kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі сабағы бойынша 7-сыныпта өтіліп жатқан модуль бойынша ашық сабақ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігіне орай өткізілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдеп»


Сабақтың тақырыбы «Әдеп». 7-сынып (орыс)

Сабақтың мақсаты:

1. Айтылған ақпараттарды тыңдап түсінуге, тақырып бойынша өз ойын айтуға, сурет бойынша мәтін құрап жазуға, ұсынылған тақырып бойынша сөйлесуге, достарымен пікірлесуге, реттік сан есім жұрнақтарын дұрыс қолдануға үйрету.

2. Сөздік қорын, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Әдеп нормаларын сақтау , өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру.     

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Көрнекіліктері :интерактивті тақта, слайдтар, сурет, аудиокітап
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: «Жылдам жауап», «Миға шабуыл»,сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, проблемалық сұрақ, шығармашылық жұмыс, талдау жұмыстары.
Сабақтың түрі: өнеге сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері, өзін - өзі тану сабағы
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа деген дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. “Жылдам жауап”
1) Сын есімнің шырайлары қандай?
2) Салыстырмалы шырай неше жолмен жасалады, қандай?
3) Күшейтпелі шырай неше жолмен жасалады, қандай?
4) Ғаламтор дегеніміз не?
5) Ғаламтордың мүмкіндіктері қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл» әдісі
- Сабағымызды бастамас бұрын мына суретке назар аударайық. Бұл кім, балалар?

( интерактивті тақтадан Ыбырай Алтынсариннің суреті көрсетіледі.)
- Қандай шығармаларын білесіңдер?

("Әке мен бала","Бақша ағаштары" әңгімелері)
- Балалар әдебиетінің атасы атанған Ыбырай аталарымыздың әңгімесін аудиокітаптан тыңдап көрейік.
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып, сөйлесіп тұрғанда, қасында бір жарлы мұжық өтіп бара жатып, иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз?- деп айтты дейді.
Сонда әкім:
- Ешбір ілім - білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қаламын ба? - дейді.
- Осы мәтіннен не түсіндіңдер?
- Оқыған адам ғана әдепті бола ала ма?
- Әдеп, әдептілік сөздерін қалай түсінесіңдер?

Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Қандай мақсат қоямыз?

«Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік» деген сөздердің мағынасын ашу үшін  антонимдік және синонимдік тәсілдер қолданайық.
Мысалы :Синонимдік тәсіл: Әдепті, тәртіпті, үлгілі, тәрбиелі.
Антонимдік тәсіл: Әдепсіз, тәрбиесіз, өнегесіз т.б.

1.Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтіннен үзінді беру.Мәтінді түсініп оқып, ат қою. Мәтінге сұрақтар дайындау.

1-топ. Біз қайда барсақ та үнемі адамдар арсында жүреміз.Көшеде, мәдени орындарда, вокзалда т.б. жерлерде де кейбір мәдениетсіз жастардың қылықтарынан ұяласың. Ол өзгені де өзін де сыйламау. Жасы үлкенге жол беру, орын беру, көмек көрсету кейбір оқушылар тарапынан өте сирек кездеседі. Менің ойымша бұл-әдепсіздік.

2-топ. Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендермен сәлемдеседі. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау-мәдениетсіздік. Мысалы, кей оқушылар өздеріне сабақ бермейтін мұғалімдермен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, мәдениетсіздік деп ойлаймын.

3-топ. Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп, көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде жан-жағына қарау, теңселу, алаңдап, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ, асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қатты сөйлеу, сөзді бұзу,аяғына дейін тыңдамау - әдепсіздіктің белгісі.


Тақтада жұмыс. Жазба жұмысын орындайды.
1. Кешірімді болады жақсы бала
2. Үлкеннің ақылын қор болмайды алған
3. Адамдардың бөгемеу керек жолын
4. Жақсы бала кешікпейді сабаққа


Сергіту сәті.

  • Топтардың атауына назар аударайқшы (Бірінші топ, екінші топ, үшінші топ)

  • Бұл сан есімдердің қандай түрі? (Реттік)

  • Реттік сан есімдер қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Заттың саналу ретін, қатарын білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап берсе, реттік сан есім болады.

Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге, егер ол дауысты дыбыспен аяқталса,  -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы, ал егер дауыссызға бітсе,  -ыншы, -інші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Мысалы:  бес – інші, он – ыншы, алты – ншы, жеті – нші т.б

Тақтада жазылған сан есімдерге реттік сан есімнің жұрнақтарын жалғайды. 
Он – ыншы, отыз – ыншы, қырық – ыншы, жүз – інші т.б. 
Өздік жұмысы. Карточкамен жұмыс. Берілген сандардан реттік сан есім жасайды. 
10, 12, 23, 30, 40, 50, 67, 78, 89, 90. 
Жұптық жұмыс. «Өзі туралы» өзара жұптасып, сұрақ – жауап арқылы сөйлеседі. 

- Сен қашан дүниеге келдің? 
- Отбасында нешінші баласың? 
- Қазір нешінші сыныпта оқисың? 
- Бүгін аптаның нешінші күні? 
- Сен нешінші мектепте оқисың? 
- Қазақ тілін нешінші сыныптан бастап үйреніп жүрсің?




Ойын  «Әдепті  сөздер» 
Балалар  жартылай  шеңберге  тұрып, допты лақтырып  қағып алу  арқылы  бір – біріне  әдепті  сөздер айтады. 
-рахмет                                                                - Айып етпеңіз.
-сәлем!                                                               - Ғафу етіңіз.
-Амансыз ба ?                                                    - Оқасы жоқ
-Қош келдіңіз!                                                   - Кешірім өтінем.
-Сізді  көргеніме  қуаныштымын.                  -  Сау болыңыз!
- Кешіріңіз!                                                       - Қош болыңыз!
                                                                           – Көріскенше!
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Адамның жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Парталарыңыздың үстінде екі парақ қағаздың біріне адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыздар. Екінші параққа адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазасыздар.
    Жазып болсақ, жаман қасиеттерді жазған қағаздарыңызды бүктеп қоямыз да ал жақсы қасиеттерді оқимыз.                  
Мұғалім: осы жаман қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған жағымсыз қасиетерді жыртып тастайық.
Балалар, енді әдептіліктің алтын ережелері туралы не айта аласыңдар?

Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік ережелері»
Мұғалім балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрау.
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, науқас адамдарды, көзі көрмейтін адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.




Қорытындылау. (10 минут)


- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.

• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
• Әдептілікті бізге кім үйретеді?


Рефлексия. «Күншуақ». Сабақ ұнаса қолдарындағы күннің суретін көтереді, ұнамаса көтермейді.


Бағалау. Бағалау парағы.


Үйге   тапсырма   :  «Мен  әдепті  баламын» қысқаша әңгіме  құрастыру.


Жүректен  -  жүрекке.
Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушылармен бірге шеңберге тұрып бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әдеп

Автор: Есмагамбетова Сагыныш Еркиновна

Дата: 26.12.2016

Номер свидетельства: 373479

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "«?деп е? ?ымбат мирас» "
    ["seo_title"] => string(24) "diep-ien-k-ymbat-miras-1"
    ["file_id"] => string(6) "202110"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429182806"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?деп е? ?ымбат мирас "
    ["seo_title"] => string(22) "diep-ien-k-ymbat-miras"
    ["file_id"] => string(6) "159950"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421985753"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Сіз деген- әдеп, біз деген- көмек"
    ["seo_title"] => string(39) "siz_dieghien_diep_biz_dieghien_komiek_2"
    ["file_id"] => string(6) "414599"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494525479"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Т?уелсіздік-тілегім, елім деп со??ан ж?регім""
    ["seo_title"] => string(45) "tuielsizdiktilieghimielimdiepsokkanzhurieghim"
    ["file_id"] => string(6) "281433"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453533366"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?деп - е? ?ымбат мирас"  т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(30) "diepienkymbatmirastrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "262247"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449303610"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства