kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка урока 11 класс Жубан Молдагалиев

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка урока по теме "Жубан Модагалиев" может использоваться педагогами в повседневной рааботе, а так же при проведении внеклассных мероприятий. Каждый учитель казахского языка и казахской литературы может добавить данный урок в свою копилку. Урок разбит на этапы, присутствует опрос учащихся.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока 11 класс Жубан Молдагалиев »

Тема урока : Жубан Молдагалиев (1920-1987) 

11 класс


Акибаева Жаркын Ахметжановна

Казахстан, Актобе

Средняя школа № 22


Өмірі мен шығармашылығы 
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: 
Оқушыларға Ж. Молдағалиев 
шығармаларының жаңашылдығын түсіндіру. Ақынның шығармаларына тоқталу, мәнін түсіндіру арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту; 
б) дамытушылық: 
Ақын шығармалары арқылы оқушылардың теориялық ұғымдарды түсіне білу қабілетін дамыту. Мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру; 
в) тәрбиелік: 
Патриоттық сезімдерін ояту, адамгершілік, имандылық сезімдерін байыту. 
Сабақтың әдісі: Репродуктивтік әдіс, түсіндірілмелі, аралас, сұрақ-жауап, тіл құралына талдау, тіл ұстарту ,Венн-диаграмма толтыру. 
Сабақтың түрі: Дәріс сабақ. 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақтадағы флипчарт, компьютер, презентация.
Сабақтың барысы: 
I. Бағдарлы – қызығушылық кезеңі 
а) Оқушылармен амандасып, түгелдеу. 
б) Оқушы назарын сабаққа аудару. 
II. Үй тапсырмасын тексеру 
1) 2 оқушы Венн-диаграмманы толтырады ( 1. Қасым Аманжолов 2.Ә.Тәжібаев ) 

2) Қалған оқушылар Қ.Аманжолов және Ә.Тәжібаев өмірі мен шығармаларына сәйкес блиц-сұрақтарға жауап береді 
а)Қ.Аманжоловтың қандай өлеңдерімен таныстыңдар? ә)Өлеңдерінің тақырыбы қандай? б)Ол қандай оқу орындарын бітірді? 
а)Ә.Тәжібаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер? ә) Өлеңдерінің тақырыбы қандай ? б) Ә.Тәжібаевтың туған жерінде қандай теңіз бар? 
III. Жаңа сабақты меңгерту 
Ой қозғау : Географиялық картадан Батыс Қазақстанды көрсетіңдер. Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала? 
1. (Өмірбаяны туралы дәріс ) 
Осы өңірде ,Орал облысында әйгілі ақын Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Сайқұдық деген жерінде дүниеге келді. Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1940 жылдан 1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады. "Жас алаш", "Қазақ әдебиеті" газеттері мен "Жұлдыз" журналы редакцияларында жұмыс істейді. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көреді. Жұбан Молдағалиев өзінің атақты "Мен - қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, өзінің туған халқына деген шексіз мақтаныш,отансүйгіштік поэманың басты идеясы. Жалпы өлеңдерінде Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім көрсетілген. Сондай-ақ азаматтық намыс, елге, жерге деген сағынышқа толы . Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтың 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады. Ж. Молдағалиев туған жері — Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырды. 
2. Бір оқушы алдынала үйге берілген тапсырма,яғни Ж. Молдағалиев өмірінің жылнамалық кезеңдерімен таныстырады 
Ақын өмірі ( жылнамалық кезеңдер ) 
1920 ж. 5 қыркүйекте Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келге 
1940 ж. Орал. Ауыл шаруашылық техникумын бітіреді. 
1940-1947 ж. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, әскер қатарында болады. 
1948-1952 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің орынбасары болады. 
1949 ж. «Жеңіс жырлары» атты алғашқы жыр жинағы шығады. 
1950-1951 ж. «Нұрлы жол» дастаны жазылып, жеке кітап болып шығады. 
1984-1985 ж.«Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді. 
1986 ж. Айтулы Желтоқсан оқиғасына қатысады. 
1989 ж. Ақын қайтыс болады. 
2010 ж. Ақынның 90 жылдық мерейтойы республика көлемінде ұйымдастырылды. 
3.Шығармалары туралы ақын-жазушылардың пікірі: 
С. Шаймерденов 
«Бұл ақынның шығармаларына мен қашанда құштарлықпен қараймын да, оқысам кұмардан шығатындай боламын да тұрамын». 
С. Қирабаев 
«Жұбан Молдағалиев лирикасы - мол дүние, әрі алуан сипатты сырлы жырлар…» 
М. Әлімбаев 
«Жұбан өлендерінің идеялық дәрежесі, көркемдік деңгейі әуелден жоғары, бұл ақын әуелден-ақ биік мақсатты, асыл мұратты нысана тұткан». 
В. Савельев 
«Джубан Мулдагалиев всегда учился, всегда воевал за свет и на стороне света, всегда нес в своих строках правду людям - как бы ни была горька эта правда и как бы тяжело она ни давалась ему самому.» 
4. «Мен қазақпын»- поэмасы туралы 
«Мен қазақпын!» поэмасы – халқымыздың сана сезімін оятуға, өз-өзіне құрметпен қарауға, баға жетпес үлес қосты. Қазақ халқының жер бетінен жойылып кету қаупінің нышандары белгі бере бастаған кезде 1963 жылы Ж. Молдағалиев «Мен қазақп айтуында тыңдау (идеялық мазмұны « өзінің туған халқына деген шексіз мақтаныш,отансүйгіштік» ) 
IY. Жаңа сабақты бекіту 
1.Оқулықтағы «Мен қазақпын» поэмасынан берілген үзіндіден әрбір оқушыға тиісті 4 жол таратылады, 1-2 оқушы мәнерлеп оқиды. 
2.Зерттеу жүмысы «Тіл құралына талдау» (әр оқушы өзіне берілген үзіндіні талдап кестені толтырады) 
теңеу эпитет метафора образды сөздер 


1-2 оқушы толтырғанын оқып шығады, басқалары жұмыстарын тексеруге тапсырады. 
3. Тіл ұстарту: Әр оқушыға жеке бетте тапсырма беріледі , оқулықты жауып қойып толтыру керек) , сонымен қатар бір оқушы флипчарт бетінде берілген үзіндіні интерактивтік тақтаға шығып толтырады. 
Мен қазақпын__________, мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым _______________. 
Жылағанда ___________,күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен _______түрілген. 
Y. Сабақты қорыту 
Сонымен: Жылнамалық кезеңге қарап жылдарға сәйкес оқиғаларды айтады 
1920 ж., 1940 ж.,1940-1947 ж.,1948-1952 ж.,1949ж.,1950-1951 ж.,1984-1985 ж., 1986 ж.,1989 ж., 2010 ж 
YI. Үй тапсырмасы 
1.Ақынның өмірі туралы 
әңгімелеу. 
2. “Мен қазақпын” поэмасынан 
ұнаған үзіндіні жаттау 
YII. Бағалау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Разработка урока 11 класс Жубан Молдагалиев

Автор: Акибаева Жаркын Ахметжановна

Дата: 03.08.2014

Номер свидетельства: 111104


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства