kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілінен "Түбір мен қосымша" тақырыбында сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Түбір мен қосымша" тақырыбында сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен "Түбір мен қосымша" тақырыбында сабақ жоспары»

16. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сөз тұлғасы және түбір мен қосымша жайлы толық түрде түсінік беру.

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, сөздікпен жұмыс, бағалау, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ркымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: кіріспе, үііымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә) Кезекші мәлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.

2) Үй тапсырмасын сұрау.

а) Өткен сабақта өтілген ережелерді сүраймын.

ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.

б) Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.

в) Дәптерлерін алмастырамын.
3)Жаңа сабақты түсіндіру,

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Түбір мен қосымша» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Сөздің бастапкы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі Бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр - көзбен байқау.

Осы түбірлерге жалғанган -дас, -тың(жолдастық деген сөзде), -ын, -щы (сауыншы деген сөзде), -тер, -дің (мектептердің деген сөзде), -ін, -ген(көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке түрганда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тың, -ын, т. б. косымшаларда ешбір мағына жоқ. Кей косымша түбірге қосылғанда сөзге жаңа мағына қосады. Мысалы, жол - із я сапар болса, жолдас - жолға бірге шығатын адам я серік дегенді білдіретін жаңа мәнге ие болған сөз; мектеп - оку оқитын орын болса, -тер деген косымша сол мектептің біреу емес, көп екенін ғана білдіреді.

Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды. Жұрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы Жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына беретін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. Мысалы: жол-дас-тың, сау-ын-шы деген сөздердегі -дас пен -тың, және -ын мен -шы жұрнақтары жаңа сөз тудырып түр.

Жол деген із немесе сапар мағынасын береді. Оған -дас қосымшасы қосылса, жолдас - серік мәніндегі адам, оған -тық қосылса, жолдастық адамдар арасында болатын қарым-қатынас болып шығады. Сау деген сүт алу мәнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған -ын қосылса, саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық ұғымды, оған —шы қосылып саууды іске асыратын адамды (сондай мамандықтың иесін) білдіреді. Осындай Жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады Сөйтіп, жол, сау деген сөздер - негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастың, сауын, сауыншы деген сөздер - ту-ынды түбірлер.

Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі - өн.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 69-жаттығудың шарты мынадай: 1. Оқып шығып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар. 2. Мәтінде кандай елдік дәстүр көрініс тапқан? Өздерің білетін оқиғалармен байланыстырып әңгімелеңдер.

Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің түрін (жұрнақ па, жалғау ма) ажыратыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 70-жаттығу жұмысының шарты: Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.

Келесі тапсырма:71-жаттығудың шарты: Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Тапсырма: Қарамен жазылган сөздерді катыстырып шағын мәтін құраңдар.

Келесі тапсырма: 72-жаттығудың шарты: Төмендегі сөздерге қосымшалар жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

Келесі тапсырма: 73-жаттығудың шарты: Төмендегі сөздерді үлгіде көрсетілгендей етіп үш бағанға бөліп жазыңдар.

Келесі орынбалатын тапсырма: 74-жаттығу. Бес Мақал-мөтел тауып жазып, ондағы түбірге қосылған қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Қазіргі қазақ тілі - көне түркі тілдік қүбылыстардық, заңдылыңтардың дені сол көпе тілден бастау алады. Бұдан былап мен сендерге көне туркі тілініқ айнасы - Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі грамматикалық заңдылықтармен де таныстырып отырамын.

Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөздерді де тұлғасына қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, күрделі сөздер деп бес топқа бөлуге болады.

1. Түбір сөздер. Ескерткіштерде жалаң түбірден тұратын сөздер темендегідей болып келеді:

  1. жалғыз ғана дауысты дыбыстан тұратын сөздер, мысалы, ы - бүта (өсімдік): Ы бар бас
    асдымыз (Бүтасы бар шыңнан астық);

  2. дауысты+дауыссыз дыбыстан тұратын сөздер: аз (аз), еб (үй), іч (іш);

  3. дауыссыз +дауысты дыбыстан тұратын сөздер: бу (Бұл), те (де, айт), ку (дыбыс), т. б.;

4) дауысты және дауыссыз дыбыстар араласып келген сөздер: апа(апа), йурт(жүрт),
кіші(кісі), інгек(сиыр), будун (халық), қаған(каған, хан), т. б.

Туынды сөздер. Ескерткіштерде жұрнақ. жалғану арқылы жасалған жаңа сөздер де бар. Мысалы: айгучы (кеңесші), атлыг (атты), йерчі (жершіл), күчліг (күшті).

Міне, осылайша жаттығу жұмыстарын орындап, Орхон—Енисей ескерткіштері жайлы түсінік беріп болған соң қосымша Сұрақтар мен тапсырмалар беремін. Пысықтауға арналған сұрақтар.

  1. Сөздердің жасалуы мен сөздік күрамының арасында қандай байланыс бар?

  2. Түбірге қосымша қосылу арқылы кандай сөздер жасалады?

  3. Түбірдің негізгі белгісі кандай?

  4. Түбір мен косымшаның айырмашылыгы қандай?

5. Қосымшаның қандай түрлері бар? Олардың бір-бірінен айырмашылыгы неде?

6. Туынды түбір деген не?

7. Туынды түбір мен негізгі түбірдің айырмашылыгы қандай?
8. Түбірлес сөздер деген не?

Сабақтың қорытындысы.

а) Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
ә) Оқушылардың білімін бағалаймын.

б) Үйге тапсырма: 74-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Бес
Мақал-мөтел тауып жазып, ондағы түбірге қосылған қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Тексердім:
















17. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Дара сөздер мен күрделі сөздер. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сөз тұлғасы және дара сөздер мен күрделі сөздер жайлы
толық түрде мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке,
еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, Сұрақ-жауап, бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, корытындылау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    а)Оқушылармен сәлемдесу.
    ә)Кезекші мәлімдемесі.
    б)Журнал бойынша түгелдеу.

  2. Үй тапсырмасын с^рау.

а) Өткен сабақта өтілген ережелерді сүраймын.

ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін. ,.

б) Сұрақ кою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.

в) Дәптерлерін алмастырамын.
3)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Дара сөздер мен күрделі сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейді. Мысалы: әке, жол-дас, ауыл, аялдама сияқты сөздер дара болып есептеледі. Себебі Бұл сөздер бір ғана негізгі (әке, ауыл) немесе туынды түбірден (жол-дас: түбірі- жол, -дас-жұрнақ; аял-да-ма: түбірі - аялда, -ма -Жұрнақ) тұрады.

Екі немесе одан да көп түбірден күралган сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке-шеше, ауыл-аймақ, ашу-дас, Қостура, бозторғай, қараторы, он үш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі Бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймақ (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), боз торгай (боз және торгай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостура (ңос~екі, шура-тау). Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі бо-лады: біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ), тіркесті сөздер (шұбар ат, кара көк, жүз бес).

Сөйтіп күрделі сездер, бір жагынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады.

Міне осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін тексеру мақсатында Абай шығармашылығындағы күрделі сөздер қолданысын оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдану және пракгикалық білім дәрежелерін одан әрі кеңейту, оқушылардың ой-өрісін, сауаттылығын, тілін дамытып, дамыта оқытамын.

Әр топтан оқушылар шығып, өтілген тақырыпты пысықтайды.

Топтастыруу стратегиясы

"Ақын" тобы



"Ғұлама" тобы


Біріккен сөздер


"Данышпан" тобы

Біріккен Кірікен Ілгеріаді Кейшді


Дара күрделі Түбір+Қосымша

Жалғау Жұрнақ



Саз


Сөз тұлғасына қарай: түбір туынды, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, түбір тіркесті





Алгоритмдік деңгей "Абай - ақын, данышпан, лирик" тақырыбын ашамыз.


Мәтіндермен жұмыс.

Оқушыға Абай өмірі мен шығармаларынан үзінді беріледі.


1. "Ақын" 2. "Данышпан" 3. "Ғұлама"

Абай келбеті Абай жері Абай өмірі

Тапсырма. 1. Мәтін мазмұнын айту.

2. Мәтін ішінен күрделі сөздер іздеу.

3. Қосымша мәлімет айту.

Абай шығармашылығынан.

Абайдың табиғат лирикасы төңірегінде:

Жаз Күз Жазғытұры

1. Мәнерлеп оқу.

2. Күрделі, дара сөздерді табу.

3. Септік жалғаулы сөздерді табу.

4. Көптік жалғаулы сөздерді табу.

Тәуелдеуге:

Ауыл Жылқы Ел

(Әр қатардан 1 оқушыдан талдайды).

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп, дамыта оқыту технологиясын қолданып болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 75-жаттығу жұмысының шарты төмендегідей: Төмендегі сөздердің кайсысы дара, кайсысы күрделі (»өздер екенін ажыратып айтыңдар.

Келесі тапсырма: 76-жаттығу жұмысының шарты: Күрделі сез түрлеріне мысалдар тауып жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы.

а) Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

ә) Оқушылардың берген жауаптарына қарай б білімін бағалаймын.

б) Үйге тапсырма: 77-жаттығу жұмысының шарты төмендегідей: Берілген күрделі сездерді катыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.



Тексердім:







18. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сөз тұлғасы және біріккен сөздер жайлы толық түрде

мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке,

еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, Сұрақ-жауап, бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: кіріспе, Ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту,

Қорытындылау


Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а)Оқушылармен сәлемдесу. ә)Кезекші мәлімдемесі. б)Журнал бойынша түгелдеу. 2) Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақтар бойынша сұрақ-тапсырмалар. "Ой қозғау" стратегиясы

  1. Біз бір-бірімізбен не арқылы қатынас жасаймыз?

  2. Тілдің негізгі байлыгы не?

  3. Создер қалай жасалады?

  4. Сөзге косымша жалғанғанда, сөз мағынасы қалай өзгереді? Етік+етікші—аяқкиім—
    етік тігетін адам.

  5. Бұл сөз жасаудың кандай түрі? (Туынды сөз)

  6. Туынды сөз неден жасалады? (Түбір сөзден)

7. Түбірден басқа жолмен сөз жасауға бола ма?
Мына сөздерді салыстыр: Еңбекші - еңбекақы
Осыдан біріккен сөздің анықтамасын айтқызу.

Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, түтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан де-ген сөздер екі сөзден күралып (бел және бау, баспа жөне сөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ықпал заңы бойынша т дыбысы д-ға айналып, тас сөзі дас болған), өнер және кәсіп, тогыз -тоқс және он-ан), бір ұғымның ғана атауы болып түр.

Қазақ тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сакталып отыра-ды. Мысалы: түйеқус (түйе+құс), бузаубас (бүзау+бас), қарақұрт (кара+күрт), басмақала (бас+мақала), т. б. Екіншісінде күрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (Бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалган^ екінші сездің басындагы ж дыбысы и-ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні: бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп калған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналган), түрегелді (туражөне келді: бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сездің әсерінен жіңішкеріп ү ү-ге, а е-ге айналған, екінші сөздің басындагы к дыбысы г-ге айналған). Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1) аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тас-бақа, егеуқүйрық, жолбарыс, көщутан,
текесақал, ала-бота, ащу, қарақұрт, итмурын, саңырауқүлақ, бәптерек, бәйшешек, т. б.;

2) географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат,
Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеапга, Алакөл, т. б.;

  1. кісі аттары: Орынбасар, Сейілбек, Мухаметжан, Ерасыл, Аманжол, Есенәлі,
    Бейсенбай, т. б.;

  2. дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа,
    сегізкөз, тазқарын, т. б.;

5) ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел, қылтамақ, қарасан, т. б.;

  1. ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т. б.;

  2. ән, күй, өлең аттары: Сарыжаплау, Сарыарқа, Қароторгай, Кісенашқан,, т. б.;

8) қоғамдық өмірге, күнделікті түрмыска байланыс-ты әр түрлі атаулар: баспасәз,
қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отагасы, ақсақал, т. б.;

9) мезгілге байланысты атаулар: биыл, бүгін, қыстыгүні, жазгытүрым, күздігқні, т. б.;

10) белгісіздік, болымсыздык мәндегі атаулар: ешкім, ештпеңе, қайсыбіреу, әлдекім,
әрқайсысы, ешқашан, кейбір, әрбіреу, әлдеқашан, т. б.

III. "Топтастыру" стратегиясы.

А) Окушыларға өздері білетін біріккен сөздерін жаздыру. Мысалы: жалборыс,Ақшұқыр, Гулдана, асқазан, алтыбақан, ақсақал, бірнеше, куздігуні, т.б.

Ә) Жазған біріккен сөздердің мағынасын айтқызу және атаулары-ның бірыңғайлығына қарай топтастыру.

Оны сызба түрінде көрсету
Аң, құс, жәндік, өсімдік Ойын атаулары

Қоғамдық өмір, Дене мүшелері

түрмыс атаулары

Б.с
Географиялық атаулар Мезгілге байланысты

Белгісіздік, болымсыздық Кісі аттары

мәндегі атаулар.


Сабақта ауызша түрлеріне жататын атаулар айтылады да, сызбаны толтыру үйге тапсырылады.

Б) Қазақ тілінде біріккен сөздің 2 түрі бар:

Біріккен сөздер
Біріккен сөздер Кіріккен сөздер

Тұлғалары сақталады Тұлғалары дыбыстық Биыл - Бұл жыл

өзгерістерге ұшырайды Сексен- сегіз он

Тоқсан - тоғыз он
Білезік - білек жүзік
Ілгерінді кейінді Қайны - кайын іні

Күндіз - күннің жүзі

ықпал Ендігәрі - ендігіден өрі

IV. Венн диаграммасы бойынша оқушының біріккен және кіріккен сөздерді салыстыруы.



Б.с

Екеуі де

К.с

Түбір

бірігіп

Түбір тұлғалары

тұлғалары

жазылады.

сақталмай дыбыстық

сақталады


өзгерістерге түседі.

V. Білімдерін бекіту үшін Сұрақтар мен тапсырмалар ойын түрінде беріледі.

Тақтада "Біріккен сөз" деп аталатын тақтың суреті. Оқушылар топқа бөлініп, таққа отыру үшін тапсырмалар орындайды. Дұрыс әрі бірінші орындаған топ сол таққа ие болып, "Біріккен сөз" елінің патшасы мен уәзірлері болады. Такқа ие болу үшін жолдағы кедергілерден, өтуі керек.

1) өзен, 2) тау, 3) көл, 4) кұз, жартас,

5) терең ор, 6) ну орман, 7) қыл көпірден өту керек.

Кедергілер суреттермен берілген. Суреттің артында тапсырма-Сұрақтар бар. Кедергілерден өткен топ жеңімпаз атанады.

Сұрақ тапсырмалары 1 - топ 2- топ

1-тапсырма. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы біріккен жер-су атауларын жаз. Тақтаға 1 минут ішінде неше сөз жазғанына қарай бағалау. (Жетісай, Шолаққорған, Сарыағаш, Кентау, Шымкент, Арнасай, Қасақасу, ақсу, т.б.)

2-тапсырма. Жүмбақтардың шешуі біріккен сөз, шешуі болған сөзді сатылай комплексті талдау.

Тарбаң-тарбаң тарбиған, Сап-сары көйлегі,

Түрі жаман жарбиған. Қап-қара түймелі.

(тасбақа) Көрсетер сүйгенін

Басының игені. (Күнбағыс)

3-тапсырма.Біріккен сөздердің сыңарларын тауып айт.

  1. Боз... 1. Кемпір...

  2. Ал... 2. Ақ....

  3. 3. Өнер.. З.Шаң...

  4. 4- тапсырма. Құс аттары болатын Аң, жәндік атаулары

  5. біріккен сөздерді ата. біріккен сөздерді ата.

  6. 5-тапсырма. Төмендегі мақалдардың мағынасын түсіндір, біріккен сөзді тап, сөздегі дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бер.

  7. Аққу көлін аңсайды, Ұлдың үйкүшік болғаны жараспайды,

  8. Ер жігіт елін аңсайды. Қыздың кыңырмашы болғаны жараспайды.

  9. 6-тапсырма. "Сенің атың кім?". Әр окушы өз тобындағы біріккен сөз болатын оқушы аттарын 1 минут ішінде айтуы керек.

  10. 7-тапсырма. "Музыкалық әліппе". Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер? Соның ішінде қандай біріккен сөздер бар? (Шаңқобыз, сазсырнай, қылқобыз, шындауыл, месқобыз, домбыра, жетіген, шертер, сыбызғы, дабыл, түяқтас.)

  11. VI. Кітаппен жумыс.

  12. А) Біріккен сөздің ережесі, жасалу жолдары

  13. Ә) 78- жаттығуды ауызша түрде орындау. Жаттығу шарты мынадай: Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден біріккен көрсетіңдер. Біріккен сөздердің мағыналарын айтыңдар.

  14. Келесі тапсырма- 79- жаттығуды орындау. Жаттығу шарты мынадай: Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бір бөлек, түбірлері дыбыстық өзгеріске ұшыраған кіріккен сөздерді бір бөлек және қандай түбірлерден біріккенін көрсетіп көшіріп жазыңдар.

  15. Біріккен сөздер Кіріккен сөздер

  16. Көкшетау. Алтыбакан. Қосаяк, Жаздыгүні. Қазанғап. Әнеугүні.

  17. Айнамкөз. Желмая. Тайбурыл. Белбеу. Өмірзак. Бегәлі. Есенгелді.

  18. Кемпірқосақ. Екібастүз. Нұргелді. Нұрғожа. Нұрғиса. Қартбай,

  19. Әбілкайыр. Есенгүл, Қарагөз, Айғыз.

  20. Қаламқас, Әбдіқадыр.

  21. VII. Сауаттылығын тексеруге арналған сөйлемдер.

  1. Бесатар белдескенде де керек, алыстан жаумен тілдескенде де керек.

  2. Жақсылықты көп куған, Бақ-дәулетке молығар.

  3. Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыстың басы бір ерте, біреуі жай. (Абай)

  4. Жаздыгүні шілде болғанда, Көкорай шалғын бәйшешек Үзарып өсіп толғанда. (Абай)

  1. VIII. Сабақтың қорытындысы.

  2. а) Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  3. ә) Оқушылардың берген жауаптарына қарай б білімін бағалаймын.

  4. б) Үйге тапсырма: 80-жаттығу жұмысының шарты төмендегідей: Берілген сөздерді
    қатыстырып сөйлем құрап айтыңдар. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түбірлерге назар
    аударыңдар.

  5. Тексердім:

  6. 19. Сабақтың өтілетін мерзімі:

  7. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің емлесі. Сабақтың мақсаты:

  8. а) білімділік: оқушыларға біріккен сөздер, оның түрлері, біріккен сөздердің
    емлесі жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

  9. ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

  10. б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
    еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

  11. Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

  12. Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

  13. Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

  14. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымы-мен жұмыс жүргізу.

  15. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

  16. Сабақтың барысы:

  17. а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

  1. ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Дәптерлерін алмастыру.

  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

  1. б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  2. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Біріккен сөздердің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

  1. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, шекара, қарақұс,
    әлденеше, Ақтөбе, т.б.

  2. Біріккен сөздердің әрбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске түскен қалыпта жазылады.
    Мысалы: ендігәрі ( ендігіден әрі емес), сөйтіп ( солай етіп емес) бүгін (Бұл күн емес), т.б.

  3. Еш, Бір, кей, әлде деген сөздер есімдіктермен (мысалы: еш сөзі кім, бір, қандай,
    қайда, қашан, теңе сөздерімен, бір сөзі неше, талай, аз, ыңғай, келкі, жола, жолата, қыдыру
    сөздерімен, әр сөзі кім, қашан, кайсы, дайым, бір, қалай сөздерімен, кей сөзі бір, біреу
    сөздерімен) бірігіп жазылады. Ал жеке тұрып зат есімдердің анықтауышы ретінде
    жұмсалғанда, бул сөздер олардан бөлек жазылады. Мысалы: еш бала, еш жерде, бір
    мектепте, т.б.

  1. Қосымша түсінік:

  2. Орхон-Енисей ескерткіштері тіліндегі біріккен сөздер табиғаты жағынан қазіргі қазақ тіліне өте жақын. Ескерткіште бірнеше түбірден бірігіп, бір ғана ұғымды білдіретін біріккен сөздер бар: Тоңүқүқ (Тоныкөк), Ілтеріс (Елтеріс), егрітебі (кілем), йоқару (жоғары), күнтүз (күндіз), т.б.

  3. Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 83-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.

  4. Келесі орындалатын тапсырма: 84-жаттығу жұмысының шарты: Сөздерді көшіріп жазып, қандай түбірлерден бірігіп жасалғанын үлгідегідей дефиспен бөліп көрсетіңдер.

  5. Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын:85-жаттығу жұмысының шарты. Мәтінді оқып шығып, күрделі сөздерді табыңдар. Олар күрделі сөздің қай түрі екенін айтыңдар.

  6. Келесі тапсырма: 86-жаттығу жұмысының шарты төмендегідей: Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар. Мәтіннен біріккен сөздерді ғана теріп жазыңдар.

  7. Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: 87-жаттығу жұмысының орындалу барысын түсіндіремін: Үйде
    өздерің оқып жүрген көркем әдебиеттерді пайдаланып, күрделі сөздердің әрқайсысына бес-
    бестен мысал тауып жазыңдар. Сыныпта оларға мағыналық талдау жасаңдар.

  1. Тексердім:

  2. 20. Сабақтың өтілетін мерзімі:

  3. Сабақтың тақырыбы: Қос сөздердің түрлері. Қайталама қос сөздер. Сабақтың мақсаты:

  4. а) білімділік: оқушыларға қос сөздер, оның түрлері, қайталама қос сөздер
    жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

  5. ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

  6. б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
    еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

  7. Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

  8. Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, Сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

  9. Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

  10. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымы-мен жұмыс жүргізу.

  11. Сабақтың типтері: Ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

  12. Сабақтың барысы:

  13. а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

  1. ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Дәптерлерін алмастыру.

  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

  1. б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  2. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Қос сөздердің түрлері. Қайталама қос сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Қос сөздер.

  3. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөздер деп атаймыз. Сөздерді қосарлап немесе қайталап қолдану жаңа сөз жасаудың бір жолы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. Бұл сөйлемде жан-жануар, ата-анадай дегендер—қос сөздер, олар жаңа мағына білдіріп түр: жан-жануар—бүкіл айналадағы, табиғаттағы жанды заттар; ата-анадай ең жақын туғандар ата мен анадай деген мағынада, яғни шынайы мейірімділік деген мәнде қолданылған.

  4. Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер. Қайталама қос сөздер.

  5. Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Олардың жасалу жолдары мынадай:

  1. қосымшасыз және қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануы, мысалы: тау-тау
    астық, көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың, т.б.

  2. бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы, мысалы:
    көзбе-көз айтты, өз-өзінен қысылды, т.б.

  3. бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы, мысалы: өзді-өзіне айтты,
    қолды-қолымен кепті, т.б.

  4. 1) екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келіп, дауыссыз дыбыстан

  5. басталатын сөздің бірінші дауыссыз дыбысының орнына және дауысты дыбыстан

  6. басталатын сөздің алдына м, п дыбыстары қосылып жасалуы, мысалы: ет-мет, шай-пай, түйе- мүйе, т.б.

  7. 2) еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталануы,

  8. мысалы: тарс-тұрс дыбыс шықты, жалт-жұлт етті, т.б.

  9. 3) түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы, мысалы: үп-үлкен, қып-қызыл, т.б.

  10. "Қос сөз. Қайталама қос сөз" көрнекілігін пайдалана отырып түсіндіру.

  11. Күнделікті өмірмен байланыстыру "Менің тілім – сатылмайтын байлығым" атты апталық жүріп жатқанын, тіл біздің байлығымыз, ұлтымыздың белгісі екенін айту. Тіл дегеніміз не? Оған қандай анықтама берер едің? Тірек сызба арқылы мемлекеттік тілге түсінік беріледі.

  12. Ана тілің 1 I Ұлтымыздың Ата-бабамыздан белгісі / қалған

  13. мұра

  14. Қатынас құралы / Мемлекеттегі іс-қағаздар атқару

  15. / / тілі

  16. Мемлекеттік Мемлекеттік тіл л

  17. басқару тілі / Сот ісін жүргізу / тілі

  18. Осы тірек сызбадан қос сөзді таптыру. (ата-бабамыз) Көрнекіліктер: 1. Туған тілім - анам тілі - өз тілім!

  19. 2. Туған тілде сыры терең жаным бар,

  20. Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар,

  21. Туған тілде өнім менен сәнім бар.

  22. Осы елең жолдарын оқушыға оқытып, қайталама қос сөздерді таптыру.

  23. Жаңа сабақты меңгерту барысында "Кім жылдам?" ойынын пайдалану (үш оқушыны тақтаға шығарып жарыстыру).

  24. тіп-тік жалт-жұлт тәп-тәуір

  25. қап- сарт -сары

  26. сүп - тарс -шикі

  27. қып - сатыр - - қысқа

  28. Кітаппен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру. 88-жаттығуды ауызша орындату.

  29. I деңгей. 91-жаттығу. Қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құралдар.

  30. II деңгей. 89-жаттығу. Суретке қарап, мәтін құрандар, заттарға сипаттама бергенде қос сөздерді

  31. пайдаланыңдар, сол қос сөздердің қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

  32. III деңгей. 90-жаттығу. Қайталама қос сөздермен мағыналық жағынан байланысатын сөздерді

  33. тауып, сөз тіркесі етіп жазыңдар.

  34. Перфокартамен жұмыс

  35. Мысалы Түбір Туынды Біріккен сөз Қос сөз сөз Қайталама қос сез

  36. Мал малшы биыл әке-шеше дүркін-дүркін

  37. "Өз-өздеріңді тексеріңдер" деген тақырыпта тақтаға тест Сұрақтары ілінеді.

  38. 1. Дұрыс жазылған сөзді табындар.

  39. а) Аманкелді ә) Амангельді б) Амангелді

  40. 2. ... біріккен сөз деп аталады.

  41. а) көп түбірлі сөз ө) екі түбірлі сөз б) сөз тіркесі

  42. 3. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер ... жазылады. а) дефис арқылы ө) бірігіп б) бөлек

  43. 4. Кіріккен сөзді тап.

  44. а) түйеқұс ө) биыл б) Ертіс

  45. 5. Бір сөздің қайталануымен жасалған қос сөздер. а) бала-шаға, ата-ана ә) ата-баба, үп-үлкен

  46. б) қырқа-қырқа, терлей-терлей

  47. 6. Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер. а) қып-қызыл, быт-шыт ә) сап-сары, үлкен-

  48. кіші

  49. б) үп-үлкен, жап-жасыл

  50. 7. Дұрыс жазылған қос сөзді белгілендер.

  51. а) будақ-будақ ә) ар үят б) қалт құлт

  52. 8. Дұрыс жазылған сөзді табыңдар.

  53. а) жымжырт ә) көк қүтан б) сеңгір-сеңгір

  54. Қима қағазбен жұмыс

  55. (Нашар оқитын оқушылармен жұмыс)

  56. Мақал

  57. №1 Жылай-жылай арык қазсаң,

  58. Күле-күле су ішерсің.

  59. № 2 Тамшыдан тама-тама дария болар. №3 Отбасы толған жансың, Бір-біріңе меймансың.

  60. Жүмбақ №4

  61. Аяғы жоқ жүреді, Сылқ-сылқ күледі. (Бұлақ)

  62. Қима қағаздағы жұмбақ пен мақаддарды оқыта отырып ішінен қос сөздерді таптыру. Венн диаграммасы

  63. Біріккен сөз бен кос сөздердің ортақ белгісі мен айырмашылығын таптыру.
    Біріккен сөз Ортақ белгі Қос сөз

  64. Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 88-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Қайталама қос сөздерді оқып, олардың қалай жасалғанын айтыңдар. Қалаған үш сөзді қатыстырып сөйлем құраңдар.

  65. Келесі тапсырма: 89-жаттығу жұмысының орындалу шарты: Суретке қарап, мәтін құраңдар. Заттарға сипаттама бергенде қос сөздерді пайдаланыңдар. Сол қос сөздердің қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

  66. Келесі тапсырма:90-жаттығу жұмысы: Төмендегі қайталама қос сөздермен мағыналық жағынан байланысатын сөздерді тауып, сөз тіркесі етіп жазыңдар.

  67. Келесі тапсырма. 91-жаттығу жұмысының шарты мынадай: Қос сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

  68. Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  1. Үйге тапсырма: 92-жаттығу жұмысының орындалу барысын түсіндіремін: Мәтінді
    оқып шығып, баяндау сипатына қарай оның түрін анықтаңдар. Мәтіннен қайталама қос
    сөздерді тауып, қалай жасалып тұрғанын дәлелдеңдер. Мәтін негізінде өзің тұрған жердің
    табиғатын суреттеп жаз. Ішінде қос сөздің болуы ескерілсін.

  1. Тексердім:


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ тілінен "Түбір мен қосымша" тақырыбында сабақ жоспары

Автор: Жазкенова Альфия Болатовна

Дата: 20.11.2016

Номер свидетельства: 360820

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Жа?а ?лгідегі саба?тарды жоспарлауды? ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(63) "zhan-a-ulghidieghi-sabak-tardy-zhosparlaudyn-ieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "267691"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1450443000"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(213) "Қазақстан тарихы пәнінен 7 сыныпқа арналған "Қолөнер мен сауданың дамуы" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(128) "k_azak_stan_tarikhy_p_ninien_7_synypk_a_arnalg_an_k_olonier_mien_saudanyn_damuy_tak_yrybyndag_y_k_ysk_a_mierzimdi_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "347626"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1475726308"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(257) "Қазақстан тарихы пәнінен 8 сыныпқа арналған "Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_stan_tarikhy_p_ninien_8_synypk_a_arnalg_an_k_azak_khalk_ynyn_zhon_g_ar_sh"
    ["file_id"] => string(6) "457554"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518674953"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Айтыс туралы жалпы т?сінік  саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(42) "aitys-turaly-zhalpy-tusinik-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "183145"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425740058"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "?аза?станда?ы 1931-1933 жылдарда?ы ашаршылы?"
    ["seo_title"] => string(51) "k-azak-standag-y-1931-1933-zhyldardag-y-asharshylyk"
    ["file_id"] => string(6) "284985"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454072620"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства