kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ке мен бала т?рбиесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ке мен бала арасында?ы жайлы ?арым-?атынас немесе о?ушыларды? психологиялы? ж?не физиологиялы? ерекшеліктері

«Бала аурулы, за?ып болса, баладан емес,

т?рбиешіден; бала тар ойлы а?ыма? болса, бала

кін?лі емес, т?рбиеші кін?лі; бала с?лулы?тан

л?ззат ала білмейтін мыл?ау жанды болса, бала

айыпты емес, т?рбиеші жазалы»

М.Ж?мабаев.

         Жер бетінде ?аза?тан ас?ан балажан халы? жо?. Неге десе?із, «бала- бауыр еті», «балалы ?й- базар» деген халы?ты? бір баласын бір ауыл болып т?рбиелейтін ?зіндік ?лгісі ?лемні? ?зге бірде бір ж?ртында кездеспейтін ??былыс десек арты? айт?анды? емес.

         Баланы? ?р ?ызы?ы- бал ?ызы?. Біра? сол ?ызы??а тал?ап, талдап ?арамайтынымыз да белгілі. Бала кішкентай кезінде кез келген істе ересектерді? ?зін ?олдап, мада?тайтынын сезсе, сол іске тез бейімделіп, ?деттеніп кететінін жете ??ына бермейміз. Бала т?рбиесіндегі та?ы бір кемшілік- бала жетістігін к?ре білмеу, жігерлендіріп, ?олдау к?рсете алмаумен байланысты. Кейде баламызды мада?тауымыздан г?рі, жекіруіміз асып т?сіп жататынын мойындауымыз керек.

         Жалпы біз балажан халы? бол?анымызбен, оны т?л?а деп танып, а?ыл иесі ретінде ?абылдай бермейміз. Бізді? ойымызша, баламыз бізді? айт?анымызды істеп, айда?анымызбен ж?ретін, ?лі а?ыл-есі тола ?ойма?ан тіршілік иесі дейміз де, біра? талап ?ою?а келгенде ?атайып кетеміз. Сол талапты? ?ддесінен шы?а білмесе, баламызды жер ?ылып жасытамыз. Бала?а жекіріп, зекіген сайын жасыта беретінімізді а??армаймыз. М?ндай отбасында т?рбиеленген балалар екі т?рлі болып ?седі. Біреулері- боз?кпе, жасы? болса, екіншілері- жекіп с?йлемесе? с?з ?тпейтін сабазды? ?зі болып шы?ады. Алды??ылары ?немі жалта?дап, ?здігінен шешім ?абылдай алмайтын болса, кейінгілері ?мір бойы ж?йкемізді ж??артып, ?мірден ?з орнын таба алмайды.

Аса ай?ын, ?иын ж?не ?згерісі к?п ?ауіпті кезе? мектеп жасында?ы жеткіншектік кезе?. Жеткіншек балаларды? к??іл-к?йі жиі ??былып т?рады, эмоциялы? ?лемі жиі ?згереді. Балаларды? бір тобы тез шарша?ыш, ашуланша?, к??ілсіз болады. М?ндай баланы? жеке басыны? неврозды ж?йкесі мен психикасыны? б?зылуынан деп сипаттау?а болады, оны? себебі, м??алім мен о?ушы, бала мен ата-ана ?атынасыны? б?зылуынан болады.

Отбасында?ы жа?сы ?арым-?атынасты жо?алту, мектептегі с?тсіздік, келе?сіз топта?ы ??рбыларымен жа?ынды? ?р т?рлі жолдар?а итермелейді. Демек баланы? мінез-??л?ыны? ?алыптасуына отбасы ерекше ?сер етеді, солай бол?анды?тан оны? к?п ?ырлы, жан-жа?ты болуы отбасына байланысты.

Кейбір ата-аналар баланы? ішкі жан-д?ниесіне ??ілмейді, тіпті оны? ?ажеттіліктері мен с?раныстарына назар да аудармайды. М?ндай жа?дайларда бала ?зін ата-анасына еш керексіз сезінеді, біра? оларды? ?оятын талаптарынан ?ор?ады. Бала бойын жайла?ан ?ор?ыныш оны? ересектер алдында ?тірік айту?а, алдау?а итермелейді. Мінезі т?йы?, жас?анша? балалар болады. Олар ересектерге ?арсы шы?пау?а бейімделеді, оларды? іс-?рекеттері ата-анасына ?намай жатады немесе сын?а ?шырайды. Осы кезде ересектер бала?а орынды, орынсыз кін?л?улар та?ады. ?зін ешкім т?сінбей ж?не онымен ?оймай жала жап?анды?ы баланы ашындырады, ?арсы шы?у?а итермелейді.

Психологиялы? т?р?ыдан ал?анда адамдар?а сеніммен ?арау бала?а ?ажетті аса ма?ызды ?асиет. Осы кезде балада ?лкендерді? талап-тілегінен шы?у?а деген тырысушылы?, ?лкендерді? к?зіне т?суге деген талпыныс бай?алады. Бала ?лкендерге ?нау?а талпыныс білдіре отырып, мінез-??лы? ережелерін орындау?а ?мтылады. Осы ?мтылыс барысында оны? бойында ар-?ят сия?ты адамгершілік сезім пайда болады. Сонды?тан баланы? т?р-сипатына емес, ішкі жан д?ниесіне ?те ?атты к??іл б?лейік.                                        

          Тіл ар?ылы байланысу, ?арым-?атынас жасау – адам?а ?ана арнал?ан басты байлы?, ?лы сыйлы?. Біра? осы байлы?ты жа?сылы??а ?ана емес, жаманды??а да ?олданатынымыз жасырын емес. Кейде «а?дамай с?йлеп, ауырмай ?леміз». ?ызбалы??а салынып, былапыт с?з с?йлеп, артынан ?ят?а ?алып жататын жандар бала?ат с?з ?шін за?мен жауап?а тартылатынын, ?рине, біледі. ?йтседе осы жаман ?деттен адамдар айы?ып кеткен жо?. Керісінше, жас балаларды бай?атпай баулып, теріс ы?пал етіп барады.

Ойынды бірге ойнайтын аулада?ы балалар арасында, мектепте ?зіліс кезе?інде ?арапайым т?сінбеушіліктен бастал?ан кикілжі?, дау-дамайда жаман с?збен бірін-бірі сыбап, былапыт с?здермен бала?аттасу?а дейін барады.

?ай тілде айтылса да бала?ат с?здер ?леуметтік ?ызмет ат?ар?анымен, еріксіз жаман ?детке итермелейді. М?ндай с?здер ?орлан?ан адамны? теріс сезімін ?оздырады, намысын таптап, жанын к?йзелтеді. Бала?ат с?з ?яттан аттап кетеді. Сонды?тан да екі жа?тан дау-дамай туып, д?рекі с?здер айтылады. Кейде ?здерін ?стай алмай о?аш ?ылы?тар жасалып, жа?а жыртылып, бас жарылып дегендей, ?те жаман к?ріністерге ?ласады. Осы?ан ?арап отырып, б?ларды? ?деп пен м?дениетті? аулынан алыстап кеткенін к?реміз.

        ?ыз бала т?рбиесіндей емес, ?л бала т?рбиесі аса к?рделі де педагогикалы? ??рылымы жа?ынан да ?згеше. Егер ?л баланы ?кесіз т?рбиелейтін болса, ана ?аншалы?ты к?ш сал?анымен, оны? бойында т?рбиені? кейбір т?стары кемшін со?атыны б?гінгі ?мір т?жірибесі д?лелдеп отыр. ?л баланы? бойында ер-азамат?а т?н намыс, батылды?, каза?ы ке?пейілділік, рух к?ші, жауапкершілік, ?лтты? ?ршілдік бір-біріне біте ?айнасып, байланысып жатса ?ана т?рбие т?гел болма?.

         Бала ержетіп, ой т?йіп ?скен сайын оны? д?ниетанымы ке?ейеді, айналасын бас?а т?р?ыдан танып, біле бастайды, сол себепті ол ешкімге т?уелсіз, еркін бол?анды?ын ?алайды. Ал біз сол кезде оны? теріс іс-?рекеттерін т?саулай бастаймыз. Осыдан келіп, бала ?зіні? ата-анасын алдай бастайды, ?тірік айтады, с?йтіп екі арада т?сініспестік туындайды. Ал б?л жа?дайда ?л бала ересектер тарапынан айтыл?ан а?ыл-ке?есті, ?олдауды ?ажетсінеді.

         Ер бала ?ашанда ?кесіне еліктегіш келетінін ?мытпа?андары?ыз д?рыс. Ер баланы? келешек азаматты? дара т?л?асын ?алыптастыруда ?ке мінезі, с?йлеу м?нері, ж?ріс-т?рысы, ?зін-?зі ?стауы, тіпті шаш ?ою ?лгісіне дейін ерекше м?нге ие. Бала?ыз?а ?оятын талаптары?ызды? на?ты ?рі орынды бол?аны д?рыс. Осы жаста олар ?за?-сонар а?ыл айтып, ??р?а? ке?ес бергенді жаны с?ймейді.

         ?л балалар таби?атынан бір-біріне жа?ын т?рады. Олар кездескен жерде тез тіл табысып, ойнап кетіп жатады. ?л балалар ойнайтын футбол, т?рлі алыс-ж?лыс ойындарыны? пайдасы ?те к?п. Осы ойындарда ер балаларды? ер т?л?алы мінез-??лы?тары ашылады, шы?далады. Сонымен ?атар бойларында бір-біріне к?мек жасап, ?ол ?шын созу, шыдамдылы? сия?ты адамды? ??нды ?асиеттері ?алыптасады. Олар бір-біріне дос тауып ?йренеді, бауыр басады. Ал балалар бір-бірімен келіспей ?алса, ондай с?ттерде бала?ыз?а басу айтып, а?ыл?а, сабыр?а ша?ыр?анны? арты?ты?ы жо?.

Бала?ызды? физиологиялы? белсенділігін ба?ыла?ыз. Бала?ыз ?нататын спорт т?рлеріне к??іл б?ліп, т?ра?ты айналысуын ?ада?ала?ыз. Б?л бала?ызды? а?засын дамытумен бірге, назарыны?  бас?а жа??а аумауына м?мкіндік жасайды. ?рт?рлі ?йірмелерге ?атыссын, біра? ?йірмеге де шек ?ою ?ажет. Себебі, ?йірмеге к?п баратын бала стреске тез т?седі.

         Осы жаста балаларды ?йел мен ер адамны? ара ?атынасы оларды ?ызы?тыра бастайды. Сол себепті ата-ана баласымен жынысты? т?рбие туралы ??гіме ж?ргізуді? ретін ?алай ?йымдастыру?а болатынды?ы туралы ойлан?аны ж?н. Тым асырып, ?сірелеп ??гімелеуде бала сезімін ?з жасынан ерте оятып, ??лшындырып жіберуі м?мкін. Сонды?тан жынысты? т?рбие туралы с?з ?оз?а?анда абай бол?ан ж?н.

         Т?рбиені? ордасы отбасынан басталады десек, отбасында?ы т?рбие жеткіншекті? б?кіл ?міріне ?з кедергісін жасайтын кездері жиі кездеседі. Тіпті отбасында?ы ?рт?рлі конфликтілі жа?дайларды? болуы да бала бойында жа?ымсыз ?асиеттерді? ?алыптасуына себепкер болуы м?мкін. Жеткіншек жа?ымсыз, агрессивті мінез-??лы??а бейім болуы м?мкін, ж?не де ?рт?рлі топтар?а еліктеп ?мірден ?з орнын табу?а тырысады.

                  Кейбір балалар апатия?а ?шырайды. ?мірге нем??райлы ?араудан, сезімні? к?мескілеуінен болады. Апатия?а салын?ан бала ту?ан-туыс?андарына, жа?ын дос-жораларына сел?ос ?арайды, м?дени да?дылардан арылады, эмоциялы? сергектігі б?се?деп, с?не бастайды. Бойынан енжарлы?, сел?осты?, сылбырлы?ты к?руге болады.

