Сабақтың көрнекілігі: Оқулық Дәптер Оқу құралдары | Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Ар», «Намыс» туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Міндеттері 1. Білімділігі: оқушыларға ұят, намыс, ар, кеңпейілділік туралы түсінік беру; 2. Дамытушылығы: бірлікке ұмтылу қасиеттерін дамыту; 3. Тәрбиелігі: қамқорлық жасауға, кеңпейілді болуға тәрбиелеу |
Сабақ барысын талдау | Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен сәлемдесу - Оқушыларды түгендеу Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық |
| Тыныштық сәті. Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз денеңізді босатып тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, салдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл дем алудасыз, сіз күш қуатқа толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз. |
| Үй тапсырмасын тексеру Б. Үсенбаевтың «Намыс» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау жасау - Ар, Намыс, Ұят ұғымдары туралы не білесіңдер? - Өз ісіңе қатты ұялған кезің болды ма? - Адамның өз арын адал сақтауына не көмектеседі? |
Жаңа сабақ | Әңгімелесу Оқушылар ар – намыс дегеніміз не? Ұят дегеніміз не? Абырой дегеніміз не? |
| Дәйексөз «Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді, Абырой бар жерде ар шапаны сөгілмейді» Нақыл сөз Дәйексөздің мәнін ашу; Дәптерге жазып алу; |
| Оқиғаларды әңгімелеу «Балқар аңызы» Алғашқы қар жауған күн екен. Таңертенмен бір қария үйден шығып, айналаға қараса, аппақ қар жатады және өздерінің үйінен есігінен шығып кеткен бір ізді көреді. «Астапралла, отбасымның барлық мүшесі әлі ұйықтап жатыр емес пе? Сонда үйден шығып кеткен бұл кім екен?»-деп әлгі іздің соңынан түсіп жүре береді. Үйден біраз ұзағанда біреуді кезіктіреді. Ол – нәсіп екен. Ақсақал «Сен қайда бара жатырсың?»-деп сұрайды. Сол кезде Нәсіп «Мен осы күнге дейін сіздердің үйлеріңізде болдым. Енді басқа үйлерге кетіп бара жатырмын. Оларға да баруым керек қой деп жауап береді. Ақсақал Нәсіпке кетпеуін, үйге қайта келуін өтінеді. Сонда Нәсіп «Мен сенің бір тілегіңді орындайын, айтыңыз», деді. Ақсақал болса «Жүр үйге жүр. Отбасыммен ақылдасып отырып, тілегімді айтайын»-дейді. Алайда Нәсіп осы жерде күтетінін, ақсақалдың өзі барып отбасы мүшелерімен ақылдасып келуіне кеңес береді. Амал жоқ, ақсақал алысып, алып ұшып, үйіне келеді. Әйелін, бала – шағасын оятып, ақылдасуға шақырады. Бәрі жиналып, әртүрлі тілектерін айтады. Біреуі алтын керек, ақша керек, енді бірі жылқы және басқа мал керек дейді. Ақсақал соңында «Ал бәрің де айтып болдыңдар ма?» - деп сұрайды. Сол кезде біреуі «анау шымылдықтың ар жағында отырған кішкентай келін қалды, сол айтқан жоқ»-дейді. Атасы жас келіннің тілегін сұрап келуге кіші қызын жұмсайды. Бір кіші қайын сіңлісі тілмаш секілді отбасы мен келіннің арасына делдал болып жүреді. Сөйтіп, жас келіннен қандай тілегің бар деп сұраса, ол «абырой, намыс, керек депті. Оны естіген ақсақал «Бәріңнің манадан айтқан ойларың көңілімнен шықпады. Жас келініміздің тілегі ерекше екен. Мен осыған тоқтам жасап отырмын. Барып Нәсіпке айтамын деп тұра жөнеліпті. Нәсіпке келіп, « Байлығымды, дүние – мүлкімді алып кете бер. Бізге тек абырой, намысты қалдырсаңыз болғаны»-дейді. Мұны естіген Нәсіп «Мен кеткелі тұр едім. Ал мына тілектеріңмен аяқ қолымды байлап тастағандай болдыңдар. Енді мен ешқайда кетпей, сіздермен бірге бола беремін. Абырой, намыс болған жерде бақыт та , береке де болады. Адамға абырой, намыстан асқан рухани құндылық жоқ»-депті. Сөйтіп, Нәсіп ақсақалға ілесіп, үйлеріне келген екен. |
| Топпен жұмыс Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады. Ғабит Мүсірепов Арыңды сатып тапқан мал - харам. Пайда ойлама - ар ойла. Абай Құнанбаев Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар. Абай Құнанбаев Ар-намыссыз - ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл. Нұрсұлтан Назарбаев Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет. Мұхтар Әуезов Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады. Сырым Датұлы Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза. Мұхтар Әуезов Масқарадан ажал да ақтап ала алмайды. Мұзафар Әлімбаев Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат. Шерхан Мұртаза Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел. Шерхан Мұртаза |
| Назар аударыңдар Әр адамның бойында абырой, намысы болса, алмайтын асуы қалмайды, ұлттық салт-дәстүрін, ана тілін құрмет тұтып, патриоттық сезімі жоғары болатынына ешқандай күмәнің болмайды. Бұл да – ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі. |
| Үйге тапсырма Оқушылар үйден «Мл сақтама, ар сақта» тақырыбында шағын шығарма жазып келеді |
| Тыныштық сәті Ал енді өкпе - реніштің зиянынан бойды аулақ ұстау, іштегі өкпе - реніштен құтылу мақсатында тыныштық сәтін өткізейік. - Көздеріңізді жұмып, денелеріңізді еркін ұстаңыздар. - Демдеріңізді ішке алып, сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс жасаңдар - Енді соңғы кездердегі өкпе - реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не себепті ренжідің?) - Осы өкпе - реніштер бұлт болып сенің ішіңде орналасып алған екен. Ол мына кіндіктеріңнің тұсында тұр. Енді сол жерге саусақтарыңды апарып, өкпе - реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңдер. Бірте - бірте бұлтты жоғары көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер. Енді оның орнын жақсы қасиеттермен толықтырайық. Күннің шуағындай осы жақсы қасиеттердің ішінен бүгінгі сабағымызға қатысты қасиетті алып, ішімізге орналастырайық. Осының ішіндегі ең маңызды қасиет деп нені көрсетер едіңіздер. - Адамгершілік. Олай болса, оны жүрегімізге орналастырып алайық. Қане адамгершілігі мол кең пейілді жүрегімізге қол соғып қояйық. |