kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока по казахскому языку на тему "?аза?стан ?алалары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок казахского языка на тему "Города Казахстана". На уроке дети обобщают свои знания о городах своей страны. Работают с текстом, знакомятся с новыми словами, делают перевод, заочно путешествуют по городам Казахстана, выполняют письменную работу, составляют предложения, склоняют, спрягают. Тема урока несет и воспитательный характер. В детях воспитываются патриотические чувства, чувство любви к Родине и гордости за нее. Знакомятся с областными центрами, с их достопримечательностями.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по казахскому языку на тему "?аза?стан ?алалары"»

Жомартов Берик Базарбаевич

Учитель казахского языка и литературы

Онлайн - сабақ

8-сынып. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Оқушыларды ҚР ның қалаларына сырттай саяхат жасай отырып, сөйлеу тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға ықпал ету.

2. Дамытушылык: оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік:Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.

Сабақтың қөрнекіліктері: ҚР-ның картасы, видео, суреттер, Қазақстан Респ -ның рәміздері, карточкалар.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

(1- слайд)

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Отырыңдар

2. Кезекшімен сұхбат.

-Сыныпта кім кезекші?

- Сыныпта кім жоқ?

3.Топқа бөлу

- Смайлик арқылы топқа бөлінеміз

4. Психологиялық дайындық:

-Балалар, бүгін көңіл-күйлерің қандай?

- Балалар, орындарыныздан тұрып, шаттық шеңбері арқылы көңіл – күйімізді оданда жоғары көтерейік.

Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған.
Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік,
Сен маған, мен саған.

5. Сабақтың ұраны:

-Балалар қазір қай сабақ?

-Олай болса, қазақ тілі сабағындағы ұранымыз қандай?

- Бір ауыз сөз болса да дауыстап айт, ең бастысы үнсіз қалма.

6. Тілдік жаттығу:

-Сендер қай республикада тұрасыңдар?

-Мемлекеттік тіл қай тіл?

-Сен қазақша сөйлейің бе?

-Қазақша жақсы түсінесің бе?

-Олай болса бүгінгі сабақта қазақша сөйлесіп көрейік.

(2-слайд)

ІІ. Ұй жұмысың тексеру.

-Балалар, сіздерге «Менің кіші Отаным» тақырыбына үйде шағын – шығарма жазып келуге тапсырғам. /Оқушылар өз шығармаларын оқиды/

III. Жаңа сабаққа дайындық.

  • Балалар, алдарында суреттер жатыр. Айтыныздаршы, суретте не салынған? /Қала/

  • Қала мен ауылдың қандай айрмашылығы бар? /Қалада биік үйлер, әдемі ғимараттар, фабрика мен зауыттар, бағдаршам, мұражайлар, көп дүкендер, көп машиналар, ескерткіш, саябақ бар/

(3 слайд)

- Балалар, енді тақтаға қараңыздар. Мынау не? /Қазақстан картасы/

- Қазақстанның бас қаласы қай қала ?

- Елбасы кім ?

-Қазақстанның жері қандай ? /кен-байтақ, үлкен/

-Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер ?

-Мына өлең жолдарын тыңдаңдар, ол қандай тақырыпқа жазылғанын, не туралы екенін айтыңдар.



Қазақстан картасы

Алматы-ғылым мен мәдени орталығы,

Ақтөбе- өлке,ақ тарысы мол ырыс,

Жамбыл- жайлау,қазыналы шұрайлы,

Жезқазған-кен,бұзылмаған аймағы,

Көкшетау-көп көгілдір көл аймағы,

Қарағанды-қара алтынның қоймасы,

Қостанай-құт,қызыл бидай қамбасы,

Қызылорда-күрішті сыр сағасы,

Өскемен-өр шығыста,Алтай аясы

Семей-аңыз,Шыңғыстаудай қорғанды

Шымкент-ыстық оңтүстігім мақталы.

-Өлең қандай тақырыпқа жазылған? /Қазақстан қалалары туралы/

-Олай болса қазір экранға қараңдар /Қазақстан қалалары туралы видео/

(4 слайд)

IV. Жаңа сабақ

- Бүгін жаңа сабақтың тақырыбы «Қазақстан қалалары ». Жаңа тақырыпты мәтінді оқу арқылы бастаймыз.

Сөздік жұмыс: аймақ - территория

орналасқан – расположен

өлке - край

кең –байтақ - обширный

асты байлықтары – полезные ископаемые

мұнай - нефть

қойма - кладовая

Қазақстан мемлекетінің жері кең –байтақ. Біздің Отанымыздың бас қаласы – Астана қаласы. Қазақстан – Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймаққа бөлінеді. Біздің елімізде 14 облыс бар.

Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орын тепкен. Өлкенің жер асты байлықтары өте мол. Әсіресе мұнай өндірісі дамыған.Онда Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе қалалары орналасқан.

Солтүстік Қазақстан – астығы мол өлке. Осы өлкеде Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Павлодар қалалары бар.

Орталық Қазақстан-бұл, негізінен, Сарыарқа деп аталатын аймақ.Сарыарқа- Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы. Бұл өңірде көмір мен мұнайдың да сарқылмас қоры бар. Мұнда Қарағанды, Жезқазған қалалары орналасқан.

Шығыс Қазақстанға Семей мен Өскемен қалалары жатады. Бұл өлке түсті металл және су қуатынан электр өндірумен әйгілі. Мұнда Зайсан, Марқакөл сияқты әсем көлдер, сыңғырлаған бұлақтар мол.


Оңтүстік Қазақстанда Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Талдықорған қалалары орналасқан. Бұл өлке – мақтаға, көкөніске, жеміс-жидекке бай.


1.Оқушы мәтінді көріп, тыңдайды.

2.Аударма жұмысын жасайды

3.Мәтіннің не туралы екендігін анықтайды.

V. Жаңа сабақты бекіту

- Дәптерлерінді ашындар, бүгін желтоқсанның он үші, сынып жұмысы.

- Мәтіннен үш сөйлем аламыз, синтаксистік талдау жасаймыз.

( 5 – слайд) Синтаксистік талдау жасаңдар. (предложения из текста)


1. Солтүстік Қазақстан - астығы мол өлке.


( жай сөйлем-хабарлы, жайылма, жақты, толымды)

(Простое-повествовательное, распространеное, личное,полное)


2. Орталық Қазақстан-бұл, негізінен, Сарыарқа деп аталатын аймақ.

( жай сөйлем, хабарлы, жайылма, жақты, толымды)


3. Шығыс Қазақстанға Семей және Өскемен қалалары жатады.


( жай сөйлем, хабарлы, жайылма, жақты, толымды)


( 6 – слайд)

- Қала деген сөзді тәуілдейміз.


Жекеше Көпше

Iжақ Менің қалам I жақ Біздің қаламыз

II жақ Сенің қалаң II жақ Сендердің қалаларың

Сіздің қалаңыз Сіздердің қалаларыңыз

III жақ Оның қаласы III Олардың қаласы


(7-слайд)

- Қала деген сөзді септейміз.


Атау септік


Не?

қала

Ілік септік


Ненің?

қаланың

Барыс септік


Неге?

қалаға

Табыс септік


Нені?

қаланы

Жатыс септік

Неде?

қалада

Шығыс септік

Неден?

қаладан

Көмектес септік

Немен?

қаламен

( 8 – слайд)

Жұптастырыңыз және тексеріңіз

Қазақстан облыстары Орталығы

Ақмола Қарағанды

Батыс Қазақстан Петропавл

Қарағанды Ақтау

Солтүстік Қазақстан Көкшетау

Шығыс Қазақстан Орал

Оңтүстік Қазақстан Өскемен

Маңғыстау Қостанай

Қостанай Шымкент

(9 – слайд)


Сөздер арқылы сөйлемдер құрандар


  • Қазақстанда, көп, бар, ірі, қалалар, және әдемі.

  • Қаласы, Астана, ең, бірі, қалалардың, әдемі.

  • Үлкен, қала, және, Алматы, қаласы, әдемі.

  • Көп, бар, үйлер, қаласында, Алматы, қабатты.


(10 – слайд)

  • Білімдеріңізді тексерейік. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.


Тест

1.Астананың бұрыңғы атауы

а/ Ақтөбе

ә/ Ақмола

б/ Ақтау

2. Петропавл қаласы қай облыстын орталығы?

а/ Ақмола облысы

ә/ Оңтүстік Қазақстан облысы

б/ Солтүстік Қазақстан облысы

3. Астанадағы өзен...

а/ Нұра

ә/ Есіл

б/ Сарысу

4. Медеу мұз айдыны қай қалаға жақын?

а/ Талдықорған

ә/ Астана

б/ Алматы

5. Қостанай облысының орталығы қай қала?

а/ Павлодар

ә/Қостанай

б/ Көкшетау

Тест жұмысың тексеру


VI Сабақты бекіту

  • Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

  • Сабақтың ұраны орындалды ма?

VII Үйге тапсырма беру

(10- слайд)

VIII Сабақты қорытындылау

- Сабаққа қорытынды жасаймыз.

Тірек сызбаны толтырамыз.

Қалалар

Солтүстік Қазақстан

Онтүстік Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Орталык Қазақстан

Батыс Қазақстан



















IX Оқушыларды бағалау, рефлексияны пирамида арқылы жасау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Конспект урока по казахскому языку на тему "?аза?стан ?алалары"

Автор: Жомартов Берик Базарбаевич

Дата: 19.12.2015

Номер свидетельства: 268069


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства