kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бейімбет Майллин "Шұғаның белгісі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бейімбет Майллин өмірбаяны, "Шұғаның белгісі" шығармасының шығу тарихы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бейімбет Майллин "Шұғаның белгісі"»

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майллин «Шұғаның белгісі» конференция сабақ

Кііріспе сөз:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар!

  Өнер алды-қызыл тіл,

Анаңдай оны құрметте!

Қажымай, талмай үйрен,біл,

Асылын сөздің өрнекте.

Ана тіл-асыл қазына,

Байлығың-білсең ол сенің.

Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің.    дей отырып сөз өнерін, тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.

Балалар, біз бүгін үш бәйтерегіміздің  бірі Бейімбет Майлиннің өмірі және Шұғаның белгісі хикаяты туралы айтамыз.

Сабағымыздың мақсаты: Шұғаның белгісі шығармасын меңгерте отырып Бейімбет Майлин туралы білімдеріңді тереңдету,шығармадағы кейіпкерлерді талдай отырып,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.

Бүгінгі сабағымыз қалыптан тыс сабақ. Зерттеу конференция сабағы.Әрине бұл сабаққа біз алдын –ала дайындық жүргіздік. Сынып төрт топқа бөлініп өз тапсырмалары бойынша жұмыс жасады. Сол топтармен танысып қойыңыздар.

І топ – «Зерттеушілер тобы»

ІІ топ – «Өнерпаздар тобы»

ІІІ топ – «Ақындар тобы»

ІҮ топ – «Ізденушілер тобы»

    Сөз кезегі І топ «Зерттеушілер» тобына беріледі.

Тапсырма: Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы және «Шұғаның белгісі» хикаяты туралы мәлімет жинау.

Олар тақтаға шығып өздерінің зерттеп, дайындап келген материалдары бойынша сөз сөйлейді.

Ал сендерге тапсырма: өздеріңе нендей жаңалық алдыңдар, не естеріңде қалды соны дәптерлеріңе жазып отырыңдар. Соңында сұраймын.



    №1 оқушы.   Амангелді Абзал

Көркем әңгіме, повесть жанрының шебері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі  Бейімбет (Бимағанбет) Жармағамбетұлы Майлин  1894 жылы Қостанай облысының Таран ауданында кедей малшының отбасында дүниеге келеді.

Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Байдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас өлең  шығаратын, сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып тұрған. Осының         барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады.

1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды.

 Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады.

  №2 оқушы. Шалмұханбет Руслан

7 слаид  (Азамат Азаматович)

Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған.  Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан-жақты да терең суреттеледі.

8 слаид (псевдоним)

Оның көп жазғандығының бір белгісі-бүркеншік аттарының (псевдоним) көп екендігі. Ол барлық туындыларына өз есімін қоя бермеген. Бейімбет Майлиннің бүкіл өмірін, шығармаларын  зерттеп жүрген жазушы, профессор, ғалым Тоқтар Бейісқұлов Бейімбет Майлиннің 74 бүркеншік аты бар екендігін анықтаған.  Олар: Шаңқан (аталарының аты), Малай (кедей отбасында дүниеге келген), Қоңыраушы, Газетші, Тілші, Жуас, Қайдауыл баласы, Мереке (өз баласының аты), Жолаушы, Жолдыбай (жолда көп жүргендіктен кейін) атап кеткен..

  №3 оқушы.  Бақберген Ұлжан

Гүлжамал Майлина атақты жазушы Бейімбет Майлиннің жұбайы. Олардың ұлдары Мерекені  «айып батальонына» алып кетті, өйткені «халық жауының» ұлы еді. Қыздарын түрлі интернатқа жөнелтті. Қыздарының бірі Ғалия, Осакаров балалар үйіне түскен. Түрмеден босағаннан кейін анасы қызымен кездесіп, Қарағандыға, одан кейін Алматыға көшті. Ол жерде Ғалия медициналық институтты тәмамдап, дәрігер атанды. Қазіргі күні Ғалияның балалары мен немерелері Алматыда тұрады.

Замандастары: "Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді", — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай.

Бейімбеттің көлемді де, көркем тұңғыш туындысы, қазақ прозасының тартымды үлгілерінің бірі- «Шұғаның белгісі»  .

Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе- әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін- бірі сүйген екі жастың- Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Жазушының негізгі мақсаты- жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. . «Шұғаның белгісі»- жастардың теңдік- еркіндікті аңсаған, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.

І. Жансүгіровтың сөзі.

“Шұғамыз”- театрдың үлкен бір ойыны. Бұл – драма күйінде үлкен шығарманың бірі. Бұл – бір дәуірдегі бай мен бұқараның тұлғасын көрсетеді.

  Бұл шығармадағы оқиға қай жылдарды қамтиды? (ХХ ғ. басы. Ел бай мен кедейге бөлінген кезде)

  Сонымен не білдік, қандай жаңалық алдық.

  І. Алған жаңалықтарым

1.Бейімбеттің шын аты Бимағанбет.

2. Әжесі Байдас өлең шығарған.

3. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды

4. Екі романы аяқталмай қалған.

5. Оның 74 псевдонимі болған.

6. Майлиннің әйелі Гүлжамал.

7. Ұлының аты Мереке.

8. Қызының аты Ғалия

9. «Шұғаның белгісі » шығармасын жазған.

  Енді біз осы шығарманың шағын сюжеттік композициялық жоспарын құрамыз.

  Шығарманың басталуы    (экспозиция) как бы начало произведения

  1. Шығарманың байланысуы     (завязка) т.е связь сюжета

  2. Шығарманың дамуы              (развитие)

  3. Шығарманың шарықтау шегі   (кульминация)      ( пик развитие)

  4. Шығарманың шешімі           (развязка, заключения)

Міне ол менің қолымда кім маған тақтаға шығып ретімен қойып береді.

14 слайд. Композиция

  Енді осы Шұғаның белгісі шығармасының сюжеттік композициялық құрылымын айтып көрейікші.

1. Екі жолаушы әңгімелесіп келеді.    

1.Бір жолаушы Шұғаның белгісі туралы  айтады.   

      1. Әңгіме ішіндегі әңгімемен басталады.

  2.Абдрахман мен Шұғаның кездесуі.

  3.Шұға мен Абдрахман бірін-бірі жақсы көреді.  

3. Айнабай болыс Абдрахманға жала жабады.  

3.Абдрахманды қамауға алып  кетеді .          

  4.Шұға тамақ ішпей қояды.    

4.Ауырып қалады.

4.Шұға қатты Қайғырады (переживает).  

4.Шұғаның әкесі Абдрахманды шақырады.  

4.Шұғаның әкесі арызын қайтарып алады

     5.Шұға Абдрахманға өлең шығарады.   (Аслан)

   5.Абдрахман қалып қояды.             5.Шұға өліп қалады. 

 

Ендігі сөз кезегі «Өнерпаздар» тобына беріледі.

Берілген тапсырма:  «Шұғаның белгісі» хикаятынан көрініс

  Екі жолаушы: 1 жолаушы

Мына алдымыздағы көл «Қамысты» көлі. Обаның белесінен тура ассақ, алдымыздан бір кішкене сүрлеу келеді. Сол сүрлеумен барыпШұғаның белгісінен қара жолды қиып аламыз.

2 жолаушы: -Шұғаның белгісі дегеніңіз не нәрсе, тау ма?

1 жолаушы: -Жоқ. Жай ғана бір обашық. Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз.

2 жолаушы:  Жоқ. Әңгімесін айтсаңыз қайтеді, жол қысқарсын.

Есімбек:   Шұға қайда. Шұға .Шақырыңдар Шұғаны

Менің естуімше , сені Абдрахманмен жарасып жүр деседі. Ол мүмкін емес екенін, өзіңде түсінетін шығарсың. Көптен көрші болған ел едік, арамызға салқындық түсірме.

Шұға :   Мен оны шын жақсы көремін.

Есімбек:   Мен оған жол бермеймін.

Қасым:  Амансың ба, Әбдрахман. Жағдайың қалай?

Абдрахман: Жаман емес,Қасым. Шұғадан бүгін хат алдым.

Қасым:  Не жазыпты?

Абдрахман: Сағындым депті. Үйінің бәрі де қарсы көрінеді. «Басым қатты ғой, құтылудың амалы не?» депті . . .Жаздым. Кетейік, дедім. Анық уәдесін алсам, ұзамай кетер едік.

Қасым: Далада отырғанша үйге барайық.

Абдрахман: Жоқтан қорқасың.

Осы кезде көшір келіп:

Әбдірахман кім? – деді.

Мен.

Әйда, киін, болысқа барамыз, - деді.

Мені қайтесің? – деді Әбдірахман.

Мен білмеймін, пристап шақырады.

Шұға: - Апырым – ай, қайда барасыңдар? – деді.

Әбдірахман: - Болысқа айдап барады, - деді.

Әбдірахман: - Қош! – деді.

Шұға: - Қош қалқам, қалқам! – деді

Сондағы Шұғаның өлерде жазған хаты:

«Әуре боп неге біткен ажар-көлік,

Ішіңе от түсірдің, қалқам көріп

Гүлдету жас өмірді мақсұт боп ед,

Серттесіп, қол алысып, уәде беріп.

Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді,

Дариға, айтылған серт болмай қалды

Көре алмай ақтық минут дидарыңды,

Арманда жан тапсырған, мен бір зарлы

Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,

Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын.

Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,

Астында ақ туының пайғамбардың! »



  Ендігі сөз кезегі «Ақындар» тобына беріледі.

Берілген тапсырма: ЭССЕ жазу «Шұғаға хат»

                                 Сезімнен туған жолдар. 4-5 жол өлең

 

Сәлеметсіз бе, өткен заманның сұлуы Шұға!

 

         Сізге хат жолдаушы жаңа заман жастарының бірі Көкен Серікболдан

Мен сізбен Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты арқылы таныстым. Ол әңгімеден қазақ жастарының теңдікті, еркіндікті қалай аңсағандығы туралы оқыдым. Қызыға оқи отырып, сіздің заманыңызға сапар шеккендей болдым. Бірақ онда қалғым келмеді. Өйткені қазір ел байлар мен кедейлерге бөлінбейді. Әркімнің өз ойы, өз көзқарасы бар. Зейкүл және сіз тәрізді сүймеген адамына ешкім еріксіз қоспайды. Бір үйдің ерке өскен ақылды да көрікті қызы бола тұра, туғандарыңыз сіздің бір ғана арманыңызды орындай алмады. Ол арман Әбдрахманмен бірге болу. Менің ойымша, сізге анаңыз ертерек қолдау көрсеткенде, әңгіме соңы басқаша болар ма еді. Әңгімеде ұнағаны қазіргі заманда сирек кездесетін Әбдірахман екеуіңіздің араңыздағы кіршіксіз әрі таза махаббат. Халық арасындағы «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөз рас екен ғой.

 

 Мың рахмет Бейімбеттей тұлғамызға,

Қалдырған шығармасын біздей ұл мен қызға.

Әбдрахманның атынан былай дер ем,

Соңғы сөзін Шұғадай ару қызға.

 

Тағдыр бізді аямады білемін,

Амалым жоқ қарсыласпай көнемін.

Шұға, кеттің, бұл өмірге қайтпайсың,

Ал мен сенсіз қалай өмір сүремін?

 

Енді «Ізденушілер» тобы сөз сөйлейді.

Тапсырма: «Шұғаның хикаятына» байланысты сұрақтар дайындау.

  1)Шығарма неліктен «Шұғаның белгісі» деп аталып тұр?

Ертеде бұл жер Қамыстыкөл деп аталған. Осы оқиғаға байланысты бұл жерді Шұғаның белгісі деп атап кеткен.

             

 2) Хикаят дегеніміз не?

Көлемі жағынан әңгімеден үлкен, романға жақын баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін хикаят деп атайды.

 3) Хикаятта суреттелген табиғат көрінісін қалай атаймыз?

Пейзаж

4) Шығармада Шұғаның бейнесі қалай суреттелген ?

Ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара,  үріп ауызға салғандай, ажары қандай болса,ақылы да сондай, жеңілдік дегеннің не екенін білген емес.

 5) Шұға мен Әбдрахман бір-бірін алғаш рет қашан, қандай жағдайда                                 көреді?

Алтыбақанда (қазақтың ұлттық ойыны)                                                           

6) «Жап-жас жігіт екен ғой »-деген Шұға сөзінен қандай ой тұжырымдауға болады?

Шұғаның Әбдрахманды ұнатып қалғанын аңғаруға болады.

7)Шұға мен Әбдрахман арманына неге жете алмады?

Олардың қосылуына Шұғаның әкесі Есімбек қарсы болды? Шұға қайғыдан ауырып қайтыс болды.

8) Екі жас өз бақыттары үшін күресті ме?

Иә, күресті.

9) Есімбекті қандай әке қатарына жатқызар едіңіз?

Қатал әке.

10) Шұға неліктен тәуір болғысы, жазылғысы келмеді?

Өйткені ол Абдрахмансыз өмір сүргісі келмеді.

11) Сіз өз бойыңызға Шұға мен Әбдірахманның қандай қасиеттерін алар едіңіз?

Махаббатқа берік, ақылды, бірін-бірі шын жақсы көруі ,    

 12) Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен салыстырмалы түрде қандай деп ойлайсыз?

  1.     Назовите произведение в русской литературе с подобным сюжетом?

2.     Чьи письма литературных героев вы знаете?

  №    слаид

Біз білеміз Абай Құнанбаев атақты орыс ақыны А.С.Пушкиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Мына жерде Онегиннің хаты мен Абдрахманның хаты берілген. Екеуі бір-біріне ұқсай ма? Қандай ұқсастық бар?  (Махаббат жайлы)

  Сабағымызды қорыта келе қояр сұрағым:

Шұға, Абдрахман және тағы басқа жастар арман еткен азаттық, теңдікке, еркіндікке, бостандыққа не арқылы жеттік? (Тәуелсіздік)

  Олай болса, тәуелсіздік таңы бізге бостандық, еркіндік сыйлады. Осы Тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі сабақты мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

 

Үйге : «Бейімбет Майлин –қазақ әңгімесінің шебері» шағын шығарма.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бейімбет Майллин "Шұғаның белгісі"

Автор: Шеримова Эльвира

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 385836


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства