1.Білімділік: қазақ даласына білім мен ғылымның отын жаққан ғұлама Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы түсінік қалыптастыру. «Әке мен бала» әңгімесінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. 2.Дамытушылық:тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. 3.Тәрбиелік:Ыбырай атамыздың шығармаларымен танысу арқылы оқушы -ларды білімге, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:іздендіру, талдау, сұрақ-жауап, тірек сызба.
ІV.Оқушылардың ойын жинақтау мақсатында алдымен Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер?деген сұраққа жауап алынады.Кластер толтыру.
V.Мұғалімнің сөзі: Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола
алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу
жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтік мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.Ыбырайдың әңгімелерінің тақырыбы негізінен білім, еңбек, тәрбие бағыттарына арналған.Біз бүгін жазушының осындай әңгімелерінің бірімен танысамыз.Тақырыпты ашпас бұрын мына екі суретке назар аударыңыздар.
Тапсырма: осы суреттер нені білдіреді? Әке-бәйтерек, бала-жапырақ.
VI.Топтық жұмыс. Әке-үй иесі, отбасы тірегі, ақылшы.Бала-ұрпақ, мұрагер.Таға-жылқының та- ғасы, қазақ халқы бұл бұйымды қасиетті деп санаған.Тіл-көзден сақтасын, соқпағы мол өмірде сүріндірмесін деген ниетпен есіктің жоғары жағына іліп қойған.Шие-жидек, түсі-қызыл, дәмі-қышқыл, түрі-домалақ.
VII.Сөздік жұмысы.Сөздердің қолданылу аясына тоқталу. Жаяу пешком Ескі таға старая подкова Иіліп алды наклонившись, поднял Азға қанағат довольствоваться малым Еріну лениться Құр қаларсың останешься ни с чем Темірші ұсталар кузнецы Жалма-жан быстро
VIII. «Әке мен бала» әңгімесі. Мәнерлеп оқу.Әңгімені талдау.
IX.Кубизм әдісі. 1.Суреттеңіз. Әкесі мен баласына мінездеме беріңіз. 2.Салыстырыңыз.Баланың әрекетін өз ісіңізбен салыстырыңыз. 3.Ойға байланыстырыңыз.Жазушы не ойлады?Нені үйретті? 4.Түйін жасаңыз.Әңгіменің идеясына орай қандай мақал-мәтел білесіз? А).Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті. Ә).Еріншекке есік пен төр-Екі күндік жер.
Х.Қорытынды.
ХІ.Бағалау.
ХІІ.Үйге тапсырма. «Әке мен бала» әңгімесін мазмұндау