kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Е?бек б?рінде же?бек

Нажмите, чтобы узнать подробности

?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? жоспары

 

Білім саласы: Тіл дамыту, К?ркем ?дебиет

Та?ырыбы: «Е?бек-б?рінде же?бек»

Ма?саты: Балаларды е?бекті с?юге, адамны? тек е?бек ар?ылы к?п жетістіктерге жететінін зерек, ??ыпты, білімді болу ?ркімні? ?зіне байланысты екенін ??ындыру.

К?рнекілігі: Плакаттар, сурет, слайд, ж?мырт?а, балапан бейнесі.

?діс-т?сілі: С?ра?-жауап, ??гімелесу, т?сіндіру, балаларды? ой-?рісін дамыту, к?рсету, дидактикалы? ойын.

?н?ран

Шатты? ше?бері

Арайлап та? атты

Алтын с?уле таратты

Жар?ырайды к?німіз

Жар?ырайды даламыз

?айырлы та?, ?айырлы к?н!

Саламатсыздар ма?

Кіріспе:

Т?рбиеші: Балалар біз ?ай мемлекетте т?рамыз?

Балалар: ?аза?стан

Т?рбиеші: Елбасы президентімізді? есімі ?алай аталады?

Балалар: Н?рс?лтан Назарбаев

Т?рбиеші: ?лтымыз ?андай?

Балалар: ?аза?

Т?рбиеші: Бізді? елімізді? р?міздерін ата?даршы?

Балалар: ?н?ран, елта?ба, к?к ту

Т?рбиеші: Балалар бір жылда ?анша мезгіл бар?

Балалар: 4 мезгіл, ?ыс, к?ктем, жаз, к?з

Т?рбиеші: ?азір ?ай мезгіл?

Балалар: ?ыс

Саба?ты? барысы:

Т?рбиеші:

Балалар, б?гінгі ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетімізді? та?ырыбы: «Е?бек – б?рінде же?бек», - деп аталады. Е?бек т?рбиесі – ?ашанда е? ма?ызды ?о?амды? міндеттерді? бірі болып табылады. ?рпа? т?рбиелеуде ?ай халы?ты? болмасын е?бек т?рбиесін сырт ?алдырмайтыны белгілі. ?йткені адам ?шін е?бексіз ?мір жо?, е?бек тіршілік к?зі, адамзат ??мырыны? м?ні.

?аза? хал?ы баланы «жеті жас?а дейін патшадай к?т» - десе де е?бек т?рбиесін ерте жасынан баулуды ?ол?а ал?ан. Д?лірек айтса?, хал?ымыз бесік жырынан бастап, ?лкен-?лкен жыр-дастандарына дейін е?бек т?рбиесін т?рбиелік – ізгілік м?рат санап, насихаттап отыр?ан.

Мысалы: «Мені? б?пем ?айда екен

... Алма теріп ж?р екен

Алмасынан ?анекей

Жа?а теріп ж?ріп екен» - деген бесік жыры б?рімізге таныс.

?рпа?ыны? ?ызы?ын к?ріп, жемісін жеуді арманда?ан осы жайтты тере? т?йген ?рбір ата-ана баланы е?бекке т?рбиелеуді отбасынан баста?ан. Хал?ымызды? ?мірі техника мен ?ылым?а т?уелсіз замандарда ата-бабамыз ?з балаларын ?асына ертіп ж?ріп, к?нделікті ?мірді? ?ажеттілігіне ?йреткен. Ер бала мен ?ыз бала т?рбиесін ?зара б?ліп ?ара?ан. ?лды мал ба?у?а, отын шабу?а, а? аулау?а, тама? тауып, отбасын асырау?а баулыса, ?ыздарды ?й тазалау, т?сек жинау, шай ??йып, ас пісіру, кесте тігіп, тон пішу т.б. отбасыны? ?йелдерге т?н ж?мыстарына баулы?ан. М?ны ешкім теріске шы?армайды. Б?рын ?ке-шеше баласыны? к?з алдында е?бек етіп, отбасын асырайтын болса, ?азіргі балалар ата-ананы? ?йдегі к?нделікті ?са? тірлігі болмаса, бас?а е?бегінен бейхабар. Сонды?тан да арнайы бала т?рбиесімен айналысатын бізге, я?ни т?рбиешілерге ?лкен жауапкершілік ж?ктелген деп айту?а болады. Осы?ан байланысты балаба?шада е?бек т?рбиесіне барлы? саба?та, тіпті ойын кезінде де баулу?а тиіспіз. Е?бек еткен бала ?ана, ал?а ?мтылыл?ан бала ?ана ?лкен азамат болып ?седі, - екен. Балалар біз е?бек жайында к?птеген ма?л?маттар алды? енді орман?а барып, таби?атты тамашалап, ?демі а?аштарды к?ріп ??старды? неше т?рлі ?ніне зер сала ты?дайы?.

Т?рбиеші: Мына ?н салып т?р?ан ?андай ??с?

Балалар: Б?лб?л

Т?рбиеші: Кім б?лб?л туралы та?па? біледі?

1-ші бала: Б?лб?л ?сем жырлайды,

      Ел-ж?рт елтіп ты?дайды.

Т?рбиеші: Талдан тал?а секіріп, ши?ылда?ан ?андай ??с?

Балалар: Тор?ай

2-ші бала:      Тор?ай-тор?ай тор?айсы?

Таяу келіп ?он?айсы?

Жем шашайын тойып ал

Сонда ?ана то?байсы?

 

Т?рбиеші: К?ндіз а?ашты? ?уысына ты?ылып ал?ан, т?нде ?шатын ??с?

Балалар: Жапала?

3-ші бала:      Т?нде ?шатын жапала?,

?ызыл ?ан?а ?анталап.

 

Т?рбиеші: Ал суда ж?зіп ж?рген ?андай ??с?

Балалар: ?йрек

4-ші бала:      ?йрегім-ай, ?йрегім,

Келіп ж?рме билегі??

Ж?згіштігі? керемет

Суда жарыс болса егер

Бас б?йгені берер-ек.

            Т?рбиеші: Ала ?анат, ?ара ??с ?алай аталады?

Балалар: Сауыс?ан

5-ші бала:      Ала ?анат сауыс?ан,

??ртты к?рсе жабыс?ан.

??ртты шо?ып тауыс?ан.

Санитар-б?л сауыс?ан.

            Т?рбиеші: ?те жа?сы, балалар, б?рі? ??старды жа?сы біледі екенсі?дер.

Ал ??старды? балалары ?алай аталады?

Балалар: Балапан

Т?рбиеші: ??стар балапандарын немен тама?тандырады?

Балалар: Жем, ш?п, т?рлі ??рттар.

Т?рбиеші: И?, ?те д?рыс айтты?дар. Халы?та «??ста с?т жо?, жыл?ыда ?т жо?» деген ма?ал бар. Б?л ??ста с?т болмайды деген ??ымнан ту?ан. Бір ?ана ??ста с?т болады. Ол балапандарын с?тімен асырап ?сіреді. Оны біліп ?ойы?дар, к?дімгі к?гершін.

Т?рбиеші: Балалар ?ара?даршы, мені? ?олымда ?зі аппа?, д??гелек зат т?р. М?ны? не екенін білесі?дер ме?

Балалар: Ж?мырт?а (Осы кезде оны? ішінен балапан шы?аді)

Балапан: С?леметсіздер ме балалар. Мен сендерді к?ргеніме ?уаныштымын. Мені? анамды к?рмеді?дер ме?

Т?рбиеші: Балалар балапанны? енесі келгенше к??ілін к?тере т?райы?. ?ане б?ріміз бірігіп «Ш?же ш?желер» ?нін орындап берейік:

Балалар:

Ш?п, ш?п ш?желерім,

Мамы? ж?ді ш?желерім,

Н?зік ?нді ш?желерім.

Ке? шал?ында жайылым бар,

Кел, т?рма?дар жайылы?дар.

Ке? шал?ында жайылым бар,

Кел, т?рма?дар жайылы?дар.

Ай, мені? ш?желерім

Ай мені? ш?желерім.

Балапан: Балалар ?нді ?сем ?имылмен, билеп ?алай ?демі айтасы?дар. Ма?ан да ?йретесі?дер ме?

Т?рбиеші: Егер е?бекті с?йсе?, жал?ау болмай, айт?ан тілді алса?, к?п о?ыса?, білімді, зерек болса? б?рін ?йренуге болады ?ой балалар. Мен сендерге «Жал?ау балапан» ??гімесін айтып беремін. Оны? аянышты халіне кім кін?лі екенін со?ында айтасы?дар. Ал, ы??айланып отырып, ты?да?дар.

Бір тор?айды? балапанын енесі жылы ?ясына м?пелеп ?сіреді. Балапанны? ж?ні жетіліп, ?ауырсыны? ?айта?ан со?, енесі ?шу?а баулиды. Бір к?ні ол балапан?а:

  • ?лкейді? ?шуды ?йренді?, енді ?з к?ні?ді, ?зі? к?р, - дейді. Балапан біраз ?шып, ?анаты талып ?шуды? о?ай емес екенін сезеді.
  • Мен ?шпай – а? ?ямда жата берейін, - дейді балапан.
  • Неге? Дейді енесі.
  • ?лі жаспын. Егер ?атер т?нсе, мен ?зімді ?алай ?ор?аймын, - дейді балапан.
  • Сені? ?ор?анышы? – ?анаты?. ?ауіп т?нсе, ?шып кет – дейді енесі.

Балапан ?ясына келіп, жатып алады. Жем таситын анасы жо?, ?арны ашып кетеді. Та? атысымен бас?а тор?айлар тіршілік жасайды. Ал балапан енесін тосып жата береді. Арада бір к?н ?теді. ?арны ?бден ашып амалсыздан ?ясынан ?шып шы?ады. Тама?танба?ан ол ?лсіреп ?ал?ан екен, ?ша алмай жерге ??лап т?седі. Біраз уа?ыттан кейін, жанынан енесіні? ?шып бара жат?анын к?реді. Енесі дереу жанына ?шып келіп:

  • Са?ан не болды, жараланып калды? ба?
  • Жаспын, к?н к?ре алмаймын десем, болмады?. Міне енді аштан ?лгелі жатырмын, - деді балапан.

Ана бай??с жаны ?алмай тама?тандырып ж?реді. Ал балапан ?шып ?зі тама? табуды да ойламай ?яда жата береді.

К?з ?тіп суы? ?ыс келеді. Ана тор?ай?а ?зі ?шін, ?рі жал?ау балапаны ?шін тама? табу ?иын?а т?седі.

Бір к?ні тор?ай асты? ?оймасына кіріп, жем ала бастайды. ?лдекімдер есік, терезені жауып кетіпті, ?айта шы?а алмай ?алады.

Арада бірнеше к?н ?теді, енесі оралмайды. Балапан тама? іздеп сырт?а ?зі шы?ады. Біра? ?лі жо?, ?арны аш к?п ?ша алмайды, бір б?та??а ?зер ?онып отырады. К?н суы?, аяз. Ол ?орек табудан ?бден к?дер ?зеді. Сол б?та??а б?рісіп отыра береді. Бойын суы? ал?ан балапан есі ауып, ??лап т?седі...

Т?рбиеші:

??гіме сендерге ?нады ма?

  • Не жайлы айтыл?ан?
  • Балапан неге ?ша алмай ?алды?
  • Анасы ?андай жанашырлы? к?рсетті?
  • Балапанны? осындай халге душар бол?анына кім кін?лі деп ойлайсы?дар?
  • Балапан сен осындай болды? ба?

Балапан: Жо?, мен балалар  сия?ты е?бек?ор, ізетті, к?п білетін білімді, анамны? тілін алатын тілал?ыш, т?рбиелі балапан боламын.

Сырттан ши?ылда?ан дауыс шы?ады.

  • Мені? анам келді, мен кеттім. Сау болы?дар балалар, апайлары?мен, ата-аналары?ны? тілін алып, е?бек с?йіп ?сі?дер? – дейді балапан. /шы?ып кетеді/

Т?рбиеші: Хал?ымызда «Е?бек етсе? ерінбей, тояды ?арны? тіленбай» деген ма?ал бар. Сол сия?ты ерінбей, жал?ауланбай е?бек еткенні? ?арны то?, к?йлегі к?к болатынын сендер білесі?дер. Сонымен ?атар адамны? ?алай ?мір с?руі тек ?зіне байланысты екенін т?сінген боларсы?дар.

Ал енді б?ріміз орнымыздан т?рып, бойымызды сергіту ?шін жатты?у жасап алайы?:

Шыр, шыр еткен тор?айды

?ор?амаса? болмайды

Кіп-кішкене тор?айлар

А?аштарды ?ор?айды.

Таспен атып тор?айды

?я б?з?ан ойбайды.

??с ?кпелеп кетеді

Ба?шамыз?а ?онбайды.

 

Д/о «С?ра??а жауап бер»

Т?рбиеші: Мен кімге доп ла?тырамын, сол адам?а с?ра? ?оямын, допты ?а?ып алып, мені? с?ра?ыма жауап бересі?дер ме балалар.

  1. ?андай ??старды білесі?дер?
  2. Ш?же деген не?
  3. ?андай ??гіме ты?дады??
  4. Балапан неден пайда болды?
  5. ?андай ??ста с?т бар?
  6. ??гіме неге «Жал?ау балапан»-деп атал?ан?

Т?рбиеші: Балалар біз сендермен к?птеген ??стар туралы та?па?, ??гіме айтты?. Мен сендерге ж?мба? жасырайын. Кім табады екен:

Ерте т?рады

Жар ша?ырады /?ораз/

?айталап ?з атын

К?ктемде ?н салады

Кез-келген ?я?а

Ж?мырт?а салады /к?кек/

К?ндіз жо?

Т?нде бар /жар?анат/

Т?рбиеші: ?те жа?сы, ал енді біз сендермен ??стар ж?не е?бек туралы к?п айтты?. Сол е?бек туралы кім ма?ал-м?тел біледі.

 

Е?бек-б?рінде же?бек

Е?бекпен ел к?герер,

Жа?бырмен жер к?герер.

Е?бек т?бі зейнет

Есі? бар да е?бектен

Е?бек ерді терлеткен

Е?бекпен тап?ан нан?а

Керек болмас майда

Іргелі е?бегі? болсын сенгені?

Сонда ?аларсы? астында те?гені?

Ба?ыт таза е?бекте

К?терген к?пті жер к?кке

Елі?ні? сені с?йгені

Е?бегі?ні? сі?гені

Тиыннан те?ге жиналар

Е?бектен де жинап ал

Т?рбиеші: е?бекті? адам ?міріндегі орнын, е?бек ар?ылы ?ана ?лкен азамат болу?а болатынын т?сінген боларсы?дар балалар.

Ал, балалар барлы?ымыз е?бек туралы жатта?ан та?па?ымызды айтумен б?гінгі ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетімізді ?орытындылайы?.

Балаларды? барлы?ы:

Г?л ?сірсе? терлеп,

М?ны? аты-е?бек.

Кесте тіксе? зерлеп,

М?ны? аты е?бек

?ыр?а шы?са? ?рлеп,

М?ны? аты е?бек

Саба?ы?а ж?ндеп,

?зірленсе? е?бек

?иынды?ты? б?рін

Е?бек ?ана же?бек.

К?тілетін н?тиже:

Не білді: Балалр е?бекті с?юге, адамны? тек е?бек ар?ылы к?п жетістіктерге жететініне к?здері жетті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Е?бек б?рінде же?бек »

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспары


Білім саласы: Тіл дамыту, Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Еңбек-бәрінде жеңбек»

Мақсаты: Балаларды еңбекті сүюге, адамның тек еңбек арқылы көп жетістіктерге жететінін зерек, ұқыпты, білімді болу әркімнің өзіне байланысты екенін ұғындыру.

Көрнекілігі: Плакаттар, сурет, слайд, жұмыртқа, балапан бейнесі.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, балалардың ой-өрісін дамыту, көрсету, дидактикалық ойын.

Әнұран

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Саламатсыздар ма?

Кіріспе:

Тәрбиеші: Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

Балалар: Қазақстан

Тәрбиеші: Елбасы президентіміздің есімі қалай аталады?

Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев

Тәрбиеші: Ұлтымыз қандай?

Балалар: Қазақ

Тәрбиеші: Біздің еліміздің рәміздерін атаңдаршы?

Балалар: Әнұран, елтаңба, көк ту

Тәрбиеші: Балалар бір жылда қанша мезгіл бар?

Балалар: 4 мезгіл, қыс, көктем, жаз, күз

Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл?

Балалар: Қыс

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

Балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Еңбек – бәрінде жеңбек», - деп аталады. Еңбек тәрбиесі – қашанда ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі болып табылады. Ұрпақ тәрбиелеуде қай халықтың болмасын еңбек тәрбиесін сырт қалдырмайтыны белгілі. Өйткені адам үшін еңбексіз өмір жоқ, еңбек тіршілік көзі, адамзат ғұмырының мәні.

Қазақ халқы баланы «жеті жасқа дейін патшадай күт» - десе де еңбек тәрбиесін ерте жасынан баулуды қолға алған. Дәлірек айтсақ, халқымыз бесік жырынан бастап, үлкен-үлкен жыр-дастандарына дейін еңбек тәрбиесін тәрбиелік – ізгілік мұрат санап, насихаттап отырған.

Мысалы: «Менің бөпем қайда екен

... Алма теріп жүр екен

Алмасынан қанекей

Жаңа теріп жүріп екен» - деген бесік жыры бәрімізге таныс.

Ұрпағының қызығын көріп, жемісін жеуді армандаған осы жайтты терең түйген әрбір ата-ана баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Халқымыздың өмірі техника мен ғылымға тәуелсіз замандарда ата-бабамыз өз балаларын қасына ертіп жүріп, күнделікті өмірдің қажеттілігіне үйреткен. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін өзара бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, тамақ тауып, отбасын асырауға баулыса, қыздарды үй тазалау, төсек жинау, шай құйып, ас пісіру, кесте тігіп, тон пішу т.б. отбасының әйелдерге тән жұмыстарына баулыған. Мұны ешкім теріске шығармайды. Бұрын әке-шеше баласының көз алдында еңбек етіп, отбасын асырайтын болса, қазіргі балалар ата-ананың үйдегі күнделікті ұсақ тірлігі болмаса, басқа еңбегінен бейхабар. Сондықтан да арнайы бала тәрбиесімен айналысатын бізге, яғни тәрбиешілерге үлкен жауапкершілік жүктелген деп айтуға болады. Осыған байланысты балабақшада еңбек тәрбиесіне барлық сабақта, тіпті ойын кезінде де баулуға тиіспіз. Еңбек еткен бала ғана, алға ұмтылылған бала ғана үлкен азамат болып өседі, - екен. Балалар біз еңбек жайында көптеген мағлұматтар алдық енді орманға барып, табиғатты тамашалап, әдемі ағаштарды көріп құстардың неше түрлі үніне зер сала тыңдайық.

Тәрбиеші: Мына ән салып тұрған қандай құс?

Балалар: Бұлбұл

Тәрбиеші: Кім бұлбұл туралы тақпақ біледі?

1-ші бала: Бұлбұл әсем жырлайды,

Ел-жұрт елтіп тыңдайды.

Тәрбиеші: Талдан талға секіріп, шиқылдаған қандай құс?

Балалар: Торғай

2-ші бала: Торғай-торғай торғайсың

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда ғана тоңбайсың


Тәрбиеші: Күндіз ағаштың қуысына тығылып алған, түнде ұшатын құс?

Балалар: Жапалақ

3-ші бала: Түнде ұшатын жапалақ,

Қызыл қанға қанталап.


Тәрбиеші: Ал суда жүзіп жүрген қандай құс?

Балалар: Үйрек

4-ші бала: Үйрегім-ай, үйрегім,

Келіп жүрме билегің?

Жүзгіштігің керемет

Суда жарыс болса егер

Бас бәйгені берер-ек.

Тәрбиеші: Ала қанат, қара құс қалай аталады?

Балалар: Сауысқан

5-ші бала: Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Құртты шоқып тауысқан.

Санитар-бұл сауысқан.

Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар, бәрің құстарды жақсы біледі екенсіңдер.

Ал құстардың балалары қалай аталады?

Балалар: Балапан

Тәрбиеші: Құстар балапандарын немен тамақтандырады?

Балалар: Жем, шөп, түрлі құрттар.

Тәрбиеші: Иә, өте дұрыс айттыңдар. Халықта «Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ» деген мақал бар. Бұл құста сүт болмайды деген ұғымнан туған. Бір ғана құста сүт болады. Ол балапандарын сүтімен асырап өсіреді. Оны біліп қойыңдар, кәдімгі көгершін.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, менің қолымда өзі аппақ, дөңгелек зат тұр. Мұның не екенін білесіңдер ме?

Балалар: Жұмыртқа (Осы кезде оның ішінен балапан шығаді)

Балапан: Сәлеметсіздер ме балалар. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Менің анамды көрмедіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар балапанның енесі келгенше көңілін көтере тұрайық. Қане бәріміз бірігіп «Шөже шөжелер» әнін орындап берейік:

Балалар:

Шөп, шөп шөжелерім,

Мамық жүді шөжелерім,

Нәзік үнді шөжелерім.

Кең шалғында жайылым бар,

Кел, тұрмаңдар жайылыңдар.

Кең шалғында жайылым бар,

Кел, тұрмаңдар жайылыңдар.

Ай, менің шөжелерім

Ай менің шөжелерім.

Балапан: Балалар әнді әсем қимылмен, билеп қалай әдемі айтасыңдар. Маған да үйретесіңдер ме?

Тәрбиеші: Егер еңбекті сүйсең, жалқау болмай, айтқан тілді алсаң, көп оқысаң, білімді, зерек болсаң бәрін үйренуге болады ғой балалар. Мен сендерге «Жалқау балапан» әңгімесін айтып беремін. Оның аянышты халіне кім кінәлі екенін соңында айтасыңдар. Ал, ыңғайланып отырып, тыңдаңдар.

Бір торғайдың балапанын енесі жылы ұясына мәпелеп өсіреді. Балапанның жүні жетіліп, қауырсының қайтаған соң, енесі ұшуға баулиды. Бір күні ол балапанға:

  • Үлкейдің ұшуды үйрендің, енді өз күніңді, өзің көр, - дейді. Балапан біраз ұшып, қанаты талып ұшудың оңай емес екенін сезеді.

  • Мен ұшпай – ақ ұямда жата берейін, - дейді балапан.

  • Неге? Дейді енесі.

  • Әлі жаспын. Егер қатер төнсе, мен өзімді қалай қорғаймын, - дейді балапан.

  • Сенің қорғанышың – қанатың. Қауіп төнсе, ұшып кет – дейді енесі.

Балапан ұясына келіп, жатып алады. Жем таситын анасы жоқ, қарны ашып кетеді. Таң атысымен басқа торғайлар тіршілік жасайды. Ал балапан енесін тосып жата береді. Арада бір күн өтеді. Қарны әбден ашып амалсыздан ұясынан ұшып шығады. Тамақтанбаған ол әлсіреп қалған екен, ұша алмай жерге құлап түседі. Біраз уақыттан кейін, жанынан енесінің ұшып бара жатқанын көреді. Енесі дереу жанына ұшып келіп:

  • Саған не болды, жараланып калдың ба?

  • Жаспын, күн көре алмаймын десем, болмадың. Міне енді аштан өлгелі жатырмын, - деді балапан.

Ана байғұс жаны қалмай тамақтандырып жүреді. Ал балапан ұшып өзі тамақ табуды да ойламай ұяда жата береді.

Күз өтіп суық қыс келеді. Ана торғайға өзі үшін, әрі жалқау балапаны үшін тамақ табу қиынға түседі.

Бір күні торғай астық қоймасына кіріп, жем ала бастайды. Әлдекімдер есік, терезені жауып кетіпті, қайта шыға алмай қалады.

Арада бірнеше күн өтеді, енесі оралмайды. Балапан тамақ іздеп сыртқа өзі шығады. Бірақ әлі жоқ, қарны аш көп ұша алмайды, бір бұтаққа әзер қонып отырады. Күн суық, аяз. Ол қорек табудан әбден күдер үзеді. Сол бұтаққа бүрісіп отыра береді. Бойын суық алған балапан есі ауып, құлап түседі...

Тәрбиеші:

Әңгіме сендерге ұнады ма?

  • Не жайлы айтылған?

  • Балапан неге ұша алмай қалды?

  • Анасы қандай жанашырлық көрсетті?

  • Балапанның осындай халге душар болғанына кім кінәлі деп ойлайсыңдар?

  • Балапан сен осындай болдың ба?

Балапан: Жоқ, мен балалар сияқты еңбекқор, ізетті, көп білетін білімді, анамның тілін алатын тілалғыш, тәрбиелі балапан боламын.

Сырттан шиқылдаған дауыс шығады.

  • Менің анам келді, мен кеттім. Сау болыңдар балалар, апайларыңмен, ата-аналарыңның тілін алып, еңбек сүйіп өсіңдер? – дейді балапан. /шығып кетеді/

Тәрбиеші: Халқымызда «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбай» деген мақал бар. Сол сияқты ерінбей, жалқауланбай еңбек еткеннің қарны тоқ, көйлегі көк болатынын сендер білесіңдер. Сонымен қатар адамның қалай өмір сүруі тек өзіне байланысты екенін түсінген боларсыңдар.

Ал енді бәріміз орнымыздан тұрып, бойымызды сергіту үшін жаттығу жасап алайық:

Шыр, шыр еткен торғайды

Қорғамасақ болмайды

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды

Ұя бұзған ойбайды.

Құс өкпелеп кетеді

Бақшамызға қонбайды.


Д/о «Сұраққа жауап бер»

Тәрбиеші: Мен кімге доп лақтырамын, сол адамға сұрақ қоямын, допты қағып алып, менің сұрағыма жауап бересіңдер ме балалар.

  1. Қандай құстарды білесіңдер?

  2. Шөже деген не?

  3. Қандай әңгіме тыңдадық?

  4. Балапан неден пайда болды?

  5. Қандай құста сүт бар?

  6. Әңгіме неге «Жалқау балапан»-деп аталған?

Тәрбиеші: Балалар біз сендермен көптеген құстар туралы тақпақ, әңгіме айттық. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Кім табады екен:

Ерте тұрады

Жар шақырады /қораз/

Қайталап өз атын

Көктемде ән салады

Кез-келген ұяға

Жұмыртқа салады /көкек/

Күндіз жоқ

Түнде бар /жарғанат/

Тәрбиеші: Өте жақсы, ал енді біз сендермен құстар және еңбек туралы көп айттық. Сол еңбек туралы кім мақал-мәтел біледі.


Еңбек-бәрінде жеңбек

Еңбекпен ел көгерер,

Жаңбырмен жер көгерер.

Еңбек түбі зейнет

Есің бар да еңбектен

Еңбек ерді терлеткен

Еңбекпен тапқан нанға

Керек болмас майда

Іргелі еңбегің болсын сенгенің

Сонда қаларсың астында теңгенің

Бақыт таза еңбекте

Көтерген көпті жер көкке

Еліңнің сені сүйгені

Еңбегіңнің сіңгені

Тиыннан теңге жиналар

Еңбектен де жинап ал

Тәрбиеші: еңбектің адам өміріндегі орнын, еңбек арқылы ғана үлкен азамат болуға болатынын түсінген боларсыңдар балалар.

Ал, балалар барлығымыз еңбек туралы жаттаған тақпағымызды айтумен бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді қорытындылайық.

Балалардың барлығы:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты-еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек

Қырға шықсаң өрлеп,

Мұның аты еңбек

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Күтілетін нәтиже:

Не білді: Балалр еңбекті сүюге, адамның тек еңбек арқылы көп жетістіктерге жететініне көздері жетті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Е?бек б?рінде же?бек

Автор: Алиева Гульнур Айдархановна

Дата: 24.01.2015

Номер свидетельства: 160644


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства