Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: « Ж ж» дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
- Ж ж дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрап, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
- Ж ж дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету.
- Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем жазуға баулу.
- Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе әріптер, әріптің жазу үлгісі, тақтаға ілетін құралдар, бор.
I апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Психологиялық дайындық. Балдырғанбыз балдаймыз
Бақытты өмір таңдаймыз
Оқу – білімді,
Болашаққа жалғаймыз.
Әрқашанда біргеміз,
Бөлінбейді іргеміз
Бүгінгі күн сабаққа,
Біз сәттілік тілейміз.
-Жарайсыңдар, балалар! Өткенді қайталау. Ой қозғау.
-Дыбысты не істейміз? (естиміз, айтамыз)
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге дауысты және дауыссыз)
-Әріпті не істейміз? (айтамыз, көреміз)
Балалар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-Қандай дыбыспен таныстық? (Ы ы дыбыспен)
-Дауысты ма, дауыссыз ба? (дауысты жуан)
-Ы ы дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Мысалы: ыдыс, сары, сарымсақ, т.б.
- басында
- ортасында
- барлық буында
II. Жаңа сабақ. Логикалық тапсырма. Суретті жұмбақ жасыру.
Үстім жолақ
Тісім – орақ
Күшім мол – ақ
Барып тұрған қайсармын.
Өзің айтшы, қайсы аңмын. (Жолбарыс)
-Жолбарыс сөзінде басында қандай дыбыс естиміз
-Ж дыбысын
-Олай болса бүгінгі сабағымызда Ж ж дыбысымен танысамыз. (Ж ж дыбысы туралы мәлімет беру) Ж дыбысы тіл алдының таңдайға жуықтауынан жасалатын ұяң дауыссыз дыбысын белгілейтін әріп.
Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айту ЖА ЖО ЖУ
Ж ж әрпін жазуды үйренейік. Ол бас әріп және кіші әріпке бөлінеді.
Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Ж ж әрпін жазамыз. (Баспа және жазбаша түрлерін жазып көрсету)
Ж ж – дауыссыз ұяң дыбыс. Ж ж дыбысын көк дөңгелек текшемен белгілейміз.
-Жарайсыңдар, балалар!
IV. Сергіту сәті: Тез қозғалып осылай
Жаттығулар жасайық
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық
II апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашып-жұмамыз (қатты-жәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
-Кәнікей балалар « ж » дыбысын дауыстайық.
-Ж-ж-ж-ж
Барлығы бірге «Ж ж» дыбысын қайталап айтады.
-«Ж» дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды)
-Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
-Көк текшемен белгілейміз
-«Ж ж» дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.
-Жалау, жуан, жолбарыс, т.б.
-Жарайсыңдар, енді сөздерді буынға бөлейікші.
Жа-лау, жу-ан, жол-ба-рыс, т.б.
«Сиқырлы буын» ойын.
Шарты: сөздің алғашқы буыны бар, екінші буынын суретке қарап тауып айту. Мысалы: жол-ба-рыс, жу-а, жу-сан, т.б.
IY.Сергіту сәті.
«Сиқырлы таяқша» ойыны. Шарты: «Ж ж » әрпінен басталатын сөздер айтып, балалар бір-біріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын осы ретпен жалғаса береді.
Оқулықпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрау. Буындарды оқыту. Буындардан сөз құрайық. Жа-ға, рық, лау, лын, уын
Жо-ға, рық, март, ба
Жу-ас, а, сан
Сөздерді оқыту.
Жаға жалау жота жантақ жуан
Жаса жасау жуа жусан жуас
III апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашып-жұмамыз(қатты-жәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
-Жарайсыңдар, балалар! Жуан сөзін бірнеше рет қайталап, созып айтқызу.(Ж-ж-ж-ж)
Дәптермен жұмыс. Ж ж әрпін ауада жазып үйрету.
Әліппе дәптермен жұмыс. Ж ж әрпін бастырып жазады.
Ойын: « Сөз ойла, тез ойла» Шарты: Ж ж дыбысынан басталатын сөздер айту. Ж ж дыбысы сөздің басында, ортасында, қазақ тілінің байырғы сөздерінің аяғында өте серек кездеседі, лаж, мұқтаж Ж ж дыбысынан басталатын сөздер
Ең ыстық мезгіл (жаз)
Төрт түліктің бірі (жылқы)
Күзде сарғайып түсетін не (жапырақ)
Жазда жапырақтың түсі қандай болады
Адамның аты (Жанар)
IY.Сергіту сәті. Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық
IY апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық.
Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Тапсырма: дәптердегі сызықтарға қарап Ж әріпін үзік сызықтар арқылы сызып үйрену. Ж-ж-ж-ж қолдары жаттықтырғанша жазып үйрену.
Ойын: «Сөз ойла – тез ойла»
Ойын: "Ж ж" дыбысын тап.
АӘЖИЫШРЫЖСТНКОҚДЫМЖ
V. Бекіту.
«Адасқан буындар» ойыны. Адасқан буындарды табу. Мұғалім тақтаға буындар жазылған суреттерді іледі. Суреттегі буындарды тауып магниттік тақтаға ілгізу.
VI. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау.
Балаларды жеке-жеке мадақтау.