Сабақ: Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»
ң Мектеп: №3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп
Күні: 11.11.16
СЫНЫП: 11
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты
Бейімбет Майлиннің өмірі мен «Шұғаның белгісі» шығармасын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: негізгі мазмұнын түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі: поэманың негізгі мазмұнын түсінеді.
Кейбір оқушылар: топтастыра алады.
Бағалау критерийлері:
Өмірімен танысады;
Шығарманың негізгі мазмұнымен танысады;
Топтастыру жасайды;
Түсінеді;
Қолданады;
Қорытынды жасайды.
Дескриптор:
Ойлау деңгейлері
Жоспарланған жаттығулар: мәтін
Ресурстар
Жоспарланған уақыт
Басталуы
«БІЛУ»
Кім?
Не?
Қашан?
Қайда
«ТҮСІНУ»
Неге?
Неліктен?
Не үшін?
Ұйымдастыру
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Үй тапсырмасын сұрау.
Ғ.Мүсіреповтің ана туралы әңгімелерін мазмұндау және компазициялық талдау жасағандарын тексеру.
«Ыстық орындық» әдісімен қайталау, сұрақ жауап өткізу.
Жаңа тақырып.
«Миға шабуыл»мен ашу. Жазушының сүретін көрсете отырып.
«Жылдар тағылымы»
- Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.
- 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.
- 1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» ( Садақ журналы ) журналдарына жазып тұрады.
Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.
- 1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім. Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925).
- 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.[2]
- 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.
АКТ
парта,тақта суреттер
10 мин
Ортасы
«ҚОЛДАНУ»
Оқулықта берілген жаттығу жұмыстар
«ТАЛДАУ»
Салыстыр айырмашылығы неде?
Оқушыларға хикаятпен танысып келу тапсырылған, оқушылар хикаяттың әр бөліміне ат қойып, шығарма сюжеті негізінде қысқаша мазмұнын айтады.
1. Қос жолаушы
2. Бай қызы Шұға
3. Алғашқы кездесу
4. Учитель Әбдірахман
5. Ұйғарым
6. Қызықты күндер
7. Айнабайдың бүлігі
8. Ғашық жүрек (хат)
9. Тосқауыл
10. Жабылған жала
11. Қоштасу
12. Шұғаның айықпас дерті
13. Үзілген үміт. Соңғы хат. «Шұғаның белгісі»
6. Топтық жұмыстар
Кіріспе Негізгі ой Қорытынды
Шығарманың композициялық құрылысы:
а) оқиғаның басталуы: Екі жолаушы әңгімесі
ә) оқиғаның дамуы: Шұға мен Әбдірахманның кездесуі
б) оқиғаның шиеленісуі:Махаббат ұшқындары
в)оқиғаның шарықтау шегі:Сағыныш мұңы
г)оқиғаның шешімі: Шұғаның өлімі
АКТ
Постер
Таратпа
қағаздар
25 мин
Аяқталуы
«ЖИНАҚТАУ»
Алынған ақпарат негізінде талдау, жинақта
«Бағалау»
Сен қалай ойлайсың?
Не істер едің?
Өз ойыңыз?
Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Кері байланыс жасау үшін қолданылатын сүреттер
10 мин
Рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған сралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?