Күрделі сөз
/6-сынып/
Пәні:
Қазақ тілі
Сынып
6
Сабақтың тақырыбы
Күрделі сөз
Сабақтың жалпы мақсаты
Күрделі сөз туралы түсінік қалыптастыру, күрделі сөздің жасалу жолдарын білу.
Оқу нәтижесі:
А. Күрделі сөздің түрлерін ажыратады, сөз тұлғасына қарай талдай алады, өз ойын ашық айтып, болжам жасай алады.
В. Өз ойларын жеткізе алады, сұрақтарға тиісті нақты жауап береді.
С. Тақырып бойынша толық мағлұмат алады, сабаққа қызығушылығы мен сөздік қоры артады.
Керекті құрал- жабдықтар
Оқулық, стикер, жіп, А4 парағы.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер
«Мысық пен тышқан», «Өрмекшінің торы», «Мозайка», «Веер», «Екі жұлдыз, бір тілек»
Сабақ кезең
дері
Уақы
ты
Мұғалімнің
іс- әрекеті
Оқушының
іс- әрекеті
Бағалау
Ресурс
тар
Ой қозғау
3 мин.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, зейіндерін шоғырландыру: Сергіту сәті «Мысық пен тышқан».
Шеңбер бойына тұрғызып, тренингтің шартын түсіндіру.
Оқушылар шеңбер бойында қолдарын бр біріне тигізіп, бір қолымен тышқан, екінші қолымен мысықтың әрекетін орындайды.
7 мин.
Үй жұмысын сұрау: «Өрмекшінің торы».
Шеңберде тұрған бойы жіпті бір-біріне өтілген тақырып бойынша сұрақ қоя отырып айналдырып шығады.
Жіп
2 мин.
Топқа бөлу: «Мозайка» әдісі.
Сурет бөліктері арқылы топқа бөлу.
Бөлшектенген Елтаңба және киіз үйдің бөліктерін бір-бірден алып, тұтас сурет құрайды. Сол бойынша топқа бөлініп отырады.
А4 қағаз
2 мин.
Жаңа тақырыпқа шығу. «Миға шабуыл» стратегиясы. Бөлшектерді құрастыру нәтижесінде қандай сөздер шыққанын, олардың құрылысына қарай қандай ерекшеліктері бар екенін сұрау.
Киіз үй тіркескен күрделі сөз екенін, елтаңба бірігу арқылы жасалып тұрған күрделі сөз екенін аңғарады. Жаңа тақырыпқа шығады.
Мағына
ны ашу
15 мин.
Жаңа тақырыпты меңгеру: «Ойлан, жұптас, бөліс» Жеке жұмыс арқылы тақырыппен танысып шығып, екі-екіден бір-біріне әңгімелейді, Топта талқылайды.
Оқулықпен жұмыс жасап, тақырыпты оқиды, көрші отырған оқушылар екі-екіден жұптасып бір-біріне әңгімелейді. Топта талқылайды.
А4 қағазы
5 мин.
Жаңа тақырыпты бекіту: «Веер» әдісі ережемен жұмыс
Әрқайсысы ақ қағаздан желпуіш жасайды. Бір бөлігіне сұрақтар жазып, өздері қалаған оқушылармен алмасады. Алған оқушы екінші бөліктеріне жауап жазып шығады. Желпуіштерін қайта алып, бір-бірін тексереді.
Рефлексия
6 мин.
2 мин.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Үйге тапсырма. Күрделі сөздерді қатыстыра отырып «Тәуелсіз елдің ұланымыз» ойтолғау жазу.
Стикерге екі тілек, бір ұсыныс жазу арқылы бірін-бірі бағалайды.
Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.
Өзара бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Стикер