойынан көргісі келеді. Сондықтан да әдемі де әсем жандарды «кермаралдай керілген» , «тотықұстай таранған» , «бота көз», «тана көз», «аққудай аппақ» деп табиғатқа балап отырған. Осы арқылы табиғаттың да, адамның да сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанған.

Шығармашылық жұмыс

Мұғалім балалардың шығармашылық шабытын аша түсуге және олардың өз пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу дағдыларын дамыту мақсатында оқулықтағы шығармашылық жұмысты орындауға береді:

Суретте бейнеленген табиғат бөлшектерінің адамға тигізетін әсерлері туралы әңгімелеп беріңдер.

Жаңа ақпарат

  • Табиғат бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

  • Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған.

Ойын «Қошемет»

Оқушылардың сабақтың мазмұны бойынша түйген ойларын ойын арқылы бекітеді.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім ортаға шығып бір сөзді айтып қолындағы добын бір оқушыға лақтырады. Допты қағып алған бала сол сөзді табиғаттың құбылысына, затына, әрекетіне теңеп айтады. Мысалы, мұғалім «Ана» деп айтса, оқушы «Ана күндей», «Гүлжан» десе, «Гүлжан гүлдей» деп айтуы мүмін. Айта алмай қалған бала айып тартады. Оқушылардың сұрауы бойынша аң-құстардың біріні әсем дауысын салады немесе сұлу қимылын көрсетеді.

Тапсырма

Мұғалім балалардың қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында оқулықта берілген сурет бойынша табиғат сұлулығын сипаттауды ұсынады.

Дәйексөз

«Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне»

  • Табиғаттың бар жаратылысы, құбылысы адамға тән теңеулермен айтылады. Себебі адамның көп мінезі табиғаттағы құбылыстарға, әрекеттерге ұқсайды. Тіпті жаздың жарықтығы, ыстықтығы ашық-жарқын адамға ұқсайды. Әдемі, сұлу жандарды гүлге, көктемге балайды.Қыстың кең тынысын, ақ қарын абзал адамға, самалымен желпіп еркелететін күзді ерке балаларға ұқсатады. Табиғаттағы сұлулық адам жүрегінен орын алса, сол адамның жаны сұлу болады.

Сергіту сәті

Оқушыларды сергіту мақсатында слайдта көрсетілген бейнеге қарай отырып, жеңіл ырғақты әуенмен мұғалімнің сүйемелдеуімен балалар билейді.

Дәптермен жұмыс

Табиғат пен адамның үйлесімділігін ұғындыру мақсатында мынадай тапсырмалар беріледі.(Тапсырмалар слайдпен көрсетіледі).

1-тапсырма

Суретте берілген құстардың атын жаз, әрқайсысын суреттеріне сәйкес өз ұясына сызықпен қосып, орналастыр.

2-тапсырма

Суретші қандай аңдардың суретін салғысы келген? Сол аңдардың ең үлкені қайсы аң деп ойлайсың?


Өзіммен -өзім «Аспан әлеміне саяхат».

Мұғалім табиғат сұлулығының әсерін оқушыларға сезіндіру мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырады. Жеңіл, әсем әуен қосылады. Тақтада табиғат көріністеріне байланысты слайдтар көрсетіледі.

  • Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар, денелеріңді бос ұстап, терең-терең үш рет дем алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.

Көз алдарыңа «Аспан патшалығы» ақ мамықтай ақша бұлтты бізге жіберіпті деп елестетіңдер. Сол ақша бұлттың үстінде біз отырғандаймыз. Ақша бұлт мамықтай жұмсақ екен. Аспан әлеміне қарай көтеріліп барамыз. Айдын шалқар көлден өтіп, орманды алқапқа кездестік. Жүгірген аңдар, сайраған құстар көрінеді. Гүл жайқалған сұлу далаға да жақындап қалдық. Әсем гүлдер көріне бастады. Гүлдер неткен керемет. Алуан түрлі, көздің жауын алады. Жанында мөп-мөлдір өзен ағып жатыр. Судың тазалығы сонша, жүзіп жүрген балықтар да көзге көрінеді. Ауа-райы сондай керемет. Күн бізге шуағын төгіп, жарқырап тұр. Біз күннің шуағынан қуат алып, таза уаумен терең дем алып, табиғаттың әсем көріністерінен көңіл-күйіміз көтеріліп, осындай тамаша сезімдермен сыныбымызға қайта ораламыз.

Жүректен-жүрекке

Балалар, менің қолымда жүрек бар. Біздің жүрегімізде жылылық, махаббат, достық қасиеттер топтасқан. Басқа адамға деген қайырымдылық, мейірімділік ол адамның жүрегінен шығады. Ендеше, қолдарыңды жүректеріңе қойып, жүректің қалай соғып тұрғанын тыңдаңдаршы. Жүрегіміз сондай жұмсақ, мейірімге, махаббатқа толы.....

  • Қараңдаршы, мен сендерге не әкелдім? Мұғалім қолындағы үлкен жүректі ақырын, асықпай ашып көрсетеді.

  • Қандай үлкен! Мүмкін біз барлығымыз осы үлкен жүрекке сиятын шығармыз? Біз бір тұтас, бір сыныппыз. Осындай үлкен жүрекпіз. Тақтаның ортасына үлкен жүрек бекітіліп, ілінеді. Мұнда әрқайсымызға орын бар . оны қазір көресіңдер.Түрлі-түсті қаламдарыңды алыңдар. Мен сендерге, барлығыңа кішкене жүрекшелер таратып беремін. Оларға әдемі табиғат көрінісін салуға болады.

Оқушылар өз жүрекшелерін үлкен жүректің үстіне орналастырады.

  • Балалар, қараңдаршы, бізден не шықты? Үлкен жүректен барлықтарыңа да орын табылды. Егер де, әлдебір уақытта сендер жалғыз қалып, көңілсіз жағжайда болсаңдар, естеріңде болсын , бір жерде үлкен жүрек бар. Онда сендерге де орын бар.

  • Көп жыл өткен соң, сендер үлкен боласыңдар. 9-11 сыныпта оқисыңдар. Сол кезде бәрің жиналып, мына жүректі көресіңдер. Бүгінгі күнді, 2- сыныпты және достарыңды естеріңе түсіресіңдер. Ал біз мына жүректі сақтап қалуға тырысамыз.

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар шеңберге тұрып, табиғаттың әсемдік әлемі екенін ұғынғандықтарын Қ.Мырза Әлидің «Табиғатта бір кітап» өлеңін мұғаліммен бірге айтумен білдіреді.

Табиғатта бір кітап

Қ.Мырза Әли

Тамаша ғой Төңірекке үңілсең.

Бүгін сен Еріп бұлттың ырқына,

Табиғатқа жүгінсең. Жоқ болады бір күн, ай.....

Құлақ түріп, Табиғат та бір кітап,

Көз тігіп, Оқи алсаң, шіркін-ай!


Бағалау:

Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды гүл шоқтарымен мадақтау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Таби?ат – ?семдік ?лемі".

Автор: Айдарова Л?ззат Бекжігіт?ызы

Дата: 08.01.2016

Номер свидетельства: 273635


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства