Т?рбиелік. О?ушылар?а сын есім туралы білім бере отырып, оларды имандылы??а, адамгершілік ?асиеттерге баулу, ?з тілін жете ме?гере отырып, ?зге тілдерді де ?йреніп, ?адірлей білуге ?йрету.
Саба?ты? к?рнекілігі: ойын т?рлері, о?улы?, интерактивті та?та.
П?наралы? байланыс: ?дебиет, орыс тілі, а?ылшын тілі.
Саба?ты? барысы: 1.?йымдастыру б?лімі.
Психологиялы? дайынды?.
?аза? тілі – ?з тілім, ана тілім,
Абай, М?хтар с?йлеген дана тілім.
?астерлейді ?л-?ызы? м??гі сені,
Балалы?ым, ба?ытым ?аза? тілім.
2.?й тапсырмасын с?рау.
1.Ер, ат, ж?ген, бесік, тон, ш?бат.
2.Малшы, айтыс, с?збе, к?йші.
3.Алтыба?ан, айтыс, с?збе, к?йші.
4. С?укеле, ою, т?йе, санды?.
5.Мейірім, ?уаныш, ба?ыт.
(О?ушылар бір-бірден мысалдарды о?и отырып, зат есімдерді т?ріне ?арай ажыратып, ережені жат?а айтады.)
Жа?а саба?. Сын есім.
?аза? тілі – ?те бай, ?ажап тіл. Тілімізде ?лденеше мы?да?ан с?здер бар. С?здер ма?ынасына, с?ра?ына, ат?аратын ?ызметіне ?арай то?ыз топ?а б?лінеді, оны с?з таптары деп атаймыз. Бір топы зат есіт туралы о?ып білдік. Енді келесі тобы сын есім туралы ?ткелі отырмыз.
Сол себепті елу алты елден келген басшылары бір-бірімен халы?аралы? тілде т?сінісіп, с?йлеседі. А?ылмын тілін білу – міндетті. Елбасы ?зіні? хал?ына жолдауына а?ылшын тілін білу керек деген. Сол себепті бізде б?гінгі саба?ымыз?а а?ылшын тілін кірістірейік. Сын есім – орыс тілінде «имя прилагательное» деп аталады, а?ылшын тілінде – «зе ?джектив» деп аталаы.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен ашы? саба?»
Жарияланды 20-11 Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
-2013, 18:50 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Т. Ахтанов «Күй аңызы» 8 сынып. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Аңыз, күй туралы төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіру, шығарма идеясын ашу, әңгіме мұратын ұғындыру; Дамытушылық: Аңыз және күй аңызы түрлерін ажырата білуге үйрету, оқушылардың ойын, тілін дамыту; Тәрбиелік: оқушылардың өнерге деген эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, өнерге, өнер адамына деген құрмет сезімін қалыптастыру, халқымыздың мәдени мұрасының дамуына үлес қосуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақ. Сабақтың өту әдісі: есе түсіру, сұрақ - жауап, мағлұмат беру, ой қозғау, салыстыру, іздендіру.
1. Қайталау - білім анасы. Жазушы Тахауи Ахтанов туралы естеріне түсіре отырып, қайталау. • Тахауи Ахтанов қай жылы, қай жерде дүниеге келген?(1923 - 1994) • 1956 жылы жарық көрген тұңғыш кітабы қалай аталады?(Қаһарлы күндер) • Тағы басқа қандай кітаптары бар?(«Махаббат мұңы», «Дала сыры», «Шырағың сөнбесін», «Ана даусы» • Қандай әңгімелері бар?(«Алғашқы ән», «Ол солай еді», «Алыстан жеткен сарын»
2. Көкпар(сұрақ - жауап) 1) Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптары бар?(Домбыра, қобыз, шаңқобыз, дабыл, дауылпаз, сазсырнай, т. б.) 2) Күй дегеніміз не? 3) Күйдің қандай түрі бар? 4) Күйші дегеніміз кім? 5) Қазақты қандай күйшілерін білесіңдер? 6) Аңыз дегеніміз не?
3. Біле бергім келеді, біле бергім... Мұғалім сөзі: Қазақтың саз аспаптары - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Халық өз өмірінде болған оқиғалар мен тіршілік тынысына табиғат сұлулығына тебірене көңілінен арып шыққан төл туындыларын сазды аспаптар арқылы бейнелеп отырған. Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі мен тұрмыс - тіршілігі, әдет - ғұрып, салт - санасы, дүниетанудағы көзқарасы, арман - тілегі, т. б. толғанады. Домбыраны халқымыз қастерлеп, серік еткен өнер адамдарына ерекше құрмет көрсеткен. Домбырамен орындалатын күй өнерінде табиғат құбылыстары, аңыз ертегілер, тарихи оқиғалар, т. б. суреттеледі. Қазақ халық аспаптық музыкасының ішінде күй жанры ерекше феномен деп саналады. Ол Тәттімбет, Құрманғазы, Қорқыт, Махамбет, Дәулеткерей, Ықылас, Абыл, Байсерке, Сейтектердің ғажайып күйлерінен бастап, Нұрғиса Тілендиев, Секен Тұрысбековтердің тамаша күйлеріне дейін ұзақ эволюциялық жолдан өтіп, қазақ халқының сан - салалы тыныс тіршілігі мен өмірін домбыра мен қобыздың сиқырлы тілімен жеткізе біледі. Күйші - композиторлар өз туындыларын туған халқының ішкі психологиялық жан дүниесін, дүниеге көзқарасын бейнелейді. Күй жанры - қазақ музыка шығармаларының ішіндегі ең ірі жанырының бірі. Ал аңыз туралы, оның түрлері туралы сызбадан көруге болады. Аңыз ↓ Тарихи (Кенесары, Жошы хан, т. б.) Топанимикалық(Жер - су атауына байланысты) Шежірелік(ру, тайпа, жүз)
Күй аңызы ↓ Мифтік Әфсаналық Хикаяттық Жағдаяттық
4. Семантикалық карта. Оразымбет, Нар, Жаңыл, Естемес Кейіпкерлер портреті ● Әдемі дөңгелек қара сақалды, тарамыс денелі, биік, дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзді, қатқыл өңді, қағылез кісі. ● Түрі жүдеу, бүйірі солған, өркеші қисайған, тамыры қураған ағаштай семген, ірі тұлғалы, жас толы үлкен мөлдір көзді мүсәпір бейне. ● Қою қара қасты мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торы, талдырмаш денелі.
5. Венн диаграммасы. ● Күй Қазақтың ұлттық аспаптарымен орындалатын әуен ● Аңыз Ертеректе өмір сүрген адамдар, жер - су, мекен жайлы айтылатын ауызша проза үлгілері ● Қазақ халқының өткен өмірінен хабардар етеді.
6. Білімді бекіту. «Кім жылдам?» Оқушыларға нөмірленген қима қағаздар үлестіріледі. Сол бойынша әңгімеге қатысты сұрақтар қойылады.
7. Сабақты қорыту. Күй аңызы ↓ ♦ Тарихи ♦ Жағдаяттық
Күйші – Сазгер, күй тартады, домбырамен орындайды, сыбызғымен орындайды, қобызбен орындайды 8. Бағалау. Белсене қатысқан оқушылар білімін бағалау. 9. Үй тапсырмасы. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.
() Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Сабақтың тақырыбы: Т. Ахтанов «Күй аңызы» Мақсаты: Т. Ахтанов жайлы мәлімет беру, әңгіменің тақырыптық мазмұнын ұғындыру. Тәрбиелік: Ақын шығармасы арқылы ұлттық құндылықтарды қастерлей білуге үйрету, қазақтың күй өнері туралы түсінігін кеңейту. Дамытушылық: Оқушыларды тұжырымды ой айтуға, саралап таңдауға, іздене білуге баулу. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұғындыру сабағы. Сабақтың әдісі: салыстыру, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекілігі: жазушының суреті, тірек - сызбалар, электронды ооқулық, интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: музыка.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Деңгейлік тапсырмалар арқылы.
ІІІ. Жаңа сабақ. Т. Ахтановтың өмірінен мағлұмат беру. Электронды оқулықтан көрсету. «Аңыз» жайлы электронды оқулықтан тыңдату. Әңгіменің мазмұнын баяндап беру. Түсініксіз сөздермен жұмыс. Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс. Дұға – аман - саулық, сау-саламаттықты тілейтін құранның қысқа - қысқа аяттары. Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп. Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз. Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы. Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері. Жоны – арқасы, ту сырты. - Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз? - Бота, мая, нар аруана. Бота – түйенің төлі. Аруана – екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы. Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы. Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені. Нар – бір өркешті түйе. Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы.
ІҮ. Шығармаға композициялық талдау жасату. Оқиғаның басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Күйшілердің әңгімесі. Оқиға байланысы: Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген аруананың зары. Естеместің домбырасына тіл бітіруі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі Оқиғаның шиеленісуі: Қыздың әкесіне қолқа салуы Оқиғаның шарықтау шегі: Естемес күйшінің өнері, «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі Оқиғаның шешімі: Естеместің жолын жас жігітке беруі
Ү. Шығармадағы кейіпкерлердің портреттерін жазу. Естемес - жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез кісі Оразымбет - астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік Жаңыл - жасы он алты - он жетілер шамасында. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы. Үстінде жалаң көйлегі тозған
ҮІ. «Әдебиет лотосы» Автор: Т. Ахтанов Шығарма аты: «Күй аңызы» Кейіпкерлер: Естемес, Оразымбет, Жаңыл, шал, ботасы өлген аруана Оқиға желісі: Ботасы өлген аруана сүт береді, Естемес жолын жас жігітке береді Немен аяқталады: Не суреттеледі: Кейіпкерлер бейнесі, нар бейнесі, күй құдіреті Қандай тәсіл қолданады: Портрет, эпитет – өткір қоңыр көзді, мүсәпір бейнесі, жұмсақ әуен бояуы, теңеу – жібектей майысып, балшықтан құйғандай, сүйріктей саусақ Қазіргі заманмен салыстыр
ҮІІ. Қосымша мәлімет беру. Секен Тұрысбеков: «Күй қасіреттен, үлкен ойдан туады.» «Көңіл толқыны» күйінің дүниеге келу тарихы: «Күй 1985 жылы ойыма оралып, 1987 жылы жарыққа шықты. Ол Мәскеуде өткен дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде ойыма келген - тін. Ол кез қасіретке шомып жүрген уақытым еді, Анар, Жанар есімді қос құлыншағымнан айрылғанда жазылған дүние болатын. Табиғаттың нөсер жауынынан кейін көлшікке тамған тамшыны ырғақ еттім. Ішкі - сыртқы құбылыстардың, сезімдердің бәрі қабысып келіп, өзінің шешімін тапқандай болды. Алғашында ол өзіме «күй - этюд» сияқты болып көрінді. Іштегі шер жатпайды екен. Ылғи «Қасіреттіден ғана қасиетті өнер туады» деп айтып жүретінмін. Менің аңғарғаным, сенің ішіңнен, жүрегіңнен, жаныңнан шыққан дүние жұрттың да жүрегіне жетеді екен.»
ҮІІІ. Қорытындылау Тест 1. Т. Ахтанов тың ең алғашқы әңгімесі? А) «Сәуле» Ә) «Боран» Б) «Күй аңызы» 2. Жазушыға қай шығармасы үшін мемлекеттік сыйлық берілді? А) «Әке мен бала» Ә) «Қаһарлы күндер» Б) «Дала сыры» 3. «Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбы А) Естеместің өмірі Ә) өнер құдіреті Б) қыз өмірі 4. «– Апырым - ай, мынауың, шынында да, елде жоқ қолқа екен» Қай кейіпкердің сөзі. А) Естемес Ә) Жаңыл Б) Шал 5. Шығарма немен аяқталды? А) Естеместің қызды алуы Ә) Жігітке жолын берді Б) Нарды идіре алмады.
ҮІІІ. Үйге: оқу, кез келген күйдің шығу тарихын жазып келу.
Күні бұрын романның жоспарын жасаған жоқпын. (Осы күнге дейін жазатын
шығарманың жоспарын жасаймын). Столға отырғанда шығарманың негізгі ой қазығы бас
геройдың өмір жолы, жететін тұсы анығырақ болды да өзге жағы онша айқындалып
болған жоқ еді. Алғашқы тарауларда не айтатынымды білетінмін. Жазуға кірісіп,
ілгерілеген сайын көк жиегім кеңіп, шығарманың кейінгі жақтары да айқындала берді.
Абзалы ой деген нәрсе алып қашып кете берді. Меніңше қай жазушы да шығарманың
кейінгі жағын көп ойлайды. Мысалы, бірінші тарауды бір рет ойлап алып жазсақ, екінші
тарауды біріншіні жазып отырып та, сол екінші тараудың өзін жазып отырып та ойлайсың.
Сол сияқты үшінші тарауды үш қайтара, сөйтіп кете береді. Ал енді шығарманың аяғына
жуықтағанда амалсыз артыңа көз жібересің де кейінде қалған шалалығыңды көресің.
Сондай-ақ мен де романды бітіргесін «Қаһарлы күндердің» бірінші бөлімдерін түгел
дерлік басқаша, қайта жазып шықтым.
Осы арада екі нәрсені ескерте кетейін. Бірінші материалды іріктеу. Менің үш жыл бойғы
соғыста көрген-білгенім «Қаһарлы күндерге» сыймайтын еді. Сондықтан да көзбен көрген
оқиғалардың бәрін бірдей ала бермей, негізгі ойды ашуға керектілерін ғана алдым. Кейбір
«осы қызық-ау» деген оқиғалар сызылып та қалды. Сонымен бірге — геройлардың өткен-
кеткен өмір жолына байланысты біраз жайттар, сырлар, соғыстан емес, бейбіт өмірден
көріп, түйгендерімен кірді. Шынын айтқанда адамдардың бейнелерін жасап, сырларын
ашу үшін ес білгеннен бастап, стол басында жазып отырған күнге дейінгі аңғарып
көргенімді, жиған-тергенімді, өмірден алған сабағымды, тіпті кейбір өзімнің ішкі
сырымды да іркіп қалғаным жоқ.
Әр шығарма құр оқиғадан емес, жазушыны шын тебіренткен өмір құбылысынан, ойдан
туады ғой деймін. «Қаһарлы күндер» үш жыл соғысқанда «осыны айтамын-ау» деп ауылға
алып қайтқан дүнием болатын.
Ал, «Сәуле» болса, кейінгі жылдары түйген бір ойдан туды. Қай шығарма болса да бір
түрткі керек. 1956 жылы «Күй аңызы» деген әңгіме жаздым. Мұның негізі халық аузында
бар нәрсе. Ол былай: бір шалдың жалғыз нары ботасы өліп суалып қалыпты. Сол ауылға
бір кәрі, бір жас екі күйші келе қалған екен, солар шалға «қызыңды берсең нарыңды
идіріп береміз» депті. Осыған келісіп екеуі күй тартады. Қарт күйші өз өнерінің күшімен
нарды идірген екен, бірақ қу қыз түйенің емшегін қысып тұрып, кезек жас күйшіге
келгенде сауады да, соған тиеді. Бұл аңыз менің құлағымды онша елең еткізген жоқ.
Кейін санаторийде жүргенде бір жас қызды айналдырып жүрген сүр бойдақты көрдім.
Байғұстың қанша ықыласы құласа да түйеге мінген адамдай, әлгі қызға жанаса алмай
жүрді. Бір күні сол қыздың өзі қатарлас киномеханик жігітпен бірін-бірі қуып ойнап
жүргенін көрдім. Ананың тіпті ыңғайы келмеуші еді, ал мына тең құрбы екеуі жараса
қалыпты. Содан маған бір ой келіп, жас кезінде қызық қуалап үйленбей, енді жер
ортасына жеткенде көңілі, мінезі жарасатын жар сүйе алмай, заманын өткізіп алған
өкінішті кәрі бойдақ туралы әңгіме жазғым келді. Бірақ ол әңгіме бірден жазыла қоймады.
Сөйтіп жүргенде «Нар идірген» күйі туралы аңыз есіме қайта түсті. Енді ойлап қарасам
өнерімен адам тұрсын, хайуанатты тебірендірген қарт күйшінің хәлі — тым аянышты.
Жас күйшіні қойшы, оның өмірі алда. Ал, мына сорлы өмір бойы ел кезіп, жұрттың
көңілін жұбатып, шерін тарқатып жүрген, сонымен бар дәуренін өткізіп, қартайғанда
қайтып оралар, қызығы жоқ жалғыз. Бойындағы бар асылын өзгеге беріп, төлеуіне еш
нәрсе алмаған өнер адамының тағдыры. Жоғарыда айтылған оқиға түрткі болды да — ой
қызығы табылып, аңыздың мағынасы ашылды. Сөйтіп әңгіме жазуға отырдым.
Күй тарихы, күй тағдыры хақында Алла Тағала қазаққа басқа халықтарда кездесе бермейтін небір ғажайып өнер түрлерін тарту еткен. Өзіңіз ойлап көріңізші, буырқанып-бұрсанып суырыла сөйлеп кетсе, қарасөздің қаһарымен небір хан-сұлтандарды қамыстай қалтыратып, мейірленіп мекірене сөйлеп, бүкіл жан әлемінің жылуы мен шуағын тіл ұшынан төгілдіргенде ордалы жыланға би билеткен шешендік, қажет сәтте қаптаған қалың жауға қарсы сермелген ақ семсердей алмас жырды ағыл-тегіл ағындататын суырыпсалма ақындық, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешіп тастайтын тапқырлық сияқты ғажайып өнер түрлері қазақтан басқа қай ұлтта бар? Осы күнгі қазақ шонжарларын тіліне табындырып қойған орыста бар ма, әлде әлемдегі ең бір жұтаң тіл болса да ағылшын тілін білмейтін адамды адам деп есептемейтін ағылшында бар ма? Мұндай текті де киелі өнер түрлері орыста да, ағылшында да атымен жоқ! Ал күй өнері ше? Күй жанры бар халық – әлемдегі ең бір сезімі сергек, ойы ұшқыр, жан дүниесі өте бай халық.Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығының, жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі. Бұрынырақта Арал-Шалқар өңірінде ауылдағы ірілі-уақты той-томалақтарда, шал-шауқанның басы қосылып бір үйде мәслихат, мәжіліс құрып отырғанда солар ортаға ауылдың бір күйшісін алдыртып, күй тыңдайтын. Бұл аймақта екінің бірі дерлік не домбырамен ән салып, не күй тартатын. Сонда сол шалдардың ішіндегі ең бір әу деп ән салмайтыны, дың еткізіп домбыра тартпайтынының өзі (домбырада ойнайды емес) әлгі күйдің ырғағына беріліп, көзін тарс жұмып алып, анда-санда «беу, дүния-ай» деп қойып, енді бірде екпіндеткен, дауылдатқан, жауға қарсы аттандаған ереуіл күйлерге еліріп, отырған орнынан қопаңдап түрегеп кете жаздайтынын талай көргенбіз. Оның сырын енді ғана түсініп жүрміз. Сөйтсек, күй дегеніңіз қазақтың бүкіл тарихының шежіресі, жүрек лүпілінің жазбасы (кардиограммасы), жабырқаса мұңдасы, жадыраса сырласы екен ғой. Иә, күй – қосыла алмай шерменде боп өткен қос жүректің өкініш пен өксікке толы үздіккен үні, қайғы-қасіретке душар болса, зары мен мұңының, азаттық пен еркіндік (тәуелсіздік, егемендік емес) үшін қан кешіп, жан беріп, жан алысқан арпалысқа толы сәттерінің ең шебер, ең бір сырлы шежірешісі болып келген еді. Ал қазір ше? Қазір қазақтың қазан ұстағаны қайсы, қалам ұстағаны қайсы, домбыра ұстағаны қайсы, көсеу ұстағаны қайсы екенін ажырату мүмкін болмай қалған, аттының сөзін жаяу сөйлеген мына заманда күй қандай күйге түсті? Бұрын күйді орысша оқыған, орысша тәрбиеленген, жаны қазаққа жат мәңгүрттер ғана түсінбейді, солар ғана күй тыңдамақ түгіл, оны мазақ қылады деп күйінетінбіз. Қазір ше? Қазір небір ұлы ой-сана мен ұшан-теңіз ұлағатқа толы, өне бойы махаббаттың мөлдірлігінен, адамзат атаулымен бірге туып, бірге өлетін зар мен мұңнан тұратын, шабыттанса шартарапқа шадыман шаттықтың шуағы мен шұғыласын шашып, әр алуан күйге түсіретін осынау ұлы өнердің өз еліндегі жағдайына қарап отырғанда ұрпағына өкпелі данагөй қария көз алдыңызға келеді. Өйткені күй-атаңыз бүгінде өзінің ең жақын сырласы, жанын ұғар ең жақын мұңдасы қазақ деп аталатын басты тыңдарманынан айырылып барады. Оның ең басты себебінің бірі – бүгінде Қазақстанның бүкіл өнер сахнасын «ерінбеген етікші боладының» керіне келтіру болып отыр. Қазір төңірегіміз Батыс Еуропа елдерінің, Американың ың-жың, у-шу, даңғыр-дұңғырынан құлақ тұндырып тұр. Ол аз болғандай, Қазақстан телеарналарында көрсетіліп жатқан «Екі жұлдыз», «Бір жарым жұлдыз» сияқтыларға қарап отырып, қазақ өзінің ұлттық өнерінен, ұлттық мәдениетінен, ұлттық санасынан, тілінен мүлде ажырап бара жатқан жоқ па екен деген де ойға кетесің. Оларды өнер туралы көрсетілім – ток-шоу дегеннен гөрі қазақ өнеріне жасалып жатқан қиянат деуге болады. Бұлар туралы әңгіме өз алдына. Әңгіме қазақ ұлтының басқалардан өзгешелігін паш етіп, небір халықаралық ұлы думандарда Құрманғазы атындағы оркестр үнімен аспан астын дүбірге толтыратын күй құдіретінің орнын теледидарда, радиода қазақтың жан дүниесіне, ұғымына, тәрбиесіне жат музыка басып бара жатқаны туралы. Айтпақшы, осы оркестр бұрын қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі деп аталатын, қай адамның ойлап тапқанын кім білсін, ол қазір халық аспаптары оркестрі деп аталады. Қазіргі уақытта қазақтың ұлы мәдени мұрасы – күй өнерінен алыстап бара жатқанымыз замана шындығына айналып отыр. Егер қазақ ұлты өзінің ататегінен қанына сіңген күй өнерінен бұдан әрі осылай алшақтап, бұдан әрі Батыстың нәзік сезімнен, ордалы ойдан жұрдай даңғаза, дабыра өнерін теледидар, радио арқылы әлі де шырқата берсе мәңгүрт ұлтқа айналады. Радио мен теледидар арқылы әртүрлі мерекелерде, той-томалақта «Сарыарқаны», «Көңілашар» мен «Адайды» бір-екі рет оркестрмен дүбірлетіп өте шығу өнерді насихаттау емес. Ол қазақты алдарқату ғана, әрі кетсе, экзотикалық бір сәттік көрініс қана. Яғни қазақтың ұлттық мәдени мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сол ұрпақтың қазақы жан дүниесін басқамен былғамаудың бір жолы күй өнерін кеңінен насихаттау болуы керек. Жүздеген, мыңдаған жылдар бойы, тіпті беріректен бастағанның өзінде Қорқыт баба ғұмыр кешкен дәуірден бермен қазақтың жансерігі болып, әрбір қуанышы мен ренішінің, арманы мен мүддесінің, жүрек лүпілінің жазбасындай болып келе жатқан қобызбен, домбырамен тартылатын әр күйдің шығу тарихы бар екенін де бүгінгі екі қазақтың бірі біле бермейді. Оны айтамыз-ау, бүгінгі қазақтар домбыра тартады, қобыз тартады демей, домбырада, қобызда ойнайды деп орысшадан тұп-тура тәржімелеп сөйлейтін масқараға ұшырады. Мысалы, «Балбырауын» деген күйді Құрманғазы Браун деген әлде графтың, әлде дворянның балына арнап шығарған екен деген сорақы «тарихты» таратып жүргендер де – осындай өзі де, сөзі де будандастырылып кеткен қазақтар. Шындығында, ол кәдімгі «балбырау», «балбырату» дегенді ғана білдіреді. Құрманғазының әр күйінің дерлік тарихы, кейіпкері бар. Мысалы, «Көбік шашқанды» күй атасы алғаш рет Каспий теңізін (Хазар теңізі) көргенде шығарғаны туралы дерек бар. Ал «Қайран шешем» мен «Аман бол, шешем, аман бол» орыс сарбаздары қол-аяғын кісендеп алып бара жатқан сәттегі «сені осындай күйге салып қойдым-ау» деген анасына деген аяушылықтан туса, бір жағынан, «мына кәпірлердің алдында неге көз жасыңды көрсетесің?»– деп жағынан шапалақтан тартып жіберген анасының қажырлылығына, намысқойлығына деген зор ризашылықтан туған екен. Ал көкірегінде жарық түсетін сызаты бар пенде тыңдап отырғанда ара-тұра бір күрсініп қалмай тыңдай алмайтын «Нар идірген» күйін біреулер халықтыкі, біреулер Естөренікі дейді. Бұл күй туралы кезінде жазушы Тахауи Ахтанов аңыз ізімен әңгіме жазған. Бұл күйдегі ботасыз қалған, сүті суалған, өзі де суалып, тірі тулаққа айналған қара нардың шерлі құсасы, шынымен жауқазындай желбіреген жастық шағым мына қаусаған күйші шалдың астында жаншылмақ па деп күйге иіген нардың емшегін қысып, сүтін шығармай тұрған қыздың қара бұлттай қайғы-қасіреті, ақырында шалдың қолынан домбыраны алып, жас жігіттің күйді жалғастыра жөнелгенін көрген қыздың саусағының арасынан сүттің сауылдай жөнелуі – бәрі-бәрі қолмен салған суреттей көз алдыңнан өтіп жатады. Және күйшілер заманында өзі тартып отырған күйдің әр сәтін әңгімелеп те отыратын болған. Мысалы, Арал, Шалқар өңірінде марқұм Бақыт Басығараев, Мергенбай Науанов деген күйшілер сөйтетін. Әсіресе, «Жем суының тасуы», «Шыныаяқ тастар», «Адай» күйлерін тартып отырып: «Міне, толқын жағалаудағы жарлауытқа соғып жатыр, міне, бір уыс топырақ суға шолп етіп құлап түсті» немесе «Адайдың» үшінші бөліміне келгенде «ал енді адайлар мен орыс әскерлері қырылысып жатыр» деп ара-тұра айтып қалып отыратын еді. Иә, күйді қазақтың екінші тілі десе де болады. Күй – махаббат, күй құлдықтың зары мен мұңы, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы. Күй бірде «Сарыжайлаудың» салқын сабат, жасыл жазирасы болып көсілсе, бірде «Сылқылдақ» болып үкісі бұлғаңдаған бұраңбел бойжеткендей сылаң қағып шыға келеді. Ал небір от ауызды, орақ тілді шешен, ділмарлар, Шыңғыс ханға баласы Жошының өлімін естіртуге тілі жетпегенде «ақсақ құлан шошыған, хан ием-ау, хан ием, түсінбейсің бе осыған» деп естіртіп берген де «Ақсақ құлан» күйі еді ғой.Қазанғаптың «Шыныаяқ тастар» деген күйі бар. Ол былай: Қазекем бір үйде мейман болып, дастарқан басында күй тартып отырады. Шай құйып отырған келіншектің күйге әбден елтігені сондай, күйшінің кесесіне шай құюды ұмытып, домбыраға телміріп отыра береді. Сонда домбырашы күйден жаңылып қалмайын деп алақанын дастарқанның үстіне қойып, «шай құй» дегенді ымдап түсіндіріпті. Ол қашан қолын дастарқанға қойып, қайтып әкеп ішектерді қағысын жалғастырғанға дейін домбыраның үні үзілмей, күйді перне үстіндегі саусақтары жалғастыра берген екен. Күй содан «Шыныаяқ тастар» аталыпты.«Ерінбеген – етікші, ұялмаған – өлеңші» болған мына заманда мен күйшімін деп сахнаға шыққандардың көпшілігі әр күйдің орындалу ерекшелігі бар екенін ескермей, нотаға түскен, сірескен күйінде орындап шығады да, күйдің реңі бұзылып, шырайы шықпай қалады. Орындалу ерекшелігі дегеніміз күйші күйдің әр бөлімін, әр сәтін жүрекпен, бүкіл жан сезімімен түсініп, іліп қағатын жерде іліп, күреп қағатын жерде күреп алып, қажет жерінде су жорғаны сипай қамшылағандай қолы шанаққа тиер-тимес қып, қысқасы, күйдің әр тұсын соған сәйкес алуан-алуан қағыспен орындар болар еді. Қазіргі күйшілерге қарап отырсаң, оның бірі жоқ. Жаппай сабалау, шанақтың бетін өші бардай соққылау, тырналау. Бұл, әсіресе, ДЭКОшыларға тән. Кейбір консерватория бітірген домбырашылардың өзі «Көкіл» мен «Домалатпайды» сабалап, тырналап тартып отырғанын көргенде әлде күйшіге, әлде олардың ұстазына, әлде нотасы түспегірге ренжіріңді білмей қаласың. Әділін айтсаңыз, бұл екі күй «Адай», «Сарыарқа», «Жекпе-жек» сияқты едіреңдеп тұрған күйлер емес. Бұл екеуі – тыңдаған жанның жүрегін сыздатып, сай-сүйегін сырқыратып, қайдағы-жайдағысын қозғайтын, өте сыршыл, өте мұңды, небір арманшыл кеудені аһ ұрғызатын терең ойға құрылған сырбаз күйлер. Екіншіден, бүгінгі күйшілер күйдің бұрынғы өз атауын әлде әдейі, әлде білместікпен бұрмалап атайтын болды. Мысалы, Қазанғаптың «Торыаттың бөгелек қағуын» олар «Боз жорғаның бөгелек қағуы» деп жұрттың құлағына сіңіріп жіберді. Ал «Қыз Жібек» фильміндегі Н.Тілендиевтікі делініп жүрген «Жекпе-жек» деп аталып жүрген күй – біз білетін «Күй шақырыс» деген күйдің сәл өзгертілген түрі. Айта берсек, күй тарихы, күй тағдыры туралы әңгіменің шет-шегі жоқ. Бір ғана Дина Нұрпейісованың күйлерін осы төңіректе түгендеп шығу үшін талай-талай ғылыми да, көркем де дүниелер жазылуы мүмкін. Ал Қазанғаптың 62 «Ақжелеңі» – тұтас бір тарих. Жастайымыздан домбыра тартып, ел ішіндегі күйшілердің әңгімелерін тыңдап, бір-екі оркестрге қатысқанымыз болмаса, біз білікті музыка маманы емеспіз. Біздің айтпағымыз, бүгінде қазақтың ұлттық, яғни дәстүрлі өнерінің, оның ішінде күй өнерінің қадірі кетіп бара жатқанын жұртшылықтың, өнер адамдарының қаперіне салу ғана. Оның басты себебінің бірі Қазақ елі Ресейден азаттық алған он тоғыз жылдан бері заманымыздың теледидар, радио сияқты ең қуатты ақпарат құралдарында негізінен орыс және еуропалық өнер туындылары насихатталып, ұлттық өнер тек экзотиканың бір көрінісі ретінде қалып бара жатқандығынан болса керек. Ал Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториядан бастап, музыка мектептеріне дейін көбіне-көп скрипка, фортепьяно сияқты батыстық музыка аспаптарына күйден гөрі көбірек көңіл бөлінетіні – жасыруға келмейтін жайт. Жапонияда ана тілін білмейтін адам жапон деп есептелмейді. Ал біз қазір қазақша білмейтін қазаққа мұның қалай десек, экстремист, сепаратист атанып кетеміз бе деп қорқатын болдық. Мұны айтып отырған себебіміз, бұрын күйді қазақша білмейтін орыстілді қазақтар түсінбейтін еді. Ал бүгінгі жас өрендеріміз ұлттық дәстүрлі мәдениеттен алшақтап, бірыңғай даңғаза, батыстық, орыстық үлгідегі музыкаға ғана ден қойып, күй атаулыға мұрын шүйіре, тіпті жатырқап қарайтыны – өте қорқынышты жағдаят. Өйткені жастайынан қазақы дәстүрлі ән мен күйдің кәусарынан сусындамай, шетелдің даңғыр-дұңғырын тыңдап өскен жастарды қазақ халқының болашағы деу – үлкен қате. Олардан өз ұлтын, өз елін сүйетін шынайы ұлтшыл, отаншыл азаматтар шықпайды. Және мәдениет атаулының бәрі бірдей пайдалы, мәдениет бірін-бірі байытады деу – барып тұрған жымысқы саясат. Себебі қай халық көп, қай мемлекет күшті болса, сол халықтың, сол мемлекеттің мәдениеті өзі келген екінші бір мемлекеттің мәдениетін жұтып қояды. Біз түгіл, алпауыт Американың өзінде өзге бір елдің мәдениетін уағыздау, насихаттау мемлекеттік сатқындық деп есептеледі. Сонда бізге жол болсын?..
Мырзан КЕ
Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі мен тұрмыс - тіршілігі, әдет - ғұрып, салт - санасы, дүниетанудағы көзқарасы, арман - тілегі, т. б. толғанады. Домбыраны халқымыз қастерлеп, серік еткен өнер адамдарына ерекше құрмет көрсеткен. Домбырамен орындалатын күй өнерінде табиғат құбылыстары, аңыз ертегілер, тарихи оқиғалар, т. б. суреттеледі. Қазақ халық аспаптық музыкасының ішінде күй жанры ерекше феномен деп саналады. Ол Тәттімбет, Құрманғазы, Қорқыт, Махамбет, Дәулеткерей, Ықылас, Абыл, Байсерке, Сейтектердің ғажайып күйлерінен бастап, Нұрғиса Тілендиев, Секен Тұрысбековтердің тамаша күйлеріне дейін ұзақ эволюциялық жолдан өтіп, қазақ халқының сан - салалы тыныс тіршілігі мен өмірін домбыра мен қобыздың сиқырлы тілімен жеткізе біледі. Күйші - композиторлар өз туындыларын туған халқының ішкі психологиялық жан дүниесін, дүниеге көзқарасын бейнелейді. НЖЕБАЙ