kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

                 Қаратпа сөздер. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Менің ойлаған ойымның үстінен түстің,Ботагөз.Осындағы қаратпа сөз – Ботагөз. Сөздің Ботагөзге арналғанын білдіреді.

   Кейде қаратпа сөз жансыз заттар да болып келеді,бұл,көбінесе көркем әдебиетте кездеседі.Мысалы,Жамбылдың өлеңге,далаға қаратып айтқаны.

   Қаратпа сөз сөйлемнің басында,ортасында,соңында келе береді.Қаратпа сөз сөйлем мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.

Қыстырма сөздер. Өзі қатысқан сөздерге қытырмалар сөйлеушінің көзқарасын – күмәндылықты, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ, ойдың кімнің тарапынан екендігін – білдіру үшін қолданылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер.»

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 8-сынып

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқшау сөздер, олардың түрлерін түсіндіре отырып, қаратпа және қыстырма сөздерді сөйлемнен ажыратуға үйрету;

Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу;

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ .

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тіл дамыту, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар, слайд, бағалау жетондары

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қаратпа сөздер. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Менің ойлаған ойымның үстінен түстің,Ботагөз.Осындағы қаратпа сөз – Ботагөз. Сөздің Ботагөзге арналғанын білдіреді.

Кейде қаратпа сөз жансыз заттар да болып келеді,бұл,көбінесе көркем әдебиетте кездеседі.Мысалы,Жамбылдың өлеңге,далаға қаратып айтқаны.

Қаратпа сөз сөйлемнің басында,ортасында,соңында келе береді.Қаратпа сөз сөйлем мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.

Қыстырма сөздер. Өзі қатысқан сөздерге қытырмалар сөйлеушінің көзқарасын – күмәндылықты, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ, ойдың кімнің тарапынан екендігін – білдіру үшін қолданылады.

Мысалы: Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келмейді. Бірінші сөйлемде бәсе сөзі сөйлеушінің ризалығын, екінші сөйлемде меніңше болжамды мағынаны білдіреді.

Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер: әрине, сөз жоқ, шынында, мүмкін, сірә, сонымен, сөйтіп, біріншіден,т.б.

Сөз тіркестері де, кейде жеке сөйлем де қыстырма болады. Мысалы: Аяз қарығандықтан болу керек, барлығының бет терілері қатпарланып, қопсып түсіп жүреді.

Қыстырма сөздер де сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келе береді. Олар басқа сөйлем мүшелерінен үтірмен ажыратылады.

Жаттығумен жұмыс: Қаратпа, қыстырма сөздерге өздерің білетін ақын, жазушы шығармаларынан үзінді келтіріңдер.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік, морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Оқшау сөздер дегеніміз не?

  2. Оқшау сөздер нешеге бөлінеді?

  3. Оқшау сөздерге қандай тыныс белгілері қойылады?

  4. Қаратпа сөз дегеніміз не?

  5. Қыстырма сөздерге мысал келтір

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Оқшау сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлемдер жазып келу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер.

Автор: Асилбекова Салима

Дата: 26.11.2018

Номер свидетельства: 487621

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "о?шау с?здер: ?аратпа, ?ыстырма, ода?ай с?здер"
    ["seo_title"] => string(41) "okshausozdierkaratpakystyrmaodagaisozdier"
    ["file_id"] => string(6) "263824"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449596387"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "О?шау с?здер. 8 сынып"
    ["seo_title"] => string(19) "okshausozdier8synyp"
    ["file_id"] => string(6) "313846"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459569445"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(8) "?ш би"
    ["seo_title"] => string(5) "ushbi"
    ["file_id"] => string(6) "281554"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453549036"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "К?пшілік алдында с?йлейтін с?зді? бір т?рі"
    ["seo_title"] => string(39) "kopshilikaldyndasoilieitinsozdinbirturi"
    ["file_id"] => string(6) "301511"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456933739"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?аза? тілі "О?шау с?здер""
    ["seo_title"] => string(27) "k-azak-tili-ok-shau-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "295340"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455803862"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства