kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Грамматикалы? талдау

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі білім беруді? басты ма?саты-шы?армашыл, ізденімпаз т?л?а ?алыптастыру.Егеменді елімізді? е? басты м?раты ?ркениетті елдер ?атарына к?терілу болса, ал ?ркениетке жетуде жан-жа?ты дамы?ан, рухани бай т?л?аны? алатын орны ерекше. Осы орайда о?ушыны? танымды?, шы?армашылы? ?абілетін дамыту- мектеп м??алімдеріні? алдында т?р?ан жауапты міндеттерді? бірі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Грамматикалы? талдау»

Грамматикалық талдау

Фонетикалық талдау

Дауыссыз дыбыстарға талдау жасау

Дауыссыздардың дауыс, үннің, салдырдың қатысына қарай жіктелуі. Дауыссыздарды үшке бөлеміз.

  1. Үнді дауыссыздар: ____й,л,м,н,ң,р,/у/,

  2. Қатаң дауыссыздар: ___к,қ,п,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ.

  3. Ұяң дауыссыздар: _____б,в,г,ғ,д,ж,з,һ.

Үні басымын-үнді дауыссыздар, тек салдырдан тұратынын -қатаң, үннен гөрі салдыры басымын-ұяң деп жіктеп жүрміз.

Дауысты дыбыстарға талдау жасау

  1. Еріннің қатысына қарай: еріндік, езулік;

Еріндік дауыстылар: о, ө, у, ұ, ү

Езулік дауыстылар: а, ә, э, е, ы, і

  1. Иектің (жақтың) қаысына қарай: ашық, қысаң;

Ашық дауыстылар: а, ә, е, э

Қысаң дауыстылар: ы, і, ұ, ү, и

3. Тілдің қатысына қарай: жуан, жіңішке деп бөледі.

Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ, (и), (у);

Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, (и), (у)

Тіл дыбыстарынан кейінгі сөздің бөлшегі-буын. Сөздің құрамында қанша дауысты болса, сонша буын болатыны белгілі.Сөздерді буынға жіктеуде:

Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның үш түрі: ашық, тұйық, бітеу буын.

Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын. Мұның дыбыстық құрамы:

1) А: а-та, е-не, ы-дыс

2) ВА: ба-ла-сы.

3) ВВА: ста-нок, ста-қан, пла-кат

4) ВВВА: стра-те-ги-я, стра-тосфера

Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын. Дыбыстық құрамы:

1) АВ: ат, ән-детті, ой-ланды

2) АВВ: ант, ырс-ырс, ұлт.

Бітеу буын – дауыссыздан дыбыстан басталып, дауыссызға аяқталатын буын түрі. Дыбыстық құрамы:

1) ВАВ: бас-тар, тас-тай.

2) ВАВВ: қант, былқ-былқ

3) ВАВВВ: пункт, центр,текст

4) ВВАВ: шкаф, шлаг, крем

5) ВВАВВ: спорт, крест

6) ВВАВВВ: спектр

7) ВВВАВ: штраф, шприц

Екпін. Бірнеше буынды сөздердің бір буыны қалған буындардан күшті айтылып, айқынырақ естіледі.

Қазақ тілінде екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі екпін, екіншісі –көмекші екпін. Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі.

Екпін түспейтін буындар:

1. Жіктік жалғауына – оқушымыз, барамыз т.б.

2. Болымсыз етістіктің жұрнағына: ағашты жарма, айтпа.

3. шылау сөздерге: үй де, мал да т.б.

4. көмекші сөздерге: ғой, шейін, сайын т.б.

Тасымал. Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе көп буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз. Демек, сөздерді тек буын жігімен ғана тасымлдау керек. Тасымалдауға болмайтын жағай мыналар:

1. Бір дыбысты ашық буынды тасымалдауға болмайды: а-та, ә-же.

2. Екі, үш дыбысты тұйық буынды бөліп-жарып тасымалдауға болмайды: ат, ән, өрт.

3. Бітеу буындарды бөліп-жаруға болмайды:

4. Бас әріптен қысқарға сөздерді бөліп тасымалдауға болмайды. АҚШ

5. Адам атының, әкесінің атының қысқартылып алынған әрпін фамилиядан айырып тасымалдауға болмайды: А.Құнанбаев

6. 15 га, 25 см цифр арқылы таңбалаатын сандарды оларға қатысты атаулардын бөліп тасымадауға болмайды. Сонымен бірге, жиын, қиын, жуын, электр, станция, вольт сияқты сөздер тасымалданбайды.

Мазмұны жағынан грамматикалық талдау екі үлкен салаға бөлінеді:

Морфологиялық және синтаксистік талдау.

Осы екі грамматикалық талдауды жүргізудің 2 тәсілі бар. Бірі-ауызша талдау, екіншісі-жазбаша талдау. Жазбаша талдау арқылы оқытушы оқушылардан грамматикалық ұғымдар мен олардың тілдік элементтерін жетік білуін оқушылардың ұқыптылығын талап етіп отыруы қажет. Сол арқылы оқушылардың сөйлемді дұрыс та толық талдау дағдысын қалыптастырады.

Морфологиялық талдау

Сөздің грамматикалық тұлғасын білмей тұрып, оқушының сөз байлығын дамыту мүмкін емес. Грамматикалық талдауды саналы жүргізу, сөзді дұрыс қолдану, олардың сөз тұлғасын жетік білуіне байланысты.

Морфологиялық талдаудың алғашқы баспалдағы-сөздерді тұлғасына қарай талдау. Ол үшін мына кестені пайдалануға болады.

Сөз құрамы

Түбір сөз

Туынды сөз

Қос сөз

Біріккен сөз

Сөз тіркесі

Қысқарған сөз

Жұрнақ

Жалғау


Ана

Қант

сан

Егін-ші

Қобыз-шы

Биік-биік

Ап-аласа

Аққу, тасбақа

Темір жол, қара торы

ҚарМУ,

ҰБТ,МАБ

Сөз тудырушы

1.Көптік

2.Септік

3.Жіктік

4.Тәуелдік

Біл-гіш, ас-паз


Сөз түрлендіруші


  1. Зат есім өткеннен кейін

Зат есім күнделікті өмірде кездесетін заттардың, құбылыстардың атауы болатын лексика-семантикалық сөз таптарының бірі болып саналады. Зат есім өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына қарай, сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға аса қажетті өкптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады; екіншіден, зат есімдердің сөз тудыратын және форма тудыратын арнаулы жұрнақтары бар.

Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты:

  • Жалпы және жалқы зат есім;

  • Дерексіз (абстракті) зат есім көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін заттардың атауы. М: сезім, бақыт, самал т.б.

  • Деректі (конкретті) зат есім, керісінше, көзге көрініп, қолмен ұстауға болатын заттардың атауы. М: үстел, қол, тас т.б.

  • Адамзат атауы зат есімдерге кім? деген сұраққа жауап беретін заттар (дәрігер, бала, мұғалім) жатса,

  • Ғаламзат атауы зат есімдерге не? деген сұрақтарға жауап беретін заттар (үй, орман, жер) жатады.

Жалпы есімдер тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер. М: ағаш, бала, көмір т.б.

Зат есімдердің құрылымы. Зат есім құрылымы жағынан дара да, күрделі де болады. жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі – түбір зат есімдер, екіншісі – туынды зат есімдер. Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбір және жұрнақтар) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема ретінде қабылданатын заттық атауларды атаймыз.(ат, адам, құс).

Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз. (атшы, адамшылық, егінші)

Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады.

Біріккен зат есімдер: бәйтерек, белбеу.

Қосарланған: ақыл-айла.

Тіркескен зат есімдер (тіркесу арқылы жаслады): ауыл шаруашылығы, қоғамдық еңбек. Қысқарған зат есімдер: ҚазССР, см, га т.б.

  1. Етістікті өткеннен кейін

Етістік-грамматикалық категорияларға да, мағынаға дабай. Күрделі сөз табы. Етістіктің мағынасын, морфологиялық, синтаксистік белгілерін қаншалықты егжей-тегжейлі оқытқанмен, морфологиялық талдауда мұның бәрін қамтып, толық көрсету қиын. Дегенмен морфологиялық талдауда етістіктің грамматикалық белгілеріне мән беріп, көрсетіп отыру қажет. Ол белгілер мыналар:

Етістік


Етіс (4етіс)

Болымды Болымсыз

Салт Сабақты

Шақтары

Райлары

Көсемше

Есімше

Жақ

Тұйық етістік

ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ:

ДАРА

Бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады. Мысалы: баста, кес, тасы, тара, аяқта.

КҮРДЕЛІ

Кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Бірінші сыңары негізгі етістік, ал кейінгі тұрғандары көмекші етістік болып саналады. Мысалы: бара жатыр еді, алып кел.

ТҰЛҒАСЫНА ҚАРАЙ:

НЕГІЗГІ

Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады. Мысалы: кел, кет, жүр, жаз, көрген, айтпады

ТУЫНДЫ

Түбір етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік. Мысалы: ой-ла, есеп-те, сан-а, жу-ын.

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ-АСПАУЫНА ҚАРАЙ:

БОЛЫМДЫ

Іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы: кел, санады, жаздыр, өшірген

БОЛЫМСЫЗ

Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Негізгі және туынды етістікке –ма, -ме,-па,-пе,-ба,-бе жұрнақтарының жалғануы немесе жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: келме, санамады, жаздырма, өшірмеген

МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ

САЛТ

Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік. Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр.

САБАҚТЫ

Алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік.

Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шеш.


Көсемше – етістіктің ерекше түрі.Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте қолданылады.Іс-әрекеттің жай күйін білдіріп, пысықтауыш болады,жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп,баяндауыш болады. Көсемшенің жұрнақтары

1 -а, -е, -й Айт-а, кел-е-, сөйле-й

2 -ып, -іп, -п Айт-ып, кел-іп, қара-п

3 -ғалы, -гелі, -қалы, -келі Ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы, төк-келі

Көсемше етістік түбірлеріне, етіс, болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

1.-а ,-е,-й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады.

Дауыссыз дыбысқа біткен сөздеге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты дыбысқа біткен етістікке -й жалғанады: жаз-а, сөйле-й, т.б.

2.-ып, -іп, -п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін-ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа біткен етістікке -п жұрнағы жалғанады: жаз-ып, қара-п, т.б.

3.-ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады.

Дауысты, үнді, ұяң дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ғалы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаңға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, бер-гелі, кет-келі.

-а,-е,-й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді. Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.

Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Грамматикалы? талдау

Автор: Серикбаев Акжол Серикбаевич

Дата: 21.06.2016

Номер свидетельства: 335605

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) ""Етістік" "
    ["seo_title"] => string(10) "ietistik-2"
    ["file_id"] => string(6) "179743"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425056652"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Т?рлаусыз м?шелерден ?ткенді ?айталау. "
    ["seo_title"] => string(44) "tu-rlausyz-mushielierdien-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "182091"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425464223"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "С?здерді? грамматикалы? байланысы "
    ["seo_title"] => string(35) "sozdierdin-ghrammatikalyk-bailanysy"
    ["file_id"] => string(6) "211111"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431540928"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "методический материал  "О?ушыларды ?аза? тілі саба?ына ?ызы?тыруды? ?діс-т?сілдері" "
    ["seo_title"] => string(90) "mietodichieskii-matierial-ok-ushylardy-k-azak-tili-sabag-yna-k-yzyk-tyrudyn-dis-t-sildieri"
    ["file_id"] => string(6) "221208"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1435121750"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Открытый урок на тему "Салалас ??рмалас с?йлем" "
    ["seo_title"] => string(49) "otkrytyi-urok-na-tiemu-salalas-k-u-rmalas-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "204056"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429602770"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства