Сабақтың мақсаты: Ақынның өмір тарихы туралы және оның шығармаларының мазмұнын талдай отырып, өлеңдерінің идеясын аша отырып, ақын арманын түсіндіру. Лирика туралы түсінік бере отырып өлең құрылысын талдату.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты : Ақынның өмір тарихы туралы және оның шығармаларының мазмұнынталдай отырып,өлеңдерінің идеясын аша отырып, ақын арманын түсіндіру. Лирика туралы түсінік бере отырып өлең құрылысын талдату.
Сабақтың көрнекіліктер : М.Б.Жұмабаевтың суреті.
Сабақтың түрі : іздену сабағы.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегияларын қолдану.
Сабақ барысы :
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Хронологиялық таблицалардың жазылуы)
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
- Балалар ! «Лирик ақын» деген сөзді қалай түсіндіре аласыңдар?
Оқушыларға берілетін жаңа ақпарат :
Лирика - ақынның ішкі сезімі мен толғанысын көңіл күйін, арманын, өмірге деген көзқарасын , ішкі сырын, дүниетанымын сыр ғып шертетін өлең.
М.Әуезов : «Мағжан - -мәдениеті зор ақын. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз- Мағжанның сөзі деп білемін» -деген еді.
- Бүгінгі өтетін тақырыпта кімнің шығарамасымен танысамыз ?
-Ақын туралы не білеміз ?
М.Жұмабаевтың өмір тарихына шолу жасау.
ІҮ.Жылдар сыр шертеді. (Әр жылдарға кітаптан іздене отырып нақты қысқаша ақпарат беріледі)
1905 жыл
Қызылжардағы медресеге түсіп жақсы оқып шығады
1893 жыл
Ақмола губерниясында дәулетті отбасында дүниеге келеді.
1912 жыл
Алғашқы өлеңдер жинағы «Шолпан» шығады
1917 жыл
Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясын бітіреді.
1913 жыл
Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясына оқуға түседі.
1929 жыл
Қызыл империясының қуғын сүргініне ұшырайды
1938 жыл
«халық жауы» деген атпен атылды.
Ү. «Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқып, талдау.
-Ақын өзіне қандай теңеулер алған ? ( арыстанмын, жолбарыспын, желмін гуілдеген) . Теңеу – заттың қасиет сапасын, екінші бір затпен, құбылыспен салыстыра отырып сипаттауын айтамыз .
//Ар –ыс-тан-мын,// ай-бат-ы-ма// кім шы-дар? // 11 буын/ а)
//Жол-ба-рыс-пын,// ма-ған қар-сы //кім тұр-ар?// 11 буын а)
//Көк-те- бұлт,// жер-де – жел-мен// гу-іл-де-ген,// 11 буын б)
//Жер ер-ке-сі //– жел-дің жө-нін // кім сұр-ар?// 11 буын а)
Қара өлең а,) а,)б,) а ) құрылысы, 11 буын, 4 бунақ, 4 жол .
Ү. Үйге тапсырма . М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін жаттау. Хрестоматиядағы «Туған жер» өлеңінің мазмұнын талдап келу. Теңеу түрлерін табу.