Просмотр содержимого документа
«?мірі? ?з ?олы?да.»
Сабақ жоспары. 25- сабақ
Күні
Сынып 7
Тақырып: Өмір, қымбатсың маған.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету. Міндеттері: - оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру; - өмірге құштарлықтарын дамыту; - өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу; Көрнекі құралдар:үнтаспа,оқулық Сабақтың әдіс тәсілдері:әңгімелесу,пікірлесу,сұрақ жауап. І Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу,сабаққа назарын аудару. Тыныштық сәті: Нұрға бөлеу ІІ Үй тапсырмасын тексеру.Өлең шығару
ІІІ Әңгімелесу: Бүгінгі сабағымды Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Ал, сіздердің міндеттеріңіз осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлаған мұқият тыңдау. Адам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап жөнелтеді әр күнін. Сәл қайғырса, ол ұғына түседі, Дүниенің кеңдігі мен тарлығын. Адам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап ұзартады әр күнін. Сәл қуанса, шығарады ол естен, Дүниенің кеңдігі мен тарлығын. Осы өлеңде не жайлы жырлаған? Әрине, өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Өмір қымбатсың сен маған!» Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбына орай алдымен «өмір» деген сөздің мағынасына көз жіберіп көрейікші. Төрт әріптен тұратын осы сөзде әрбір адамның саналы ғұмыры, іс-әрекеті көрініп тұрмай ма? Әрине, өмір сүрудің дайын рецептісі жоқ, сол сияқты жер бетінде қанша адам болса, өмірге деген және оның мәніне деген соншама ұстаным бар. Олай болса, бізде бір сәт өз өміріміздің мәні туралы ортаға ойымызды салып көрелікші. (оқушылар плакатқа өз ойларын жазып көрсетеді) Оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұрақ барлық оқушыларға ортақ. - Ал, балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер? - Өмір адамға несімен қымбат? - Сен не үшін өмір сүресің? Тамақ ішу үшін өмір сүресің бе, әлде өмір сүру үшін тамақ ішесің бе? - Ал, бақытты қалай түсінеміз? - Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар? IV Мәтінмен жұмыс: Ш.Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» мәтінді оқып,пікірлесу.
1.Ақын ақ және қара деп нені меңзеп отыр?
2.Қай уақытта адам өмірі аққа толы болады? Сергіту сәті: Жақсы жаман қасиеттерімізді жазайық
V Тапсырма: Бейне таспа көру.«Өмірің өз қолыңда» бейне таспаны басшылыққа ала отырып эссе жазу. VI Үйге тапсырма: Өмір жайлы нақыл сөздер, мақал мәтел жазып мағнасын ашу.
VII Қорытынды: Өмір — өзен ағып жатыр , тынбайды ,
Өмір болмас қасіретсіз , мұң қайғы ,
Сондықтан да , өз — өзіңе абай бол ,
Өмір сені сонда ғана шыңдайды . — деп ақындар жырлағандай , Өмір — арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес , ол үшін қандай да бір қиын-
дықтарға , кедергілерге кездесуің мүмкін .Ал енді біреулерге қиындықтар
кездеспеуі де мүмкін . Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық , көреал-
маушылық танытпа ,өз мақсатың үшін күресе біл .Өзіңнің күшті жақта-
рыңды көрсет , әлсіздік , шарасыздық танытпа . Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің .
Жүректен жүрекке; Өміріңе немқұрайлы қарама әнін орындау