         Ал, агрессия?а ?шыра?ан баланы? бойынан кере?ар к?йді, е?сесі т?сушілікті, ?ор?ыныш, ?рейге ?келетін ??рылымсыз ма?сат?а ба?ыттал?ан мінез-??лы?ты к?реміз. Агрессиялы? іс-?рекет белгілі бір ма?сат?а жету т?сілі ретінде, психикалы? ушы??ан жа?дайдан кету жолы, т?л?аны? шектелген ?ажеттіліктерін ?ана?аттандыру ж?не ?ызметінен ауыт?ып кетуі, жеке даралы??а сенушілік ж?не ?зін-?зі дамытатын форма ретінде ?алыптасуы м?мкін.

 Осындай жа?дайлардан шы?уды? жолы ол- ?арым-?атынас, ?мірге деген д?рыс к?з?арас, жа?сы к?ру ж?не біреуді жа?сы к?рушілік, ?лкен ?уаныш. Осы іс-?рекеттер баланы? бойында?ы агрессияны же?е алады.

         Олар ?те сезімтал, н?зік, ата-анасыны? жылы ж?зін, к?лімсіреген к?з жанарын, к??іл-к?йіні? жайдары, жайса? болуын тілейді. Осы ?алыпты ?ста?ан бала еш?андай психологиялы? ауыт?ушылы??а ?рынбайды. Психологиялы? денсаулы?ты? д?рыс дамуы к??іл-к?йге байланысты деуге де болады.

         О?ушыны? жігерін жасытатын, намысына тиетін с?здерді айту, баланы? б?кіл жан д?ниесін тере? жаралау деген с?з. Осыны естіген баланы? психологиялы? дамуы д?рыс дамымай шектеле береді. М?ндай ?рекеттер ар?ылы, баланы? бойына ?ыз?анушылы? пен ?зімшілдікті ?алай сі?іріп ал?андарын да бай?амай ?алады. Баланы? жанын жаралайтын психологиялы? жаман ?серлер ?немі жал?аса берсе, оны? ішкі ?арсылы?ын оятып, бірте- бірте т?ра?тан?ан ?арама-?айшылы?ты мінез-??л?ын ?алыптастырады. Б?дан кейін ол еш?андай психологиялы? хабарларды ?абылдамайтын к?йге ауысады.  Т?рбиедегі психологиялы? ?дістерді білмеуді? салдары осындай аса ?иын жайсызды?тар?а ?кеп со?ады. Ал т?сініскен ортада т?рбиеленген балаларда ?ана аса т?зімді де жігерлі психика ?алыптасатыны белгілі.   

Ата-ана?а айтарымыз.

1. ?з бала?ызды? ерекшелігін тани білі?із. Оны? ма?ыздылы?ын сездіруге тырысы?ыз. Бала?ызды? бастамалары мен дербес жаса?ан ?рекеттеріне шынайы т?рде ?уана білі?із. М?селен: «Жарайсы?, со??ы уа?ыттарда сен ма?ан ?жепт?уір к?мек жасап ж?рсі?», «Сен жаса?ан мына д?ние ерекше екен», «?сынысы? керемет» деген сия?ты ?олдану?а болады.

2. Бала?ызды? ?мірін бас?ару?а ?мтылма?ыз. Оны? ?зі ат?ара алатын ісіне араласуды? ?ажеті жо?. Шама?ыз келгенше, бала?ызды? а?ыл-ке?есіне ??ла? асу?а тырысы?ыз. М?ндай кездерде: «Сен керемет тамаша баласы?», «Сендей баламызды? бол?анына ?уаныштымыз» деген с?здерді ?олдану?а болады.

3. Ерлі-зайыпты адамдар баланы? к?зінше бір-бірлеріне ?кпе-наз айтып, реніш білдіруге тырыспауы керек. ?сіресе, бала бар жерде «Басымды ?атырмашы», «?зі? б?ле болды? ?ой», «Осыны са?ан к?ніне мы? рет ?айталаймын» деген сия?ты д?рекі с?зден ата-ана ?здерін мейлінше тыйып ?ста?ан абзал.  

4. Бала?ыз?а б?йры?ты т?рде ?атты с?йлеуден, бір н?рсені к?штеп істетуден, намысына тиетін с?здерден аула? болы?ыз.

5. Бала?ызбен жиі бірге болу?а тырысы?ыз. Сізді? жан жылуы?ыз бен аймалауы?ызды ?ажетсінген кездерде сырт айналма?ыз.

6. Бала?ызды? ?ате бас?ан ?адамы болса, оны бірден жазалау?а ?мтылма?ыз. Шын ма?ынасында, жазалау- бала т?рбиесіндегі д?рекі де ?німсіз ??рал.

7. Бала?ызды? ішкі жан-д?ниесі ?те н?зік те сезімтал екендігін есі?ізден ?сте шы?арма?ыз. Ішкі жан-д?ниедегі ??былыстар, талпыныстар, т?рлі ?згерістер оны? болаша?та т?л?а ретінде ?алыптасуында ?лкен р?л ойнайтынын ?мытпа?ыз.

         ?ке- отбасыны? тірегі, асыраушысы. ?кені? бала т?рбиесіндегі ы?палы аса к?шті. ?кені? отбасында?ы беделіні? биіктігі бала?а айтарлы?тай ?сер етеді. ?о?амда  к?бінесе, бала т?рбиесімен тек ?йел адам айналасуы ?ажет сия?ты к?з?арас ?алыптасты. Бірге ?сірген егінні? жемісін де ата-ана бірге к?рмей ме? ?ке тарапынан бірге к?рсетілетін ?ам?орлы?, ілтипат, жылы ?аба?, т?сіністік о?ан сенім, к?ш сыйлайды.

         Бала жары? ?мірге еш ?ор?ансыз, д?рменсіз, періште ?алыпта келеді. Оны? ?мірі мен денсаулы?ы, болаша?ы оны? айналасында?ы ересектерге тікелей байланысты. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, ?сіп-?нген бала кейін айналасына да к?п жа?сылы? ?келмек. Ендеше, ата-ана мен баланы? арасында шынайы адал с?йіспеншілік, рухани жа?ындасты?, екі жа?ты ?зара сыйласымдылы?, сенім бол?ан жа?дайда бала ?з к?з?арасы мен а?ыл-ой т?р?ысында ны? т?рып, болаша?та ата-анасыны? мы?ты тірегіне айналма?ы с?зсіз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ке мен бала т?рбиесі" »

Әке мен бала арасындағы жайлы қарым-қатынас немесе оқушылардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері

 

«Бала аурулы, зағып болса, баладан емес,

тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала

кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан

ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала

айыпты емес, тәрбиеші жазалы»

М.Жұмабаев.

 

         Жер бетінде қазақтан асқан балажан халық жоқ. Неге десеңіз, «бала- бауыр еті», «балалы үй- базар» деген халықтың бір баласын бір ауыл болып тәрбиелейтін өзіндік үлгісі әлемнің өзге бірде бір жұртында кездеспейтін құбылыс десек артық айтқандық емес.

         Баланың әр қызығы- бал қызық. Бірақ сол қызыққа талғап, талдап қарамайтынымыз да белгілі. Бала кішкентай кезінде кез келген істе ересектердің өзін қолдап, мадақтайтынын сезсе, сол іске тез бейімделіп, әдеттеніп кететінін жете ұғына бермейміз. Бала тәрбиесіндегі тағы бір кемшілік- бала жетістігін көре білмеу, жігерлендіріп, қолдау көрсете алмаумен байланысты. Кейде баламызды мадақтауымыздан гөрі, жекіруіміз асып түсіп жататынын мойындауымыз керек.

         Жалпы біз балажан халық болғанымызбен, оны тұлға деп танып, ақыл иесі ретінде қабылдай бермейміз. Біздің ойымызша, баламыз біздің айтқанымызды істеп, айдағанымызбен жүретін, әлі ақыл-есі тола қоймаған тіршілік иесі дейміз де, бірақ талап қоюға келгенде қатайып кетеміз. Сол талаптың үддесінен шыға білмесе, баламызды жер қылып жасытамыз. Балаға жекіріп, зекіген сайын жасыта беретінімізді аңғармаймыз. Мұндай отбасында тәрбиеленген балалар екі түрлі болып өседі. Біреулері- бозөкпе, жасық болса, екіншілері- жекіп сөйлемесең сөз өтпейтін сабаздың өзі болып шығады. Алдыңғылары үнемі жалтаңдап, өздігінен шешім қабылдай алмайтын болса, кейінгілері өмір бойы жүйкемізді жұқартып, өмірден өз орнын таба алмайды.

Аса айқын, қиын және өзгерісі көп қауіпті кезең мектеп жасындағы жеткіншектік кезең. Жеткіншек балалардың көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Мұндай баланың жеке басының неврозды жүйкесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның себебі, мұғалім мен оқушы, бала мен ата-ана қатынасының бұзылуынан болады.

Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Демек баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты.

Кейбір ата-аналар баланың ішкі жан-дүниесіне үңілмейді, тіпті оның қажеттіліктері мен сұраныстарына назар да аудармайды. Мұндай жағдайларда бала өзін ата-анасына еш керексіз сезінеді, бірақ олардың қоятын талаптарынан қорқады. Бала бойын жайлаған қорқыныш оның ересектер алдында өтірік айтуға, алдауға итермелейді. Мінезі тұйық, жасқаншақ балалар болады. Олар ересектерге қарсы шықпауға бейімделеді, олардың іс-әрекеттері ата-анасына ұнамай жатады немесе сынға ұшырайды. Осы кезде ересектер балаға орынды, орынсыз кінәләулар тағады. Өзін ешкім түсінбей және онымен қоймай жала жапқандығы баланы ашындырады, қарсы шығуға итермелейді.

Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады. Сондықтан баланың түр-сипатына емес, ішкі жан дүниесіне өте қатты көңіл бөлейік.                                        

          Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау – адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз». Қызбалыққа салынып, былапыт сөз сөйлеп, артынан ұятқа қалып жататын жандар балағат сөз үшін заңмен жауапқа тартылатынын, әрине, біледі. Әйтседе осы жаман әдеттен адамдар айығып кеткен жоқ. Керісінше, жас балаларды байқатпай баулып, теріс ықпал етіп барады.

        

Ойынды бірге ойнайтын ауладағы балалар арасында, мектепте үзіліс кезеңінде қарапайым түсінбеушіліктен басталған кикілжің, дау-дамайда жаман сөзбен бірін-бірі сыбап, былапыт сөздермен балағаттасуға дейін барады.

Қай тілде айтылса да балағат сөздер әлеуметтік қызмет атқарғанымен, еріксіз жаман әдетке итермелейді. Мұндай сөздер қорланған адамның теріс сезімін қоздырады, намысын таптап, жанын күйзелтеді. Балағат сөз ұяттан аттап кетеді. Сондықтан да екі жақтан дау-дамай туып, дөрекі сөздер айтылады. Кейде өздерін ұстай алмай оғаш қылықтар жасалып, жаға жыртылып, бас жарылып дегендей, өте жаман көріністерге ұласады. Осыған қарап отырып, бұлардың әдеп пен мәдениеттің аулынан алыстап кеткенін көреміз.

        Қыз бала тәрбиесіндей емес, ұл бала тәрбиесі аса күрделі де педагогикалық құрылымы жағынан да өзгеше. Егер ұл баланы әкесіз тәрбиелейтін болса, ана қаншалықты күш салғанымен, оның бойында тәрбиенің кейбір тұстары кемшін соғатыны бүгінгі өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр. Ұл баланың бойында ер-азаматқа тән намыс, батылдық, казақы кеңпейілділік, рух күші, жауапкершілік, ұлттық өршілдік бір-біріне біте қайнасып, байланысып жатса ғана тәрбие түгел болмақ.

         Бала ержетіп, ой түйіп өскен сайын оның дүниетанымы кеңейеді, айналасын басқа тұрғыдан танып, біле бастайды, сол себепті ол ешкімге тәуелсіз, еркін болғандығын қалайды. Ал біз сол кезде оның теріс іс-әрекеттерін тұсаулай бастаймыз. Осыдан келіп, бала өзінің ата-анасын алдай бастайды, өтірік айтады, сөйтіп екі арада түсініспестік туындайды. Ал бұл жағдайда ұл бала ересектер тарапынан айтылған ақыл-кеңесті, қолдауды қажетсінеді.

         Ер бала қашанда әкесіне еліктегіш келетінін ұмытпағандарыңыз дұрыс. Ер баланың келешек азаматтық дара тұлғасын қалыптастыруда әке мінезі, сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы, тіпті шаш қою үлгісіне дейін ерекше мәнге ие. Балаңызға қоятын талаптарыңыздың нақты әрі орынды болғаны дұрыс. Осы жаста олар ұзақ-сонар ақыл айтып, құрғақ кеңес бергенді жаны сүймейді.

         Ұл балалар табиғатынан бір-біріне жақын тұрады. Олар кездескен жерде тез тіл табысып, ойнап кетіп жатады. Ұл балалар ойнайтын футбол, түрлі алыс-жұлыс ойындарының пайдасы өте көп. Осы ойындарда ер балалардың ер тұлғалы мінез-құлықтары ашылады, шыңдалады. Сонымен қатар бойларында бір-біріне көмек жасап, қол ұшын созу, шыдамдылық сияқты адамдық құнды қасиеттері қалыптасады. Олар бір-біріне дос тауып үйренеді, бауыр басады. Ал балалар бір-бірімен келіспей қалса, ондай сәттерде балаңызға басу айтып, ақылға, сабырға шақырғанның артықтығы жоқ.

Балаңыздың физиологиялық белсенділігін бақылаңыз. Балаңыз ұнататын спорт түрлеріне көңіл бөліп, тұрақты айналысуын қадағалаңыз. Бұл балаңыздың ағзасын дамытумен бірге, назарының  басқа жаққа аумауына мүмкіндік жасайды. Әртүрлі үйірмелерге қатыссын, бірақ үйірмеге де шек қою қажет. Себебі, үйірмеге көп баратын бала стреске тез түседі.

         Осы жаста балаларды әйел мен ер адамның ара қатынасы оларды қызықтыра бастайды. Сол себепті ата-ана баласымен жыныстық тәрбие туралы әңгіме жүргізудің ретін қалай ұйымдастыруға болатындығы туралы ойланғаны жөн. Тым асырып, әсірелеп әңгімелеуде бала сезімін өз жасынан ерте оятып, құлшындырып жіберуі мүмкін. Сондықтан жыныстық тәрбие туралы сөз қозғағанда абай болған жөн.

         Тәрбиенің ордасы отбасынан басталады десек, отбасындағы тәрбие жеткіншектің бүкіл өміріне өз кедергісін жасайтын кездері жиі кездеседі. Тіпті отбасындағы әртүрлі конфликтілі жағдайлардың болуы да бала бойында жағымсыз қасиеттердің қалыптасуына себепкер болуы мүмкін. Жеткіншек жағымсыз, агрессивті мінез-құлыққа бейім болуы мүмкін, және де әртүрлі топтарға еліктеп өмірден өз орнын табуға тырысады.

                  Кейбір балалар апатияға ұшырайды. Өмірге немқұрайлы қараудан, сезімнің көмескілеуінен болады. Апатияға салынған бала туған-туысқандарына, жақын дос-жораларына селқос қарайды, мәдени дағдылардан арылады, эмоциялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды. Бойынан енжарлық, селқостық, сылбырлықты көруге болады.

         Ал, агрессияға ұшыраған баланың бойынан кереғар күйді, еңсесі түсушілікті, қорқыныш, үрейге әкелетін құрылымсыз мақсатқа бағытталған мінез-құлықты көреміз. Агрессиялық іс-әрекет белгілі бір мақсатқа жету тәсілі ретінде, психикалық ушыққан жағдайдан кету жолы, тұлғаның шектелген қажеттіліктерін қанағаттандыру және қызметінен ауытқып кетуі, жеке даралыққа сенушілік және өзін-өзі дамытатын форма ретінде қалыптасуы мүмкін.

        



Осындай жағдайлардан шығудың жолы ол- қарым-қатынас, өмірге деген дұрыс көзқарас, жақсы көру және біреуді жақсы көрушілік, үлкен қуаныш. Осы іс-әрекеттер баланың бойындағы агрессияны жеңе алады.

         Олар өте сезімтал, нәзік, ата-анасының жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған бала ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.

         Оқушының жігерін жасытатын, намысына тиетін сөздерді айту, баланың бүкіл жан дүниесін терең жаралау деген сөз. Осыны естіген баланың психологиялық дамуы дұрыс дамымай шектеле береді. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Баланың жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте- бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады. Бұдан кейін ол ешқандай психологиялық хабарларды қабылдамайтын күйге ауысады.  Тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады. Ал түсініскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді де жігерлі психика қалыптасатыны белгілі.   

Ата-анаға айтарымыз...

1. Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз. Мәселен: «Жарайсың, соңғы уақыттарда сен маған әжептәуір көмек жасап жүрсің», «Сен жасаған мына дүние ерекше екен», «Ұсынысың керемет» деген сияқты қолдануға болады.

2. Балаңыздың өмірін басқаруға ұмтылмаңыз. Оның өзі атқара алатын ісіне араласудың қажеті жоқ. Шамаңыз келгенше, балаңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асуға тырысыңыз. Мұндай кездерде: «Сен керемет тамаша баласың», «Сендей баламыздың болғанына қуаныштымыз» деген сөздерді қолдануға болады.

3. Ерлі-зайыпты адамдар баланың көзінше бір-бірлеріне өкпе-наз айтып, реніш білдіруге тырыспауы керек. Әсіресе, бала бар жерде «Басымды қатырмашы», «Өзің бәле болдың ғой», «Осыны саған күніне мың рет қайталаймын» деген сияқты дөрекі сөзден ата-ана өздерін мейлінше тыйып ұстаған абзал.  

4. Балаңызға бұйрықты түрде қатты сөйлеуден, бір нәрсені күштеп істетуден, намысына тиетін сөздерден аулақ болыңыз.

5. Балаңызбен жиі бірге болуға тырысыңыз. Сіздің жан жылуыңыз бен аймалауыңызды қажетсінген кездерде сырт айналмаңыз.

6. Балаңыздың қате басқан қадамы болса, оны бірден жазалауға ұмтылмаңыз. Шын мағынасында, жазалау- бала тәрбиесіндегі дөрекі де өнімсіз құрал.

7. Балаңыздың ішкі жан-дүниесі өте нәзік те сезімтал екендігін есіңізден әсте шығармаңыз. Ішкі жан-дүниедегі құбылыстар, талпыныстар, түрлі өзгерістер оның болашақта тұлға ретінде қалыптасуында үлкен рөл ойнайтынын ұмытпаңыз.

         Әке- отбасының тірегі, асыраушысы. Әкенің бала тәрбиесіндегі ықпалы аса күшті. Әкенің отбасындағы беделінің биіктігі балаға айтарлықтай әсер етеді. Қоғамда  көбінесе, бала тәрбиесімен тек әйел адам айналасуы қажет сияқты көзқарас қалыптасты. Бірге өсірген егіннің жемісін де ата-ана бірге көрмей ме? Әке тарапынан бірге көрсетілетін қамқорлық, ілтипат, жылы қабақ, түсіністік оған сенім, күш сыйлайды.

         Бала жарық өмірге еш қорғансыз, дәрменсіз, періште қалыпта келеді. Оның өмірі мен денсаулығы, болашағы оның айналасындағы ересектерге тікелей байланысты. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, өсіп-өнген бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек. Ендеше, ата-ана мен баланың арасында шынайы адал сүйіспеншілік, рухани жақындастық, екі жақты өзара сыйласымдылық, сенім болған жағдайда бала өз көзқарасы мен ақыл-ой тұрғысында нық тұрып, болашақта ата-анасының мықты тірегіне айналмағы сөзсіз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"?ке мен бала т?рбиесі"

Автор: Сагингалиева Светлана Базарбаевна

Дата: 23.04.2015

Номер свидетельства: 205118


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства