Сабақтың тақырыбы:
§4. Адамның іс-әрекеті
Мақсаты:
1. Іс-әрекет типтері мен түрлері, қызметтің мәні, іс-әрекетке деген құлшыныс жөнінде түсіндіру;
2. Жауапкершілікке тәрбиелеу;
3. Тапсырма беру арқылы ой-өрісін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Топта бірлесе жұмыс жасауды үйрене бастайды, қабілеттерін танытады, өзін-өзі бағалайды, ой-пікірін айтуға үйренеді.
Түйінді идеясы:
Жалпы, өзінің өмірін қамтамасыз ету бағытында әрекеттену барлық жан иелеріне тән құбылыс. Мал да, аңдар да, балықтар да, өзге тіршілік иелерінің бәрі өздерінің күнделікті тамақ тауып жеу тіршілігімен айналысады, өзінің өміріне қауіп төндіретін жыртқыштардан сақтану әрекеттерін жасайды, ұрпақ тарату қамымен айналысады.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Ой қозғау, іздену, талдау, сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Ресурстар:
Оқулық, жұмыс дәптері, АКТ