kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?уелсіздік-тілегім, елім деп со??ан ж?регім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Т?уелсіздік-тілегім, елім деп со??ан ж?регім!
Ма?саты: Желто?сан о?и?асы ар?ылы ж?здеген жылдар бойы бабаларымызды? арманда?ан егемендігіне ?ол жеткізу жолында талай бозда?тарымызды? жал?ан айыппен ??рбан бол?андарын о?ушылар?а жете ??ындыру; о?ушыларды? д?ниетанымын ке?ейту, Отанды с?юге, ??рметтеуге, адамгершілікке, ?ділеттілікке, ел мен жерді? ?адір – ?асиетін ??ыну?а т?рбиелеу.
О?ушыларды? ?ткен тарихымыз?а деген ?лтты? к?з?арастарын ?алыптастыру  ж?не егемен елімізді са?тау?а ж?не оны г?лдендіруге ??штар патриотты? к?ш – ?уаты мол жастарды т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: интеллектуалды т?рбие са?аты
К?рнекілігі: ?аза?стан Республикасыны? р?міздері,  слайдтар, шы?армашылы? ж?мыстары
Саба? барысы:І ?йымдастыру;

Амандасу, о?ушылар?а бір-біріне жа?сы тілек айт?ызу
М??алімні? кіріспе с?зі:
  ??рметті ?она?тар, ?ла?атты ?стаздар мен ш?кірттер! Б?гінгі елімізді? сан мы? жылдар бойы арманда?ан, сол жолда ?асырлар бойы найзаны? ?шымен, ерлерімізді? ерен ісімен, кешегі д?ниені д?р сілкіндірген желто?сан о?и?асымен келген, тарихымызда алтын ?ріптермен жазылып ?алатын Т?уелсіздік мерекесіне арнал?ан «Т?уелсіздік- тірегім, елім деп со??ан ж?регім!» атты т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер!

?Р Мемлекеттік ?н?раны орындалады

   16 желто?сан – Алты алашты? айбынын ай?а?та?ан, ата - бабамызды? арманы орындалып, жасампазды?ымызды жа?а белеске к?терген Т?уелсіздік к?ні. ?ткен ?асырды? 1991 жыл?ы 16 желто?санда Призидент Н?рс?лтан Назарбаев ?ол ?ой?ан Конституциялы? За?нан бастау ал?ан т?уелсіздігімізге, міне, 24 жыл толыпты. «Ба?ыт – ба?асын білгенні? басында ?ана т?рады»,- деп елбасы с?зі т?уелсіздігімізді т?у етіп т?ру?а ша?ырып т?р?андай емес пе?! Данаг?й бабаларымыз: халы?ты? ?мірі мемлекетті? ?мір с?руіні? м?н - ма?ынасына айнал?анда ?ана адамдар рухани тірекке табан тірейді деп тегін айтпа?ан ?ой. Т?уелсіздік – б?л азап пен т?зімні?, халы?ты? сан ?асырлар бойы еркіндікті а?са?ан шыдамыны? ?теуі. Т?уелсіздік – 1986 жыл?ы Желто?сан о?и?асында ала??а шы??ан жастарды? ерік - жігері, е? алдымен барша ?аза?станды?тарды? арман - м?ратыны? салтанат ??руы. Жа?а ?лемдегі жа?а ?аза?станны? б?гінгі ??діретті к?ші ел бірлігінде, ?лттар татулы?ында жатыр. Сан т?рлі кедергілер мен ауыр сындар?а ?арамастан, еліміз т?уелсіздігіні? ?рбір ?адамы ?ай кезде де бізді? ж?регімізді айры?ша тол?ыныс?а б?лейді, кеудемізді ?уаныш кернейді. Б?л – шынайы сезімді ?зіні? ту?ан Отаныны? патриоты мен тек оны? еркін азаматы ?ана сезіне алады. Тарихын ?астерлейтін ?рпа? сіздерсіздер!

Топтастыру;                      

1-с?ра?: Желто?сан о?и?асыны? шы?у себебі не?
М??алім: 1986 жылы 16 желто?санда ?аза?стан компартиясы орталы? комитетіні? пленумы болды, онда Д. А. ?онаевты ?аза?стан компартиясы орталы? комитетіні? бірінші хатшылы?ынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин ?аза?станда т?рмайды, онда ?ызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне ?аза? жастары бейбіт т?рде наразылы? білдіріп ала??а шы?ты. Жастар шеруі желто?сан айыны? 17-18 к?ндері болды. Б?л о?и?а сол себепті де тарихта "желто?сан о?и?асы" деген атпен ?алды.
2-с?ра?: ?ділдік ?шін к?рескен жастарды? ?аншасы жауап?а тартылды? Желто?сан о?и?асында ерен ерлігімен к?зге т?скендер болды ма, олар кімдер?
М??алім: Б?л о?и?а?а байланысты 103 адам жауап?а тартылды. 99-ы сотталды. Алматы ?аласы бойынша 2395 адам ?амау?а алынып, 309 студент о?удан шы?арыл?ан, 99-ны? ішінде 2 адам ?лім жазасына кесілген. Олар: ?айрат Рыс??лбеков, Мырза?али ?бді??лов. Желто?сан о?и?асында ерен ерлігімен к?ге т?скендер ?те к?п, соларды? бірі – ?айрат. Ол ?ыршын жасын ?иды. О?ан ?лкен айып та?ылды.  И?, ізгілік атаулыдан к?дер ?зіп, е? со??ы ?міті, бар сенімі к?йреген, рухани езілген бала? жігіт- ?айрат. ?айрат- есіл ер. К?зі тірісінде жаз?ан ?ле?дері мен м?лтек ойлары адам ж?регін тебірентеді. Ендеше, ?айратты? «?ара??ыда к?зге т?ссін к?ле?кем» деп аталатын т?рмеде жаз?ан м?лтек ойларына кезек берейік:
  1-о?ушы;.Б?л д?ниедегі е? зор ба?ыт — еркіндік екен ?ой, кім білген. Адамны? бостанды?та?ы бір к?ні ?апаста?ы бар ??мырдан ?лде?айда ?ымбат екенін енді білгендеймін. Осы т?рмедегі бізді? к?німізді адам т?гіл, итке бермесін. 
*
  2-о?ушы;.Арман ?уды? ба, алды?а ?ара, арты?а ала? болма! ?мірді? ?ткелін іздеп тапты? ба, ж?рексінбе, к?зді ж?м да ?ойып кет, белді шеш те, кешіп ?т.
*
  3-о?ушы;.Д?ниедегі е? жаман н?рсе — к?дік. Б?л ша??а дейін мен тыныста?ан к?ндер мен кешкен тіршілік онша ?за? емес. Біра? к?рделі, аумалы-т?кпелі, б?рала?ы мен шыр?ала?ы да бір?атар. Осынау на?а?тан к?йген ?ш айды? ішінде мен шерменде, к?дік дегенні? не екенін білгендей болдым. Тірі кісі ?шін, ?сіресе, ?зін жазы?сыз жазы?ты сезінуден жаман н?рсе жо?.
*

4-о?ушы;.Д?ниеде ??дайды? бергені де еште?е емес, бергенін ?айтып ал?аны да еште?е емес, біра? берейін деп т?рып бермей ?ой?аны жаман екен. ?лгенше ?мірі есі?нен кетпейді.
Жайнаг?л; Жас аруды? жанарында – Желто?сан,
?анды ?асыр табанында – Желто?сан.
?аралы ?мір ?айыстыр?ан хал?ымны?,
?ара т?ман ?аба?ында – Желто?сан.
Жауызды?ты жас?а?ан да – Желто?сан,
Жа?а ??мыр баста?ан да – Желто?сан.
Жазы?сызды? к?з жасына жуынып,
Аба?ты?а таста?ан да – Желто?сан.
Намысымны? шыра?ы да – Желто?сан,
С?р?ай ?мір сына?ы да – Желто?сан.
Жігіттерді? ?раны да - Желто?сан,
Жа?а к?нні? шуа?ы да – Желто?сан.
Д?улет; ЖЕЛТО?САН БОЗДА?ТАРЫ
Желто?санда бір сыр бар,
Жел со?сын, мейлі жаусын ?ар.
?мытылмас еш?ашан
?айрат, Л?ззат ?ыршындар.
Желто?санны? ?арамай ыз?арына,
Желто?санны? ?арамай ызбарына.
Т?уелсіздік т??ыр?а жету ?шін
?лді талай бозда?тар желто?сан м?здарында.
Аппа? ?ар ?ызыл ?ан?а боялды,
?шкен рух, с?нген ?міт ?айта жанды, оянды.
Ата - бабам ?алай айт?ан ?алт?ысыз
Ерді намыс ?лтірер, ал ?амыс ?оянды.
К?рдік біздер ?орлы? пенен зорлы? та,
?анша аязда дірілдедік, то?ды? та.
Біра? біздер бермедік ?р намысты
О?ан д?лел сонау ?анды желто?сан
Желто?санда жар?ылдады?, жанды? та.
?оры?ты с?м КСРО ?р намыстан,
З?лымдар, ?атыгездер ?лді д?шпан.
Б?гінде Т?уелсіздік т??ырында
?лемге аты м?ш??р ?аза?стан.
К?РІНІС: « Т?УЕЛСІЗДІКТІ? А? ТА?Ы»
«Баланы? т?сінде» ?й?ыда?ы бала бейнесін сомда?ан-Ж?машев Айдархан, 
бала?а т?сінде шыра? ?ста?ан періште келіп: 
- Бала?ай, т?ршы! Та? атып ?алды. Мына шыра??а ?арашы, б?л са?ан берілген ба?ыт ??сы! – деп ??сын бала?а ?сындыда кенет жебеуші періште жо? болып кетті.
Осы с?тте ?й?ылы ояу немересі к?зін у?алап, ?жесіне: 
- ?же, шыра?ты ?стап алайы?шы – дейді. 
?жесі болса, бісмілл?сін айтып, шошын?ан немересіні? басын ?стап ?лек. 
- ?же, т?с к?рдім, жап-жары? к?нді к?рдім. 
- Айналайын, ол сені? ба?ыты?, елі?ні? ба?ыты! 
Т?уелсіздігі?ні? м??гі жары? к?ні! 
- Ендеше, мен ?стаздарымнан, достарымнан с?йінші с?раймын.
- Ала?ай! С?йінші! Т?уелсіздікті? а? та?ы атып келеді!-деп ?уан?ан бала т?ра ж?гірді. 

Бекежан: Т?уелсіз аппа? та? атты,
Сейілді к?ктен б?лтты к?н
?ш ?асыр к?ткен азатты?
?аза?ым ?шін ??т б?гін
?адады? шатты? уы?ын,
егемен елсі? енді деп,
К?міс к?н кесті кіндігін

Егемен болды? ел болды?
?аза?ым,біра? шіренбе.
Ерте?іне сенген ж?рт
Алладан рахым тілеуде!
Айдархан; Т?уелсіздік т?скен жо? ?ой аспаннан,
Тарихы оны? тым ?ріден бастал?ан.
Боданды?тан ??т?арам деп елімді,
Талай бозда? ?ара жерді жастан?ан

Т?уелсіз 24 жыл! Туы?ды биік ?стады?.
К?терді хал?ы? уа?ытты? ?атал ?ыспа?ын.
К?ші?ді бастап ба?ытты болаша?ы?а,
Жасай бер, жаса,Т?уелсіз ?аза?станым!
Саба?ты ?орытындылау; 1. «Т?уелсіздік» с?зіне талдау жасау.

1-о?ушы      Т –Те?дік

2-о?ушы  ? –?ділдік 

3-о?ушы   У-уа?ыт

4- о?ушы   Е-егемендік 

5-о?ушы    Л-?ріпі –лайланба?ан

6-о?ушы    С-сенімді

7-о?ушы    І-ілтипатты

8-о?ушы    З-зайырлы

9-о?ушы    Д-демократиялы

10-о?ушы   І-ілгерілеген

11-о?ушы   К-керемет ел

2. «Мені? т?уелсіз еліме тілегім»
О?ушылар ?здеріні? еліне деген ж?рекжарды тілектерін жазып ?алдырады.

М??алім: Міне, о?ушылар ?здері? айтып отыр?андай осы о?и?адан кейін бізді? ?аза?станымыз ?зіні? т?уелсіздігін алды. ?аза?станны? т?уелсіздік ал?анына биыл?ы жылы 20 жыл тол?алы отыр. Басы ая?ы 20 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлы?тай жетістіктер биігінен к?рінді. ?лемні? ?ркениетті мемлекеттері ?аза?станды танып білді. Олармен аралас – ??ралас болу?а сол ар?ылы сол елді? м?дениетін, ?дебиетін толы?ыра? айт?анда, рухани д?ниесін ?не бойына сі?іруге, жа?сы жа?тарын ?абылдау?а жан – жа?ты м?мкіндік туды. Сонымен ?атар «Біз ?аза?станды?тармыз» деп кеуде кере шаттану?а да б?гінгі уа?ыт ?рдісі бізге м?мкіндік ту?ызып отыр. Т?уелсіздік хал?ымыз?а аспаннан т?скен ??діретті? сыйы емес. Ол ?асырлар?а созыл?ан ата – баба ?анды жоры?ыны?, дабылды – дуылды к?ресіні? за?ды жал?асы. Жатса т?сінен, т?рса есінен бір с?т кетпеген бабаларды? ?асырлы? арманы еді. Тере?нен ойлап, тебірене тол?аса? хал?ымызды? барша тарихы осы т?уелсіздік ?шін, елдік ?шін, халы?ты? бас бостанды?ы ?шін к?рес еді.Желто?сан о?и?алары – ?аза?стан тарихында?ы естен кетпес, аса ауыр ж?не ?ай?ылы беттерді? бірі. Екі ?асыр бойы езіп келген империяны? ?уатты ??рсауын б?зып, отарлаушыларды? тас ше?гел ??лды?ынан ??тылуды к?ксеген жастарды? к?з жасы, ?аны бекерге т?гілмепті. Он екіде бір г?лі ашылмай ?ыршын кеткен Асан?ызы Лязатты?, Сыпытай?лы Ерболды?, М??анбетжан?ызы С?бираны?, Но?айбай?лы ?айратты? а?са?ан армандары мен ?міт тілектері б?л к?нде толы? ж?зеге асты.Желто?сан о?и?асы 
- б?л ерлікті? тарихы, 
- республикада?ы хал?ымызды? рухани же?ісі, 
- демократия?а жол ашу, 
- т?уелсіздікті? ал?аш?ы беті 
К?п ?замай ?аза?стан Республикасы т?уелсіздігін алды. 1991 жылы 16 желто?санда ?аза?стан Республикасыны? Президентіні? ?Р т?уелсіздігі ж?нінде Конституциялы? за?ы ?абылданды. ?Р президенті Н. ?. Назарбаевты? «1986 жылы 17, 18 желто?сан?а ?атыс?андарды а?тау ж?нінде» 1991 жылы жарлы?ы шы?ты. Осыдан кейін елімізді? басшысы 17 – желто?санды «демократиялы? жа?ару» к?ні деп жариялады. 
?н: «Т?уелсіз елім-?аза?стан»

Хормен; «Б?л д?ниеде бізді? бір ?ана Отанымыз бар, ол – т?уелсіз ?аза?стан» барлы? о?ушы хорымен айтады.

Музыкалы? ?зіліс:?лдарды? орындауында «К?к туды? желбірегені» ?ні
 


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздік-тілегім, елім деп со??ан ж?регім"»

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік-тілегім, елім деп соққан жүрегім!
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен құрбан болғандарын оқушыларға жете ұғындыру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту, Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеллектуалды тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, слайдтар, шығармашылық жұмыстары
Сабақ барысы:І Ұйымдастыру;

Амандасу, оқушыларға бір-біріне жақсы тілек айтқызу
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Бүгінгі еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік- тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалады

16 желтоқсан – Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата - бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанда Призидент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге, міне, 24 жыл толыпты. «Бақыт – бағасын білгеннің басында ғана тұрады»,- деп елбасы сөзі тәуелсіздігімізді тәу етіп тұруға шақырып тұрғандай емес пе?! Данагөй бабаларымыз: халықтың өмірі мемлекеттің өмір сүруінің мән - мағынасына айналғанда ғана адамдар рухани тірекке табан тірейді деп тегін айтпаған ғой. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі. Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік - жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман - мұратының салтанат құруы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, еліміз тәуелсіздігінің әрбір қадамы қай кезде де біздің жүрегімізді айрықша толқынысқа бөлейді, кеудемізді қуаныш кернейді. Бұл – шынайы сезімді өзінің туған Отанының патриоты мен тек оның еркін азаматы ғана сезіне алады. Тарихын қастерлейтін ұрпақ сіздерсіздер!

Топтастыру;



1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?
Мұғалім: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д. А. Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта "желтоқсан оқиғасы" деген атпен қалды.
2-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды? Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?
Мұғалім: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2395 адам қамауға алынып, 309 студент оқудан шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт- Қайрат. Қайрат- есіл ер. Көзі тірісінде жазған өлеңдері мен мөлтек ойлары адам жүрегін тебірентеді. Ендеше, Қайраттың «Қараңғыда көзге түссін көлеңкем» деп аталатын түрмеде жазған мөлтек ойларына кезек берейік:
1-оқушы;...Бұл дүниедегі ең зор бақыт — еркіндік екен ғой, кім білген. Адамның бостандықтағы бір күні қапастағы бар ғұмырдан әлдеқайда қымбат екенін енді білгендеймін. Осы түрмедегі біздің күнімізді адам түгіл, итке бермесін. 
***
2-оқушы;...Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те, кешіп өт.
***
3-оқушы;...Дүниедегі ең жаман нәрсе — күдік. Бұл шаққа дейін мен тыныстаған күндер мен кешкен тіршілік онша ұзақ емес. Бірақ күрделі, аумалы-төкпелі, бұралаңы мен шырғалаңы да бірқатар... Осынау нақақтан күйген үш айдың ішінде мен шерменде, күдік дегеннің не екенін білгендей болдым. Тірі кісі үшін, әсіресе, өзін жазықсыз жазықты сезінуден жаман нәрсе жоқ.
***

4-оқушы; ...Дүниеде құдайдың бергені де ештеңе емес, бергенін қайтып алғаны да ештеңе емес, бірақ берейін деп тұрып бермей қойғаны жаман екен. Өлгенше өмірі есіңнен кетпейді.
Жайнагүл; Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Дәулет; ЖЕЛТОҚСАН БОЗДАҚТАРЫ
Желтоқсанда бір сыр бар,
Жел соқсын, мейлі жаусын қар.
Ұмытылмас ешқашан
Қайрат, Ләззат қыршындар.
Желтоқсанның қарамай ызғарына,
Желтоқсанның қарамай ызбарына.
Тәуелсіздік тұғырға жету үшін
Өлді талай боздақтар желтоқсан мұздарында.
Аппақ қар қызыл қанға боялды,
Өшкен рух, сөнген үміт қайта жанды, оянды.
Ата - бабам қалай айтқан қалтқысыз
Ерді намыс өлтірер, ал қамыс қоянды.
Көрдік біздер қорлық пенен зорлық та,
Қанша аязда дірілдедік, тоңдық та.
Бірақ біздер бермедік өр намысты
Оған дәлел сонау қанды желтоқсан
Желтоқсанда жарқылдадық, жандық та.
Қорықты сұм КСРО өр намыстан,
Зұлымдар, қатыгездер өлді дұшпан.
Бүгінде Тәуелсіздік тұғырында
Әлемге аты мәшһүр Қазақстан.
КӨРІНІС: « ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АҚ ТАҢЫ»
«Баланың түсінде» ұйқыдағы бала бейнесін сомдаған-Жұмашев Айдархан, 
балаға түсінде шырақ ұстаған періште келіп: 
- Балақай, тұршы! Таң атып қалды. Мына шыраққа қарашы, бұл саған берілген бақыт құсы! – деп құсын балаға ұсындыда кенет жебеуші періште жоқ болып кетті.
Осы сәтте ұйқылы ояу немересі көзін уқалап, әжесіне: 
- Әже, шырақты ұстап алайықшы – дейді. 
Әжесі болса, бісмілләсін айтып, шошынған немересінің басын ұстап әлек. 
- Әже, түс көрдім, жап-жарық күнді көрдім. 
- Айналайын, ол сенің бақытың, еліңнің бақыты! 
Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні! 
- Ендеше, мен ұстаздарымнан, достарымнан сүйінші сұраймын.
- Алақай! Сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келеді!-деп қуанған бала тұра жүгірді. 

Бекежан: Тәуелсіз аппақ таң атты,
Сейілді көктен бұлтты күн
Үш ғасыр күткен азаттық
Қазағым үшін құт бүгін
Қададық шаттық уығын,
егемен елсің енді деп,
Күміс күн кесті кіндігін

Егемен болдық ел болдық
Қазағым,бірақ шіренбе.
Ертеңіне сенген жұрт
Алладан рахым тілеуде!
Айдархан; Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған

Тәуелсіз 24 жыл! Туыңды биік ұстадың.
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса,Тәуелсіз Қазақстаным!
Сабақты қорытындылау; 1. «Тәуелсіздік» сөзіне талдау жасау.

1-оқушы Т –Теңдік

2-оқушы Ә –әділдік

3-оқушы У-уақыт

4- оқушы Е-егемендік

5-оқушы Л-әріпі –лайланбаған

6-оқушы С-сенімді

7-оқушы І-ілтипатты

8-оқушы З-зайырлы

9-оқушы Д-демократиялы

10-оқушы І-ілгерілеген

11-оқушы К-керемет ел

2. «Менің тәуелсіз еліме тілегім»
Оқушылар өздерінің еліне деген жүрекжарды тілектерін жазып қалдырады.

Мұғалім: Міне, оқушылар өздерің айтып отырғандай осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 20 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 20 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Олармен аралас – құралас болуға сол арқылы сол елдің мәдениетін, әдебиетін толығырақ айтқанда, рухани дүниесін өне бойына сіңіруге, жақсы жақтарын қабылдауға жан – жақты мүмкіндік туды. Сонымен қатар «Біз Қазақстандықтармыз» деп кеуде кере шаттануға да бүгінгі уақыт үрдісі бізге мүмкіндік туғызып отыр. Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата – баба қанды жорығының, дабылды – дуылды күресінің заңды жалғасы. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді. Тереңнен ойлап, тебірене толғасақ халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас бостандығы үшін күрес еді.Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Екі ғасыр бойы езіп келген империяның қуатты құрсауын бұзып, отарлаушылардың тас шеңгел құлдығынан құтылуды көксеген жастардың көз жасы, қаны бекерге төгілмепті. Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Лязаттың, Сыпытайұлы Ерболдың, Мұқанбетжанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.Желтоқсан оқиғасы 
- бұл ерліктің тарихы, 
- республикадағы халқымыздың рухани жеңісі, 
- демократияға жол ашу, 
- тәуелсіздіктің алғашқы беті 
Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заңы қабылданды. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы 17, 18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан кейін еліміздің басшысы 17 – желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні деп жариялады. 
Ән: «Тәуелсіз елім-Қазақстан»

Хормен; «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» барлық оқушы хорымен айтады.

Музыкалық үзіліс:Ұлдардың орындауында «Көк тудың желбірегені» әні


















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Т?уелсіздік-тілегім, елім деп со??ан ж?регім"

Автор: Нсанбаева Венера Сисенбаевна

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281433


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства