Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "?уежай"»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУАКАДЕМИЯСЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
10-11 сыныптар
жаратылыстану-математикалық бағыт
Астана
2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
(ортадан жоғары деңгей)
оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы
10-11 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана
2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Бағдарлама авторлары: Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т., Дәулетбекова Ж.Т., Мадиева А.Т., Қадашева Қ.Қ., Рахметова Р.С., Рауандина А.Қ., Қалиакпар Д.Қ.
Оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалықбағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы. Ортадан жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 21 б.
Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Филология» білім беру саласына енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын орта буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.
Оқыту қазақ тілде емес мектептердің бастауыш сатысында бастапқы деңгей 1-4 сыныптарды қамтыса, негізгі және орта деңгейлер 5-сыныптан бастап оқытылады да, 9-сыныппен аяқталады.
10-11 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы –қазақ тілде емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) бастапқы деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік, дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен Қазақстанда тілдерді дамытудың «2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдері оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.
Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің 6 деңгейі мен олардың сипаттарының негізінде, Қазақстан Республикасының өзге тілді жалпы білім беретін орта мектебінің 1-11 сыныптарында қазақ тілін үйретудің 5 деңгейлі құрылымы айқындалды. Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді меңгертудің 5 деңгейінің ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді. Атап айтқанда 5-7 сыныптардағы негізгі деңгейдегі талаптарүш деңгейді қамтиды: 5-сынып негізгі деңгей - А2 (А2.1 - Қалыптасу қарсаңындағы игерім); 6-сынып негізгі деңгей - А2 (А2.1.1 - Қалыптасу қарсаңындағы ілгері игерім); 7-сынып негізгі деңгей - А2 (А2.1.2. – Қалыптасу қарсаңындағы толық игерім); ал 8-9-сыныптар орта деңгей - А2; А2+ болып аталады да, ол іштей екі сатыға жіктеледі: (8-сынып А2.2; - Қалыптасқан игерім; 9-сынып А2+ - Ілгерілей қалыптасқан игерім). 10-11 сыныптардағы ортадан жоғары деңгейдегі талаптар В1 (Тереңдетіле қалыптасқан игерім В1.1;Тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В1.2.; ) болып екі сатыға ажыратылды.
Қазақстан Республикасының көпұлтты сипаты мен қазақ тілде емес жалпы білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің Еуропалық жүйесі сарапталды. Соған орай, біріншіден,Европалық жүйеге сәйкестелген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің 5-9 сыныптары бойынша сараланды. Екіншіден, негізгі және орта деңгейлердің деңгейлері айқындалды. Үшіншіден, негізгі және орта тілдік деңгейлерге негізделді. Төртіншіден, негізгі және орта деңгейлердегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді. Бесіншіден, оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар негізгі және орта деңгейлердің талаптарын ескере отырып сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша айқындалды. Алтыншыдан, әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша сараланып ұсынылды.
Оқыту қазақ тілде емес мектептердің бастауыш сыныптарында «Қазақ тілі» пәні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тілді үйренуге, қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйді ескере отырып, 1-сыныптан бастап оқытылады.
Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдар арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылады.
Оқу пәнінің мақсаты – ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту.
Оқу пәнінің міндеттері:
Жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, танымдық, лингвомәдениеттанымдық, ұлттық-әлеуметтік, өркениеттік-әлемдік тұрғыдан тереңдетіп, қазақ тілін ұтымды игерудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;
қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білуін іске асыру;
оқушылардың қазақша дұрыс, түсінікті сөйлеуі мен сауатты жазуын жүзеге асыру;
жеке, қоғамдық-әлеуметтік, бағдарлы бағыттағы жағдаяттарды жан-жақты ескере отырып, қазақша тілдік қатынасты бағдарлы түрде жүзеге асыру.
Жоғары сыныпқа арналған бұл оқу бағдарламасының жаңалығы – ортадан жоғары деңгейдің 2 деңгейге жіктелуінде. Білім деңгейлерін ішкі кезеңдерге бөлу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу әдебиеті мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі; оқушы деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін−өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттау ұстанымдары басшылыққа алынды. Оқытудың мазмұнын іріктеу үздіксіз білім берудің дидактикалық, әрекетшілдік негіздегі, пәнаралық интеграция, түсініктілік, сабақтастық, тұлғалық жетістіктерді ескеру, шығармашылық, тілдік материалдың 10-11 сынып оқушыларының жас мүмкіндіктерімен өзара байланысы ұстанымдарының негізінде жүзеге асады.
Үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология деңгейінде оқытуды қамтамасыз етеді.
Оқытудың әрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін өзі бағалау мен өз әрекетін өзі бақылауының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Пәнаралық интеграция ұстанымы мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі, мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және нақтылаушы ақпаратты бөліп алу және т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс) жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.
Түсініктілік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында жоғары сынып оқушыларының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық үйлесімділік жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу процесінің тиімділігінің маңызды шарты болып табылады.
Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі
деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әр түрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.
Шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттіліктіліктілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес жаратылыстану-математикалықбағдарлы сыныптарда «Қазақ тілі» пәні аптасына 10-11 сыныптарда 4 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:
10-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы –136 сағат;
11-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіру мақсатында пайдаланылады. Жоғары сынып оқушыларына орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде мұғалім жылжымалы бөлікті өз қалауы бойынша пайдалана алады. Яғни, білім мазмұнын толық игерген оқушыға үстеме ретінде немесе үлгерімі төмен оқушыға қосымша жұмыс істеуге пайдалануға болады. Мысалы, «Әдеби тілде сөйлейміз», «Сөз бен мағына», «Тіл дамыту» және т.б.тақырыптарды таңдауға болады.
ІІ. «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ
Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұнын анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-әрекеттер, мәтіндер негіз болады.
«Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:
Әлеуметтік-тұрмыстық ая;
Әлеуметтік-мәдени ая;
Оқу-еңбек аясы
Әрбір аяда қамтылған тақырыптар мектептің негізгі және бағдарлы сатыларында бірізділікті сақтай отырып, бірте-бірте күрделенеді. Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары осы лексикалық тақырыптарды меңгерудің құралы ретінде ұсынылады.
10-сынып
I. Әлеуметтік-тұрмыстық ая
Менің отбасым: отбасы бюджеті
Біз қонақ күтеміз (дәстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық)
Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы
II. Әлеуметтік-мәдени ая
Қазақстанның белгілі ғалымдары (кіші ғылым академиясы бойынша)
Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы
Шілдехана (ат қою, тұсау кесу)
Мен оқитын газет-журналдар (балалар газеті мен журналы)
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым.. Тақырып туралыбаяндау. Жазылым. Үй төлемінің түбіртегін толтыру. Тілдесім Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету).Диалог-сұрақ. Диалог-жауап.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
Отбасы туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер.
2. Біз қонақ күтеміз (дәстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық) – 14 сағат.
Тілдік бөлім:
Біріккен сөз. Қос сөз. Зат есім, не? Зат есімнің көптелуі. Зат есімнің септелуі. Етістік. Етістіктің жіктелуі, көпше түрі.Арнайы сұрақ.
атысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Диалогтік мәтіндер.Оқылым. Қонақ күту дәстүріне байланысты мәтіндер. Айтылым.. Қонақ күтуде жасалатын іс-әрекеттерді баяндау. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны қонақ күту туралы өз ойынан қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың түрлерін үйрету). Диалог-мәлімет.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
Қазақ халқының қонақжайлығы туралы мәтіндер.
3. Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы – 16 сағат.
Тілдік бөлім:
Көркем-әдебиет стилі.
Лексика: Тақырыпқа байланысты лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым Әке мен бала қарым-қатынасы туралы мәтіндер. Оқылым. Әке мен бала қатынасы туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Өз сезімін, қарым-қатынасын баяндау. Жазылым. Көркемдік жазылым(Абзац, диалог т.б. сақтап көркем жазу).Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім.Қалыптасқан тілдесім (әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Диалог-мәлімет.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
Отбасы, ата-ана арасындағы қарым-қатынас туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер, тиым сөздермен танысу. Мақал туралы ой бөлісу.
ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая – 64 сағат.
1. Қазақстанның белгілі ғалымдары (кіші ғылым академиясы бойынша) – 16 сағат.
Тілдік бөлім:
Құрмалас сөйлем.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Оқылым Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Айтылым. Ғылыми жоба туралы мәтіндер. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Ресми тілдесімді үйрету(оқушыларға ресми қарым-қатынастың элементтерін меңгерту).
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы мәліметпен таныстыру.
2. Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы – 16 сағат.
Тілдік бөлім:
Грамматика: Туынды сын есім. Тұйық етістік. Тәуелдік жалғауы.Ілік, табыс септігі. Өздік есімдік. Етістік. Осы шақ. Жіктелуі. Көсемше.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Қазақстан мемлекеті және оның құрылымы туралы мәтіндерді түсіну. Оқылым. Мәтіннің стилін айыру. Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Мемлекеттік құрылым туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету).
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім:
Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқып, пікір алмасу.
3. Шілдехана (ат қою, тұсау кесу) – 16 сағат.
Тілдік бөлім:
Қос сөз. Біріккен сөз.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың салт-дәстүрлері туралы мәтін. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру.Оқылым. Мәтіннің ұлттық-мәдени мазмұнын танымдық тұрғыдан түсініп оқу. Айтылым. Диалог-талап. Шілдеханада орындалатын белгілі бір әрекетті не істі жасауды бір-бірінен өтіну. Баланың дүниеге келіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім.Қалыптасқан тілдесім (әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуін, түсінісуін меңгерту).
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
Отбасылық дәстүрлер.
4.Мен оқитын газет-журналдар (балалар газеті мен журналы)
– 16 сағат.
Тілдік бөлім:
Есімшенің септелуі. Ашық рай. Бірыңғай мүшелер.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Балаларға арналған басылымдар туралы мәтін. Оқылым. Балалар басылымдары туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Газет/журналдардың пайдасын бағалау тұрғысынан баяндау. Жазылым. Осы тақырыпқа қатысты жазбаша жұмыстар. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету).Диалог. Диалог-мәлімет – белгілі бір газет, журнал туралы мәлімет беру.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
Алғашқы қазақ газеттері туралы пікір алмасу.
ІІІ. Оқу-еңбек аясы – 26 сағат.
1. Мен мамандық таңдаймын – 14 сағат.
Тілдік бөлім:
Кейінді ықпал.Қос сөз. Туынды зат есім.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Мамандыққа қатысты мәтіндер. Оқылым. Мамандыққа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Өзі таңдаған мамандықты сипаттай отырып, болашақта соған қатысты істейтін істері туралы баяндау. Жазылым. Өзі таңдаған мамандық туралы әңгіме жазу. Кәсіби-тақырыптық тілдесім – мамандық туралы тақырыптар төңірегінде пікір алмасуды жүзеге асыру, кәсіби сөздер құрамын кеңінен қамтитын тілдік қатынасты кәсіби түрде іске асыру. Диалог-реплика – тілдік қатынаста ойын қысқа сөздер мен сөз тіркестері арқылы тез жеткізу. Диалог-сұрақ.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім:
Қазақ суретшілері туралы мәтіндер.Көптілді білетін жастар туралы мәлімет.
2. Мен болашақта қандай жұмыс істеймін? – 12 сағат.
Тілдік бөлім:
Қос сөз. Ресми стиль.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндер. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтінді оқу.. Айтылым.. Болашақта істейтін жұмысын сипаттай отырып баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету).
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім:
Белгілі мамандар туралы мәлімет.
11-сынып
І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 44 сағат.
1. Әуежайда. Теміржол бекетінде – 16 сағат.
Тілдік бөлім:
Біріккен сөздердің емлесі. Құрмалас сөйлем. Себеп-салдар мәнді құрмалас сөйлемдер. Өзгелік етіс.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:
Тыңдалым. Ұшақтың ішіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: әуежай, теміржол бекеттеріндегі анықтамалық ақпараттар. Диалогтік мәтіндер. Айтылым.. Әуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы мәліметтерді айту.. Жазылым. Әуежай мен теміржол бекетіне байланысты тірек сөздер бойынша мәтін. Кеден мағлұмдамасын толтыру. Тілдесім. Әуежай мен теміржол бекеті туралы пікірлесім. Бекет қызметкерлерінен (анықтама бюросы, касса, жүк қоймасы) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
Сапарға шығу, жол туралы мақал-мәтелдер, тиым сөздер.
2. Қонақ үйде – 14 сағат.
Тілдік бөлім:
Салт және сабақты етістіктер. Модаль сөздер. Мекен үстеу. Туынды сөздердің жазылуы.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Қонақ үйдегі қызмет түрлері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: қонақ үй туралы жарнамалық, анықтамалық ақпараттар. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Өзінің сапары туралы. Әуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы мәліметтер. Жазылым. Қонақ үй түрлері мен қызметіне байланысты тірек сөздерге бойынша мәтін. @-mail –мен тапсырыс беру, ақша жіберу, есептесу, жаздыру. Тілдесім. Қонақ үй туралы пікірлесім. Қонақ үй қызметкерлерінен (қонақ үй әкімшілігі, анықтама бюросы, касса) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
Сыныптағы оқушылардың өздері тоқтаған қонақ үй туралы сөйлесімі.
2. Қала мен дала – 14 сағат.
Тілдік бөлім:
Етістіктің келер шағы. Мақсат үстеу. Ілік септіктегі сөздердің жазылуы.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Қонақ үйдегі қызмет түрлері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Ауыл/қала өміріне байланысты ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Мәдени орындардың ақпараттық-жарнамалық (буклет, блокнот, айлық репертуар қағазы,т.б.) мәтіндері. Айтылым. Монолог-суреттеу(қала мен даланың табиғатын сипаттап, оның ерекшеліктерін баяндау).Өзінің сапары туралы. Әуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы мәліметтерді айту. Жазылым. Қаладағы мәдени орындар туралы мәтін. Ауыл/қала өмірі бойынша сұхбат жазу. Тілдесім. Ауыл/қала өмірі туралы пікірлесім. Мәдени мекеме қызметкерлерінен өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу.
Мәдениет аралық қарым-қатынас бөлімі:
Қазақ ауылының тіршілігі, шаруашылығы туралы пікірлесу.
ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая – 44 сағат.
1. Жастар киімі. Мектеп формасы. Сән – 14 сағат.
Тілдік бөлім:
Сапалық және қатыстық сын есімдер. Есімше. Біріккен сөздердің емлесі.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Жастар киімі, мектеп формасы және сәнгебайланысты ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Сән орталықтарының ақпараттық-жарнамалық (буклет, киім үлгісі жинақтары, жарнама қағазы,т.б.) мәтіндері. Айтылым. Монолог: Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы мәліметтер. Диалог: Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары. Жазылым. Жастар киімі, мектеп формасы және сәнтуралы мәтін. Киіну әдебі туралы сұхбат жазу. Тілдесім. Жастар киімі, мектеп формасы және сәнтуралы пікірлесім. Ателье, киім дүкені қызметкерлерімен сұхбат.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі
Жастар киіміндегі ұлттық нақыштар туралы сұхбат. Киімге қатысты мақал-мәтелдер.
2. Қазақстан Парламенті – 16 сағат.
Тілдік бөлім:
Жалпы және жалқы есімдер. Қаратпа сөздер. Тіркесті сөздердің емлесі.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Сайлау, депутатқа үміткер туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Электронды дауыс беру туралы ақпараттық мәтін. Депутатқа үміткер, Қазақстан Парламенті туралы ақпарат-мәтіндер. Айтылым. Қазақстан Парламенті туралы мәліметтер. Жазылым. Қазақстан Парламенті туралы мәтін.Тілдесім. Қазақстан Парламентіне сайлау жүйесі туралы пікірлесім. Депутатпен сұхбат. Тілдесім.Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі
Қазақтың үш биі: Төле, Қазыбек, Әйтеке.
3. Театрға саяхат – 14 сағат.
Тілдік бөлім:
Туынды сын есімдер. Термин сөздердің орфоэпиясы.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Театрдағы қойылымдар туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Қазақ театрлары туралы ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Қазақ актерлары туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Қазақстан Парламенті туралы мәліметтер. Жазылым. Театрда көргендері мен қойылым бойынша мәтін.Тілдесім. Қазақтың театр ордалары туралы пікірлесім. Театр туралы сұхбат.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі
Алғашқы қазақ театрлары мен актерлары туралы мағлұматтар.
ІІІ. Оқу-еңбек аясы – 48 сағат.
1.Пошта – 12 сағат.
Тілдік бөлім:.
Салалас құрмалас сөйлем.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Пошта қызметі туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Пошта қызметі туралы ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Пошта қызметі туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Пошта қызметі туралы мәліметтер. Жазылым. Пошта қызметі бойынша мәтін. Тілдесім. Пошта қызметі туралы пікірлесім. Пошта қызметі туралы сұхбат.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі
Ұлттық маркалар.
2. Қалта телефоны – 12 сағат.
Тілдік бөлім:
Қазақ тіліндегі калька сөздер. Неологизмдердің емлесі.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Қалта телефонытуралы ақпарат-жарнамалар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Қалта телефонытуралы ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Қалта телефонытуралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Қалта телефоны туралы мәліметтер. Жазылым. Қалта телефонымен сөйлесу әдебі туралы мәтін. Тілдесім. Қалта телефонықызметі туралы пікірлесім-сұхбат.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі
Телефонмен сөйлесу әдебі.
3. Компьютер: пайдасы мен зияны – 12 сағат.
Тілдік бөлім:
Сабақтас құрмалас сөйлем. Ақпараттық технология терминдерінің емлесі.
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазіргі заманғы компьютерлердің мүмкіндіктері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: компьютерлердің жетілдірілген мүмкіндіктері, компьютердің пайдасы мен зияны жайлы баяндау, хабарлау, жарнама сипатындағы мәтіндер. Компьютердің пайдасы мен зиянытуралы диалогтік мәтіндер. Айтылым. Компьютердің пайдасы мен зиянытуралы мәліметтер айту. Жазылым. Компьютердің пайдасы мен зиянынабайланысты мәтін.Тілдесім. Компьютердің пайдасы мен зиянытуралы пікірлесім. Дүкен қызметкерлерінен компьютер түрлері туралы қажетті мәліметтер алу.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі
Компьютердегі мәліметтердің қазақша жазылуы,
4. Біздің еліміздегі оқу жүйесі – 12 сағат.
Тілдік бөлім:
Публицистикалық стиль.Қысқарған сөздердің емлесі мен орфоэпиясы
Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлімі:
Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының, өзге де тілдесетін адамдардың сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған өз еліндегі оқу жүйесітуралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндердегі өз еліндегі оқу жүйесі туралыжарнамалық,анықтамалық ақпараттар. Айтылым. Өз еліндегі оқу жүйесітуралы мәліметтерді айту. Жазылым. Өз еліндегі оқу жүйесінебайланысты білетінін мәтін түрінде жазу. Сұрақтарға жауап жазу. Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Өз еліндегі оқу жүйесітуралы пікірлесім. Білім саласы қызметкерлерінен өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі
Еліміздің оқу жүйесі туралы пікір алмасу.
ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
10-сынып оқушысы:
Тыңдалым бойынша:
- Өзіне таныс нақты, анық айтылған мәтіндерді; ауызекі тілде айтылған ақпаратты; радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсінеді;
- тақырып бойынша аудиоматериалды тыңдай отырып, айтылған ойға, басты мазмұнға көңіл аудара алады;
- Тілдік қарым-қатынаста қолданылатын ұғымдардың анықтамаларын тыңдап, олардың білдіретін мағынасын дұрыс қабылдай алады.
Оқылым бойынша:
Әр түрлі тақырыптарда ұсынылған мәтіндерді оқи алады және түсінеді;
Оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, талдайды;
Ғылыми, қоғамдық-саяси, көркем әдебиет тұпнұсқаларынан алынған үзіндіні нормативті деңгейде оқи алады.
Айтылым бойынша:
Өзінің алған әсері арманы, досым, әріптесі туралы мағлұмат бере алады;
Түрлі жағдаятқа сәйкес көзқарасын білдіреді;
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, мағыналық бөліктерге жіктей алады;
Тақырып бойынша лексиканы меңгере отырып, өз ойын жеткізе біледі.
Жазылым бойынша:
Өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгімелер жаза алады;
Пунктуация ережелерін сақтай біледі.
Тілдесім бойынша:
Сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді ұтымды қолдана алады.
Әр түрлі жағдаяттарда сұхбат құра алады;
Өзіне таныс жағдаяттарда ешкімнің көмегінсіз сұхбатқа араласады;
Үнтаспада жазылған сұрақтарды тыңдап, оларға жауап бере алады;
Оқыған мәтін бойынша өз пікірін айта алады.
Лексика:
Берілген ойдың мазмұнына қарай қажетті сөзді орынды қолданады;
Мақалдың дұрыс мағынасын анықтайды;
Мәтінде берілген ойдың тақырыбын анықтай алады;
1 300 лексикалық бірлікті меңгереді.
Сөз құрамы мен сөзжасам:
Туынды түбірлердің мағыналық байланысын біледі;
Сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін ажырата алады.
Грамматика:
зат есімдерді септейді, септік жалғауларын жалғайды, сөздердің септік формасын анықтай алады;
стилдік түрлерін орынды қолдана алады;
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра біледі.
11-сынып оқушысы:
Тыңдалым бойынша:
Өзіне қатысты айтылған хабарды, ақпаратты түсінеді;
Аудиотаспадан тыңдалған диалогты түсініп, онда айтылған ой-желісін жеткізе біледі;
Тақырып бойынша алынған дерекке баға береді.
Оқылым бойынша:
Мемлекеттік тілде жазылған құжаттарды оқиды, түсінеді;
Берілген мәтіннен өзіне керекті қысқаша деректі таңдай біледі;
Оқудың нақтылы мақсатына сай қажетті ақпаратты ала алады.
Айтылым бойынша:
Оқыған әңгімесі немесе мәтіні туралы айтып бере алады;
Өз бетінше газет-журнал материалдарынына шолу жасап, негізгі ойды анықтай біледі.
Жазылым бойынша:
Құжаттарды логикалық мазмұнына сай жүйелі түрде толтыра біледі;
Әр түрлі тақырыпта сұхбат құрастыра біледі.
Тілдесім бойынша:
Үйренген материалды күнделікті өмірде пайдалана біледі;
Таныс материалдар туралы адамдармен пікірлеседі;
Оқыған мәтін бойынша өз пікірін айтады;
Диалогті тыңдап, сол тақырыпқа ұқсас диалог құра алады;
Үнтаспадағы диалогты тыңдап, монолог түрінде айтып береді;
Әңгімені жалғастыра біледі, пікір таластыра алады.
Лексика:
Сөздің тура және ауыспалы мағынасын бііледі, сөз мағынасын ауыстырып қолдана алады;
Тұрақты тіркестер, мақал мен мәтелдер, афоризмдерді сөйлеуде қолдана біледі;
Омоним, антоним, синоним сөздердің қолданылуын біледі;
Өндірістің, ғылымның, техниканың, өнер мен мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін терминдерді біледі;
Тұрақты тіркестері бар мақал-мәтелдерді өздігінен іздеп табады, сөздікпен жұмыс істей алады;
1 300 лексикалық бірлікті меңгереді.
Сөз құрамы мен сөзжасам:
сөзжасамдық мағына, туынды сөздердің түрлерін біледі.
Грамматика:
Зат есімнің грамматикалық категорияларын біледі;
Сөз таптарының сөйлемдегі синтаксистік қызметін ажырата алады;
Құрмалас сөйлемнің түрлерін біледі;
Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылықтарын ажырата алады;
Стилдік түрлерін күнделікті өмірде орынды пайдалана алады.
IV. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ
Қазақ тілін қатысымдық бағытта оқытуда оқушылардың психологиялық, әлеуметтік күйін ескере отырып, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын меңгерген дара тұлғаны қалыптастыратын танымдық, репродуктивтік, шығармашылық кезеңдерге лайықталған оқу-әдістемелік кешен. Оқу-әдістемелік кешенде төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алуға болады:
Теорияны практикамен ұштастыру ұстанымы оқушылардың қазақ тілінің теориясы бойынша алған білімдерін күнделікті қарым-қатынаста орынды да тиімді қолдана алуларын көздейді.
Оқытудың ғылымилық ұстанымында оқушыларға берілетін білім ғылыми негізге құрылуы қажет. Тақырыпқа байланысты мәтіндермен жұмыс істеу барысында терминдердің мәнін, қолданысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп түсіндіру тиімді нәтиже береді. Берілген грамматикалық тақырып мәтінде қамтылуы тиіс. Ұсынылған тапсырмалар қазақ тілінің теориясын жан-жақты қамтуы қажет. Қазақ тілі бойынша талдау жұмыстарын жүргізгенде, тілдің де математика ғылымы тәрізді дәлдікке, нақтылыққа сүйенетінін ашып көрсету, талдау жұмыстарын сауатты меңгеруге үйретеді. Себебі, талдау кезінде бір жалғауды не жұрнақты қате бөліп талдаса, ары қарай дұрыс талдай алмайды. Міне, осылай ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, тіл фактілеріне негіздеп түсіндіру керек.
Оқушылардың дара ерекшелігін ескеру ұстанымы тіл үйретуде негізгі рөл атқарады. Мұғалім сыныбындағы әр оқушының қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын білуі қажет. Сабаққа белсенді қатыспайтын оқушы ойын кезінде белсенді болуы мүмкін. Сондықтан ойынға мұғалім осындай оқушыларды көптеп тартқаны абзал. Сонда олар ұялшақтықтарынан арылып, өздерін сабақта еркін сезінетін болады. Шығармашылық қабілеті жоғары дамыған оқушыларға әртүрлі тақырыптарда шығарма, әңгіме, реферат жазып келуді жиірек берген жөн. Ізденімпаз, қызығушылығы жоғары оқушыға ақпарат құралдарынан материал жинап, пресс конференция сабағын өткізуді тапсыру оң нәтижесін береді.
Деңгейлеп даму ұстанымына сүйене отырып қазақ тілін оқыту жақсы
нәтиже береді. Бұл ұстаным бойынша істелетін жұмыстар бірте-бірте қиындай түседі, яғни орындалатын жұмыстар жеңілден қиынға қарай күрделене береді. Бағдарламада тақырыптар бірте-бірте күрделене берілді.
Тіл үйрету жұмысы– өте күрделі процесс. Сондықтан оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың барлығы бір-біріне байланысты, жеңілден ауырға қарай, деңгейлеп жүргізілуі қажет. Оқушылар қазақ тілі сабағында тек тіл үйреніп қана қоймайды, олардың сабақ барысында қазақша ойлау дағдылары қалыптасып, өмірге өзіндік көзқарасы айқындалып, ұғым-түсінігі кеңейеді.
Тіке байланыс ұстанымы оқушылардыңбір-бірімен сөйлесуі, пікірлесуі арқылы жүзеге асады. Тіке байланыс ұстанымы мұғалім мен оқушының немесе оқушы мен оқушының арасында болады. Қалай болса да ол екі жақты қатынасқа негізделеді. Мәселен, мұғалім мәтінді оқушыға ұсына отырып, осы мәтін төңірегінде бірнеше жұмыстарды орындатады. Мәтіндер оқушылардың лексикасын толықтыратындай, сөздік қорын байытатындай, логикалық ойлау қабілетін дамытатындай мақсатта алынуы керек. Оқушылар таңдалып алынған мәтіндерді тек мәнерлеп, нақышына келтіріп оқумен шектелмей, мәтін бойынша әртүрлі мақсаттағы тапсырмаларды орындауға жаттығулары қажет. Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннен қажетті қатысымдық тұлғаларды табу, олардың мәні мен мағынасын айқындау, мәтін бойынша жоспар құру, мәтіннің негізгі мазмұнын баяндау, мәтін мазмұнын көршісімен әңгімелеу, мәтін бойынша сұрақтар дайындау, дайындаған сұрақтарын ұжымға немесе көршісіне қою арқылы жауап алу, мәтінге ат қою т.б көптеген жұмыс түрлерін қамтуға болады.
Оқушыларды сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау ұстанымы бойынша оқушыларға қажетті мәтіндер мен тапсырмалар іріктеліп алынады. Берілген тапсырмалардың мақсаты айқын көрсетілгенде ғана белгілі бір жетістікке қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім қандай тапсырма берсе де, оны орындаудағы мақсатты айқын саралап көрсеткені жөн. Мысалы, мұғалім бейнетаспаны немесе үн таспаны пайдалана отырып, оқушыға алынған мәтінді тыңдатады. Қазақ тілін тыңдалым арқылы меңгертуде теледидар, радио хабарларды көптеп қолданудың маңызы зор.
Оқу-әдістемелік кешенде сонымен бірге төмендегідей әдістерді басшылыққа алуға болады:
Оқытудың қатысымдық әдісі. Қатысым әдісінің негізгі мақсаты -оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу, тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан- жақты қамтамасыз ету. Сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу. Өйткені кез- келген тақырыптағы тілдесім процесі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау әрекеттері арқылы іске асады. Сол себепті әдістеме ғылымында сөйлесім әрекетінің мынандай негізгі түрлері белгіленген: продуктивті (айтылым мен жазылым; олар хабар жібереді) және рецептивті (тыңдалым мен оқылым; олар хабарды қабылдайды). Айтылым мен тыңдалым сөйлесім әрекетінің ауызша түрін, ал жазылым мен оқылым - жазбаша түрін құрайды. Тілдік қатынастың ауызша және жазбаша түрі өзара тығыз байланысты және үнемі бір- бірімен әрекеттес болады. Мұнда оқу сырттай немесе жеке ара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі өзара іс- әрекеті үстінде, ауызба- ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады.
Аталған технология оқу процесінде монологтік, диалогтік, полилогтік тілдесімге қажетті жағдайларды туғызады. Бұл технология имитациялық-модельдік, жағдаяттық-рөлдік, «пайданы өз мүддесіне ыңғайлау» («глобальная симуляция»), «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз-конференциялар, «КТК (Көңілділер, тапқырлар клубы)» және т.б. тілдесім түрлерін іске асырады.
Оқытудың ойын әдісі. Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар оқушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, шешен сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен оқушылардың оқу міндеттерін шешуге тиіс. Ойын тілдік жағдаяттарда оқушыға қарым-қатынас мәдениетіне төселдіреді.
Дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісі оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушының жеке бас ерекшелігін ескереді және әр оқушы үшін оқу міндеттерін жүзеге асырудың қолайлы шарттарын туғызады. Осы оқыту технологиясы оқушының алғашқы қадамынан бастап, білім, біліктілік пен дағдысының даму жолын көрсетеді, сондықтан 10-11 - сыныпта дара тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы аса маңызды.
Дара тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының негізгі принциптері ретінде мыналар сақталуы тиіс:
оқушының жеке бас ерекшелігін ескеру принципі. Бұл принцип әр баланы өзінің қабілетіне сай оқытуды көздейді;
жеке білім траекториясын таңдау еркіндігі принципі (міндетті деңгейден төмен болмайтын);
оқытудың продуктивтілігі принципі. Оқытудың мерзімдік кезеңдеріне (сабақ, тоқсан, оқу жылы) сәйкестіндірілген білім нәтижелерін нақты белгілейді;
жағдаяттық оқыту принципі. Бұл принцип сөйлесім әрекеттерін кешенді құруды көздейді;
дара тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы бойынша қазақ тілін оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдауда төмендегідей талаптар қойылады;
диалогтік, полилогтік;
әрекеттік-шығармашылық сипатының болуы;
оқушының жеке басы дамуына сәйкестігі;
оқушының өздік және шығармашылық әрекетінің дамытылуы.
Аталған технологиялар екі жолмен жүзеге асырылады: 1) сыныпты «мықты – орташа – әлсіз» топтарға бөлу және оқу материалдарын күрделілігіне қарай саралау; 2) оқушылардың жеке бас қабілеттеріне сәйкес өзіндік траекторияларын құру. Бұл технологияны жүзеге асырудың екінші жолы оқытуды ұйымдастырудың айрықша жағдайларын құруды талап етеді: әр оқушының жеке білім траекторияларын таңдау мүмкіндігі мазмұны мен көлемі әр түрлі оқу материалдарын іріктеуді қажет етеді.