kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әсемдік - өмір жарасымы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: А.Тихоненко ЖОББМ    Мерзімі                      № 5

Тақырып: Әсемдік – өмір жарасымы
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.
Мұғалiм: Абылкасова Ж. К.

Класс:9

Оқушылар саны:

 

Сабақ мақсаты:  оқушылардың сұлулық, табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділігі: жанашырлық туралы түсінік беру,
Дамытушылығы: оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге дағдыландыру,
Тәрбиелілігі: шынайылыққа тәрбиелеу.

 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 5Т еске түсіреміз
  2. Тыныштық сәті (нұрға бөлену)

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Сүйкімі дүниенің сұлулықта», ертегі

    1. Жігіт неліктен қызды таңдады?
    2. Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты деп ойлайсыңдар?
    3. Ал сен болсаң не істер едің?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.

“Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне”

Р. Сәтімбекұлы

  1. Әсемдік сыры неде деп ойлайсыңдар?
  2. Не үшін табиғатты әсемдікке балайды?
  3. Адам өмірінің сұлулығына табиғаттан басқа тағы нелер ықпал етеді?
     

 

  1. Оқиға айту
  1. «Орманға саяхат»  әңгімесі Нұрберген Шынар
  2.        Бір күні қаладан қыдырып келген Әсет  атасына еріп орманға саңырауқұлақ теруге барады. Ну орманға тереңдей кірген сайын, керемет сұлулықты байқайды: жайқалған желектер, құстардың сұлу үні, бұлақтың сыбдыры. Бірізді жолмен еріп келе бір қызық дыбыс естейді, үңіліп қараса, екі ағаш діңгегінің ортасында бұлқынып жатқан қоянды көріп, аң-таң болып:
  3. –Ата, ата, қарашы, қиналып жатыр, көмектесейікші - дейді.
  4. –Әрине, құлыным, ол да біз сияқты табиғаттың бір бөлігі,  міндетті түрде көмектесеміз, - деп, қоянды босатып жіберді. Өз ісіне дән риза болған Әсет, ағаштардың сұлу бейнесіне ерекше назарын аударды да қадамын жеделтедете түсті.  Саңырауқұлақтар алаңына жетіп, жұмысқа кірісіп,   жәшіктерін әбден толтырулары жақын еді, үйге қайтатында уақыт  та таяп қалды. Әсет бір қараса атасы жақын маңда жоқ, әбден алыстап кеткенін сезген Әсет атасы жүрген жақты болжаммен тұспалдап жүрді. Атасын үлкен алаңнан таба алмаған Әсетті «атаны қайдан табамын?» деген сұрақ мазалады. Кейін оның ойына  екі ағаштың түбінде болған оқиға түсіп сол ағаштарға қарай беттеді, жүгіріп келе жатса, атасы да сол маңнан Әсетті іздеп жүр екен. Сол кезде Әсет:
  5. –Атау, қоянға жасаған жақсылығымыз қайтқан сияқты ғой, әйтсе, орманды мүлде білмеймін, есімде тек сол екі ағаш қалған еді.
  6.      Атасы мен немересі жәшіктері саңырауқұлаққа толы болып үйге оралды.

Сұрақтар:

  1. Әсеттің табиғатқа деген қарым-қатынасы қандай?
  2. Оқиғада қандай құндылық баяндалады? 

Балалар, егер сіз Әсеттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіздер?   

 

6.Топтық шығармашылық жұмыс

«Табиғат – әсемдік – өмір» сұлбасымен үш баған түзіңіздер. Бірінші бағанға сұлбаның мағынасын ашатын сұрақ қойыңыздар. Екіншісінде қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер. Үшінсінде қорытынды шығарыңыздар.

 

  1. Топпен ән айту

Л. Жолдасов "Табиғатым Махаббатым"

 

Бұл-бұлдар сайраса есіңе ал

Өмірдің сырласу кеші бар

Сүюді білмейтін адамдар

Осынау өмірде несі бар

 

Қайырмасы:

Табиғатым

Махаббатым

Табиғатым

Махаббатым

 

Мен сені сағынам көктемде

Аққу қаз төбемнен өткенде

Шерлі бір домбыра дірілден

Әсем бір ән-күйлер төккенде

 

Қайырмасы:

Табиғатым

Махаббатым

Табиғатым

Махаббатым

 

  1. Үй тапсырмасы.

6-сабақ «Әлди», Ә. Кекілбаев оқып келу 

 

 

Соңғы тыныштық сәтi.

 Баяу  музыка қойылады.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге  түсіріп жүрегімізге  сақтайық.

 

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, бар жерде

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, бүкіл әлемде

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әсемдік - өмір жарасымы

Автор: Абылкасова Жанар Кадырбековна

Дата: 21.12.2017

Номер свидетельства: 445810

Похожие файлы

object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Сабақтың тақырыбы: Әсемдік-өмір жарасымы"
    ["seo_title"] => string(42) "sabak_tyn_tak_yryby_siemdik_omir_zharasymy"
    ["file_id"] => string(6) "399364"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489295234"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Әсемдік – өмір жарасымы"
    ["seo_title"] => string(22) "siemdik_omir_zharasymy"
    ["file_id"] => string(6) "382900"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485185790"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "?семдік-?мір жарасымы "
    ["seo_title"] => string(22) "siemdik-omir-zharasymy"
    ["file_id"] => string(6) "195409"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427904306"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Әсемдік өмір жарасымы"
    ["seo_title"] => string(24) "siemdik_omir_zharasymy_1"
    ["file_id"] => string(6) "409438"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492304369"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "?семдік  ?мір жарасымы"
    ["seo_title"] => string(24) "siemdik-omir-zharasymy-1"
    ["file_id"] => string(6) "273789"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452269419"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства