kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Паскаль программалау тілі" тақырыбындағы ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

9 сынып
Тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Оның негізгі элементтері мен тілінің алфавиті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:1. Паскаль программалау тілі туралы түсіндіріп, оның элементтері мен алфавитімен таныстыру.
2. Программалау тілдерін үйрену, оны компьютерде қолдана білуде, өзіндік жұмыстарды орындауға үйрету.
Дамытушылық: 1. Өз ойын жеткізе білу және алғырлық қабілетін дамыту, пән бойынша білік - дағдыларын қалыптастыру.
2. Ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілік: 1. Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
2. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, эстетикаға, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: оқу құралдары, компьютер, слайд.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа деген тазалығын тексеру
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
3. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту
4. Сабақ тақырыбы мен мақсатын баяндау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шықты?
2. Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай? Оларды қалай түсінесіздер.
3. Алгоритм командасы деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ. Паскаль программалау тiлiнiң алғашқы нұсқасын 1968 жылы Стэнфорд университетiнiң информатика кафедрасының профессоры Никлаус Вирт жасады.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объекттік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объекттік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы түпнұсқасы өңделеді.
Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі – операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. Оны мына түрде кескіндеуге болады.

Program BASTAU:
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end
Программалардың көпшілігі белгілі бір есепті шешу үшін жазылады. Ал есептің шешіміне ақпараттар мен деректерді өңдеу арқылы жетуге болады. Сондықтан программалаушы ретінде сізге қалай
• ақпараттарды программаға кіргізу – енгізу;
• ақпаратты сақтау – деректер;
• деректерді өңдеудің дұрыс командалар беру – операциялар;
• программадан деректерді алу (орындалулардың нәтижелері) – шығару
керек екенін білу қажет.
Сіз өзіңіздің командаларыңызды жазып, төмендегідей реттей аласыз:
• олардың кейбіреулері белгілі бір шарт немесе шарттар орындалған кезде ғана орындалатындай шартты орындалуы;
• басқалары белгілі бір рет орындалатындай – циклдер;
• тағы басқалары жеке топтарға жинақталып программаның бірнеше жерінде орындалатындай – қосалқы программалар.
Сонымен программалаудың негізгі түсініктері бар:
1. Дерек енгізу – бұл деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу - шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Деректер – бұл тұрақтылар, айнымалылар, массивтер, жазбалар, жиындар, мәтіндер (символдар және жолдар), файлдар;
3. Операциялар немесе амалдар - мәндерді меншіктеуді, өрнектерді есептеуді (қосу, бөлу және т. с. с.), мәндерді салыстыруды (тендік, үлкен, кіші және т. с. с.) қамтамасыз етеді;
4. Шығару (нәтиже алу) – бұл ақпараттарды дербес компьютердің мониторындағы экранға шығару немесе енгізу - шығару порттарына жазу;
5. Шартты орындау – бұл бір немесе бірнеше командалардың белгілі бір шарт орындалғанда орындалуы. Егер шарт орындалмаса, онда бұл командалар өткізіліп жіберіледі немесе командалардың басқа жиыны орындалады.
6. Циклдер – мұнда командалардың жиыны қандай да бір шарт ақиқат болып тұрған кезде немесе шарт ақиқат болмайынша қайталанып орындалады.
7. Қосалқы (көмекші) программалар – программалардың кез келген жерінде аты арқылы шақырып орындауға болатын инструкциялардың белгілі атпен біріктірілген жиыны.
8. Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері.
Тілдің алфавиті. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
• атаулар (идентификатор);
• цифрлар;
• айыру белгілері;
• арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әрпі мен цифрлары қолданылады.
а) Әріп ретінде латын алфавитінің бас әріптері мен кіші әріптері және астын сызу (_ ) қолданылады.
в) Ондық цифрлар, он алтылық цифрлар қолданылады.
с) Арифметикалық амал белгілері(+, -, /, *, DIV, MOD т. б.) және логикалық амал белгілері қолданылады.
d) Айыру белгілері қолданылады (бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері және т. б.).
Белгі Қолданылуы
1 2
{} Программаға түсініктеме беруде
(*) Программаға түсініктеме беруде
п Массив өлшемін белгілеуде
(.) Массив индексін, жолдың өлшемін белгілеуде
апостроф Символдар мен жолдық тұрақтыларды
белгілеуде
: = Айнымалы мәнін меншіктеуде
; Программаның жолдарын, операторларды, хабарламаларды айқындауда
: Айнымалылар типтерін айқындауда, (белгі мен оператордың арасына)
= Тұрақтымен оның мәнінің арасын бөлуде
, Тізім элементтерінің арасын айыруда
. Диапазон типін беруде
. Программа соңында
^ Көрсеткіш типін анықтауда
@ Айнымалылар адресін, қосалқы программаны белгілеуде
# Символды оның коды бойынша белгілеуде
$ Компилятор мәліметін белгілеуде
е) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері (тең, тең емес, кіші, үлкен т. б.) қолданылады.
Қызметші сөздер
Веgin басы --Not терістеу
Саse нұсқа --Object объект
Соnst тұрақты - inherited мұралау
Соnstructor конструктор -Оr немесе
Destructor деструктор -Раcked жинақталған
Div бүтін бөлу -Procedure процедура
Do орындау -Рrogram программа
Downto кеміту --Record жазба
Еlse әйтпесе --Repeat қайталау
Еnd соңы --Set жиын
Exports экспорт --String жол
External сыртқы --Then онда
File файл --То дейін
Ғоr үшін -Туре тип
Function функция -Unit модуль
Ғorward алдындағы -Until соған дейін
Go to көшу --Uses пайдалану
ІҒ егер --Var айнымалы
Іn қүрамында --While әзір
Іnline негізгі -With - дан,- ден,- тан,- тен
Interface интерфейс -Хог алып тасталынған
Interrupt үзу
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т. б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.
Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын-ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Паскаль тілі қашан ұсынылды және кім ұсынды?
2. Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады, қандай?
3. Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттер?
4. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын қалай жіктеуге болады?
5. Пунктуация белгілерінің атқаратын қызметтері қандай?
6. Паскаль тілінің қандай қызметші сөздерін білесің?
7. Өрнек дегеніміз не?
8. Оператор дегеніміз не?
9. Программаның сипаттамасы дегенді қалай түсінесіз?

V. Үй тапсырмасы.
Паскаль – программалау тілі. Оның негізгі элементтері мен тілінің алфавиті тақырыптарын оқып келу.
VI. Сабақты қорытындылау.
• Тақырыпты қысқаша қорытындылау
• Оқушыларды бағалау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Паскаль программалау тілі" тақырыбындағы ашық сабақ»

9 сынып
Тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Оның негізгі элементтері мен тілінің алфавиті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:1. Паскаль программалау тілі туралы түсіндіріп, оның элементтері мен алфавитімен таныстыру.
2. Программалау тілдерін үйрену, оны компьютерде қолдана білуде, өзіндік жұмыстарды орындауға үйрету.
Дамытушылық: 1. Өз ойын жеткізе білу және алғырлық қабілетін дамыту, пән бойынша білік - дағдыларын қалыптастыру.
2. Ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілік: 1. Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
2. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, эстетикаға, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: оқу құралдары, компьютер, слайд.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа деген тазалығын тексеру
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
3. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту
4. Сабақ тақырыбы мен мақсатын баяндау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шықты?
2. Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай? Оларды қалай түсінесіздер.
3. Алгоритм командасы деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ. Паскаль программалау тiлiнiң алғашқы нұсқасын 1968 жылы Стэнфорд университетiнiң информатика кафедрасының профессоры Никлаус Вирт жасады.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объекттік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объекттік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы түпнұсқасы өңделеді.
Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі – операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. Оны мына түрде кескіндеуге болады.

Program BASTAU:
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end
Программалардың көпшілігі белгілі бір есепті шешу үшін жазылады. Ал есептің шешіміне ақпараттар мен деректерді өңдеу арқылы жетуге болады. Сондықтан программалаушы ретінде сізге қалай
• ақпараттарды программаға кіргізу – енгізу;
• ақпаратты сақтау – деректер;
• деректерді өңдеудің дұрыс командалар беру – операциялар;
• программадан деректерді алу (орындалулардың нәтижелері) – шығару
керек екенін білу қажет.
Сіз өзіңіздің командаларыңызды жазып, төмендегідей реттей аласыз:
• олардың кейбіреулері белгілі бір шарт немесе шарттар орындалған кезде ғана орындалатындай шартты орындалуы;
• басқалары белгілі бір рет орындалатындай – циклдер;
• тағы басқалары жеке топтарға жинақталып программаның бірнеше жерінде орындалатындай – қосалқы программалар.
Сонымен программалаудың негізгі түсініктері бар:
1. Дерек енгізу – бұл деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу - шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Деректер – бұл тұрақтылар, айнымалылар, массивтер, жазбалар, жиындар, мәтіндер (символдар және жолдар), файлдар;
3. Операциялар немесе амалдар - мәндерді меншіктеуді, өрнектерді есептеуді (қосу, бөлу және т. с. с.), мәндерді салыстыруды (тендік, үлкен, кіші және т. с. с.) қамтамасыз етеді;
4. Шығару (нәтиже алу) – бұл ақпараттарды дербес компьютердің мониторындағы экранға шығару немесе енгізу - шығару порттарына жазу;
5. Шартты орындау – бұл бір немесе бірнеше командалардың белгілі бір шарт орындалғанда орындалуы. Егер шарт орындалмаса, онда бұл командалар өткізіліп жіберіледі немесе командалардың басқа жиыны орындалады.
6. Циклдер – мұнда командалардың жиыны қандай да бір шарт ақиқат болып тұрған кезде немесе шарт ақиқат болмайынша қайталанып орындалады.
7. Қосалқы (көмекші) программалар – программалардың кез келген жерінде аты арқылы шақырып орындауға болатын инструкциялардың белгілі атпен біріктірілген жиыны.
8. Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері.
Тілдің алфавиті. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
• атаулар (идентификатор);
• цифрлар;
• айыру белгілері;
• арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әрпі мен цифрлары қолданылады.
а) Әріп ретінде латын алфавитінің бас әріптері мен кіші әріптері және астын сызу (_ ) қолданылады.
в) Ондық цифрлар, он алтылық цифрлар қолданылады.
с) Арифметикалық амал белгілері(+, -, /, *, DIV, MOD т. б.) және логикалық амал белгілері қолданылады.
d) Айыру белгілері қолданылады (бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері және т. б.).
Белгі Қолданылуы
1 2
{} Программаға түсініктеме беруде
(**) Программаға түсініктеме беруде
п Массив өлшемін белгілеуде
(..) Массив индексін, жолдың өлшемін белгілеуде
апостроф Символдар мен жолдық тұрақтыларды
белгілеуде
: = Айнымалы мәнін меншіктеуде
; Программаның жолдарын, операторларды, хабарламаларды айқындауда
: Айнымалылар типтерін айқындауда, (белгі мен оператордың арасына)
= Тұрақтымен оның мәнінің арасын бөлуде
, Тізім элементтерінің арасын айыруда
.. Диапазон типін беруде
. Программа соңында
^ Көрсеткіш типін анықтауда
@ Айнымалылар адресін, қосалқы программаны белгілеуде
# Символды оның коды бойынша белгілеуде
$ Компилятор мәліметін белгілеуде
е) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері (тең, тең емес, кіші, үлкен т. б.) қолданылады.
Қызметші сөздер
Веgin басы -----Not терістеу
Саse нұсқа -----Object объект
Соnst тұрақты ------ inherited мұралау
Соnstructor конструктор ----Оr немесе
Destructor деструктор ------Раcked жинақталған
Div бүтін бөлу ------Procedure процедура
Do орындау ------Рrogram программа
Downto кеміту -----Record жазба
Еlse әйтпесе -----Repeat қайталау
Еnd соңы -------Set жиын
Exports экспорт -----String жол
External сыртқы -----Then онда
File файл -----То дейін
Ғоr үшін ------Туре тип
Function функция ------Unit модуль
Ғorward алдындағы ----Until соған дейін
Go to көшу -------Uses пайдалану
ІҒ егер ----------Var айнымалы
Іn қүрамында -------While әзір
Іnline негізгі ------With - дан,- ден,- тан,- тен
Interface интерфейс ------Хог алып тасталынған
Interrupt үзу
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т. б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.
Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын-ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Паскаль тілі қашан ұсынылды және кім ұсынды?
2. Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады, қандай?
3. Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттер?
4. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын қалай жіктеуге болады?
5. Пунктуация белгілерінің атқаратын қызметтері қандай?
6. Паскаль тілінің қандай қызметші сөздерін білесің?
7. Өрнек дегеніміз не?
8. Оператор дегеніміз не?
9. Программаның сипаттамасы дегенді қалай түсінесіз?

V. Үй тапсырмасы.
Паскаль – программалау тілі. Оның негізгі элементтері мен тілінің алфавиті тақырыптарын оқып келу.
VI. Сабақты қорытындылау.
• Тақырыпты қысқаша қорытындылау
• Оқушыларды бағалау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Паскаль программалау тілі" тақырыбындағы ашық сабақ

Автор: Жаналиев Абдурасил Абдурахимович

Дата: 04.03.2017

Номер свидетельства: 397704

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Жобамен ж?мыс. 10 сынып "
    ["seo_title"] => string(26) "zhobamien-zhu-mys-10-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "165701"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422859447"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства