kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ХАЛЫ?ТЫ? ПЕДАГОГИКАНЫ ФИЗИКА САБА?ЫНДА НАСИХАТТАУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

ХАЛЫ?ТЫ? ПЕДАГОГИКАНЫ ФИЗИКА САБА?ЫНДА НАСИХАТТАУ

Физика п?нін о?ытуда?ы ?з т?жірибемде ш?кірттерге ?лтты? т?лім - т?рбие беруге, ?аза?ты? т?рмысты? салт - д?ст?рлері, ?деп - ??рыптары туралы т?сінік беруге к?зім жетті. Физика саба?тарында ш?кірттерді халы?ты? - педагогика негізінде т?рбиелеу ж?мыстары о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын тудырады.

Егер Елбасымызды? м??алімдерді? съезінде жаса?ан баяндамасы ?лтты? білім беруді? ж?не ?лтты? т?рбиені дамытуды? перспективасы десек, онда білім беру ж?йесіні? басты міндеті - ?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы?тар негізінде жеке адамды ?алыптастыру?а, дамыту?а ж?не к?сіби шы?дау?а ба?ыттал?ан білім алу ?шін ?ажетті жа?дайлар жасау?а ба?ытталуы тиіс.

?аза? ?лтты? мектебін жасау ?ажеттілігі ж?не о?ушылар?а ?лтты? т?рбие беру к?кейтесті ?леуметттік- педагогикалы? м?селе. ?лтты? т?рбие ?лтты? мектептерде ж?зеге асырылатыны д?ниеж?зілік алды??ы ?атарлы елдерде д?лелденген. ?аза?ты? ?лтты? мектебі деп хал?ымызды? Ана тілі, Ата тарихын, Т?л м?дениетін, ?лтты? салт - д?ст?рлерін ж?йелі о?ытатын мектепті айтамыз. Ал ол мектепті? басты белгісі - ?аза?ты? ?лтты? рухы болуы шарт. ?лтты? т?лім - т?рбие ал?ан ?рпа? дені сау, білімді, а?ылды, адамгершілікті с?лу да, сымбатты, хал?ын, елін, ту?ан жерін таби?атын с?йетін «Сегіз ?ырлы бір сырлы» азамат болып ?седі. Мені? ойымша ?ріптестер о?ушыны о?ытуда педагог Ш. Аманашвилиді? мына с?здерін басшылы??а ал?аны ж?н: «О?ушы дегеніміз толтыру?а арнал?ан бос ыдыс емес, ол - жар?ыра?ан шыра?, тек соны жа?а білу керек!»

Халы? педагогикасыны? ?рі т?лімдік, ?рі білімдік пайдасы, ?сіресе, халы? ойындарында мол деп білемін. Осы ретте саба? сапасын арттыру ма?сатында ?лтты? ойындарды пайдалану?а тырысамын. Соны? на?ты бір мысалы мынадай.

Халы?ты? педагогика элементтерін физика саба?ында насихаттау

Енді физика саба?тарында ?аза?ты? ?дет-??рып, салт д?ст?рлерін ?алайша д?ріптен ж?ргенімізге то?талайы?.

Жетінші класта «Газдарда?ы, с?йы?ты?тарда?ы ж?не ?атты денелердегі дуффузия» та?ырыбын ?ткенде, ?лтты? ?дет - ??рыппен о?ушыларды таныстыру?а болады. Мал етін б?збай ?стау, т?здай білу ?лкен ?нер, о?ан шеберлікпен т?жірибе керек. О?ушылар?а ет т?зда?ан кезде т?зды? молекулалары етке сі?етінін айтамын. ?аза?тар етті с?рлеу ?шін ыстайды. С?рленетін ет соншама ?атты ?а?талмайды ж?не оны ілгенде біріне - бірін тигізбей, арасына самал, т?тін еркін кіре алатындай етіп іледі. Ыстап с?рлеуге ?а?тал?ан ет, ол сор?ып, тобырсы?ан кезде арнаулы тошала?а ілініп, астына т?тін салынады да, есігі жауып тасталынады. Ет ыстау?а жа?ылатын отын ретінде ?детте тобыл?ы, ?ара?аш, арша, шырша пайдаланады. Т?тін сі?ген ет д?мді болады. О?ушылар?а т?тін молекулаларыны? таралуын т?сіндіремін.

Ит ?осу - а?шылы?ты? е? байыр?ы т?ріні? бірі. Ата - бабамыз итті? иісшілдігін, ж?йріктігін, к?шін ертеден пайдаланып келген. А? ж?ріп ?ткен жерден а?ны? иісіні? молекулалары ауа?а тарайтынды?ын, а?ны? иісі итті? иіс сезу органдарына ?сер ететіндігін т?сіндіремін.

«Молекулаларды? ?зара тартылуы ж?не тебілуі» та?ырыбын ?ткенде ?аза? хал?ыны? т?рмысты? салт-д?ст?ріні? бірі мал ?німдерін жинауда мол т?жірибе жина?тап, оны? д?ст?рге айнал?анды?ын о?ушылар?а жеткіземін. ?о?дылы?ы жа?сы ?ойды? терісі ты?ыз ж?не денесі ж?мыр ?рі тегіс болып келеді. К?ктем шы?ып, к?н жылысымен м?ндай ?ойдан шайыр к?п б?лінеді де, ж?ні ж?мсарып, иілімді келеді.

Шайыр жеткілікті болып келген жа?дайда ж?н талшы?тары бір - бірімен жа?сы ты?ыздала жабысып, ?ыры??ан кезде б?лшектенбей бірт?тас болып т?седі. Ж?н ысырап болмайды. ?о?дылы?ы т?мен ?ойды? ж?нінде шайыр аз жиналып, соны? салдарынан ж?н ??р?а?, ?рі ?аттылау болады, ал ж?н бір - бірімен жа?сы т?тас байланыспай ?алады, ?ыры??анда ж?ні бірт?тас болып т?спейді, ыдырап б?лшектенеді. О?ушылар?а соны? себебін шайыр молекулаларыны? арасында?ы тартылыс ??былысымен т?сіндіремін. Физикалы? шама «жылдамды?ты» т?сіндіруге ?аза? хал?ыны? ?лтты? ойындары «к?кпар», «б?йге», «?ыз ?уу», «?ыз жарысы», «аламан б?йге», «жор?а жарыс» сия?ты т?рлерін баяндай келе олар?а орташа жылдамды? туралы т?сінік беремін.

«Серпімділік к?шін» т?сіндіруді ?аза?ты? байыр?ы а?шылы? ж?не жауынгерлік ?аруы - сада? атауымен байланыстырамын.

Ол ?ару туралы т?сінік беремін. Сада? мы?ты а?аш немесе а?ны? м?йізінен жасалатын ?ару. Сада?ты? о?ы - жебе. Сада?ты? адыранасын кері тарт?анда тарту к?шіне ?арама - ?арсы серпімділік к?ші пайда болады. ?олды? тарту к?шін жой?анда серпімділік к?шіні? ?серінен жебе атылады.

«К?штерді ?осу. Те? ?серлі к?ш.» та?ырыбын т?сіндіруде о?ушылар?а ?аза?ты? ?лтты? «Ар?ан тарту» ойынын т?сіндіріп, о?ушылар?а б?л ойынды ойнату?а болады. Екі - ?ш баладан екі топ?а б?лініп, ар?анды екі жа??а тарт?ан о?ушыларды? тарту к?штеріні? ?рт?рлі жа?дайларда?ы м?нін т?сіндіре келе, к?штерді ?осу, те? ?серлі к?ш, к?штерді? ба?ыты туралы т?сінік беремін.

«Таби?атта?ы ж?не техникада?ы ?йкеліс» та?ырыбын ?ткенде «Ба?ана?а ?рмелеу» ?лтты? ойынын т?сіндіріп б?ренеге ?рмелеуде басына к?терілу ?шін б?ренемен ?рмелеушіні? ая?тары ?олы арасында?ы тынышты? ?йкелісі бол?ан жа?дайда жо?ары ?оз?алатынын т?сіндіремін.

?аза?та жауыр ат міну - салт емес. Солай бола т?рса да, бас?а малы жо? болса, жауыр ат?а мінеді. Кейде ?за? сапарда, жоры?та ысты? - суы?тан ат ар?асы тез кетеді.

Ат ар?асыны? болымсыз жерінде беті ашы? жола? жауыры болса, со?ан ішпек тиіп ?ажамау ?шін, жауырды? т??ірегінен ?аралап ?ою?а лайы?тал?ан, ортасы тесік киіз, м?йет деп аталады. Ол терлік пен ішпек арасына ?ойылады.?аза? тілінде ?андай жара, жауыр болса да оны? бетін ?алдырып, т??ірегін ?аралап ортасы тесік киіз (м?йет) пайдаланатынды?ын т?сіндіремін.

Ат - к?лікті? ар?асын аман са?тау ?шін то?ым к?лікті? ар?асына салынады.

К?шпелі ?аза?тар малды? к?шін, ж?нін, с?тін, етін, терісін ?здеріні? т?рмыс - тіршілігіне пайдалан?ан. Мал ба?у ?ору, ?сіру, ?німін алып іске жарату - ?аза?ты? негізгі е?бегі ата - к?сібі болып есептеледі.

«Жылу ?ткізгіштік» та?ырыбын т?сіндіргенде о?ушылар?а ?аза? хал?ыны? т?рмысты? салт - д?ст?рлеріні? бірі - мал ба?у, оны? ?німдерін к?нделікті тіршілікте пайдалану ата к?сібі екендігін айта келе, мал ?німдерінен жасал?ан тонны? жылы болу себебін т?сіндіремін. Ауа жылуды нашар ?ткізеді. Терідегі ж?н талшы?тарыны? аралы?ында ауа бар.  Жылу энергиясын денені? бір б?лігінен екінші б?лігіне тасымалдау молекулалар ар?ылы іске асады.

Ауа молекулалары бір - бірінен алыс орналас?анды?тан жылу жан - жа??а тарап кетпейді. Сонды?тан ж?н жылуды жа?сы са?тайды. ?ой терісінен жасал?ан тон жылы болады, ж?ннен жасал?ан ?аза?ты? киіз ?йі, текемет, ж?ннен то?ыл?ан т?рлі киімдер жылы болатынды?ын, ж?нні? жылуды жа?сы са?тайтынды?ын т?сіндіремін. К?шпелі елді? ?мір салтында киіз ?йді т?тыну ??ралы, с?лулы?ты? ?лгісі деп ?ана ?арама?ан, к?к т??ірі тектес ша?ын ?леміміз деп есептеген. Киіз ?йді к?шпелі ?мірге бейім, а?аш пен киізден т?ратын, тез тігіліп жы?ылатын, ?рі же?іл бол?анды?тан ата-бабаларымыз мы?да?ан жылар бойы пайдаланды. Киіз ?йді? ша?ыра?ын ауыл - айма?ты? е? ?адірменді, батаг?й ?арттарына к?тертіп ?асиет т?т?анды?ын айта кетемін.

«Деформация» та?ырыбын ?ткенде денелерді? созылуы мен сы?ылуын, иілуі мен б?ралуын, уы? пен керегені? жасалу ар?ылы т?сіндіруге болады. Киіз ?йді? уы?, керегелерін талдап, ?ара мойылдан, ша?ыра?ымен ма?дайша табалдыры?ын ?айы?нан істейді. Б?ларды? бірі ?атты, бірі жону?а о?ай, жылтыр, ал кейбіреулері жарылмайтын, ?а?сымайтын, иілгіш, же?іл су сі?бейтін, бояу сі?гіш, желім ?ста?ыш болып келеді. Киіз ?йді жасау ?шін осыны? б?рін ескерген. Уы?, кереге жасалатын а?аштар 45-50 к?н, ша?ыра? пен боса?а а?аштары 60-70 к?н к?нге ?стап беріктігін ?ада?ала?ан. ?урамай, сары тал бол?ан а?ашты «?а?сал» деп атайды. ?й а?аштары т?рлі бейнеге игенде мор?а салып бал?ытады. Денені бал?ыту ?шін белгілі бір температура?а дейін ?ыздыру керек. Осы арада меншікті бал?у температурасы туралы айту?а болады.

Ауыр, ?атты а?аштан жасап, жерге мы?тап орнат?ан ?ш ая?ты ба?а ауыз а?аш немесе аралы?та?ы кертпекке салып а?ашты т?зетеді болмаса иіп ?рт?рлі бейнеге келтіреді. М?ны «тезге салу» деп атайды. Физикада деформация ??былысына ?те жа?сы мысал болады. Кептірген а?ашты мор?а салып бал?ыт?ан со?, ыр?а??а салып ?атырады.

Ша?ыра? деп жо?ар?а бірнеше к?лдіреуішпен бекіткен д??гелек а?ашты айтады. Ол ?йден отты? шы?уына жары? т?суге арналады. ?йді? т?бесіне де жа?быр іркілмес ?шін 45 шамасында иілген а?аштан к?лдіреуіш орнатады.

«Диффузия», «Конвекция» та?ырыбын ?ткенде тері илеу, ыстау ??былыстары ар?ылы т?сіндіруге болады. Теріні боя?анда ?ынаны пайдаланады. ?ынаны ?йге ?келген со? ш?п - шаламнан, топыра?тан арылтып сумен бір жуып тастайды. ?ынаны? басыт?ысына т?з, ашудас немесе м?с?тірді? бірін ?осып, аздап май ??яды. Кейде к?ктікен, ?ызылмойыл ?осады. С?йтіп бір затымыз ?здігінен екінші затпен араласып, диффузия ??былысы орындалады. Теріні ыстау ар?ылы ?ау?а, саба, с?йретпе, торсы? май ?апшы?, сия?ты ыдыстар жаса?ан.

Ыстау орны ?зен жа?асында, жар?аба?та не ??ды? ма?ында?ы ескі апанны? шетіне ?ойылады. Б?л ?шін ені 40-45 см, тере?дігі 35-40см, ?зынды?ы 10-15 см ш???ыр отты? жасайды. Сонда отты?тан шы??ан тобыл?ыны? жалынымен ысы орта жолда?ы ?алыт?ылар?а б?геліп, тек жылы т?тін шы?ады. Ал ысталатын терілерді ілетін ??рым киіздермен немесе ш?ппен ?ымтап жауып ?ояды. От жан?анда оны? ?стіндегі ауа ?ызады, ауаны? ты?ызды?ы кемиді. Отты?ты? ж?не трубада?ы ауаны? ?ысымы сырт?ы ауаны? ?ысымынан аз болады. ?ысымдарды? айырмашылы?ы салдарынан суы? ауа отты??а келіп кіреді. Ал жылы ауа жо?ары к?теріледі. Тартылу ??былысы орындалады.

«Жылу м?лшері» та?ырыбын ?ткенде о?ушыларды ?аза?ты? т?рмысты? салт - д?ст?рімен таныстырдым. Т?рт т?лік малды тіршілік - тынысына тірек еткен к?шпелі ата - бабаларымыз уыздан, с?ттен небір тамаша та?ам т?рін жасай білген. «?азан ?ста?анны? ?арны аш болмайды» дегендей, к?ктегі уыз кезінде ?ой со?ында ж?рген ?ойшылар уыздан жасайтын та?амы бар. Оны - «Уыз ?а?ана?» деп атайды. Уыз ?а?ана? жасау ?шін т?ске ?арай мал т?са?ан кезде уызынан арыла ?ойма?ан ?ойларды сауып, жан торсы?ына ??яды да аузын буып, ысты? к?лге к?міп тастайды. ?ойшы жан торсы?ыны? аузын шешіп, айналдыра ?ойса, а? уыз домаланып т?се ?алады.

О?ушылар?а оттынны? ысты? к?ліне к?міп ?ой?ан ыдыс ішіндегі уыз?а жылу м?лшеріні? берілуін т?сіндіремін.

«Отынны? жану жылуы» та?ырыбын т?сіндіргенде уыз ?а?ана? жасауды еске т?сіріп кетуге болады. Уыз ?а?ана? жасауда отын ретінде сексеуіл, ??р?а? а?аш т.б. жа?дайларда айта келе отынны? жану жылуы туралы т?сінікпен байланыстырамын. Тас торсы? ?ой с?тінен жасалатын ?ойшы та?амы. Алдымен айналасынан тезек теріп та?ырлау жерге от жа?ады. Д??гелене ?алан?ан тезек ортасына ?аз ж?мырт?асындай жеті ж?мырт?а тастайды. Сонан со? белінен сап тая?ын шешіп алады да, ?зіне м?лім сауын ?ойларды? ?ш - т?ртеуін сауып алады. М?нан со? ?ойшы саптыая? толы с?тін алып от басына келгенде мана?ы тастар ?бден ?ызып ?алады. Тал теректі? айыр б?та?ын шымшуыр етіп алып, ?ыз?ан тасты? біреуін от ортасынан шымшып алады. Шымшып ал?ан бетінде к?лін ?ріп жіберіп, саптыая?та?ы с?тке батырса к?йген с?тті? исі шы?ады. Осылайша ?ойшы екінші тасты, ?шінші тасты с?тке батырып алады. Ал 4-5-ші тасты батыр?анда саптыая?та?ы с?т суынан арылып, сап - сары болып ?ойылып, б?лк-б?лк етіп ?айнайды. Тас торсы? дайын болады.

О?ушылар?а от?а салын?ан тасты? одан жылу алатынды?ын ол тасты саптыая?та?ы с?тке батырып ал?анда с?т тастан жылу м?лшерін алатынды?ын айтамын. От?а салын?ан тастарды? массалары ?р т?рлі, температурасы бірдей болады. Саптыая?та?ы с?тті? массасы ?р т?рлі от?а салын?ан тастарды? саны т?рліше бол?ан жа?дайларда?ы саптыая?та?ы с?тті? алатын жылу м?лшері туралы о?ушылармен пікір алысамын.

«Механикалы? ж?не жылу процестерінде энергияны? т?рлену ж?не са?талу за?ы» та?ырыбын ?ткенде уы? ?а?ана? ж?не тас?оры? дайындал?анда энергияны? т?рленуі ж?не са?талу за?ын байланыстырып кетуге болады. О?ушылар?а «К?рсі, жероша?» туралы баяндама беріп оны сыныпта тал?ылау?а болады. 9 - сыныпта «Механикалы? тербелісте тарауында?ы «Тербеліс ж?не сырт?ы к?штер» та?ырыбын ?ткенде, ?аза?ты? салт - д?ст?рлерімен байланыстыру?а болады.

Бесікті? ?аза? ?міріндегі орны, к?шпелі ?мірге ы??айлы же?ілдігі, мы?тылы?ы бала денсаулы?ын са?тауда?ы бесікті? ма?ызын айта келе жер бесікті? еріксіз тербелістерін т?сіндіремін.

«Тол?ындар» тарауында?ы «дыбыс тол?ындары» та?ырыбын ?ткенде ?аза?ты? ?лтты? музыкалы? аспаптары домбыра, шертер, ?ыл?обыз, нар?обыз, жез?обыз, ?обыз, жетіген, сазген, дауылпаз, шы?дауыл, да??ара, уілдік, керней, ?амыссырнай, ша??ыауыз, ?о?ырау т.б. туралы пікір алмасу?а болады.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ХАЛЫ?ТЫ? ПЕДАГОГИКАНЫ ФИЗИКА САБА?ЫНДА НАСИХАТТАУ»



КЕНЖЕБАЕВА АҚМАРАЛ ТАСТАНҚЫЗЫ

Шардара аудандық білім бөлімі

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі

Физика пәні мұғалімі








ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ФИЗИКА САБАҒЫНДА НАСИХАТТАУ



Физика пәнін оқытудағы өз тәжірибемде шәкірттерге ұлттық тәлім - тәрбие беруге, қазақтың тұрмыстық салт - дәстүрлері, әдеп - ғұрыптары туралы түсінік беруге көзім жетті. Физика сабақтарында шәкірттерді халықтық - педагогика негізінде тәрбиелеу жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырады.

Егер Елбасымыздың мұғалімдердің съезінде жасаған баяндамасы ұлттық білім берудің және ұлттық тәрбиені дамытудың перспективасы десек, онда білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталуы тиіс.

Қазақ ұлттық мектебін жасау қажеттілігі және оқушыларға ұлттық тәрбие беру көкейтесті әлеуметттік- педагогикалық мәселе. Ұлттық тәрбие ұлттық мектептерде жүзеге асырылатыны дүниежүзілік алдыңғы қатарлы елдерде дәлелденген. Қазақтың ұлттық мектебі деп халқымыздың Ана тілі, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт - дәстүрлерін жүйелі оқытатын мектепті айтамыз. Ал ол мектептің басты белгісі - қазақтың ұлттық рухы болуы шарт. Ұлттық тәлім - тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, адамгершілікті сұлу да, сымбатты, халқын, елін, туған жерін табиғатын сүйетін «Сегіз қырлы бір сырлы» азамат болып өседі. Менің ойымша әріптестер оқушыны оқытуда педагог Ш. Аманашвилидің мына сөздерін басшылыққа алғаны жөн: «Оқушы дегеніміз толтыруға арналған бос ыдыс емес, ол - жарқыраған шырақ, тек соны жаға білу керек!»

Халық педагогикасының әрі тәлімдік, әрі білімдік пайдасы, әсіресе, халық ойындарында мол деп білемін. Осы ретте сабақ сапасын арттыру мақсатында ұлттық ойындарды пайдалануға тырысамын. Соның нақты бір мысалы мынадай.


Халықтық педагогика элементтерін физика сабағында насихаттау


Енді физика сабақтарында қазақтың әдет-ғұрып, салт дәстүрлерін қалайша дәріптен жүргенімізге тоқталайық.

Жетінші класта «Газдардағы, сұйықтықтардағы және қатты денелердегі дуффузия» тақырыбын өткенде, ұлттық әдет - ғұрыппен оқушыларды таныстыруға болады. Мал етін бұзбай ұстау, тұздай білу үлкен өнер, оған шеберлікпен тәжірибе керек. Оқушыларға ет тұздаған кезде тұздың молекулалары етке сіңетінін айтамын. Қазақтар етті сүрлеу үшін ыстайды. Сүрленетін ет соншама қатты қақталмайды және оны ілгенде біріне - бірін тигізбей, арасына самал, түтін еркін кіре алатындай етіп іледі. Ыстап сүрлеуге қақталған ет, ол сорғып, тобырсыған кезде арнаулы тошалаға ілініп, астына түтін салынады да, есігі жауып тасталынады. Ет ыстауға жағылатын отын ретінде әдетте тобылғы, қарағаш, арша, шырша пайдаланады. Түтін сіңген ет дәмді болады. Оқушыларға түтін молекулаларының таралуын түсіндіремін.

Ит қосу - аңшылықтың ең байырғы түрінің бірі. Ата - бабамыз иттің иісшілдігін, жүйріктігін, күшін ертеден пайдаланып келген. Аң жүріп өткен жерден аңның иісінің молекулалары ауаға тарайтындығын, аңның иісі иттің иіс сезу органдарына әсер ететіндігін түсіндіремін.

«Молекулалардың өзара тартылуы және тебілуі» тақырыбын өткенде қазақ халқының тұрмыстық салт-дәстүрінің бірі мал өнімдерін жинауда мол тәжірибе жинақтап, оның дәстүрге айналғандығын оқушыларға жеткіземін. Қоңдылығы жақсы қойдың терісі тығыз және денесі жұмыр әрі тегіс болып келеді. Көктем шығып, күн жылысымен мұндай қойдан шайыр көп бөлінеді де, жүні жұмсарып, иілімді келеді.

Шайыр жеткілікті болып келген жағдайда жүн талшықтары бір - бірімен жақсы тығыздала жабысып, қырыққан кезде бөлшектенбей біртұтас болып түседі. Жүн ысырап болмайды. Қоңдылығы төмен қойдың жүнінде шайыр аз жиналып, соның салдарынан жүн құрғақ, әрі қаттылау болады, ал жүн бір - бірімен жақсы тұтас байланыспай қалады, қырыққанда жүні біртұтас болып түспейді, ыдырап бөлшектенеді. Оқушыларға соның себебін шайыр молекулаларының арасындағы тартылыс құбылысымен түсіндіремін. Физикалық шама «жылдамдықты» түсіндіруге қазақ халқының ұлттық ойындары «көкпар», «бәйге», «қыз қуу», «қыз жарысы», «аламан бәйге», «жорға жарыс» сияқты түрлерін баяндай келе оларға орташа жылдамдық туралы түсінік беремін.

«Серпімділік күшін» түсіндіруді қазақтың байырғы аңшылық және жауынгерлік қаруы - садақ атауымен байланыстырамын.

Ол қару туралы түсінік беремін. Садақ мықты ағаш немесе аңның мүйізінен жасалатын қару. Садақтың оғы - жебе. Садақтың адыранасын кері тартқанда тарту күшіне қарама - қарсы серпімділік күші пайда болады. Қолдың тарту күшін жойғанда серпімділік күшінің әсерінен жебе атылады.

«Күштерді қосу. Тең әсерлі күш.» тақырыбын түсіндіруде оқушыларға қазақтың ұлттық «Арқан тарту» ойынын түсіндіріп, оқушыларға бұл ойынды ойнатуға болады. Екі - үш баладан екі топқа бөлініп, арқанды екі жаққа тартқан оқушылардың тарту күштерінің әртүрлі жағдайлардағы мәнін түсіндіре келе, күштерді қосу, тең әсерлі күш, күштердің бағыты туралы түсінік беремін.

«Табиғаттағы және техникадағы үйкеліс» тақырыбын өткенде «Бағанаға өрмелеу» ұлттық ойынын түсіндіріп бөренеге өрмелеуде басына көтерілу үшін бөренемен өрмелеушінің аяқтары қолы арасындағы тыныштық үйкелісі болған жағдайда жоғары қозғалатынын түсіндіремін.

Қазақта жауыр ат міну - салт емес. Солай бола тұрса да, басқа малы жоқ болса, жауыр атқа мінеді. Кейде ұзақ сапарда, жорықта ыстық - суықтан ат арқасы тез кетеді.

Ат арқасының болымсыз жерінде беті ашық жолақ жауыры болса, соған ішпек тиіп қажамау үшін, жауырдың төңірегінен қаралап қоюға лайықталған, ортасы тесік киіз, мүйет деп аталады. Ол терлік пен ішпек арасына қойылады.Қазақ тілінде қандай жара, жауыр болса да оның бетін қалдырып, төңірегін қаралап ортасы тесік киіз (мүйет) пайдаланатындығын түсіндіремін.

Ат - көліктің арқасын аман сақтау үшін тоқым көліктің арқасына салынады.

Көшпелі қазақтар малдың күшін, жүнін, сүтін, етін, терісін өздерінің тұрмыс - тіршілігіне пайдаланған. Мал бағу қору, өсіру, өнімін алып іске жарату - қазақтың негізгі еңбегі ата - кәсібі болып есептеледі.

«Жылу өткізгіштік» тақырыбын түсіндіргенде оқушыларға қазақ халқының тұрмыстық салт - дәстүрлерінің бірі - мал бағу, оның өнімдерін күнделікті тіршілікте пайдалану ата кәсібі екендігін айта келе, мал өнімдерінен жасалған тонның жылы болу себебін түсіндіремін. Ауа жылуды нашар өткізеді. Терідегі жүн талшықтарының аралығында ауа бар. Жылу энергиясын дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне тасымалдау молекулалар арқылы іске асады.

Ауа молекулалары бір - бірінен алыс орналасқандықтан жылу жан - жаққа тарап кетпейді. Сондықтан жүн жылуды жақсы сақтайды. Қой терісінен жасалған тон жылы болады, жүннен жасалған қазақтың киіз үйі, текемет, жүннен тоқылған түрлі киімдер жылы болатындығын, жүннің жылуды жақсы сақтайтындығын түсіндіремін. Көшпелі елдің өмір салтында киіз үйді тұтыну құралы, сұлулықтың үлгісі деп қана қарамаған, көк тәңірі тектес шағын әлеміміз деп есептеген. Киіз үйді көшпелі өмірге бейім, ағаш пен киізден тұратын, тез тігіліп жығылатын, әрі жеңіл болғандықтан ата-бабаларымыз мыңдаған жылар бойы пайдаланды. Киіз үйдің шаңырағын ауыл - аймақтың ең қадірменді, батагөй қарттарына көтертіп қасиет тұтқандығын айта кетемін.

«Деформация» тақырыбын өткенде денелердің созылуы мен сығылуын, иілуі мен бұралуын, уық пен керегенің жасалу арқылы түсіндіруге болады. Киіз үйдің уық, керегелерін талдап, қара мойылдан, шаңырағымен маңдайша табалдырығын қайыңнан істейді. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреулері жарылмайтын, қаңсымайтын, иілгіш, жеңіл су сіңбейтін, бояу сіңгіш, желім ұстағыш болып келеді. Киіз үйді жасау үшін осының бәрін ескерген. Уық, кереге жасалатын ағаштар 45-50 күн, шаңырақ пен босаға ағаштары 60-70 күн күнге ұстап беріктігін қадағалаған. Қурамай, сары тал болған ағашты «қақсал» деп атайды. Үй ағаштары түрлі бейнеге игенде морға салып балқытады. Денені балқыту үшін белгілі бір температураға дейін қыздыру керек. Осы арада меншікті балқу температурасы туралы айтуға болады.

Ауыр, қатты ағаштан жасап, жерге мықтап орнатқан үш аяқты бақа ауыз ағаш немесе аралықтағы кертпекке салып ағашты түзетеді болмаса иіп әртүрлі бейнеге келтіреді. Мұны «тезге салу» деп атайды. Физикада деформация құбылысына өте жақсы мысал болады. Кептірген ағашты морға салып балқытқан соң, ырғаққа салып қатырады.

Шаңырақ деп жоғарға бірнеше күлдіреуішпен бекіткен дөңгелек ағашты айтады. Ол үйден оттың шығуына жарық түсуге арналады. Үйдің төбесіне де жаңбыр іркілмес үшін 45 шамасында иілген ағаштан күлдіреуіш орнатады.

«Диффузия», «Конвекция» тақырыбын өткенде тері илеу, ыстау құбылыстары арқылы түсіндіруге болады. Теріні бояғанда қынаны пайдаланады. Қынаны үйге әкелген соң шөп - шаламнан, топырақтан арылтып сумен бір жуып тастайды. Қынаның басытқысына тұз, ашудас немесе мүсәтірдің бірін қосып, аздап май құяды. Кейде көктікен, қызылмойыл қосады. Сөйтіп бір затымыз өздігінен екінші затпен араласып, диффузия құбылысы орындалады. Теріні ыстау арқылы қауға, саба, сүйретпе, торсық май қапшық, сияқты ыдыстар жасаған.

Ыстау орны өзен жағасында, жарқабақта не құдық маңындағы ескі апанның шетіне қойылады. Бұл үшін ені 40-45 см, тереңдігі 35-40см, ұзындығы 10-15 см шұңқыр оттық жасайды. Сонда оттықтан шыққан тобылғының жалынымен ысы орта жолдағы қалытқыларға бөгеліп, тек жылы түтін шығады. Ал ысталатын терілерді ілетін құрым киіздермен немесе шөппен қымтап жауып қояды. От жанғанда оның үстіндегі ауа қызады, ауаның тығыздығы кемиді. Оттықтың және трубадағы ауаның қысымы сыртқы ауаның қысымынан аз болады. Қысымдардың айырмашылығы салдарынан суық ауа оттыққа келіп кіреді. Ал жылы ауа жоғары көтеріледі. Тартылу құбылысы орындалады.

«Жылу мөлшері» тақырыбын өткенде оқушыларды қазақтың тұрмыстық салт - дәстүрімен таныстырдым. Төрт түлік малды тіршілік - тынысына тірек еткен көшпелі ата - бабаларымыз уыздан, сүттен небір тамаша тағам түрін жасай білген. «Қазан ұстағанның қарны аш болмайды» дегендей, көктегі уыз кезінде қой соңында жүрген қойшылар уыздан жасайтын тағамы бар. Оны - «Уыз қағанақ» деп атайды. Уыз қағанақ жасау үшін түске қарай мал тұсаған кезде уызынан арыла қоймаған қойларды сауып, жан торсығына құяды да аузын буып, ыстық күлге көміп тастайды. Қойшы жан торсығының аузын шешіп, айналдыра қойса, ақ уыз домаланып түсе қалады.

Оқушыларға оттынның ыстық күліне көміп қойған ыдыс ішіндегі уызға жылу мөлшерінің берілуін түсіндіремін.

«Отынның жану жылуы» тақырыбын түсіндіргенде уыз қағанақ жасауды еске түсіріп кетуге болады. Уыз қағанақ жасауда отын ретінде сексеуіл, құрғақ ағаш т.б. жағдайларда айта келе отынның жану жылуы туралы түсінікпен байланыстырамын. Тас торсық қой сүтінен жасалатын қойшы тағамы. Алдымен айналасынан тезек теріп тақырлау жерге от жағады. Дөңгелене қаланған тезек ортасына қаз жұмыртқасындай жеті жұмыртқа тастайды. Сонан соң белінен сап таяғын шешіп алады да , өзіне мәлім сауын қойлардың үш - төртеуін сауып алады. Мұнан соң қойшы саптыаяқ толы сүтін алып от басына келгенде манағы тастар әбден қызып қалады. Тал теректің айыр бұтағын шымшуыр етіп алып, қызған тастың біреуін от ортасынан шымшып алады. Шымшып алған бетінде күлін үріп жіберіп, саптыаяқтағы сүтке батырса күйген сүттің исі шығады. Осылайша қойшы екінші тасты, үшінші тасты сүтке батырып алады. Ал 4-5-ші тасты батырғанда саптыаяқтағы сүт суынан арылып, сап - сары болып қойылып, бүлк-бүлк етіп қайнайды. Тас торсық дайын болады.

Оқушыларға отқа салынған тастың одан жылу алатындығын ол тасты саптыаяқтағы сүтке батырып алғанда сүт тастан жылу мөлшерін алатындығын айтамын. Отқа салынған тастардың массалары әр түрлі, температурасы бірдей болады. Саптыаяқтағы сүттің массасы әр түрлі отқа салынған тастардың саны түрліше болған жағдайлардағы саптыаяқтағы сүттің алатын жылу мөлшері туралы оқушылармен пікір алысамын.

«Механикалық және жылу процестерінде энергияның түрлену және сақталу заңы» тақырыбын өткенде уық қағанақ және тасқорық дайындалғанда энергияның түрленуі және сақталу заңын байланыстырып кетуге болады. Оқушыларға «Күрсі, жерошақ» туралы баяндама беріп оны сыныпта талқылауға болады. 9 - сыныпта «Механикалық тербелісте тарауындағы «Тербеліс және сыртқы күштер» тақырыбын өткенде, қазақтың салт - дәстүрлерімен байланыстыруға болады.

Бесіктің қазақ өміріндегі орны, көшпелі өмірге ыңғайлы жеңілдігі, мықтылығы бала денсаулығын сақтаудағы бесіктің маңызын айта келе жер бесіктің еріксіз тербелістерін түсіндіремін.

«Толқындар» тарауындағы «дыбыс толқындары» тақырыбын өткенде қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары домбыра, шертер, қылқобыз, нарқобыз, жезқобыз, қобыз, жетіген, сазген, дауылпаз, шыңдауыл, даңғара, уілдік, керней, қамыссырнай, шаңғыауыз, қоңырау т.б. туралы пікір алмасуға болады.



Физика сабақтарында мақал-мәтелдерді қолдану үлгісі


Мақал -мәтел

Физикалық ұғым, шама, құбылыс, т.с.с.

Адамтануда және сана-сезімін қалыптастырудағы көрінісі.

1.

Шешен сөзінен сынады.

Заттың беріктік шегі.

Сөздің мән-мағынасын түсініп, ойлап, байқап сөйлеу. Ауыздан шыққан сөздің салмағына мән беру.

2.




Басқан жерде із қалар, Айтқан жерде



сөз қалар.

Қысым.

















Ауыздан шыққан сөздің салмағына мән беру.







3.

Ауызы күйген үрлеп ішер.

Булану құбылысы

Өткен өмірден өнер алу

4.

Шоқ қайдан болса, Жылу содан болады.

Заттың беріктік шегі

Адам тұлғасының қасиеттері

5.

Бір сасық құмалақ бір қарын майды шірітеді.

Диффузия құбылысы

Бір жаман ісіңмен барлық істеген

а) жақсы істегеніңді жоясың; б) бүкіл ұжымға кір келтіретін бір мүшесінің бір жаман қылығы;т.с.с

6.

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Заттың беріктік шегі

Қасиет-қабілет білімдерінің олқы жерлерін анықтап үзілмей тұрғанда толтыруға тырыс.

7.

Шапшаң жүргенге шаң жұқпас.

Инерциялық құбылысы

Алған бағыттан алаңдамай еңбек етсең аз күшпен, көпке жетесің.

8.

Отқа салып ерітсең де, алтын сірә жез болмас. Аяққа шұлғау қисан да асыл жібек бөз болмас.

Заттың механикалық қасиеттері

Көкірегі таза, жақсы адамға жамандаған жала жапқан сөз жұқпайды. Жақсылық, шындық бәрінде жеңеді.

9.

Шапқан озар, жатқан қалар.

Жылдамдық

Еріншектің ертеңі жоқ.

10.

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді

Үйкеліс құбылысы

Бірлік береке табысқа жеткізеді.

11.

Қол жұмылмай жылынбайды.

Жылу өтімділігі

Бірігіп істеген іс жеңіл болады.

12.

Көсеу ұзын болса, қол күймес.


Арқа сүйер адам, жақын тұтар кісің болса қиындық көрмейсің.

13

Күн шыққан соң суарған суды күн жұтар, күн батқан соң суарған суды жер жұтар

Булану процесі

Туа мәнінде

14

Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық.

Жарықтың түзу сызық бойымен таралуы

Бұрыс істеген істің кесірі өзіңе тиеді. Жақсылық істесең жақсылық көресің. Жамандық істесең жамандық көресің.


Қорытынды


Кезінде Ахмет Байтұрсынов: «Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамай, ауытқымай, түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмағандығы, оқу жұмысы аумалы жүк сияқты орнықсыз. Жүгі ауған көштің жүрісі өнбейді. Орнықты оқу болмай қалт-қалт етіп оқытқан оқу білім үйретіп жарытпайды» -деп жазған болатын. Бұл бүгінгі күні де, болашақта да мағынасы мен мәнін жоғалтпайтын асыл сөз.

Еліміздің ертеңгі болашағын бүгіннен тәрбиелеу, жан-жақты жетілген, парасатты азамат дайындау, олардың рухани жан дүниесін халық қазынасы-мен байытып, ұлттық психологияны қалыптастыра өсіру –баршаға ортақ міндет. Осы міндеттерді жүзеге асыруда ұстанар басты құралдың бірі – өмір оқулығына айналып отырған ата-баба мұрасы, әдет-ғұрпы, салт дәстүрі, халық фольклоры.

Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақ-жайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырда қалыптасқан салт дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани- адамгершілік тағлымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алған жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез- құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.


Сабақтың тақырыбы: Астрономиялық соғыс ойыны.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жарыс ойындары арқылы өз білімдерінің деңгейі мен мүмкіндіктерін анықтауға интеллектуалды қабілеттерін, астрономия тарихын ,басқа пәндермен байланысын, ойлау қабілетінің қалыптасуына дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі;

Үй жұмысын сұрау;

Жаңа сабақты түсіндіру;

Үйге тапсырма беру;

Ойынның түрлері:

Анаграммаларды шешу;

Ғаламшарлар туралы сұрақтар;

Астрономияның басқа пәндермен байланыстылығын көрсету;

Жұмбақтар;

Космонавтика және ұлы ғалымдар туралы сұрақ-жауап;

Сөзжұмбақ шешу;

Терминдер туралы түсінік;

Бағалау:

Қорытындылау.

Сабақтың түрі: аралас, ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, сұрақ –жауаптар,ғарышкерлердің суреттері,сөзжұмбақ,плакаттар.

«Анаграммалар»

Срам, динар, урна, добил, карета, илар, низал, каспер (марс, надир, уран, болид, ракета, лира, линза, парсек).

«Ғаламшарлар»туралы сұрақтар

1.Күнге ең жақын,ең кіші ғаламшар. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады. Бетіндегі температурасы күндіз +300 градус болса, түнде -200 градусқа төмендейді. (Меркурий-Шолпан)

2.Диаметрі бойынша жерден 11 есе үлкен, салмағы бойынша 300 есе үлкен.Ғаламшар бетіндегі орта шама температурасы -138 градус , оның табиғи серіктері - Еуропа, Каллипсо, Ио, Ганимед. (Юпитер-Есекқырған)

3.Бұл ғаламшардың ерекшелігі барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіне қарсы айналады. (Шолпан)

4.Күн - жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Бұл ғаламшардың 60 серігі бар. (Сатурн-Қоңырқай)

5.Ғаламшардың жасы шамамен 4,6 млрд. Жыл, орташа радиусы 6372,797 км. (Жер)

6.Фобос және Деймос деген екі серігі бар ғаламшар. (Марс-Қызылжұлдыз)

7.Күнді 84 жылда бір рет айналатын ,1781 жылы ашылған ғаламшар. (Уран)

8. 1849 жылы ашылған Күн жүйесінен ең алыс орналасқан ғаламшар. (Нептун)

«Астрономия» пәнінің басқа пәндермен байланыстылығын көрсетеміз.

Астрономия + тарих

Бұл құбылыс тарихшыларға 1185жылы 1 мамырда Игорь князінің Половец жеріндегі соғысқан шекарасын анықтауға көмектесті. (Күннің тұтылуы)

Астрономия + поэзия

Түн жамылып келеміз, айсыз ашық аспан,

Төбемізде жұлдыздар үнсіз жымыңдасқан.

Бара жатқан зымырап байқалмайды уақыт.

Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт.....

Ә.Бейсеуовтың «Сырласу» әні, сөзін жазған Ә. Дүйсенбиев.


Астрономия + медицина

Күннің осы бір бөлігінің сәулеленуінің қызықты құрылысы, жоғары химиялық белсенді болуы, микроорганизмді өлтіреді, азғана дозасының өзі жақсы әсер етеді. Осы қасиеті медицинада кеңінен қолданылады. Бұл қандай сәулелену? (Ультракүлгін сәуле)


Астрономия + халық даналығы

Сүмбіле туса - су суыр,

Таразы туса –таң суыр.


Сәуір болса,күн күркірер,

Күн күркіресе көк дүркірер.


Үркер жерге түспей, жер қызбайды.


Үркерлі айдың бәрі қыс.


Үркер көтерілгенде шөпте көтеріледі, бидай бас тартады.


Жетіқарақшыны таныған, жеті түнде адаспас.



Астрономия + математика

Жерден Сатурнге дейінгі ара қашықтық 1,2109 шақырым. Жарық Сатурннен Жерге дейін қанша уақытта жетеді? (1,1 сағат)

Астрономия + музыка

Астрономиямен әуесқойлық түрде айналысып ,1781 жылы Уран ғаламшарын ашқан кәсіби музыканттың атын атаңыз. (У.Гершель)

Астрономия + химия

Бұл әдіс Күннің , жұлдыздардың, галактиканың, тұмандықтардың химиялық құрамын анықтауға көмектеседі. (Спектрлік анализ)

Астрономия + криминал

Бізге жеткен аңыз бойынша Аристотель табиғаттың осы құбылысын анықтау үшін теңізге биік шыңның басынан құлаған. Бұл қандай құбылыс?

(Тасу мен қайту құбылысы)

Астрономия + биология

Ғалымдар треска, май балық, табан және басқа балықтардың 11 жылдық циклдік көбеюін байқаған. Шегірткенің де дәл осындай мезгілде шабуылы қайталанған. Бұл немен байланысты? (Күннің белсенділігіне байланысты.)

Астрономия + физика

Күн жарығының энергиясын соңғы кезде қайда жиі қолданады? (калькуляторларда, спутниктердің, күн батареясының жұмысына және т.б.)

Күн батареясының негізгі жұмысында қандай физикалық құбылыс жатыр? (Фотоэффект)

«Жұмбақтар»

1.Аспан әлемін зерттейтін ғылым. (Астрономия)

2.Аумағына ғаламшарлар , жұлдыздар, галактикалар, жұлдызаралық денелер кіреді.Оны тануды адамзат , алдымен аспан жұлдыздарын танудан бастады. (Әлем аумағы)

3.Аспанның нақты шекарасында анықталған белгілі бір бөлігі. (Шоқжұлдыздар)

4.Темірқазық деп аталады және ол дүниенің солтүстік полюсін меңзеп тұрады. (Поляр жұлдызы)

5. Аспандағы ең жарық жұлдыз қалай аталады. (Сүмбіле-сириус)

6. Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысын атқаратын үлкен дөңгелек. (Эклиптика)

7. Белгілі бір орында жылдың кез-келген күні мен тәуліктің әр сәтінде жұлдызы аспанның көрінісін анықтау мақсатында қолданатын зат. (Жұлдызды аспанның жыжымалы картасы)

8. Адамдар жұлдыздарды меңгеруді бастаған бақылаудың дамуына ықпал еткен жұлдыздардың бөлігі. (Шоқжұлдыздар)

9. Шоқжұлдыздарды зерттеу мен есте сақтауға көмектесетін, әр жыл мезгілдерінде батпайтын жұлдыздар тобы. (Жетіқарақшы, Қарақұрт)

10. Жер үстіндегі кеңістік немесе кез-келген астрономиялық нәрсенің беті. Жер бетінің ғарышқа қарағандағы көрінісі. (Аспан)

«Космонавтика,ұлы ғалымдар» сұрақ-жауап.

Космос дәуірі, космос ғасыры деген сөздер бүгінгі жасампаз өміріміздің ғажайып сипаттамасы болып есептеледі. Космос десе туған топырақ төсіндегі Байқоңыр келеді. Байқоңыр - Отанымыздың мақтанышы мен даңқы. Космос тарихының деректерімен танысайық.

  1. Қай жылы Жердің жасанды тұңғыш спутнигі ұшырылды?

(1957 жылы 4 қазанда)

  1. Контейнейлер мен ғылыми аппаратуралар орналастырылған ракетамен Жер төңірегіндегі Орбитамен ұшырылған ең алғашқы тіршілік иесі.

(1957 жылы 3 қарашада Лайка атты ит, 19-тамызда Белка мен Стрелка атты иттер)

  1. 1961 жылы 12 сәуірде адамның космосқа тұңғыш ұшу сапары ойдағыдай аяқталды. Әлемнің тұңғыш космонавты кім және ол ұшқан жер қалай аталады? (Юрий Гагарин, Байқоңыр)

  2. Қазақ космонавты Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты? (1991жылы 2 қазанда)

  3. Бірінші космонавт космоста қанша минут болды? (108)

  4. 1963 жылдың 16-19 маусымда космоста болған бірінші әйел космонавт кім? (В. Терешкова)

  5. 1969 жылы 21 шілдесінде Айға қонған американың космос кораблі қалай аталады? (Аполлон)

  6. Аспанға ең бірінші не ұшты? (Аспан кеңістігіне алғаш сапарға шыққандар- қой, үйрек, әтеш. Бұл оқиға 1783 жылы болған)

  7. Ашық космосқа бірінші 1965 жылы 18 наурызда шыққан космонавт кім? (А. Леонов)

  8. «Реактивті құралмен әлем кеңістігін зерттеу» мақаласының авторы кім? (К. Циолковский)

«Ұлы астрономдар»

Ұлы астрономдардың суреттері ілініп, сұрақтар беріледі. Сұраққа жауап беріп, суретін көрсету.

  1. Бұл ғалым 1761 жылы 26 мамырында Шолпанның күнді айналып қозғалуы мен шолпан атмосферасын анықтады. (М.В. Ломоносов)

  2. Кәсіби музыкант әуесқойлық астрономиямен шұғылданып, 1781 жылы уран ғаламшарын ашты. (У. Гершель)

  3. Бұл ғалымды гелиоцентризм идеясын насихаттағаны үшін отқа өртеп жіберген. (Дж. Бруно)

  4. Ол жердің радиусын алғаш өлшеген ғалым?( Эратосфен)

  5. Бұл ғалым әлемнің ортасында Жердің тұратындығын бекіткен. (Птоломей)

  6. Дат астрономына Юпитердің Ио серігі 1676 жылы жарық жылдамдығын анықтауға көмектесті? (О. Ремер)

  7. Бұл ғалым ғаламшарлар қозғалысының үш заңын ашты және ол осы ғалымның атымен аталды? (И. Кеплер)

  8. Әлемнің гелиоцентр жүйесін айтып берген ғалым? (Н. Коперник)

«Төртінші артық»

  1. 21 наурыз, 23 ақпан, 23 қыркүйек, 22 желтоқсан.

  2. Меркурий Юпитер, Марс, Венера.

  3. Айдың тұтылуы, Толған ай, Төрттен бір бөлігі, Жаңа туған ай.

  4. Цереро, Гермес, Гаспра, Харион,

  5. Титан, Европа, Ганимед, Калисто.

  6. Балықтар, Торпақ, Қарақұрт, Ешкімүйіз.

«Терминдер»

  1. Аспан шаңырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі-көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш. (Азимут)

  2. Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқаратын үлкен дөгелек. (Эклиптика)

  3. Орбитаның күнге ең жақын және ең алыс нүктелері. (Перигей, Апогей)

  4. Жерге жақын аспан денелері, Күн жүйесінің денелері мен кейбір жұлдыздарға дейінгі қашықтықта бір-бірінен алшақ екі орнынан бақылау арқылы анықтау тәсілі. (Параллакс).

  5. Үлкен метеор. (Болид)

  6. Аспан шырақтарының бұрыштық қашықтығын анықтайтын құрал. (Секстант)

  7. Бағыт пен азимутты өлшеуге арналған аспап. (Теодолит)

  8. Аспан шырақтарын бақылауға арналған оптикалық прибор. (Телескоп)

  9. Аспан әлемін зерттейтін ғылым. (Астрономия)

  10. Аспан денелерінің жүру жолы. (Орбита)


«Сөзжұмбақ» шешу

  1. Жерді қоршап тұрған газ қабық. (Атмосфера)

  2. Құрамына Күн енетін жұлдызды жүйе. (Галактика)

  3. Аспан әлемін зерттейтін ғылым. (Астрономия)

  4. Құйрықты жұлдыз. (Комета)

  5. Аспан шырақтарын бақылайтын құрал.(Телескоп)

  6. Ғаламшар. (Жер)

  7. Шоқжұлдыз. (Жетіқарақшы)






12




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
ХАЛЫ?ТЫ? ПЕДАГОГИКАНЫ ФИЗИКА САБА?ЫНДА НАСИХАТТАУ

Автор: Кенжебаева Акмарал Тастановна

Дата: 23.12.2015

Номер свидетельства: 269637


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства