kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқу құралдарым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқу құралдарым тақырыбына сабақ жоспары. 4 сынып

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқу құралдарым»

Сабақтың тақырыбы

Оқу құралдарым

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды «Оқу құралдары» тақырыбы төңірегінде сөйлеуге, тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерді дұрыс қолдана білуге үйрету. Сұрақ қойып, дұрыс жауап беруге үйрету.

Оқыту нәтижесі

Оқу құралдары не үшін керек екенін біледі, топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді; сабаққа қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері артады.

Дереккөздер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

АКТ;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Тапсырмалар

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал «Сәлемдесу».

Топ ережелерін еске түсіру.

Үй тапсырмасын тексеру: «Ыстық орындық» стратегиясы.

Топ құрамын ауыстыру үшін топқа бөлу: сыныптағы оқушылардың санына қарай бөлу, I, II, III топтарға бөлу. Топтарға ат қою.

Интерактивті тақтамен жұмыс. Жаңа сөздермен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

Сергіту сәті. «Сәйкестендіру кестесі» стратегиясы

Ребустарды, санжұмбақ шешу, тапсырмаларды орындау.

Бекіту сұрақтары: сұрақ- жауап.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Шаттық шеңбері:

Балаларды шеңбер жасауға шақырамын:
- Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?
- Ол неге ұқсайды?

- Ендеше біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.
- Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізді емдейік.
- Қайырлы таң, көздерім сендер ояныңдар (көздерін уқалайды)
- Қайырлы таң, құлақтарым сендер ояныңдар (құлақтарын уқалайды)
- Қайырлы таң, саусақтарым сендер ояныңдар (шапалақтайды)
- Қайырлы күн, сенде ояндың ба? (жымиып күледі). Тағы бір күн артта қалып, тағы арайланып таң атты. Сәлеметсіздер ме!
- Бүгінгі күніміз жақсы болсын, көңілді болайық, деніміз сау болсын, татулықпен, достықпен бәріміз сабақ барысында бір-бірімізге тек жақсы көңіл сыйлайық.


2. Топ ережелерін еске түсіру.


II Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақта балалар ,біз кітапхана тақырыбын өткен болатынбыз.Осыған орай топтарға жеке жеке тапсырмалар берілген болатын. 1топқа –Кітапханада өздерін қалай ұстау керектігін жазып келуге, 2 топқа- кітап туралы мақал мәтелдер жазып, жаттап келуге, 3 топқа –«Кітапханада» тақырыбына әңгіме жазып келуге берген болатынмын. Әр топтан оқушылардан кезектеп сұрау, бағалау. «Ыстық орындық» стратегиясы.

Өте жақсы, балалар,ендеше бүгінгі біздің жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын мына карточкаларға караймыз,барлығымыз келіп, нөмірленген карточканы алып , үш топқа бөлінеміз.

Барлығымыз қолымыздағы карточкаларды жинап сурет шығарамыз.

Топқа бөлу. Ат қою.

1 топ-«Кітаптар» суреті

2 топ «Қарындаштар» суреті

3 топ «Күнделік» суреті шықты.Өте жақсы, балалар. Мұғалім жетондарды беріп бағалатып отырады.

Балалар (кітап, қарындаш, күнделік) бір сөзбен айтқанда бұлар не? «Оқу құралдары».

Балалар, ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты «Оқу құралдары.»

Жаңа тақырыптың мақсатымен,барысымен таныстыру.

Оқушылар үш топқа бөлінгендіктен үш топқа әртүрлі тапсырмалар беріледі және әр орындалған тапсырмаларға сай бағаланады.

Оқушыларға жаңа тақырыпты жазғызу.

Балалар біз сендермен 1,2,3 сыныптарда өткен болатынсыңдар.Оқу құралдарына не жатады?

1-тапсырма.Сөздікпен танысу,жаңа сөздерді сөздік дәптеріне жазу.

Жаңа сөздермен сөз тіркесін құру.

Топтарға жетон таратылады.Бағалау.

2-тапсырма.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп үш топтан 2-3 оқушыдан тізбектеп оқу.

Менің оқу құралдарым.

Менің оқу құралдарым бар.Олар: кітап,дәптер,күнделік ,қылқалам, түрлі-түсті қарындаштар,пенал,сызғыш,өшіргіш.Кітап оқу үшін керек,дәптер жазу үшін керек.Ал,күнделік мұғалім баға қою үшін керек. Күнделікте жақсы бағалар болу керек.Менің сөмкемдемде кітап,қаламсауыт,күнделік,дәптер бар. Мен оқу-құралдарымды өте таза және ұқыпты ұстаймын.

Екі топ мәтінге 5 сұрақ жазады.

Және өздері сұрақтарға жауап береді.

Топтарды бағалау.

Сергіту. Барлығымыз интерактивті тақтаға қарап, тұрып билейміз.

3-тапсырма.Бұл тапсырма қазіргі заман талабы болғандықтан ,3 сынып ағылшын тілін үйреніп жатқандақтан 3 тілді меңгерту мақсатында оқу құралдарын үш тілде айтады және сәйкестіреді.

Сәйкестіру.Әр топтан оқушылар шығып қазақ және ағылшын сөздерді сәйкестіреді, ауызша орысша баламасын айтады

Сөмке copybook ( тетрадь)

Қылкалам chalk (чок) мел

Қарындаш bag сумка

Қаламсауыт pencil карандаш

тақта pencil box пенал

бор biackboаrd доска

дәптер brush (браш) кисточка

күнделік diary дневник

Оқушыларды бағалау.

4 тапсырма.Ребус шешу.

Әр топқа ребус, санжұмбақ беріледі ,оқушылар топпен шешеді.

«Кітаптар» тобы Ребустың шешуі «Күнделік»

«Қарындаштар» тобы Ребустың шешуі «Қоңырау»

«Күнделік» тобы Санжұмбақтың шешімі «Дәптер»


1

1

3

1

3

3

д

ә

п

т

е

р

1. «Магазин» сөзінің аудармасын тап.

2. «Бабушка» сөзінің аудармасын тап.

3. «Мяч» сөзінің аудармасын тап.

4. «Курица» сөзінің аудармасын тап.

5. «Петух» сөзінің аудармасын

6. «Утка» сөзінің аудармасын тап.

5-тапсырма.

Әр топ шыққан сөзіне байланысты сөйлемдер айтады.

Мысалы: «Кітаптар» тобы «Күнделік» туралы.

Рефлексия. Бүгінгі біздің тапсырмаларымыз осымен аяқталды, балалар.Енді барлығымыз өздеріңнің пікірлеріңді білдіресіңдер .Кімге қандай тапсырма көбірек ұнады? Көңіл –күйлерің қандай?

Қорыту: Балалар, бүгін біз қандай тақырып өттік?

-Оқу құралдарына не жатады? -Күнделік не үшін керек?

-Оқу құралдарын қалай ұстау керек? -Дәптер не үшін керек?

-Оқу құралдары не үшін керек? -Қылқалам не үшін керек?

Үйге тапсырма:

-Оқу құралдарына байланысты жұмбақтар жазып келу.

Бағалау. Оқушылардың алған жетондарын санай отырып әр топтың жетекшісі өз оқушыларын бағалайды,себебін түсіндіреді.








































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқу құралдарым

Автор: Айдарханова Асель Сериковна

Дата: 04.12.2016

Номер свидетельства: 365719

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "??ралдар , о?у ?шін! "
    ["seo_title"] => string(21) "k-u-raldar-ok-u-ushin"
    ["file_id"] => string(6) "236442"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444064960"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) ""А?аш ?олмен ??деу ??ралдары"  Технология 5-сынып"
    ["seo_title"] => string(47) "agashkolmienondieukuraldarytiekhnologhiia5synyp"
    ["file_id"] => string(6) "286586"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454352897"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған "Оқу құралдары" атты сабақ әзірлемесі"
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_tili_p_ninien_5_synypk_a_arnalg_an_ok_u_k_u_raldary_atty_sabak_zirliemies"
    ["file_id"] => string(6) "445453"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513761960"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""К?ктемгі е?бек ??ралдары" "
    ["seo_title"] => string(31) "koktiemghi-ien-biek-k-u-raldary"
    ["file_id"] => string(6) "194607"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427795914"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "мені? о?у ??ралдарым"
    ["seo_title"] => string(19) "mieninokukuraldarym"
    ["file_id"] => string(6) "257698"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448374269"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства