Аты- жөні: Жумашева Айнур Уразовна
Мекен- жайы: Атырау облысы,
Махамбет ауданы, Талдыкөл селосы.
Мектеп: Талдыкөл мектеп- балабақша кешені.
Мектеп. Талдыкөл мектеп – балабақша кешені
Күні. 19/ 10/2015ж Сабақ. № 7
Тақырыбы: Еңбек- өмір мәні
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік
Мұғалім: А.Жұмашева
Сынып- 9 Оқушылардың саны. 17
Мақсаты Оқушылардың «еңбек»,»шығармашылық» туралы түсініктерін кеңейту арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
- Шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін, еңбек алдында жауапкершіліктерін дамыту;
- Еңбексүйгіштікке,еңбекті бағалауға, адал болуға, тәртіпке бағынуға тәрбиелеу;
Ресурсы:(материалы, источники)
Сабақтың барысы
Тыныштық сәті. Баяу ән қойылады.
«Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма? Қандай сезімде болдыңдар?
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды жағдай туғызу.
Сәлемдесу.Оқу құралдарына назар аудару. 5Т
Сыныпты топқа бөлу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Ә.Кекілбаев «Әлди» әңгімесі бойынша түсінік сұрау
Сабақтың барысын
талдау
3. Дәйек сөз (цитата).
«Адал еңбек аздырмас, Арамдық бойды жаздырмас»
Мақал
Дәйексөзді топпен қайталау: Ұллдар-2 рет, қыздар 2-рет
1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Мұғалімнің түйін сөзі:
Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
4. Жаңа тақырыпқа шығу:
Оқушыларға суреттер топтамасы беріледі, оларды қазіргі заманға сай заттармен аяқтау керек. Сұрақ:
Ненің арқасында, қалай адам осындай дәрежеге жетті?
Мұғалім сыйы: Еңбекке құрмет көрсету туралы әлуметтік ролик
5.Әңгімелеу (әңімелесу).
- Бейнероликті көре отырып, қандай ой түйдіңдер?
- Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?
- Адам қабілетін қалай дамытуға болады?
- -Болашақта қандай мамандықты меңгересіңдер?
- -Мамандықты таңдауда кім көмектесті, не әсер етті?
- «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңд
Оқу ақпараты. Қоғамда еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрінен күрделі түріне көшу жолында оның ойлау қабілеттері одан әрі дамып, жетіле түседі. Ал, өз бойындағы табиғи қабілетін дамыту, сол жолда тынымсыз еңбектену әр адамның өзіне байланысты. Оқушының басты еңбегі-жақсы оқу, сапалы білім алу. Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, тілегін қажетіне қарай айқындап, ерік-күшін, жігерін соған бағындырса, өзін – өзі кемелдендіріп, үлкен жетістіктерге жетеді, қоғамда өз орнын таба алады.
6.Шығармашылық жұмыс.
I топтық жұмыс
1 топ. «Адам көркі-еңбек» тақырыбына ақын,жазушы ретіндк өлең,әңгіме құрастырыңыз.
2 топ. Суретші ретінде сурет салыңыз.
3 топ. Өздеріңе ұнаған рөлдерді таңдап,сынап алдында тұсаукесер жасаңыз.
II.тапсырма. Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбына эссе жазыңдар.
7. Топпен ән салу. «Қырманға кел, қалқатай» " с. Т.Ысмайлов
ә. С.Мұхамеджанов
Күн сүйеді бетімді, қыз сүймеген
Ту қатадым тың жерге қол тимеген
Бұлаңдамай алыстан, қырманға кел
Кім бар екен еңбекке бас имеген
Қ-сы
А-хау, құшағыма сені алып
Би билейін қуанып
Қырманға кел, қалқатай
Білегіңді сыбанып
Бермей-ақ қой орамал кестелеген
Бірге жүрші бидайға дестеленген
Жалқау болсаң ақ саусақ, қызыл тырнақ
Біз болар ек сендейді ескермеген
8.Үй тапсырмасы. «Өмірдің мәні неде?» эссе жазу
9.Қорытынды тыныштық сәті.
(Тыныштық. бар жерде, тыныштық. бүкiл әлемде)
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!