kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өмірің өз қолыңда.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін, сүйіспеншілік құндылығы арқылы  кеңейту. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өмірің өз қолыңда.»

« » 201 ж.

Сынып: 6

Тақырып: Өмірің өз қолыңда.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін, сүйіспеншілік құндылығы арқылы кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы адамдарға риясыз қызмет етуде екендігін түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың жанашырлық қасиеттерін дамытуға түсінік беру;

Тәрбиелік: Еліне, халқына абыройлы шынайы қызмет етуге тәрбиелеу


Ресурстар:

Оқулық, дәптер, үнтаспа, түрлі - түсті қағаздан жасалынған жүрекшелер.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» дауыстап айтамыз

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәті.

Орманға саяхат.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігін сезінініз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!


Үй тапсырмасын тексеру.

Ойын-жаттығу ұйымдастыру.

Ескерту

Дәйексөз.

«Адамның жақсы өмірінің негізінде билігі бәріне жүретін үш қасиет жатыр: адал еңбек, ар-ұжданды ақыл-ой, шынайы жүрек. Бұларсыз өмірде тыныштық пен келісім табылмайды.»

Ш. Құдайбердіұлы (1858-1931)

- Дәйексөзден қандай ой түйдің?

- Адам өмірі мәнді болу үшін не істеу керек?

- Елдің абзал азаматы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

- Адам баласы өмірді мақсатсыз сүре ме?

(Дәйексөзді дәптер бетіне түсіру)



Мұғалімнің сыйы.

Видеоролик «Қанағат қыл басыңдағы бағыңа»

Видеороликтен түсінген ойларын тыңдау.


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

«Өмірің өз қолыңда» тақырыбында

І топ Сахналау

ІІ топ Сурет салу


Топпен ән айту.

Дуние керуен

  1. Өтетін сейілмен,

Ей, дүние базарсың.

Пенделік пейілден,

Жүрегім тазарсын.

Қайырмасы:

Адамға бақ берер тек қана Аллам екен,

Өмірдің қызығы біреуге арман екен.

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен?

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!

  1. Қуаныш, қайғының,

Бәрі де бітеді.

Бұл дүние таусылса,

Шын дүние күтеді.

Қайырмасы:

Адамға бақ берер тек қана Аллам екен,

Өмірдің қызығы біреуге арман екен.

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен?

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!

  1. Амал қыл фәниде,

Иманның жолында.

Бәрі де, бәрі де,

Алланың қолында.

Қайырмасы:

Адамға бақ берер тек қана Аллам екен,

Өмірдің қызығы біреуге арман екен.

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен?

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!


Үй тапсырмасы.

«Өмірің өз қолыңда» тақырыбында эссе жазу.


Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік - бар жерде!

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік,-бүкіл әлемде!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өмірің өз қолыңда.

Автор: Темирбекова Камшат Капдрашитовна

Дата: 26.03.2017

Номер свидетельства: 403420

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Б?рі сені? ?олы?да" тренинк саба?"
    ["seo_title"] => string(29) "brisieninkolyndatrieninksabak"
    ["file_id"] => string(6) "275978"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452666943"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "?мірі? ?з ?олы?да."
    ["seo_title"] => string(15) "omirinozkolynda"
    ["file_id"] => string(6) "303275"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457499194"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Конспект для урока замопознание"?мірі? ?з ?олы?да" "
    ["seo_title"] => string(54) "konspiekt-dlia-uroka-zamopoznaniie-omirin-oz-k-olyn-da"
    ["file_id"] => string(6) "194692"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427803331"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Б?рі сені? ?олы?да"
    ["seo_title"] => string(16) "brisieninkolynda"
    ["file_id"] => string(6) "328139"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463566636"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "?ол?нер  тарихы. Ілмек  бізбен  то?у  техникасы"
    ["seo_title"] => string(50) "k-olonier-tarikhy-ilmiek-bizbien-tok-u-tiekhnikasy"
    ["file_id"] => string(6) "310741"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459091630"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства