Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №26 гимназия Мерзiм: 21.11.17 №12
Тақырып: Ар – намыс керек адамға.
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әділеттілік, жақсы азамат болу.
Мұғалiм: Жасұлан М.Ж. Сынып: 9 «Б» Оқушылар саны: 18
Сабақтың мақсаты: «Ар – намыстың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып қиянат жасамау құндылығын ашу.
Міндеттері:
— Адам өміріндегі ар – намыс ұжданның мәнін аша отырып, жақсы азамат болу қасиеттерін түсіндіру;
— Өмірлік әрекетіне, өз мінез – құлқына әділетті сараптама жасай білуге үйрету;
— Ар тазалығына жету үшін өз әрекетін талдап кемшілігін танып, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеуге тәрбиелеу.
Ресурстар:
Интербелсенді тақта,бейнетаспалар, оқулықтар, әндер жазылған таспалар.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.
ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Сабақ барысын талқылау:
а) Сынып оқушыларын түгендеу
ә) Сыныпты үш топқа бөлу
б) «Еңбеккерлер», «Қаламгерлер», «Өнерпаздар» деп топтарға бөлу
« 5-Т» ережесін сақтау.
1.Тәртіп.2.Тазалық.3Тыныштық.4.Талап.5.Татулық
- Үй тапсырмасын тексеру.
Абайдың Отыз алтыншы сөзінен берілген үзіндіні оқу.
- Шығармадан қандай ой түйдіңіз?
- Неліктен Абай ұялмас нәрседен ұялғанды –ақымақтық, жамандық дейді?
- «Шын ұят»-деген сөзді қалай түсінесіз?
Оқушылардын үй тапсырмасын сұрау.
- Әңгiмелеу (сұхбат).
Мұғалім сыйы. Балалар мен сендерге сый алып келдім.
«Ақ қаз» ертегісі. (видеоматериал).
1.Ертегі не туралы?
2. Видеобинені көргеннен кейін қандай ой түйдіңдер?
3. Ар – намысқа тырысып қадам басқан кездерің болды ма?
4. Өмірде осындай жағдайлар кездесе ме?
Бейнетаспадан ертегі көрсету, өз ойларын сұрау.
- Дәйек сөз.
Намысы бар жігіттің, нар күшіндей күші бар,
Намысы жоқ жігіттің намыспенен несі бар?
Халық мақалы
-Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
1 Қыздар1-рет, ұлдар 1-рет, қосылып 1-рет қайталау. Мағынасын ашу, талдау. Дәйексөзді дәптерге жазу.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жағдаятты оқы. Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру.
І топ
1- тапсырма Мұхтар мен Болат 9 – сыныпта бірге оқиды. Екеуі 7 – сыныптан бері жақсы дос. Олар «Медеу» ықшам ауданында тұратын, үйлері де бір – біріне жақын. Мұхтар да Болат та оқу екпіндісі, сабақ дайындағанда бір – бірінің үйіне бара қоятын. Бірақ Мұхтар соңғы кезде көп өзгерді. Сабағы да төмендеді. Болат бұрынғыдай хабарласа қалса, «қолым тимей жатыр», «үйге кісілер келіп қалды», «ата – анам жұмыс тапсырып еді» деген сияқты таусылмайтын сылтауы көбейіп кетті. Бүгін, Мұхтардың өзі Болатқа қаңырау шалып:
— Егер мені ата – анам сұрап жатса, «менің қасымда, екеуіміз сабақ дайындап жатырмыз» деп айта салшы, мен Саматпен бірге компьютер клубына ойнауға барамын» — деді. Самат 10 – сыныпта оқитын көрші бала. Болат не дерін білмеді. «жоқ, мен олай айта алмаймын» деп айтса, досынның көңілі қалады. «Ия, жарайды» десе өзі жақсы танитын Мұхтардың ата – анасын алдаған сәті, көз алдына келді.
1. Болатқа қандай кеңес бересің?
2-тапсырма «Ар намыс керек адамға» тақырыбында сурет салып бейнелеу.
ІІ топ
1-тапсырма Ертеңіне екеуі мектепте кездесті. Әдебиет сабағы басталды. Әдебиет пәнінің мұғалімі Асқар ағай салиқалы ойын сабақтап, үй тапсырмасын сұрауға көшті.
— Жиырмасыншы – отызыншы жылдырдағы әдебиет туралы бізге Мұхтар айтып берсін – деді мұғалім жәй ғана. Мұхтар орнынан жылдам тұрғанмен, жаратып жауып бере алмады.
— Мүмкін: М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов туралы білгеніңді айтып берерсің – деді Асқар ағай. Мұхтар төмен қараған күйі.
— Кеше үйге көршілерден су кетіп қалып, сабақ оқуға қолым тимей қалды – деді. Қасында отырған Болат бұны естігенде өзінен – өзі қызарып кетті. Мұғалім ескертуін алып, орнына отырған Мұхтар досына:
— Сенің мына ісің дұрыс болмады, ұят емес пе? – деді Болат сыбырлап.
— Сенің жұмысың болмасын, өзім білем – деді Мұхтар да сабақ оқымағанына біреу кінәлідей, ренішті үнмен.
Болат «сабақ біткен соң, осы жағдаймен міндетті түрде сөйлесеміз» — деді ішінен.
1. Болат Мұхтармен қалай сөйлесті?
2. Достар қандай шешім қабылдауға мүмкін?
2-тапсырма : «Ұят-ар сақтайды,арлыны ел мақтайды » тақырыбында өлең шығару
Топтардын қалай жұмыс атқарып жатқанын тексеру.
- Топпен ән айту.
«Өміріңе немқұрайлы қарама»
Сөзі: Серік Сейітман
Әні: Сәкен Дәрібаев
Тыңда, досым,мен айтайны от тілек,
Дүниеден кетті бай да өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Дәулетіңмен тұрсаңдағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Шақша басың айналса да бақыттан.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала.
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым,қанша шаттыққа.
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын.
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Тұсау салып,бастатқызбай көш дара.
Етсе дағы дұшпан күлкі дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Тағдыр желі қарсы адыңнан соқса да.
Әуенді қосып, бірге айту.
- Үй тапсырмасы.
78 -беттегі Балқар аңызын оқу,талдау
Күнделіктеріне жазғызу.
- Бағалау
Жапырақшалар тарату арқылы бағалау.
Әр оқушыны бағалау, алғыс айту.