Просмотр содержимого документа
«Разработка урока по казахской литературе "Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы"»
Сыныбы: 10 Күні: Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы бойынша жаңа білім беру (жалпы шолу).
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Еске түсіру, тексеру, әңгімелеу, баяндау. Сабақтың көрнекілігі: Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы, олардың ерекшеліктері туралы кесте
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Жамбыл – айтыстың асқан шебері
Үй тапсырмасын тексеру жоспары:
- Ақынның алғашқы айтыстары - Құлмамбетпен айтысы - Айтысты оқу, мазмұнын түсіну.
Ақын өлеңдерін жатқа сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы
Жаңа сабақтың жоспары:
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы:
1. Әнші-ақындардан қалған мұра;
2. Әнші-ақындардан қалған мұраның ерекшеліктері;
3. Қазақтың сал-серілері мен әнші-ақындары.
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы
Реті
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы
Сипаты
1.
Әнші-ақындардан қалған мұра
Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып халқымызбен бірге жасасып келеді. Дүниеге келгеннен ән тыңдап өскен, бесік жырын тыңдап уанған дала перзенті есейе келе ат үстінде келе жатып та домбырасын жанынан тастамай ән салған. Малшы да, жалшы да, бай да, кедей де өнерден кенде болмаған. Олар жанын толқытқан мұң мен зарын, сазы мен назын әуенге қосқан. Жүрегін ән тербеген бабалардан қалған асыл мұра бүгінгі заманымызға жетіп отыр.
2.
Әнші-ақындардан қалған мұраның ерекшеліктері
Әнші-ақындардан қалған мұраның ерекшеліктері алуан түрлі:
- олардың басты өнері – сөз құдіретін меңгеруі;
- ақындық өнері;
- туған жерге, туған елге, сүйген жарға деген махаббаттарын, өз сезімі мен көңіл күйлерін әнмен жеткізуі;
- тырнағын батырып, үстемдігін танытқан, жер аударып, түрмеге қамаған әкім-төрелерге өкпе-назын, ашуын да өлеңмен шығарып, әнмен жеткізгені;
- олардың ән-жырларында шекара болмауы – әнді іліп алып ел болып жырлауы, атадан бала үйреніп, ол өнердің ән-керуені бүгінге жетуі.
3.
Қазақтың сал-серілері мен әнші-ақындары
Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалар: Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди, Мұхит, Иманжүсіп, Әсет, Естай, т.б.
Серілерге тән қасиеттер
ақын
әнші сазгер
Сері
өнерлі талғампаз
сәнқой сезімтал
ел сүйіктісі
Осы кесте бойынша жаңа сабақты түсіндіру:
ІV Дәптермен жұмыс:
1. Әнші-сазгерлер шығармашылығы туралы мәліметтерді жазу.
2. Әнші-сазгерлер шығармашылығы туралы қысқаша өз білетіндерінен мәтін құрастыру.
3. Әнші-сазгерлер шығармашылығынан әндер тыңдау.
V Қорытынды:
Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып халқымызбен бірге жасасып келеді. Дүниеге келгеннен ән тыңдап өскен, бесік жырын тыңдап уанған дала перзенті есейе келе ат үстінде келе жатып та домбырасын жанынан тастамай ән салған. Малшы да, жалшы да, бай да, кедей де өнерден кенде болмаған. Олар жанын толқытқан мұң мен зарын, сазы мен назын әуенге қосқан. Жүрегін ән тербеген бабалардан қалған асыл мұра бүгінгі заманымызға жетіп отыр.
VІ Бағалау
VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:
1. Әнші-сазгерлер туралы мәтінді оқу, қысқаша конспект жазу;
2. Әнші-сазгерлер туралы қосымша мәліметтер жинау;
3. Әнші-сазгерлердің әндерін жинау, үйрену, айтуға дайындалу.
VІІІ Қолданылған әдебиеттер:
А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Жеті ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы, Қазақ әдебиеті энциклопедиясы.