kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект открытого урока по казахскому языку

Нажмите, чтобы узнать подробности

В школу я пришла по многим причинам. Во-первых, это любовь к детям, во-вторых, стремление приносить пользу обществу. Сейчас я – учитель, и мечта детства сбылась. Работа в школе – это нечто большее, чем выполнение каких-либо обязанностей. Наверное, со временем она становится образом жизни и существования.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект открытого урока по казахскому языку»

Ата салтым – асыл қазынам


Мақсаты:
1
.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету.
2.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Барысы:
«Дұшпанға қатал,
 
Досқа адал - халық»
(слайд)

І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу

ІІ.Жұмбақ шешу

ІІІ.Бесікке байланысты сұрақтар

ІV.Дәстүрлер туралы айтып кету

V.Оқушылардың презинтацияларын тыңдау

VІ.Жаңа тақырып:Қырқынан шығару(көрініс)

VІІ.Қорытындылау: мақал-мәтелдерді толықтыру,орысшаға аудару

VІІІ.Ән айту «Қазағымның дәстүрлері-ай»
Кіріспе
Мұғалім:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

1. Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу:(слайдқа қарау)

- Сәбиге сәнді үй

Анаға ән – күй. (Бесік)

2. Ой қозғау - Бесік деген не? Бесік неден жасалған? - Бесікке жатқан бала бар ма? - Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіндер?( Слайдқа назар аудару).

Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.
Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.
3.Оқушылардың шілдехана, бесік той,балаға ат қою туралы жасаған презентацияларын тыңдау .



Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.



Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.

Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.

Жаңа тақырып: Қырқынан шығару.(слайд көрсету).

Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдырады.Бұл – ресми дәстүр.Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастарқан жайылады.Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап қояды.Баланың қырқынан шығарудың тағы бір ерекше маңызы бар.Қырық күннен кейін сәби ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды.Қырқынан шығару салты міне, осыған байланысты шығып, ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

Көрініс көрсету:- Ал,енді қырқынан шығару рәсімінен көрініс көрсетейік.

Қазақ халқында қырық күн өткеннен кейін баланы қырқынан шығарады, баланың шашын алады, тырнағын алады, оны аяқ баспайтын жерге көмеді.40 саны қасиетті сандардың бірі болып есептелген.

Мұғалім:-Әже(Потапова Дарья) 40 қасық суға түсіру рәсімін өзіңізге жүктедік. (Әже 3 тілегін айтып 3 қасық су құяды).

Атаңа — ар бол  
Анаңа — нәр бол,
Жақсыға — жал бол,
Жаманға зәр бол,
Халқыңның қуанышы бол,
Жалпының жубанышы бол.

Жағалай отырған балалар тілекті жалғастырады.

Балалардың тілегі:

Катя: Батыр бол!

Катя: Бай бол!

Настя: Бақытты бол!

Алена: Денсаулығың мықты болсын!

Кирилл: Өмір жасың ұзақ болсын!

Даша: Жолдасың қыдыр болсын!

Игорь: Әсеттің әнің берсін.

Макар: Өмірің ұзақ болсын!

Витя: Ел бастаған ер бол!

Никита: Етті бол, епті бол!

Сергей: Қобылан атадай батыр бол!

Ренат: Сұлу бол!

Настя: Ақылды бол!

Ксюша: Еліннің сәні бол!

Әже(Дарья): Өс- өс балам өсе бер – деп денесін шынықтырады. Сылап, майлап баланы бесікке бөлейді. Судағы күміс тиынды алып, «Күмістей жалтырап» жүріңдер, сендерге де жұғысты болсын деп қыздарға таратып береді.Әже баланы бесікке бөлейді.

Келін әженің иығына орамал жабу. Ақсақал(оқушы) «Бата береді»

Әже: « Жақсы әдеп -  жан сұлулығы» деген ғой. Кім қандай бала туралы мақал – мәтел біледі.

Катя: Баланың ата –анаға қарызы көп.

Катя: Бала адамның бауыры.

Настя: Баланың тілі бал.

Алена: Баланың тұңғышы ыстық, кенжесі тәтті.

Кирилл: Бала ұяты - әкеге, қыз ұяты шешеге.

Даша: Балалы үй базар, баласыз үй мазар.

Игорь:Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.

Макар: Бала қорыған жерге өш.

Никита:Өседі балапан, өседі ботақан.

Анасын қуантып өседі балақан.

Витя: Күндей болып күлеміз. Гүлдей болып өсеміз.

Сергей: Ең жақсы сөз – ана, Ең жақсы сөз- бала.

Ренат: Анасын қуантып, өседі балақай.


Қорытынды.
Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиелеген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.
Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.
Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру - әке міндеті болып есптелген.

«Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, киіне білуі оның ішкі мәдениетімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы жасынан төзімділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеген. 
Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста.

-Ал енді келесі мақалдарды толықтырайық (слайдқа қарау)

-Сабағымызды қорытындылай отырып «Қазағымның дәстүрлері» өлеңін тыңдап, бірге қосылып айтайық.

Қазағымның дәстүрлері

Қайта оралған Қазағымның

Бүгін дастүрлері- ай
Көптен күткен халқымыздың
Асыл арманы еді- ай
Берекелі қазақ жері
Ел мерекелi
Дәстүрлерін мықты ұстаған
Қазағымның бұл ежелгі 

Шілдехана, бесік той
Тұсау кесер, сүндет той
Ай шіркін- ай
Құда түсу, сырға салу
Бет ашарым- ай
Алты бақан аясында
Сұлу бой жеткен
Кыз боз бала кең даланы
әні мен елді тербеткен

Ер жігітке жарасады озып
Шықса бәйгеден
Қыз балаға жарасады
Алқа шашбау саукеле
Жоғалмасын дастүріміз
ұмытылмасын
Ата баба көзіндей қып
Сақтайык қазақ дәстүрін















«№ 9 орта мектеп» КММ









Қазақ тілі пәнінен

« Ата салтым – асыл қазынам» атты факультативтік ашық сабақ қалалық семинарда













Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Омарова С.Ш.









Петропавл қаласы 2013ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Конспект открытого урока по казахскому языку

Автор: Омарова Салтанат Шаймуратовна

Дата: 07.11.2015

Номер свидетельства: 249263

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "План-конспект открытого урока по русскому языку в 5 классе  		казахской школы    по теме « Антонимы»"
    ["seo_title"] => string(99) "plan-konspiekt-otkrytogho-uroka-po-russkomu-iazyku-v-5-klassie-kazakhskoi-shkoly-po-tiemie-antonimy"
    ["file_id"] => string(6) "276184"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452687442"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(275) "статья на тему,«Формирование межличностного общения учащихся, развитие творческих навыков через языковые и речевые игры на уроках казахского языка»"
    ["seo_title"] => string(161) "statianatiemuformirovaniiemiezhlichnostnoghoobshchieniiauchashchikhsiarazvitiietvorchieskikhnavykovchierieziazykovyieiriechievyieighrynaurokakhkazakhskoghoiazyka"
    ["file_id"] => string(6) "313683"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459522199"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Конспект урока по казахскому языку на тему "?аза?стан ?алалары""
    ["seo_title"] => string(57) "konspiekturokapokazakhskomuiazykunatiemukazakstankalalary"
    ["file_id"] => string(6) "268069"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450536244"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Конспект урока казахского языка в 8 классе по теме "Табиғат және біз""
    ["seo_title"] => string(77) "konspiekt_uroka_kazakhskogho_iazyka_v_8_klassie_po_tiemie_tabig_at_zh_nie_biz"
    ["file_id"] => string(6) "398356"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488910827"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Конспект открытого урока казахского языка, презентация урока. "
    ["seo_title"] => string(68) "konspiekt-otkrytogho-uroka-kazakhskogho-iazyka-priezientatsiia-uroka"
    ["file_id"] => string(6) "168325"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423222182"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства