kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?деп - е? ?ымбат мирас" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  ?деп – е? ?ымбат мирас

Саба?ты? ма?саты: Балаларды? ?мірге ?ажетті білік-да?дыларын тере?дете отырып,

                                      ?лтты? ?деп-??рып пен салт-д?ст?рге баулу, с?лемдесу, ?она?  к?ту,

                                      сыйласты?, ?лкенге ??рмет к?рсету, кішіге ?ам?ор болу т?різді

                                      ?дептілік ?а?идаларын ме?герту ар?ылы имандылы??а,

                                      инабаттылы??а, адамгершілікке т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі:  ?аза? хал?ыны? т?рмыс-тіршілігінде ке?інен ?олданылатын киіз

                                           ?й макеті, ?анатты с?здер, ма?ал-м?телдер, шарлар, г?лдер,

                                           суреттер, ?.Табылдиевті? портреті, тапсырмалар.                                           

Т?рі: ??гіме.

?олданыл?ан ?діс-т?сілдер: с?ра?-жауап, пікір алысу, ??гімелеу, м?нерлеп о?у.                                      

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.  Ше?берге орналасу, амандасу. Балалар, келі?дер, бізді? с?йікті ше?берімізде т?рып бір-бірімізбен амандасайы?.

                                                 Амансы? ба, Алтын к?н?!

                                                 Амансы? ба, К?к аспан?!

                                                 Амансы? ба, Жер-Ана?!

                                                 Амансы? ба, достарым?!

                                                 Сіздерді к?рсем ?уанам!

-   Енді ?она?тармен амандасайы?.

                                                ?лкенге де сіз!

                                                Кішіге де сіз!

                                                Барша?ызды ??рметтеп

                                                Бас иеміз біз!

ІІ. ?атысушыларды таныстыру.  - ??рметті  ?стаздар,  ата-аналар,  о?ушылар! «?деп – е? ?ымбат мирас» ашы? т?рбие са?атымызды бастаймыз. Алдымен ?рбір бала ?зіні? есіміні? бірінші ?рпіне с?йкес келетіндей, ?дептілік мінез-??лы? к?рсекіштеріне байланысты ?здерін таныстырып ?теді.

Мысалы: сыпайы Саида, ?депті ?ділет ж?не т.с.с.

ІІІ. Ма?ал-м?тел айту.  М??алім с?зі: -  Т?рбие са?атын ?деп туралы ма?ал-м?телдермен ашайы?, к?не, кім ?андай ма?ал айтады екен?!

  1. Бала т?рбиесі бесіктен.
  2. ?депті бала — арлы бала,
    ?депсіз бала — сорлы бала.
  3. ?зі?ді-?зі? сыйламаса?, ?згеден сый д?метпе.
  4. Т?рбиелі адам — та?алы атпен те?.
  5. Жа?сылы? еккен ал?ыс орады.
  6. Итті к?шігінде ?йрет.
  7. Тісі шы??ан бала?а, шайнап берген ас болмас.
  8. ?лкенді сен сыйласа?, кіші сені сыйлайды,
    Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
  9. ?депсіз ?скен адамнан, т?ртіппен ?скен тал арты?.
  10. Адам ?дебімен к?рікті.
  11. ?деп басы – тіл.
  12. ?депті дегенше, ?демі десейші.
  13. ?йел — ?депті? ?ліппесі.
  14. Т?рбие басы — тал бесік.

 -  ?те жа?сы, ?депті болу - ?р баланы? міндеті. ?дептілік адамны? е? жа?сы ?асиеті. ?депті бала болаша?та ?зіні? жа?сы азамат екенін д?лелдеп, а?са?ан арманына жетеді. ?деп туралы ма?ал-м?тел к?п біледі екенсі?дер. Ал, енді осы ?дептілік дегенді ?алай т?сінесіз? Сол ж?нінде ?здері?ні? пікірлері?ді ты?дайы?.

ІV. Пікір алысу:
1 - о?ушы: - ?дептілік - ?демілік. ?депті адам ?демі.Ол ?зіні? д?рыс киінуі, сыпайы с?лемдесуі, ?зін-?зі к?те білуімен ?демі.
2 – о?ушы: - Мен Айымны? пікіріне ?арсымын. ?демі адамны? б?рі ?депті бола ма?
?дептілік дегеніміз ?зін-?зі кез-келген ортада ?стай білу. Ол ?демі болмаса да, ?зін-?зі ?стай білсе - ?депті.
3 – о?ушы: - ?лкен кісілерге «Ассалаума?алейкум» деп амандасып, аманды?ын, денсаулы?ын с?рау парыз. Д?рыс амандасуды? адамгершілік, имандылы? м?ні бар. Иманы жо?ты?, ?лты жо?.
4 – О?ушы: - Неге? «Ассалаума?алейкум» деп амандаспасан, ?лкендер с?лемімізді алмай ма? ?йтеуір ?ндемей кетпесек болды емес пе?
5 – О?ушы: - Д?рыс тама?тану, мезгілді ?йы?тау, ата мен ананы сыйлау - халы?ты? д?ст?р, халы?ты? ?деп. Біз осы н?рселерді, адамгершілік ?а?идaларды са?тай білсек, ?лтты? ?депті ?ор?ай білеміз.
6 – О?ушы: - Т?нде ?йы?тауын ?йы?тармын-ау, біра? теледидардан жа?сы кино болып жатса, оны неге к?рмеймін. Сонда мен ?депсіз бол?аным ба?
7 – о?ушы: - Сен д?рыс демалмаса? ерте т?ра алмайсын. ?рбір тірлікті? ?з уа?ыты бар. Оны д?рыс пайдалануды? ?зі ?дептілік.
8 – о?ушы: - Жа?сы амандассам, ?демі киінсем, сыпайы с?йлесем, тек ?ана д?рыс ?йы?тама?аным ?шін ?депсіз емеспін деп ойлаймын.
9 - о?ушы: - ?лкен адам?а с?лем беру кіші адамны? міндеті. ?аза?та «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жаста?ы ?ария с?лем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам ?лкен с?лем бермей кетсе, ол ?депсіздік, к?ргенсіздік, с?лем беру имандылы?, инабаттылы?, к?ргенділік, м?дениеттілік белгісі.
10 – о?ушы: - С?лемдескенде, с?лем бергенде, ?ркім дауысты? дабырламауына, ?ніні? ?йлесімділігіне, я?ни дауыс ыр?а?ына ерекше к??іл аударып, салма?пен, ?деппен с?йлеуге міндетті. С?з басы с?лем дегеніміз сол.

V. М?нерлеп о?у        1- бала:        ?дептілік  дегені?

                                                  ?р?ашанда  керегі?

                                                  ?семпазды?  дегені?

                                                  ?уре-сарса?  ?легі?.

    2 - бала:         Атам  ма?ан  ?м?нда

                  ?депті  жан бол деген

                  Ата с?зі  санамада.

                  Жасы ?лкенге жол берем,

3 - бала:               Алдын орап кісіні?

      Кесіп ?тпей к?лдене?

      Ізетімен кішіні?

      С?лемдесіп ?ол берем.

               4 - бала:           Атам ма?ан ?м?нда

        Кішіпейіл бол деген

        Атам с?зі санамда

        Ма?танбауды ж?н к?рем.

5 - бала:            Атам ма?ан ?м?нда

   ?ділеттті бол деген

   Ата с?зі санамда

   Ж?рем тура жолменен.

6 - бала:            ?згелерден ?зімді

   Санамаймын жо?ары

   Арты? айтып с?зімді

   Желпінгенім жо? ?лі.

7 - бала:            Апаны? тілін алса егер

   Тама? ішсе іш десе

   Демал десе демалса

    Су?а т?ссе, т?с десе.

8 - бала:            ?олынан м?ндай баланы?

   К?ш болады к?ш десе

   Іс келеді, іс десе

   Шыны?ып ?сіп толады

   ?лкен жігіт болады.

             9 - бала:             Кім ?лкенді ты?даса

    Кім ?лкенді сыйласа

    ?лкен бол?ан кезінде

    Сыйлы болма? ?зі де.

           10 - бала:             Ата-ананы? тілегі

        Адам болып ?скені

        Адамды?ты? белгісі

        Адам болып ?скені?.

11- бала:              К?ршілерді к?ргенде

  Сыйлап с?лем беремін

  ?депсіз деп с?кпесін

  Анама айтып ?кпесін.

VІ. М??алімні? ??гімесі(та?тада?ы суретті пайдалану).

  –    Киіз ?й – байыр?ы к?шпенді ?аза? хал?ыны?, я?ни ата-бабамызды? к?неден келе жат?ан баспаналарыны? бірі. Киіз ?йді ?азіргі уа?ытта да жиі пайдаланады. Сондай-а? киіз ?йді таби?ат апатынан жапа шеккен жерлерге уа?ытша баспана ретінде жеткізеді. Сондай зілзаланы? бірі - биыл?ы ?атал ?ысты? со?ын ала Алматы обл., А?су ауд., ?ызыла?аш ауылында?ы су тас?ыны екенін сендер білесі?дер. Еліміз ?ызыла?ашты?тар?а тек баспана жа?ынан ?ана емес, а?шалай ж?не заттай к?мек к?рсетіп жатыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?деп - е? ?ымбат мирас" т?рбие са?аты»

Сабақтың тақырыбы: Әдеп – ең қымбат мирас

Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып,

ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу, сәлемдесу, қонақ күту,

сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу тәрізді

әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа,

инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданылатын киіз

үй макеті, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар, гүлдер,

суреттер, Ә.Табылдиевтің портреті, тапсырмалар.

Түрі: әңгіме.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, пікір алысу, әңгімелеу, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шеңберге орналасу, амандасу. Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық.

Амансың ба, Алтын күн?!

Амансың ба, Көк аспан?!

Амансың ба, Жер-Ана?!

Амансың ба, достарым?!

Сіздерді көрсем қуанам!

- Енді қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз!

ІІ. Қатысушыларды таныстыру. - Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Әдеп – ең қымбат мирас» ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Алдымен әрбір бала өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез-құлық көрсекіштеріне байланысты өздерін таныстырып өтеді.

Мысалы: сыпайы Саида, әдепті Әділет және т.с.с.

ІІІ. Мақал-мәтел айту. Мұғалім сөзі: - Тәрбие сағатын әдеп туралы мақал-мәтелдермен ашайық, кәне, кім қандай мақал айтады екен?!

  • Бала тәрбиесі бесіктен.

  • Әдепті бала — арлы бала,
    Әдепсіз бала — сорлы бала.

  • Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

  • Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

  • Жақсылық еккен алғыс орады.

  • Итті күшігінде үйрет.

  • Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас.

  • Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
    Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

  • Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

  • Адам әдебімен көрікті.

  • Әдеп басы – тіл.

  • Әдепті дегенше, әдемі десейші.

  • Әйел — әдептің әліппесі.

  • Тәрбие басы — тал бесік.

- Өте жақсы, әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді. Әдеп туралы мақал-мәтел көп біледі екенсіңдер. Ал, енді осы әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Сол жөнінде өздеріңнің пікірлеріңді тыңдайық.

ІV. Пікір алысу:
1 - оқушы: - Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
2 – оқушы: - Мен Айымның пікіріне қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?
Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті.
3 – оқушы: - Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.
4 – Оқушы: - Неге? «Ассалаумағалейкум» деп амандаспасан, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?
5 – Оқушы: - Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтық дәстүр, халықтық әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.
6 – Оқушы: - Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?
7 – оқушы: - Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.
8 – оқушы: - Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін әдепсіз емеспін деп ойлаймын.
9 - оқушы: - Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.
10 – оқушы: - Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.

V. Мәнерлеп оқу 1- бала: Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің

Әуре-сарсаң әлегің.

2 - бала: Атам маған әмәнда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамада.

Жасы үлкенге жол берем,

3 - бала: Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

4 - бала: Атам маған әмәнда

Кішіпейіл бол деген

Атам сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

5 - бала: Атам маған әмәнда

Әділеттті бол деген

Ата сөзі санамда

Жүрем тура жолменен.

6 - бала: Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары

Артық айтып сөзімді

Желпінгенім жоқ әлі.

7 - бала: Апаның тілін алса егер

Тамақ ішсе іш десе

Демал десе демалса

Суға түссе, түс десе.

8 - бала: Қолынан мұндай баланың

Күш болады күш десе

Іс келеді, іс десе

Шынығып өсіп толады

Үлкен жігіт болады.

9 - бала: Кім үлкенді тыңдаса

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

10 - бала: Ата-ананың тілегі

Адам болып өскені

Адамдықтың белгісі

Адам болып өскенің.

11- бала: Көршілерді көргенде

Сыйлап сәлем беремін

Әдепсіз деп сөкпесін

Анама айтып өкпесін.

VІ. Мұғалімнің әңгімесі(тақтадағы суретті пайдалану).

– Киіз үй – байырғы көшпенді қазақ халқының, яғни ата-бабамыздың көнеден келе жатқан баспаналарының бірі. Киіз үйді қазіргі уақытта да жиі пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйді табиғат апатынан жапа шеккен жерлерге уақытша баспана ретінде жеткізеді. Сондай зілзаланың бірі - биылғы қатал қыстың соңын ала Алматы обл., Ақсу ауд., Қызылағаш ауылындағы су тасқыны екенін сендер білесіңдер. Еліміз Қызылағаштықтарға тек баспана жағынан ғана емес, ақшалай және заттай көмек көрсетіп жатыр.

Әйткенмен киіз үйге жай ғана баспана ретінде қарауға болмайды. Аумағы шап-шағын болса да әр адамның ондағы отыратын орыны мен отыру әдебі бар екен. Отыру әдебінде сүйеніп отыруға және тіреніп отыруға болмайды. Жөн білмейтін жастар әдетте төрдегі жүкке, оң жақтағы төсекке, немесе сол қанаттағы керегеге сүйеніп отыра салады. Олай отыруға болмайды, себебі мұндай отырыс шаршаған, ауырған, я сырқат адамның сипатын береді. Қазақтардың үлкен-кіші, кәрі-жасының бәріне бірдей ер адамдар үшін отырудың ортақ тәртібі малдас құру. Ал, әйелдер әдетте бір тізерлеп отырады. Оның өзінде аяғы көрінбеуі шарт, сондықтан аяқтарын көйлектің тізеден түскен етегімен қымтап отырады. Салт атты жолаушы әдетте киіз үйдің сыртынан келіп түседі, ал есік алдынан кесе көлденең өту әдепсіздік, шаңырақты сыйламағандық болып есептеледі. Үй артына түсіп, ат байлар алдында әдетте, үйде адам барма екен деп дыбыс береді. Ал үйдегі адам оның алдынан шығуға тиіс, (әдетте кім екен, біліп кел деп жастарды жұмсайды). Киіз үйге аузындағы асын шайнаңдай кіруге болмайды, бұл нағыз жүгенсіздік, әдепсіздік саналады.
Кімде болса киіз үйге кірген адамның қанша асығыс болса да ас ауыз тимей кеуіне болмайды. Кейінгі кезде ол «нан ауыз тию» деп саналады. Ал, астың ең қасиеттісі - нан екені белгілі. Қазақтардың киіз үйдің іші, сырты, не үй жанындағы, есік алдындағы ұстаным, ереже, тәртіп, әдеп-ғұрыптарының барлығы көшпенді қоғамның ғасырлар бойғы қалыптасқан ғұмырлық құндылықтарын ардақ тұтады. Ақын, әрі ұстаз Әдібай Табылдиев аталарың: «Халықтық дәстүрді қадірлей білмеген бала - әдепсіз бала. Сен өз басыңа өзің қызмет ете алмасаң, яғни өмірде қалыптасқан қағидалар мен әдептілік рәсімдерін орындамасаң, кісілікке бастайтын көп әдептілікті орындамай, опық жейсің. Өзіңе-өзің қызмет ет: кісі бол», - деп ақыл айтады. Әдеп - ең қымбат мирас. Осыны естен шығармайық.

ҮІІ. Қортынды, рефлексия. Мұғалім сөзі: - Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік? Қандай жаңалық болды? Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай боды?

(Тақтада жағымсыз әдеттердің бейнесі ілінген, оқушылар сол бойынша қысқаша өз ойларын білдіреді.)

- Балалар біздің сыныбымызда өзіміз айтқан қиқар, жылауық, сотқар, өтірікші, күлегеш, қаңғыбас балалар жоқ шығар. Тек бізде біраз сабаққа жалқау, таза жүрмейтін салақ балалар кездесіп қалады. Бүгіннен бастап осы жаман әдеттеріңді тастап, жақсы әдеттерді үйреніңдер, жоғарыда айтқанымдай ұстаз-ғалым, ақын, жазушы Әдібай Табылдиев аталарың келешекте әдепті балалар өз міндеттерін ұмытпасын деп мынадай тапсырма берді, қалай орындау қолымыздан келе ме?

Әдібай атаның тапсырмасы.
1. Бір мезгілде ұйықтап, белгілі уақытта оянып үйрен.
2. Ерте тұрып, таза ауада денеңді шынықтыр.
3. Күнде таңертең салқын сумен жуын.
4. Көшеде жүргенде, көше тәртібін сақта.
5. Көшеде, көпшілік орындарында әдеп сақта.
6. Үй жинауды, еден сыпыруды, ыдыс-аяқ жууды ұмытпа.
7. Үлкендердің, ата-ананың тілін ал.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"?деп - е? ?ымбат мирас" т?рбие са?аты

Автор: К?кей Н?рг?л

Дата: 05.12.2015

Номер свидетельства: 262247


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства