Ортасы 15 минут | Қолдану Мәтінді оқып, күрделі сөздер табу Ақотты – нар аңызы Ең соңғы су шығатын күнінде құдықшы судың көзін ашпай кетеді. Жол жөнекей ашып қойса, ары қарай қаза алмайды. Ол құдық тайыз болады, тайыз болған құдық таңқы болады. Судың қоры көп жиналу үшін су ашылған жерден ары қарай тереңдетіп, күші жетсе, екі-үш құлаштай қылып қазады. Астынан қазған сайын, шығатын көзі де көбейе береді. Сол кезде су үстін жауып кетпес үшін оның бәрін жолдан жауып, сылап, саналы түрде бітеп отырады. Енді қайтуға болады, судың дәмін сақтап қалатын, дәмін бұзбайтын, қатты сазды паласқа келген кезде құдықшы ары қарай қазуын тоқтатып, енді қайтадан төменнен жасырып келген су көздерінің бетін шұқып ашып, жан-жақтан шүмектеп құйылып, аға бастаған судан өзі қашып шығады (құдықты бітірген соң ). Осындай бүкіл технологияны білетін құдықшылардың көлігі түйе болатын. Таңертең құдыққа түседі, түсте шығады, қайта түсіп, кешке шығады. Осының барлыған сыралға көлігі түйе арқылы жасайды. Ақотты- нарды қазған құдықшы су шығатын, жиналатын көзге әлі де екі күнен кейін жетем деп есептеген. Бірақ су жиналатын көз көбірек болған көрінеді. Көзді бірнеше жерден жарған. Судың астында қалатын болған соң, арқанмен белгі берген. Құдықтың сыртындағылар: « Ол бүгін бола алмаймын, шықпаймын деген»,- деп, оған мән бермейді. « Екіндіге дейін жайылсын», - деп, күнде шығырға жегіп жүрген түйені аяғын тұсап, жайылысқа жіберген. Енді шыдатпайтын болған соң, қасындағы қосымша жұмысқа жегіп жүрген нарды алып келеді. Бұрын шығырға түспеген түйе үркіп-қашып, құдықтың ішіне олай соғып, бұлай соғып, құдықшының мылжа-мылжасын шығарып алып шыққан. Содан соң құдықтың атында «нар» деген сөз қалып қойған.Сол оқиғадан кейін , ел қорқып, қасына көп қонбайды екен. Малын содан суарып, ауыз суды басқа құдықтан алатын болған. Бағалау критерийлері | № тапсырма | Білім алушы: | Бағалау шәкілі | Бағалау | Дескриптор | 1.Мәтін мазмұны түсінеді | | Мәтіннің мзмұнын түсінеді; | 1-3 | | Аңыздың Ақотты – нар деп аталу себебін айта алады; | 1-3 | | 2.Жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді. | | Ірі қара малдың түрін ажырата алады; | 1-3 | | Шығырдың байланысын анықтайды; | 1-3 | | Күрделі сөздерді таба алады; | 1-3 | 3.Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады | | Өмірмен байланыстыра алады; | 1-3 | | Барлығы | | | | | | Дүйсенбаева Жанбибі Әбіш Кекілбаев-суреткер 35-бет |