Сабақтың тақырыбы: «Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық өмір жолы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік-М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты оқушылар білетін мәліметтерді тексере отырып, өлеңдерін түсініп және мәнерлеп оқуға көңіл бөлу;
Дамытушылық-Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту,өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру;
Тәрбиелік-елін,жерін, тілін сүюге баули отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
а/Оқушылармен сәлемдесу.
б/Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.
Мұғалім сөзі
Балалар,бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы: ««Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық өмір жолы»
Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді және тақырыпты жазамыз
Жаңа тақырыпты естіген кезде сіздерде Мағжан Жұмабаев кім деген сұрақ туындайды. Ал бұл сұраққа жауапты іздейтін сіздер боласыздар.Сіздер үш топқа бөлініп отырсыздар.
Яғни 1 топ «Шолпан» тобы, 2 топ «Алқа »тобы,3 топ «Алаш» тобы Сіздердің алдарыңызда интернет жүйесіне қосылған ноутбук.Сіздер интернет арқылы Мағжан Жұмабаев туралы мәліметтер мен деректер іздейсіздер.
1 топтың жауап іздейтін сұрақтары
Мағжан Жұмабаев кім
Туған жылы.
Туған жері
Ата- анасы туралы мәлімет
2 топтың жауап іздейтін сұрақтары
Қай жерде білім алған, қайда оқыған /жылдар/
3 топтың жауап іздейтін сұрақтары
Мағжанның шығармашылығы /өлеңдері, поэмалары/
Тапқан жауаптарыңызды қағаз бетіне сызба түрінде түсіріп, қорғайсыздар.
Берілетін уақыт
5-7 минут
Оқушылардың қорғауы 5 минут
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген.Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жасауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ» деп жазды Жүсіпбек Аймауытов. Мағжан Жұмабаев –ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі.
Енді дәптерімізге Мағжан Жұмабаевтың кім екенін жазып алайық
Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өздік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады.
Міне көріп отырғанымыздай
Сонымен қатар Мағжанның жастарға, оқушыларға, сендерге арналған өлеңдері мол Ол халық, ел тағдыры мен болашағы жастардың қолында деп сенді.
Енді Мағжанның «Мен жастарға сенемін» өлеңін тыңдаймыз
Мен жастарға сенемін!
Мағжан Жұмабаев
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты - Қырандай күшті қанатты. Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! Жас қырандар-балапан, Жайылып қанат ұмтылған. Көздегені көк аспан. Мен жастарға сенемін! Жұмсақ мінез жібектер. Сүттей таза жүректер. Қасиетті тілектер - Мен жастарға сенемін! Тау суындай гүрілдер, Айбынды Алаш елім дер, Алтын арқа жерім дер, Мен жастарға сенемін! Қажу барма тұлпарға, Талу барма сұңқарға, Иман күшті олрарда, Мен жастарға сенемін! Алаш айбынды ұраны, Қасиетті Құраны, Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемін! Мен сенемін жастарға, Алаш отын оспанға Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін!
Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға - ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын аңғартады.
Енді оқулықтарымызды ашып Мағжан Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңіне назар салайық
Қарағым
Қарағым,оқу оқы,босқа жүрме!
Ойынға ,құр қаларсың,көңіл берме.
Оқымай ойын қуған балаларға
Жолама, шақырса да, қасына ерме!
Кідірме, аяңдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме.
«Қарманған қарап қалмас!»- деген рас сөз,
Тоқтамай істе болсаң батып терге.
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге.
Білімсіз,құр қалтақтап жүргенменен,
Ерте өлген, көмілулі қара жерге.
Өлеңнен кейін сөздік пен жұмыс
Қарағым-ласковое обращение к младшим, құр қаларсың- остнешься с пустыми руками, босқа- зря, жолама- не подходи, қасына ерме- не ходи рядом с ними,кідірме, аяңдама- не останавливайся, ұмтыл- стремись, көктен- с неба, қолың серме- руку протяни, қарап қалмас- не останется с пустыми руками, рас- правда, жан жетпес- лучше всех, көңілі жүйрік кемеңгер- человек который знает все, мудрый, образованный, құр қалтақтап жүргенмен- ходить зря.
Өлең бойынша сұрақтар:
1.Ақын өлеңді кімге арнап жазған?
Балаларға
2.Ақын балаларға қандай ақыл айтады?
Оқу оқы,босқа жүрме
Сонымен қатар Мағжан қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қаақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Мағжанның поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән.
Мағжанның поэмалары
Сол кезде тұтқынға алынған Мағжанның сауалнамасы
Жалынды ақынға «халық жауы» деген қара таңба басады. Ақынмен бірге оның шығармалары да қараланады. Тек содан кейін, жарты ғасыр 50 жылдан кейін ғана ақын аты елімен, жерімен ұрпақтарымен қауышады.
Тағы да ескере кететін қызықты жайттардың бірі 2011 жылы «Жас Алаш» арнайы экспедициясы Мағжанды Магаданнан іздейді.
Осы жайлы видеоматериалға назар аударсақ
Сабақты бекіту.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Мағжан Жұмабаев кім?
Қай жерде дүние келген?
Әкесінің аты кім?
Қандай поэмаларын білесіңдер?
Қандай өлеңдерін білесіңдер?
Балаларды бағалау.
Үй тапсырмасын беру. М.Жұмабаевтың өмірі, «Қарағым» өлеңін жаттау
Қорытынды. Мұғалім сөзі
Біз бүгінгі сабақта М.Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен танысып, көп мағлұмат алдық. Міне осындай өр тұлғалы азаматтарымыздың шығармалары әлде де зерттелмеген, жарияланбағандары да бар секілді. Оны зерттеп іздеу- біздің мақсатымыз.