Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сілтеме: 11 – сыныптың қазақ әдебиеті хрестоматиясы. Авторы: Р. Бердібай, Р. Нұрғали, Б. Ыбырайм Алматы қ. «Мектеп» 2011 ж.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топтық жұмыс), 2-модуль Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ( диалогтік оқыту, сәйкестендіру, сатылай кешенді талдау, сюжеттік- композициялық құрылым, «Ойыңды жалғастыр», кейіпкерлер бейнесін ашу, кейіпкерлерге септеу, семантикалық карта), 3-модуль Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (бағалау критерийлері арқылы оқушылардың өзін - өзі бағалауы), 4 –модуль (АКТ пайдалану (интербелсенді тақтаны қолдану, ActivInspire- Studio бағдарламасы) 5 модуль талантты және дарынды балаларды оқыту (ізденушілік жұмыс, шығармашылық жұмыс), 7 модуль көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру);
Негізі дереккөздер, ресурстар:
Қадамдар:
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын құру. «Жүректен жүрекке» деп аталатын тренингін өткізу; (Оқушыларды шеңберге тұрғызып қойып, алдын ала жүрек формасындағы стикер қағаздарына жазылған тілектерін бір - бірлеріне тілеп ұсынады).
2. Оқушыларды түрлі -түсті стикерлер арқылы екі топқа бөлу, топ басшысын тағайындау, бағалау парағын ұсыну, сөзжұмбақ арқылы тақырып ашылғаннан кейін топтардың атауларын беру;
Жаңа сабақ:
Мұғалім сөзі: (шығарманың жазылу тарихына тоқталу)
«Шұғаның белгісі» хикаятының жазылуы жайлы мәлімет беруші Бейімбеттің бірге оқыған досы, башқұрт халқының көрнекті ақыны Сәйфи Құдаш 1916 жылдың ақпан айының аяқ кезінде Уфадағы медресе Ғалиядағы тіл мен әдебиет мұғалімі Ғалымжан Ибрагимов шәкірттеріне қалаған тақырыптарына шығарма жазып келуді тапсырғанын, сонда Бейімбет «Шұғаның белгісін» ұсынғанын» айтады. «Бимағамбет Майлиннің хикаясы, менің пікірімше, дейді ол,- сол уақытта жазылған шығармалар арасындағы ең көлемді және жақсысы еді. "Шұғаның белгісі" повесі 1914-1915ж. қазақ тілінде жазылып, Бимағамбеттің өз редакторлығымен шығып тұрған қолжазба «Садақ» журналында жарияланды.» Жол қысқарту үшін әңгімелесіп келе жатқан екі жолаушының әңгімесінен басталады. Бірі - Қасым, екіншісі - автор. Бұл хикаят суреткерлік шеберлік жағынан қазақ прозасы жанрының биік сатысынан орын алады. Сюжет бірінен соң бірі кезең-кезеңдерімен өрбиді. Қысқа-қысқа он үш тараудан тұрады. Бірінші тарау прологке құрылған, ал сюжет екінші тараудан басталады.
1)Оқушыларға хикаятпен танысып келу тапсырылған, оқушылар хикаяттың әр бөліміне ат қойып, шығарма сюжеті негізінде қысқаша мазмұнын айтады.
2)Ізденіс. Шығармадан үзінді келтіру.(оқиғасын айту)
1."Менің астымда жортақылау тапал тор ат ;жүргіштеу.Үстімде қонған үйімнен сұрап киген шидем күпі."
2."Алаштан асып туған сымбаттым-ай,
Базардың пұлы жетпес қымбаттым-ай,
Арманым бұл жалғанда болмас еді,
Күн болса қосатұғын саған құдай."
3."- Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті ".
4.-Амансыздар ма, - дегеннен басқа ешнәрсе айтпады. Күлзипа сызылып жеңгесінің артына таман жүріп отырды.
5.".Жүзі құбыла,сөзі құран Шұғаның,
Бір Шұға үшін жанды құрбан қыламын.
Кетерінде арманда боп сүйе алмай,
Еңіреп жылап "Қалқам", деді-ау шырағым!."
3) Төменде кестеде берілген сөздердің мағынасын ашу. Семантикалық картаны толтыру.
Берілген сөздер
Тұрақты тіркес
Салт- дәстүр
Көнерген сөздер
Туыстық атау
Ақсүйек
Белес
Жесір
Инедей қиянаты жоқ
Қызойнақ
Шаңымды аспанға шығарды
Обашық
Болыс
Жүрегім тас төбеме шықты
Бәйбіше
Көпке топырақ шашу
Алтыбақан
Олжамнан қақты
4) Кейіпкерге септеу (Шұға мен Әбдірахман)
А. с. Шұға - Әбдірахман -
І. с. «Шұғаның , Әбдірахманның
Б. с. Шұғаға, Әбдірахманға
Т. с. Шұғаны,Әбдірахманды
Ж. с. Шұғада ,Әбдірахманда
Ш. с. Шұғадан, Әбдірахманнан
К. с. Шұғамен,Әбдірахманмен
5) Шығармаға сатылай кешенді талдау
1. Авторы –
2. Тақырыбы -
3. Эпикалық жанр түрі -
4. Идеясы -
5. Кейіпкерлер бейнесі:
Жағымды кейіпкерлер -
Жағымсыз кейіпкерлер –
6) Постер қағазымен жұмыс ( шығарманың сюжеттік- композициялық құрылымына талдау жасайды).
Оқиғаның басталуы:
Дамуы:
Өрбуі:
Шиеленісуі:
Шарықтау шегі:
Шешімі:
7) Сәйкестендіру. Мақал -мәтелдің мағынасына сәйкес кейіпкер бейнесін ашу.
Шығарма аты
кейіпкерлер
қасиеті
Кейіпкерлерге берілетін баға
Мақал -мәтел
«Шұғаның белгісі»
1.Ахмет
"Бай болсаң,еліңе пайда тисін".
2.Шұға
"Інісі бардың тынысы бар"
3.Есімбек
"Жолдың мәнін жолаушыдан сұра"
4.Қасым
"Аққуды атпа, досыңды сақта"
5.Айнабай
"Қыз өссе-елдің көркі."
6.Зәйкүл
Надан адам өлі жағын білмейді"
7.Базарбай
"Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез"
8)Қосымша: ауызша сұхбат (шағын пікірталас) түйін ой
Жазушының ойымен келісесіз бе?
. Бұл күнде ондай қыз қайда? Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің, ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой. Иә.
9) Қорытынды: Ой толғау
-«Шұғаның белгісі» хикаятында жазушы шынайы түрде нені бейнеледі?
- Бүгінгі жастарымыз үшін қоғамда әлеуметтік әділетсіздіктер орын алған ба?
- Шұға Әбдірахман және тағы басқа жастар арман еткен азаттық, теңдікке не арқылы жеттік?
10) Бағалау: бағалау критериийлері арқылы оқушылар өздерін бағалап, кейін топ басшысы өз бағасын беріп дауыстап оқиды, соңғы қорытынды бағасын мұғалім қойып шығады.
Бағалау парағы
Топ атауы: Шұға (Әбдірахман) күні:
Оқушының аты жөні:
Кезеңдер
Максималды балл
Топтың өзін өзі бағалауы
Әр оқушының өзін өзі бағалауы
Мұғалімнің бағалауы
1.Бөлімдерді қысқаша баяндау.
2
2. Шығармадан үзінді келтіру
1
3.Семантикалық карта
1
4.Кейіпкерге септеу
2
5.Сатылай кешенді талдау
1
6.Сюжететтік- композициялық құрылым
2
7.Сәйкестендіру
1
Барлық ұпай
10
«2» - 0- 3
«3» – 4-7
«4» – 8- 9
5» - 10
11) Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар өтілген сабақ бойынша өз ойларын жазып қалдырады.
12) Үйге тапсырма: ізденушілік жұмыс.Әңгімелерін оқу.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт