kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа технологияны қолдану арқылы оқушылардың жеке әдістемелік ізденіс жұмыстарын қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбында баяндама

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа технологияны қолдану арқылы оқушылардың жеке әдістемелік ізденіс жұмыстарын қалыптастыру»

Қостанай қаласы

Федоров ауданы

Димитров атындағы №1 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалиева Гүлзира Кеңесбайқызы

Баяндама Тақырыбы: Жаңа технологияны қолдану арқылы оқушылардың жеке әдістемелік ізденіс жұмыстарын қалыптастыру

Ұстаз қызметінің мақсаты – өз пәнін үйретуден гөрі тереңіректе: ол- адамды жасаушы адам. А.Қыраубаева

Ғылым мен техниканың шарықтау дамып, адамзат баласы ғаламдану үдерісі жөніндегі пікірлерін ортаға салып, қоғам мүшелері соңғы үлгідегі техника жетістіктерін пайдаланып жүрген тұста білім беру жүйесі де осы өзгерістерге сол жаңашылдық пен әлемдік білім кеңестігіндегі соны ізденістерге сай сабақ жүргізудің уақыт міндеттеп отырған талап екенін айқын сезінуде. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыру өз ісінің шебері болумен қатар өз мамандығын сүйіп, адал да аппақ жүрекпен қоғамға қызмет етуді мақсат тұтқан ұстаздың ғана елшісінде.

Ұстаз алдындағы басты міндет – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаны машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру, әлемдік даму үдерісіне қатысар тұлға даярлау – мұғалім мақсатының бастау көздері.

Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»- деген бағдарлы сөзі педагогтардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.Осы міндеттер тұрғысынан қарағанда пәнді оқыту барысында технологиялардың қолданысқа тиімді, ұтымды нұсқаларын таңдап- талғау алдыңғы кезекте тұрады. Мектептерде жаңа бағдарламалар, жаңа технология әдістері көптеп пайдаланып жүр. Сондай жаңа әдістердің бірі «Оқу мен жазу арқылысын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Бұл жүйемен оқытуды жаңаша ұйымдастыруда көптеген міндеттерді шешуге болатындығы ұстаздар қауымын қатты қызықтырып бағдарламаны оқып, үйренушілермен оны күнделікті сабақтарында кеңінен қолданушылар қатары көбейіп отыр.

Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді.

Сонымен қатар әрбір адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Адамның айналасын танып білуге жануардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетке көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. Балаларды оқытуға зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының басымдығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруда ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде.

Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жорғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Тіл дамыту жұмыстары жан-жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің көркемдігі артады. Тақырыпты меңгеруге өз күшіне сену қасиеті қалыптасады.

Осындай жұмыс түрлері баланың тез ойлап, мағыналы, дұрыс сөйлем құруларына ықпал етеді, және жоғары эмоциялық жағдайда өтеді. Ең негізгісі – балаға дұрыс меңгерте отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Оқушылардың ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін, бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пайдалы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырмаларда күрделініп отырады.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: - Кез келген мұғалімге сапалы сабақ беруге мүмкіндік жасайды. - Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің көптігімен дараланады. -Оқушының қиялын дамытып, жеке «менің» қалыптастырады. -Өз ойын еркін жеткізуге оқушыларды дайындайды. - Сабақ кезінде барлық стратегиялар үш кезең арқылы жүзеге асуымен тиімді болады. - Ғылыми – теориялық тұжырымы терең және ерекшелігі мол. - Сабақтың сапасы артып, балалардың танымдық белсенділігі мен ықпалын дамытуға негіз болады.

Қорыта айтқанда, әр сабақтың құрылымы алдымен меңгерілетіні, үйретілетіні, оқу материалының ішкі логикалық жүйесіне сүйену арқылы ғана анықталады.

Қазіргі сабақтың негізгі бағыты – сабақ үстінде оқушының өз бетімен істейтін жұмысының салмағын арттыру.

«Сын тұрғысынан ойлау» жүйесі арқылы оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Жеке жұмыстың көлемі азайып, ұйымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым- қатынас құралына айналады. Оқушылардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап дараланып, білім алуы мұғалім көмегі арқылы балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.Сонымен қатар, оқыту мен сын тұрғысынан ойлану сабақтарында оқушыға үйрету емес оқушының үйренуіне көмектесу жүзеге асырылады.Жаңаша сипаттамада жұмыс жасайтын мұғалім сабақ жоспарын жасақтағанда оның мақсаты мен міндетін «Не үшін оқытылады және нені меңгеру керек» деп анықтайды.

Ал мазмұнын нені оқыту керектігімен, құралдарын- ненің көмегімен оқыту қажеттілігімен айқындайды.Сабақты ұйымдастырып өткізуде қалай оқыту керектігін ойланып, бағалауда «Нәтижені қалай тексеріп көру керек?» деген сұраққа жауап іздейді.

Соның нәтижесінде білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізіліп, білім сапасы артады.

Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым: -Баланы жеке тұлға ретінде оқу ісіне, өз ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, жеке тұлғаның оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдысын жетілдіру. Өз бетінше білім алу үдерісінде бірлесе әрекет ету.

Мақсатқа жету жеке тұлғаның өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім ұйымдастырушы, бағыт беруші.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау,қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

Менің алдыма қойып отырған мақсатым осы еді. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін қазақ сабағында қолданылған әдіс-тәсілдеріме тоқталуды жөн көрдім.

«Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясын қолданудың тиімділігі

1.Топтастыру Оқушы өз ойын ашық айтуға үйренеді. 2. БҮҮ Талқылауға белсенді араласады. 3.Венн диаграммасы Топпен жұмыс жасауға үйренеді. 4.Ұқсастық пен даралық Шығармашылықпен жұмыстанады. 5.Дөңгелек үстел және қаламсап Шапшаң сөйлеуге үйренеді. 6.Елесті жетелеу 7.Болжау

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиясының ішінде оқушылардың қызығушылықпен сүйсіне орындайтыны «Екі жақты түсіндірме күнделік» стратегиясы.

Өзіме ұнаған мақал Несімен ұнайды?

«Туған жер-алтын бесік» Туған жер- анамыз сияқты.Бар

ғұмырымыз осы жерде өтеді. Сәбиді

ана бесікке бөлеп, аяласа, туған жерді

біз де аялауымыз керек.



Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді






Бұл сабақта «Білетінім, білгім келеді» тапсырмасы оқушылардың «Білгім келеді» бөлімінде оқушылар өздерін ойлантқан сұрақтарға нақты жауап іздеп,мұғалім жауабын қызыға тындайды.

Венн диаграммасы,Тірек сөздер стратегиялары ойларын жинақтауға, салыстырулар жасауға зор ықпал ететіндігін оқушыларымның берген жауаптарынан байқадым. Стратегияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілін,ойын,еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу барысында бірін-бірі тыңдай білуге, құрмет көрсете білуге үйренді.



О *Танымы біліктілігі артады.

Қ *Сауатты болуға жол ашады.

У *Сөздік қоры көбейеді.

Ш *Ізденіс пайда болады.

Ы *Жүйелі ойлау қабілеті оянады

М * Оқушы еңбегіне сеніммен қарайды.

Ұ *Оқушы шығармашылығын ұштау жолына жұмыстану

Ғ *Бағыт-бағдар жол сілтеп, ұсыныс береді.

А *Өз пәнінің беделі үшін күреседі.

Л *Уақытты тиімді пайдалану.

І Шәкірт бірлігі үшін күреседі.

М *Ұстазбен ынтымақ нығаяды.



Қорыта келе, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттырамын






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Калиева Гульзира Кенесбаевна

Дата: 18.01.2017

Номер свидетельства: 381007

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "?аза? тілі мен ?дебиеті саба?тарында  жа?а технологияны ?олдану"
    ["seo_title"] => string(62) "kazaktilimiendiebiietisabaktaryndazhanatiekhnologhiianykoldanu"
    ["file_id"] => string(6) "284956"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454066706"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "«Жа?а а?паратты?  технологияны пайдалана отырып о?ушыларды? биология п?ніне ?ызы?ушылы?ын арттыру» "
    ["seo_title"] => string(111) "zhan-a-ak-parattyk-tiekhnologhiiany-paidalana-otyryp-ok-ushylardyn-biologhiia-p-ninie-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "141456"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1418127488"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "О?ушыларды? білім сапасын арттыруда?ы жа?а а?паратты? технологияларды? ма?ызы. "
    ["seo_title"] => string(88) "ok-ushylardyn-bilim-sapasyn-arttyrudag-y-zhan-a-ak-parattyk-tiekhnologhiialardyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "169643"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423449738"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?дістемелік баяндама"
    ["seo_title"] => string(22) "distiemielik-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "250280"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447066390"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "А?паратты? – коммуникативтік технологияны? м?мкіндіктерін  ?олдануды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(85) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiianyn-mumkindiktierin-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "200416"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428833656"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства