Я, Инметова Таиба Кажтаевна учитель казахского языка и литературы Полудинской средней школы. Имею вышею квалификационную категорию, окончила курсы обучения учителей по программе первого уровня в рамках уровневых программ повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан.Являюсь классным руководителем. Работаю в младшем, среднем, старшем звеньях.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Разработки уроков по казахской литературе 5 класс»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ауыз әдебиеті
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ ауыз әдебиеті туралы түсінік беру,
ауыз әдебиетінің түрлерімен, ерекшеліктерімен таныстыру.
Оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту. Халық
мұрасына деген ықыласын ояту, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
3. Жаңа сабақ
1 Кіріспе сөз
2. Теориялық материалды тірек сызба арқылы түсіндіру.
3 . Оқулық мәтінін зейін қойып оқып шығу.
Мәтінмен жұмыс «Мән - мағына» оқыта үйрету ойыны арқылы ұйымдастыру. Ойын шарты: оқушылар қолдарына қарындаш алып, аты – жөндерін қарындашпен жазып қояды. Берілген мәтіннен өздері негізгі деп есептейтін сөйлемдердің астын сызады. Оқулықтарын шеңбер бойымен бір – біріне жылжытып отырады. Әрбір оқушы қарап шығып, алдындағы ойыншыға бес балдық жүйемен баға қояды. Оқулықтар бір бағытта жылжып отырып, алғашқы иесіне қайтып келуі керек. Ұпайлар саны есептеліп, кімнің жауабы дұрыс екені анықталады.
4. Сөздік жұмысын ұйымдастыру.
Сөздікте берілген кез келген сөздермен оқушыларға сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.
5. Мәтінге сұрақтар құрастыру , жауап беру.
6. «Сөз сыры» айдарымен берілген оқулық тапсырмасын орындау.
Сөз сыры: Ауыздан – ауызға, болашаққа сенген, ұрпақтан – ұрпаққа, көркем туынды, ....
Оқушылар өздері тапқан сөздерін қосып дәптерлеріне жазып, түрлендіріп, қолданып көреді.
7. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
1 – деңгей
Сұрақтарға жауап беру:
А) халық ауыз әдебиеті қалай тараған?
ә) ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
2 – деңгей
А) ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қандай айырмашылықтары бар?
ә) «фольклор» сөзінің мағынасы қандай?
3 – Деңгей
Берілген сызба арқылы «Қазақ халық ауыз әдебиеті» деген тақырыпта әңгімелеп бер.
8. Сабақты қорытындылау. Бағалау
9. Үй тапсырмасы: мәтін мазмұнын тірек сызбаға сүйеніп, әңгімелей білу.
Сабақтың тақырыба: Тұрмас – салт жырлары
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тұрмыс – салт туралы түсінік беру.
Тұрмыс – салт жырларының түрлері, ерекшеліктері туралы
ә) өз қалаулары бойынша сөз, сөз тіркесі, сөйлем құрастыру.
4 . Оқулықтың тапсырмасын орындау. Мәтінге сүйене отырып, сұрақтарға жауап беру.
Тұрмыс – салт жырларында не суреттеледі?
Тұрмыс – салт жырларына қандай өлең жырлар жатады?
Төрт түлік малға не жатады?
Төрт түліктін иесін атай аласың ба?
Төрт түлік малға арналған жырлардың ерекшеліктері қандай?
Қалай ойлайсың, тұрмыс – салт жырлары қазір қолданыла ма?
5. Топпен жұмыс
Мәтінге тірек сызба құрастыру. Әр топ өз нұсқасын қорғап шығуы керек.
6. Төрт түлік туралы түсінік беру
Оқулықпен жұмыс.
Төрт түлік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу. Хрестоматия материалдарын да кеңіне пайдаланып, берілген кестені толықтыру.
Кестені толықтыру:
Төл атауы
Төл енесі
Төлді шақыру
7. Оқыған материалдар бойынша тірек сызбаны толтыру:
8. Сызбамен жұмыс
Түлік атауы
Төл атауы
Не істейді?
Түйе
бота
Маң – маң басады, шудаларын шаң басады, екі өркешін қом басады, төрт аяғын тең басады. Тілін тікен теспейді, алаботаны жейді, үйді жіктейді.
9. Интерактивті тақтада:
Төрт түлікке қатысты тыйым сөздерді естеріңе сақтап алыңдар! Айдарымен тыйым сөздер көрсетіледі, оқушылар дауыстап оқиды, мағынасын түсіндіреді.
Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды – иесі өкпелейді.
Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.
Жатқан малдың үстінен аттамайды.
Жас малдың тістерін санамайды.
Күн батқаннан кейін қорадан мал шығаруға ьолмайды.
Малды аяқпен теппейді
Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың немесе ши қораның ішінде ұсталады.
Қой қоздап жатқанда біреуге мал сыйламайды және сатпайды.
Мал сауғаннан кейін қол жумай, бөтен адаммен қол беріп амандасуға болмайды.
10. Рефлексия кезеңі.
Сабақ мазмұны бойынша өз - өздеріңе қандай сұрақтар қояр едіңдер?
11. Үй тапсырмасы: Өздеріне ұнаған өлеңдерін жаттау, кез келген бір түлік туралы толық мәлімет жинау.
Сабақтың мақсаты: Наурыз жырлары.
Сабақтың мақсаты: тұрмыс – салт жырлары туралы оқушылар білімдерін
тереңдету, наурыз жырлары туралы түсінік беру,
халқымыздың тарихына шолу жасап, оқушылар ойын,
қиялын, тілін дамыту. Қазақ халқының салт – дәстүріне,
әдет – ғұрпына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеуге
ықпал ету.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар білімі тест тапсырмасы арқылы тексеріледі
Ауыз әдебиетінің түрі
а) әңгіме ә) тұрмас – салт жырлары б) роман
Ауыз әдебиетінің ғылыми атауы
А) фольклор ә) ертегі б) аңыз
Тұрмыс – салт жырының түрі
А) әдет – ғұрыпқа байланысты туған өлең – жырлар
ә) табиғатқа байланысты туған өлең – жырлар
б) тарихқа байланысты туған жырлар
Түлік атауы
А) түйе ә) шошқа б) есек
Әдет – ғұрыпқа байланысты туған өлең – жыр
А) наурыз жырлары ә) аңшылық туралы жырлар б) бесік жыры
Тест жазылып біткен соң, тақтада дұрыс жауап үлгісі көрсетіледі.
Жаңа сабақ
Кіріспе сөз:
Тұрмыс – салт жырларының ерекше бір саласын – наурыз жырлары құрайды. Наурыз мерекесі күні айтылатын жыр – Наурыз жыры деп аталады.
Наурыз – қазақ елінің ұлттық төл мерекесі. Ол халықтың шаруашылық жайындағы тілегімен байланысты туған. Наурыз күнін ерекше бағалап, еңбекті, шаруашылықты қастерлеген:
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын!
Ұлыс оң болсын!
Пәле – жала жерге енсін! - деп тілек білдірген.
Наурыз мерекесі, наурыз өлеңдері туралы толығырақ біліп алу үшін оқулық мәтінімен жұмыс істейік!
Оқулық мәтінімен оқушылар өздері танысады.
Мәтін бойынша «Эстафета» оқыта үйрету ойыны өткізіледі.
Ойын шарты: сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Белгі бойынша оқушылар мәтінді оқи бастайды. Нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр топқа беріледі. Белгі бойынша оқушылар өздері қажет деп тапқан маңызды мәліметтерді, деректерді, мерзімдерді параққа жазып, үндеместен бір – біріне жылжытып отырады. Олар бір – бірін қайталамауы тиіс. Белгіленген уақыттан соң парақтар жиналып, тексеріледі. Білгірлер тобы анықталады.
6. Сөздік жұмысы: сөздермен жұмыс жүргізіледі, қиын сөздердің мағыналары түсіндіріледі.
7. Мәтін мазмұны бойынша әңгімелесу:
«Наурыз» сөзі нені білдіреді?
Бұл мереке қашан тойланады?
Бұл күнді адамдар қалай деп атаған?
Наурыз күнін қалай атап өткен?
8. Наурыз өлеңдерін мәнерлеп оқу.
9. Өлеңдері мазмұны бойынша әңгімелесу:
Наурыз күні қандай ақ тілектер айтылады?
Наурыз тойының ерекше белгісі қандай?
Наурыз көже қалай дайындалады?
Наурыз тойында тағы қандай шаралар жасалады?
Қандай ұлттық ойындар ойналады?
Бата дегенді қалай түсінесіңдер? Батаны кім береді?
10. Сабақты қорытындылау. Бағалау
11. Үй тапсырмасы: Өз қалаулары бойынша Наурыз өлеңін жаттап алу..
Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер
Сабақтың мақсаты: оқушыларға мақал – мәтелдер туралы түсінік беру.
дамыту, тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін
дамыту. Халық мұрасын аялауға баулу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз:
Қазақ халқының мақал – мәтелдері өзінің мазмұнындағы терең мағынасымен, логикалық байламы және ерекше әсемдігімен ерте кезден – ақ ғалымдар мен халық ауыз әдебиетін жинаушылардың назарын аударып отырған.
Мақал мәтелдерді таныстыруда оқулықта берілген мәтінге сүйіне отырып, олардың фольклордық ертеде қалыптасқан түрі екендігіне, халық өмірінің, тұрмысының барлық саласын қамтығандығына, көркемдік сипатына тоқталу.
Күнделікті өмірінде мақал – мәтелдердің үлкен орын алатындығын, олардың негізінде бір оқиға, не бір пікір жататындығы, мақал – мәтелдердің өзгеріп, өңделіп жетіліп отратындығын білдіреді.
Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды айтылады.
Мәтелдерде ой – пікір мақалдағыдай тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап құсқай салу түрінде айтылады.
Оқулыққы енгізілгін мақал мәтелдерді оқып, түсіндіре отырып, олардың ортақ мағынасын ашып, қайсысы болса да адамның жақсы, жаман қасиеттерін, мінезі жөніндегі халықтың ұғымын, көзқарасын көрсетеді деген пікірді жеткізу.
Осыдан кейін берілген мақал – мәтелдердің жее оқушыларға оқытып, мағынасын айтқызып, қандай ойды білдіретіндігіне тоқталу. Қазақ мақал – мәтелдерінің адамды жаманшылықтан жирендіріп, оны жақсылыққа, сабырлыққа, еңбекке, білімге үндеп отратындығын байқату.
4. Оқулықта берілген тапсырмалар балаларды тақырыпқа қызықтырып, шығармашылық бағытында жұмыс істеуге ынталандыру.
Тыйым сөздерді оқып, түсініп, назар аудару.
Сұрақтарға жауап беру:
Мақал мен мәтел дегеніміз не?
Мақал – мәтелдердің басқа әдеби шығармалардан айырмашылығы қандай?
Мақал – мәтелдердің тақырыптары қандай болып келеді?
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай?
5. Сабақты қорытындылау. Бағалау
6. Үй тапсырмасы: Ұнаған мақал – мәтелдерді жаттау
Мақал – мәтелдер сайысына дайындалу.
2 – сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Көрнекілігі: интерақтивті тақта
3. Сыныпты төрт топқа бөлу.
Топтың арасында сайыс өткізу.
1 – тапсырма «Мақал – мәтелдердің тақырыптары»
Әр топтан бір – бірден оқушы шығып өз сөздерін тақтаға жазады.
1 – ұпайдан беріледі
2 – тапсырма.
Мақал – мәтелдер сайысы.
Әр топ кезекпен бір – бірден жатқа мақал – мәтелдер айтады (бір – бірін қайталамай). Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
3 – тапсырма. Мақалдарды аяқтау.
Туған жердей .... .
Туған елдей .....
Елінен безген .....
Көлінен безген ....
Ел – елдің бәрі....
Өз елдің бәрінен ...
Еліңді сүйсең, ......
4 – тапсырма. Мақалды дұрыс құрастыру.
1. ОТАН ДА ЫСТЫҚ
2. Туған жердің де ЫСТЫҚ, де ЫСТЫҚ
3. Тіл өткір
4. Тіл көңілдің
5 – тапсырма. Берілген мақалдардың тақырыптарын айту.
мұрасына деген ықыласын ояту, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
3. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз. Теориялық материалды тірек сызба арқылы түсіндіру.
Халық ауыз әдеьиетінің балалар үшін өте қызықты және маңызды түрі – жұмбақтар. Жұмбақты айтқызу, оның шешімін іздету баланың ойлау жүйесін дамытуға үлкен әсер етеді, сөз тапқырлығына үйретеді. Қазақ халқы жастар жиналған жерде жұмбақ айтысу өткізіп, бір – бірінің ой жүйріктігін сынап отырған.
Оқулықта берілген жұмбақтар адам өмірі мен тұрмыс – тіршілігінде кездесетін заттар мен табиғаттың көріністерін қамтиды
Жұмбақтардың тәрбиелік мәнін жеткізу, көркемдік сипатын байқату
Шығармашылық тапсырмалар орындату.
4. Сұрақтарға жауап беру:
1. Жұмбақтар қалай пайда болған?
2. Жұмбақтардың тақырыптары қандай?
3. Берілген сөздердің аудармасын жазындар
Явление природы –
Кругозор –
Находчивость
Планета –
Скороговорка –
Быстро –
Запоминание –
4. Жұмбақтың пайдасы неде?
5. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
6. Үй тапсырмасы: «Жұмбақтар» тақырыбына тірек сызба құрастырындар.
2 – сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Топтық жұмыс ұйымдастыру
Сыныпты төрт топқа бөлу. Әр топ кластер бойынша жұмыс жасайды.
Алдарында бағалау парақтары жатады, себебі топ ішінде бір – бірін бағалайды.
Екі жұмбақты сурет арқылы көрсету.
Екі жұмбаққа ребус жасау.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін топтар бір – бірін бағалайды.
4. Сабақты қорытындылау. Суммативті баға шығару.
5. Үй тапсырмасын беру: Жұмбақтар сайысына дайындалу.
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ халық ауыз әдебиеті туралы алған
білімдерін толықтыру, «ертегілер» , олардың түрлері,
ерекшеліктері туралы түсінік беру, тапсырмалар, ойын
элементтері арқылы балалардың тілін, ойын, дүниетанымын
дамыту, оқушылар бойында халық мұрасына деген құрмет,
мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Сыныпты төрт топқа бөліп жұмбақ сайысын өткізу.
Қай топ көп жұмбақты айтып берсе солар ұтады.
3. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Оқулық мәтінімен жұмыс «Дана үкілер» техникасы бойынша жүргізу.
Мәтінен негізгі, жаңа ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазып шығу керек. Мәтіннен өздері күтпеген, бұрынғы ұғымдарына қарсы тұрған ақпаратты табу керек. Сонымен қатар өздеріне жаңалақ болған ақпаратты жазу. Енді мәтіннің негізгі ойын бір сөйлемнен білдіру қажет. Мәтіннің негізгі ойын сызба арқылы бейнелеу.
Сөздік жұмыс ұйымдастыру.
4. Мәтін бойынша тірек сызба құрастыру
5. «Қиял – ғажайып ертегілері» туралы түсінік.
Мәтін бойынша «Даналық ағашы» ойынын өткізу.
6. Сұрақтарға жазбаша жауап беру.
1. Ертегілер қалай пайда болған?
2. Ертегілердің қандай түрлері бар?
3. Қиял – ғажайып ертегілерінің ерекшеліктері қандай?
4. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері кімдер?
5. Шыншыл ертегілерде қандай мәселе сөз болады?
Ертегілердің құрылысы туралы не білдіңдер?
7. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
8. Үй тапсырмасын беру: Мәтін мазмұнын білу.
Сабақтың тақырыбы: «Қаңбақ шал» ертегі
Сабақтың мақсаты: Ертегілер, ертегілер түрлері, ерекшеліктері туралы
оқушылар білімін тереңдету. «Қаңбақ шал» ертегісінің
Оқушылардың «Ертегілері» тақырыбы бойынша алған білімдерін тірек сызба арқылы тексеру:
Топпен жұмыс.
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді, бірінші топ тақтаға шығып екінші топтың қойған сұрақтарына жауап береді. Сұрақ топ ішінде талданып, бір оқушы жауап береді. Кейін топтар ауысады.
3. Жаңа сабақ.
«Қаңбақ шал» ертегісімен танысу.
Ертегіні мұқият оқып шығу, түсіну.
Ертегі мазмұны бойынша «Пікірталас» ойынын ойнау.
Ойын шарты: өз қалаулары бойынша сынып төрт топқа бөлінеді. Ертегіні тағы да бір рет зейін қойып оқып шығады. Араларыңнан бір оқушыны жүргізушы етіп сайлаңады. Жүргізуші әр топтан бір – бір оқушыдан ортаға шығарады. Ортаға шыққан оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар алдымен алмакезек жауап береді. Егер жауап бере алмаса, өзінің тобына барып, ақылдасып, қайта жауап беруіне болады. Әр топ өз пікірі бойынша жауап береді. Жүргізушы әр сұраққа жауап берілгеннен кейін мұғалімнің көмегімен оны қорытындылап, келесі сұрақты қойып, бағалап отырады. Ойын соңында әр ойыншыға, әр топқа жиналған ұпай бойынша баға қойылады.
Сұрақтар:
Ертегі кейіпкері неге Қанбақ шал деп атанған?
Қанбақ шал надан қорлық көріпті?
Қанбақ шал дәмен қалай кездеседі?
Қанбақ шал кемпірін қалай үйретеді?
Қанбақ шал дәлерді қалай қарсы алады?
Дәулерге не кездеседе, қандай ақыл береді?
Ертегінің қандай құпиясы бар екен?
«Қаңбақ шал» ертегісі ертегінің қандай түріне жатады?
4. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
5 Үй тапсырмасын беру: Ертегі мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беруге дайындалу.
Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен ешкі» ертегі
Сабақтың мақсаты: Ертегілер, ертегілер түрлері, ерекшеліктері туралы
оқушылар білімін тереңдету. «Түлкі мен ешкі» ертегісінің
«Қаңбақ шал» ертегінін мазмұнын берілген жоспар бойынша әңгімелеу.
Жоспар:
Қаңбақ шал мен түлкі.
Қаңбақ шал мен дәудің кездесуі.
Қаңбақ шалдың дәумен күш сынасайғаны.
Дәулердің қонаққа келуі.
Дәулер мен түлкі
3. Жаңа сабақ.
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп оқу
Оқушылар түсінгенін айтып береді
Оқушылар білмеген сөздердің мағынасын беру
Мәтінді тізбекпен оқып, аударады
4. Тапсырмалармен жұмыс
1. Ертегі мазмұны бойынша ешкі мен түлкіге мінездеме беріңдер.
2. Түлкі сендерге қандай әсер қалдырды? Өз ойларын дәптерге жазады.
3. Ертегінің түйіні қандай сөйлеммен айтылғанын тауып, дәптерлеріңі жазып алу.
«Өтірікке алданба басың бәлеге душар болар» деген сөйлемде.
4. Ертегі бізді қандай болуға үйретеді?
5. «Түлкі мен ешкі» ертегісі ертегінің қандай түріне жатады?
5. Топтық жұмыс жүргізу.
Сыныпты төрт топқа бөліп жұмыс жүргізу.
Осы ертегінін мазмұнын сурет арқылы беру.
2. Ертегі бойынша сұрақтар құрастырып, «Даналық ағашы» ойынын өткізу
Ойынның шарты:
Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.
6. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
7. Үй тапсырмасын беру: Ертегі мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беруге дайындалу.
Сабақтың тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Сабақтың мақсаты: Ертегілер, ертегілердің түрлері, ерекшеліктері туралы
оқушылар білімін тереңдету. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің
Оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін, мазмұндау дағдыларын
дамыту, сөздік қорларын толықтыру. Халық ауыз әдебиетіне
деген ынта – ықыласқа тәрбиелеу. Еңбек пен ақыл, достық –
таусылмас байлық екенін оқушы бойына дарытуға ықпал ету.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Жаңа сабақ
1. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін мәнерлеп оқу
2. Оқушылар түсінгенін айтып береді
3. Оқушылар білмеген сөздердің мағынасын беру
4. Мәтінді тізбекпен оқып, сөздікті пайдалана отырып аудару.
4. Ертегі мазмұны бойынша «Қатені тап» ойынын ойнау.
Ойын шарты:
Оқушылар өз қалаулары бойынша үш топқа бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі. 1 топ тапсырмасы: ертегінің кез келген үзіндісін сурет арқылы беру. Суретте міндетті түрде 1 – 2 қате болу керек.
2 топ тапсырмасы: ертегіден бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.
3 топ тапсырмасы: ертегі мазмұны бойынша бірнеше сұрақ құрастыру керек. Сұрақтарда 1 – 2 қате болу керек. Тапсырмалар орындалған соң топтар бір – бірімен тапсырмалармен алмасады. Олар бір – бірінің қателерін тауып, түзетулер керек. Түзетулерді арнайы параққа жазуға болады.
Топтың №
Тапсырмасы
Қателері
Тексерген топ
Және мынадай жұмыс жүргізуге де болады.
Әр топ өз тапсырмасын алады, берілген ертегінің кез келген үзіндісін сурет арқылы беру. Топтар тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, пайда болған ойларын суретке түсіреді. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі.
Белгіленген уақыттан соң топтар орындарын ауыстрады, бірінші топ екінші топтың, екінші топ үшінші топтың, үшінші топ бірінші топтың жұмысын жалғастырады. Бірақ олар тақырыпқа байланысты емес, кез келген суретті салады. (2 минут уақыт беріледі) Кейін тағы орындарын ауыстырып, басқа топтың жұмысын жалғастырады. Тағы бір рет ауысқан кезде әр топ өз бастаған жұмыстарына қайтады. Енді топтар жұмыстарын қорғайды.
Тақтада сабаққа қажетті сөздер мен сөз тіркестер көрсетіледі.
Топтарға дайындалуға 2 минут уақыт беріледі. Қорғаған кезде, басқа топтар салған суреттерін өз тақырыбымен байланыстырып қорғайды.
5. Ертегі мазмұны бойынша «Кімге не керек?» сұрағына жауапты сызба түрінде көрсету.
Мақта қызға – Дүкеншіге -
Мысыққа – Тауыққа -
Сиырға – Тышқанға -
Ағашқа - Қыздарға –
6. Мақта қыз бен мысыққа мінездеме беру
7. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
8. Үй тапсырмасын беру: Ертегі мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беруге дайындалу