kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?у ??ралдарым

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок предназначен для 3 класса. тема урока оку куралдарым. целью урока является повторение и закрепление ранее пройденных тем, учащиеся должны уметь анализировать, думать и разговаривать на родном языке. урок начинается с организационного момента : приветствие, психологический настрой. постановка целей урока. затем проверка домашнего задания. дети работают у доски, решают различные задачи, работают с текстом учебника

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?у ??ралдарым »

1 Ерасыл: 1-сурет. Сипаттамасы

Жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылардың 1000000 астам түрі белгілі. Буынаяқтыларға суда, құрлықта мекендейтін жануарлар жатады, олардың аяқтары буындарға, денесі сигменттерге бөлінеді.

Алғашқы буынаяқтылар теңізде пайда болған, протерозой заманында қарапайым жұмыр құрттардан дамыған. Алғашқы өкілдерінің пайда болуы көптеген аморфоздармен, яғни жаңа мүшелерімен байланысты:

1) мүшелердің құрылуы, ол дене сигменттерінің бөлімдерге жинақталуы мен байланысты;

2) аяқ буындарының пайда болуы;

3) біріңғай салалы бұлшық еттердің көлденең жолақты бұлшық еттерге айналады және бұлшық ет шоқтарының қалыптасуы;

4) құрсақ жүйке тізбегінің және бас бөлігінде жүйке түйіндерінің шоғырлануы;

5) сыртқы қаңқаның – хитин жабынының пайда болуы;

6) асқорыту жүйесінің жақсы жетілуі – асқорыту бездерінің, сілекей бездерінің пайда болуы.

2 Альбина: 2-сурет. Шаян тәрізділер класы. Өзен шаяны

Шаян тәрізділер класының 200 мың түрі белгілі. Өкілдерді екі үлкен топқа бөледі: төменгі (циклоп, дафния) және жоғары шаян тәрізділер.

Дене құрылысы: Дене буылтықты, екі жақты симметриялы, тығыз хитинді, аяқтары бунақталған. Шаянтәрізділер айқын білінетін быскөкірек және құйрық бөліктерінен тұрады, желбезек қанаттарымен аяқталады. Басында 2 мұртшасы (қысқы және ұзын), аузы түрі өзгертілген аяқтарымен қоршалады: бір жұп – жоғары жақты, екі жұп – төмен жақты құрайды. Көкірегінде үш жұп аяқтары болады. Олардың барлығын қоректі аулауға, сипап сезуге, ұсақтауға пайдаланады. 5 жұп буынды жылжу аяқтары болады, оның бір жұп қысқаштары (клешня) бар ол арқылы шаян шабуыл жасйды және қорғанады. Құрасағы 6 буыннан тұрады, олардың 5 жұбы екі тармақты аяқтар. Ал 6-шы жұбы құйрық қанаттан тұрады.

Жабыны. Хитинді берік, жеңіл, сыртқы қаңқа ролін атқарады, ішкі жағынан оған бұлшық еттер бекиді.

Дене қуысы. Аралас.

3 Аяжан: 3-сурет.

Асқорыту жүйесі. Алдыңғы бөлімі – кеміргіш аппараты бар аузы, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, шайнағыш және сүзгіш асқазан. Ортаңғы бөлімі – ортаңғы ішек және бауыр. Артқы бөлімі – ішек, құрсақтың соңғы буынындағы аналь тесігі.

Тыныс алу жүйесі. Баскөкіректің бүйірінде хитин жабынының астында желбезектер орналасады, оларда қан каппиляр торлары болады.

Қан айналу жүйесі. Ашық: жүрегі 5 бұрышты қапшық тәрізді бас көкіректің арқа жағында орналасқан. Жұп бездері дененің бас бөлімінде орналасқан, ұзын мұртшалардың түбінен сыртқа ашылады.

4 Дамир: Сезім мүшелері. Көру мүшесі – қозғалмалы сабақшада орналасқан 2 жұп күрделі көз, иіс сезу мүшесі – қысқы мұртшалары, сипап сезу мүшесі – ұзын мұртшалары. Тепе-теңдік мүшесі – қысқы мұртшалардың түбінде орналасқан кірпікшелі 2 ойыс тәрізді денешік.

Көбейюі. Жынысты. Даражынысты. Ұрықтануы ішкі. Ұрғашысы қыста жұмыртқа салады да оларды құрсақ аяқтарына бекітеді жазға дейін олар сол жерде дамиді.

Дамуы. Жұмыртқадан шаяндар шығады, бірінші жазда олар тез өседі, 10 рет, ал келесі жазда – 5 рет түлейді. Бес жылдан кейін шаяндар өспейді. Тіршілік мерзімі 15 жыл.

5 Гүлфия: Өрмекші тәрізділер класы. Өрмекші

Өрмекші тәрізділер класының 36000 түрі белгілі. Буынаяқтардың ішінен өрмекші тәрізділер алғашқы рет құрғаққа шықты.

Дене құрылысы. Кішкентай баскөкірек және ірі жұмыртқа тәрізді бунақталмаған құрсақтан тұрады. Басында тырнақ тәрізді жақтары, улы бездері, сипап сезу мүшелері – аяқ қармалауыштары болады, көкірегінде 4 жұп жүру аяқтары болады. Құрсақтың төменгі жағында 3 жұп мәуелі сүйел орналасады. Артқы аяғындағы тарақты тырнақтары арқылы өрмекші ұстау торын құрады.

Жабыны. Жеңіл хитинді.

Дене қуысы. Аралас.

Асқорыту жүйесі. Алдыңғы бөлімі – ауыз, жұтқыншақ, өңеш және алдыңғы сорғышы. Ортаңғы бөлімі – бауыр, ортаңғы сорғышы. Артқы бөлімі – артқы ішек, аналь тесігі. Алғашқы асқорыту денеден тыс жүреді, уы (бас көкірегінде орналасқан у бездер) қоректі ыдыратады да сонымен бірге, асқорыту сөлі ретінде әсер етеді. Сондықтан өлтірілген қорек торда қорытылады. Өрмекші дайын сұйық затты сіңіріп алады.

6 Даурен: Тыныс алу жүйесішөкпе және трахеялар. Трахеялар барлық дене мүшелеріне ауа жеткізеді және тыныс тесіктері болады. Ауамен тыныс алады. Өкпесі құрсақтың төменгі жағында орналасады.

Қан айналу жүйесі. Ашық. Қаны түссіз, жүрегі ұзын түтікше тәрізді, құрсақтың арқа жағында орналасқан, одан қан тамырлары тарайды.

Зәр шығару жүйесі. 2 түтікшеден тұрады (мальпигий түтікшелері). Олардың бір ұшы дене қуысында бос жатады, ол жерде оларға қаннан зат алмасудың соңғы өнімдері енеді. Екінші ұшымен олар ортаңғы және артқы ішекке ашылады. Бұл суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жүйке жүйесі. Жұтқыншақ 5 жұп жүйке түйіндерінен құралады. Одан құрсақ жүйке тізбегі тарайды.

7 Қайсар: Сезім мүшелері. Басында 4 жұп жай көздері орналасады, ал сипап сезу мүшелері аяқ қармауыштарында болады.

Көбейюі. Жынысты. Қос жынысты жануарлар. Ұрықтануы ішкі, сыртқы. Себеі еркегі сперматозойд бөледі, ал ұрғашысында жұмыртқалары ұрықтанады. Күзде ұрғашыпіллә (кокон) түзеді. Сол жерге жұмыртқаларынжинайды да өзі жойылады.

Дамуы. Көктемде жұмыртқадан ересектерге ұқсас ұрпақ шығады. Олар дереу тор құрап ұсақ жәндіктерді аулау бастайды.

Өкілдері. Өрмекшілерден басқа бұл класқа шаяндар, кенелер және басқалар жатады.

8 Ерасыл: Бунақденелілер класы. Мамыр қоңызы

Бунақденелілердің 1 млн. астам түрі бар. Олардың шығу тегі девон заманына жатады. Бұл – құрғақта тіршілік ететін жануарлар. Жәндіктердің дамуы, олардың әртүрлі қоректенуіне байланысты болады және құрлықта өсімдіктердің даму эволюциясымен тығыз байланыста болды. Әсіресе жәндіктердің қарқынды дамуы жабынтұқымдылар өсімдіктердің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл олардың жер шарында кең таралуына мүмкіндік туғызады. Көптеген өкілдерінің ұшуға қабілеті бар.

Дене құрылысы. Бунақ денелері бас, көкірек құрсақ бөліміне айқын бөлінген. Басы бірігіп кеткен бес сегменттерден тұрады, онда көз, ауыз мүшесі, 2 мұртшасы орналасады. 3 сегменттен тұратын көкіректен 3 жұп буын аяқтары және 2 жұп қанаттары болады (қатты және жарғақты қанаттылар). Құрсағы 6 буыннан тұрады, олардың бүйірлерінде тыныс тесіктері болады.

Жабыны жұқа хитинді, құрсақ жағында жұмсақ болады.

Дене қуысы. Аралас.

Тыныс алу жүйесі. Тыныс алуы жіңішке түтікшілері – демтүтік (трахея) арқылы жүреді. Олар тарамдалады да барлық мүшелерге жеткізіледі. Газ алмасуы ұлпаларда орналасқан демтүтік қабырғалары арқылы жүреді, бір минутына 20-35 рет тыныс алады.

9 Альбина: Асқорыту жүйесі. Басында ауыз қуысы, кеміргіш мүшелері және сілекей бездері орналасады және құрсақтың ең соңғы сегментінде аналь тесігімен аяқталады. Осы 2 қуыстың аралығында алдыңғы, ортаңғы , артқы ішек жатады. Алдыңғы ішек жұтқыншақтан өңештен және асқазаннан тұрады.

Қан айналу жүйесі. Ашық. Жүрек ұзын түтікшетәрізді. Дене қуысына қан жүректегі тесіктері арқылы сіңіріледі, содан кейін қолқаның бас бөліміне өтеді, ол жерде дене қуысына құйылады, сөйтіп қоректік заттарды жеткізеді. Ал газдарды тасымалдауға ол қатыспайды.

Зәр шығару жүйесі. Өрмекшітәрізділер мальпигий түтікшелері арқылы зәр шығарады. Көкірек бөлімінде бүйрегі болады. Ал қоңыздық тоқ ішек пен аш ішектің жалғасатын жеріндегі мальпигий түтікшелеріне денедегі зиянды сұйықтар жиналып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.

Жүйке жүйесі. Түйінді типті: жұтқыншақ маңы жүйке сақинасы мен құрсақ жүйке тізбегінен құралған. Оларда әсіресе үш жұп көкірек жүйке түйіндері жақсы дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке түйіні (ми) бірігіп кеткен үш түйіннен құралған.

10 Аяжан: Сезім мүшелері. Күрделі көздері, сипап сезу (мұртшалары) және дем сезу мүшелері болады.

Көбейюі. Жынысты. Дара жынысты жануарлар. Ұрғашыларында көптеген жұмыртқалары бар жұмыртқа қабы болады, ал еркектерінің ұрық қабында сперматазойдтар дамиды. Ұрықтануы ішек. Жұмартқаларын топыраққа салады.

Дамуы. Топырақта жұмыртқалардан 3-4 жыл бойы дернәсілдер дамиды, олар ағаштың тамырларымен қоректенеді (қарағай). Содан кейін дернәсіл қуыршаққа айналады, дамуы жеткеннен кейін ересек қоңыздарға айналып ұшып шығады.

Қоңыздардың жалпылама ұшып шығуы 3-5 жыл сайын өтеді. Қоңыздар қайыңның жапырақтарымен қоректенеді. Толық түрленіп дамиді (жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ – ересек жәндік).

Даму түрлері. Шала түрленіп даму – инелік, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала.

Толық түрленіп даму – қоңыздар, көбелектер, шыбын, маса, бүрге, шаншарлар, құмырсқалар, аралар.

Сұрақтар 2 топ Дамир. Сұрақтар 3 топ Даурен. Сұрақтар 4 топ Қайсар.



Құстар туралы қызық мәліметтер

Ең биік, ең салмағы үлкен және ең ұлкен жұмыртқа салатын құс – түйеқұс, биіктігі екі жарым метр, бірақ ұша алмайды. Автобустың биіктігіндей құсты көз алдыңа елестетіп көрші. Жұмыртқасының ұзындығы – жиырма сантиметр, ол жиырма төрт омлет жасуға жетер еді.

Ең кішкентай және ең кішкентай жұмыртқа салатын және қауырсыны ең көп құс – колибри, ұзындығы бес-ақ сантиметр. Бір мыңға тарта қауырсыны бар. Колибрилер балапандарын грек жаңғағының үлкендігіндей ұяда басып шығарады.

Ең ұзақ өмір сүретін құстар – ақ тырна, какаду (тотықұстың бір түрі), қаз. Ғалымдар олардың сексен жылға дейін өмір сүретінін анықтаған.

Ең құлашы үлкен құс – альбатрос. Оның қанаттары ұзын, әрі жұқа, бір ұшынан екінші ұшына дейін үш метрді құрайды.

Ең ұсқынсыз болып туатын балапан – күшігеннің (гриф) балапандары. Олардың тұмсықтары ұзын, бастары мен мойындары жалаңаш, түксіз болып туылады. Бұл мүмкін олардың ата-аналары үнемі өлекселермен тамақтануынан да болуы мүмкін.

Қазақ құсбегілері бүркіттің пірін Әулие Жалайыр Шора Ата деп табынады. Бұл адам құс атаулының «тілін» білген, қырандарының мекенін, қонағы мен ұясын, неге шабыттап, нені алатынын білген екен. Құстар «Ұша берсем қанатым талады, Жерге түссем жалайыр Шора алады» деп зар қағады екен деген аңыз ел аузында болған.

Қоқиқаздар қызыл шаяндар мен қызыл түсті суда өсетін өсімдіктермен қоректенгенді ұнатады. Сондықтан олардың қауырсындарының түсі қызғылт. Ал балапандары жұмыртқадан жарып шыққан кезде түстері сұрғылт болғанымен 3-4 жылдан кейін олардың да түстері қызғылт түске айналады.

Татрең (ржанка) деген құс балапандарына жыртқыш аңның қаупі төнгенін сезсе, қанаты сынғандай сүйретіп жалған жаралы бола қалады екен. Ондағысы, жыртқыш аң оңай олжаға көңілі ауып, құстың артынан түседі де балапандарды жайына қалдырса деген тілегі.

Шындығында жапалақтың көзі желкесінде емес маңдай тұсында. Қызығы ол басын желкесіне дейін бұра алады. Осы кезде оның көзі де желке жағында болады.

Бірқазанның тұмсығының астыңғы жағында аулаған балықтарын салатын үлкен тері қалтасы бар. Осы қалтада суын сүзіп тастап, балықтарды тұтас жұтып жібереді. Және бұл қалта балапандарына жем тасуға да өте ыңғайлы.

Ұрғашы субүркіт жыл сайын жұмыртқа салып, балапандарын шағаруға өз ұясына қайтып оралады. Олар ұяларын жөндейді. Кейбір ұялар 100 жылдан астам уақыт тұрады, осыған байланысты оның көлемі жеңіл автомашинаның көлеміндей, салмағы да шамамен осындай.



Тұлғаның және оны қоршаған ортасының психологиялық-педагогикалық


ерекшеліктері

Оқушының аты-жөні____________________________________________________

Туған жылы, айы, күні__________Жасы_______ Сыныбы ____________________

Ұлты_______________Оқу орны__________________________________________

Мекен-жайы________________________________________Толтыру уақыты___________________

Осы оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін белгілеу қажет:

1.Оқу әрекетіне қатысты саналық және тәртіптілік деңгейі: -қатынасы жағымсыз, сабақтарға дайындалмайды, сабақтарды себепсіз қалдырады -ата-насының нұсқауымен ғана сабақтарға кейде дайындалады -қатынасы саналы, бірақ білім алу үшін емес, баға үшін оқиды -қатынасы саналы, бірақ барлық пәндерге қызығушылық таныта бермейді -қатынасы саналы, қызығушылығы мол

2.Маңызды қызығушылық, білік және дағдыларының (спорттық, еңбек, техникалық, көркем) даму деңгейі: -қызығушылықтарының тұрақсыздығы, уақыттың көп бөлігін бос өткізеді -қызығушылықтары тұрақсыз, көңіл көтеру сипатында -қызығушылықтары мен әрекеттерін өз бетімен терең дамытпайды, өзгелердің әсерінен ғана қалыптасады -қызығушылықтары терең, жан-жақты, бірақ білім, білік, дағды арқылы нығайтылмаған -өз бетімен білім, білік, дағдыларын нығайту барысында қызығушылықтары терең екендігі байқалады

3.Педагогикалық әсерлерге қатынасы: -кез-келген педагогикалық әсер етулерге, ескертулерге дөрекі түрде жауап береді -педагогикалық әсерлерге қырсықтық, енжар қарсыласу формасында жауап береді -мұғаліммен қатынасына байланысты педагогикалық әсер етулерге таңдамалы сипатта жауап береді -мұғалімнің ескертулерін тыңдайды, жазалау мен мадақтауды дұрыс қабылдай біледі -мұғалімнің ескертулеріне әсерлі жауап береді, сөгіс алған әрекеттерін келесіде қайталамауға тырысады

4.Ұжымдағы әрекеті, ұжымдық қызығушылықтары, ұжымдық өмірдің ережелерді орындау қабілеті: -ұжымдық өмірдің ережелеріне, сыныптың қоғамдық пікіріне өзінің жағымсыз қатынасын байқатады -қоғамдық пікірге немқұрайды қатынас танытады -іс-әрекеті сырттай жағымды, бірақ ұжымдық қызығушылықтармен өмір сүрмейді -сыныптың көп бөлігімен достық қарым-қатынаста, қоғамдық пікірді бағалайды -әділдік, ұжымшылдық, өзара көмек беруге дайындық сезімдері дамыған

5. Достары, құрдастары, сыныптастарының әрекеттерін моральдық нормалар мен құқық тұрғысынан сыни түрде бағалауға қабілеті: -моральдық нормаларды ашық түрде қабылдамау, дөрекі әрекеттерді құптау -моральдық нормалар мен құқықтардың бұзылуына немқұрайды қарау -жағымды және жағымсыз әрекеттерді ажырата алады, оларды талдауға қабілетті



6.Өзіндік сынау, өзіндік талдау дағдыларының қалыптасуы: -өзіндік талдау, өзіндік сынау дағдылары қалыптаспаған және оларды дамытуға талпынбайды -өзіндік талдау қоршаған адамдардан сөгісу алу әсерінен кейде орын алады -өзіндік талдау дағдылары қалыптаспаған немесе өзіндік сынау әлсіз -өзіндік талдау мен өзіндік сынау байқалады, бірақ өзіндік тәрбиелеудің белсенді әрекеттері арқылы көріне бермейді

7.Қоршаған ортадағы адамдарға қатынасы: -Достарына, өзінен кішілерге, әлсіздерге, жануарларға қатысты қатыгездіктің көрінуі -өзгелердің ықпалымен қатыгез әрекеттер жасауға бейім -сыныптастары және достарымен қарым-қатынастағы немқұрайлық -жақын адамдары мен туыстарына көмектесу, қолдау -тек жақын адамдары ғана емес, қоршаған ортасындағы барлық адамдарға көмектесіп, қолдауға ұмтылу сезімі жоғары дамыған

8.Іс-әрекетіндегі сыртқы мәдениеттілік: -салақтық, қоғамдық іс-әрекет дағдылары қалыптаспаған -талғамы жоқ, іс-әрекеті дөрекі -сыртқы келбетіне деген немқұрайды қатынас, сыртқы келбетіне, өзін-өзі ұстауына қатысты эстетикалық бастаманың қалыптасуы -мұқият, сыртқы келбеті эстетикалық, жоғары мәдениетті -эстетикалық тұрғыдан тәрбиелі, киім киісінде, өзін-өзі ұстауына байқалатын жоғары талғам

9.Денсаулық жағдайы: -дені сау -денсаулық жағдайы орташа -ауру

10.Жалпы денелік дамуы: -денелік тұрғыдан жақсы дамыған -қанағаттанарлық -түзету жұмыстарын қажет етеді

11.Оқу жүктемелерін орындау деңгейі: -оңай орындайды -сабақ соңында шаршампаздық байқалады -сабақ ортасында шаршай бастайды


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?у ??ралдарым

Автор: Мурзагулова Лаура Абдагаппаровна

Дата: 13.05.2015

Номер свидетельства: 210821

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "??ралдар , о?у ?шін! "
    ["seo_title"] => string(21) "k-u-raldar-ok-u-ushin"
    ["file_id"] => string(6) "236442"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444064960"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) ""А?аш ?олмен ??деу ??ралдары"  Технология 5-сынып"
    ["seo_title"] => string(47) "agashkolmienondieukuraldarytiekhnologhiia5synyp"
    ["file_id"] => string(6) "286586"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454352897"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған "Оқу құралдары" атты сабақ әзірлемесі"
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_tili_p_ninien_5_synypk_a_arnalg_an_ok_u_k_u_raldary_atty_sabak_zirliemies"
    ["file_id"] => string(6) "445453"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513761960"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""К?ктемгі е?бек ??ралдары" "
    ["seo_title"] => string(31) "koktiemghi-ien-biek-k-u-raldary"
    ["file_id"] => string(6) "194607"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427795914"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "мені? о?у ??ралдарым"
    ["seo_title"] => string(19) "mieninokukuraldarym"
    ["file_id"] => string(6) "257698"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448374269"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства