kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақалада функционалдық сауттылық, оның түрлері және оның қалыптастыру жолдары көрсетілген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру


Губайдуллина Баян Нұрахметовна

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы,

Өскемен қаласы, № 26 орта мектеп


Аңдатпа

Қазірге кезде орта білім беру мектепте маңызды мәселелерінің бірі - оқушылардың функционалды сауаттылығы. Осы орайда мақалада қазақ тілі сабағында мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру туралы сөз болады. Мақалада функционалды сауаттылық, оның түрлері және қалыптастыру жолдары ашылып, көрсетілген.

Кілт сөздер: функционалды сауаттылық, коммуникативті құзыреттілік, әлеуметтік-тұрмыстық құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік.

Аннотация

Одним из важнейших вопросов среднего образования на сегодняшний день является функциональная грамотность учащихся. В связи с этим в статье рассматривается формирование функциональной грамотности школьников на уроках казахского языка. В статье раскрывается и описывается функциональная грамотность, ее виды и пути формирования.

Ключевые слова: функциональная грамотность, коммуникативная компетентность, социальная компетентность, информационная компетентность.

Annotation

One of the most important issues in secondary education today is the functional literacy of students. In this regard, the article discusses the formation of functional literacy of schoolchildren in the Kazakh language lessons. The article reveals and describes functional literacy, its types and ways of formation.

Keywords: functional literacy, communicative competence, social competence, information competence.

Функционалды сауаттылық – сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсу, бейімделу және жылдам қалыптасу қабілеті, екендігі белгілі. Адамның жалпы оқу, түсіну, қарапайым қысқа мәтін құрастыру сияқты сауаттылығынан функционалды сауаттылықтың айырмашылығы келесіде: білім деңгейі, іскерлік және біліктілігі, нақты мәдени ортада және әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде тұлғаның өмірлік әрекетін жүзеге асыру қажеттіліктерін, қалыпты жағдайда қалыптастыруын қамтамасыз ету.

Функционалды сауаттылық келесі түрлерге бөлінеді: тілдік сауаттылық, ақпараттық және компьютерлік сауаттылық, құқықтық сауаттылық, азаматтық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, кәсіби және арнайы функционалды сауаттылық аспектілері (менеджмент, PR-менеджмент, іскерлік жоспарлау, жаңа технологиялар және т.б.).

«Функционалды сауаттылық» түсінігі алғаш өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында ЮНЕСКО құжаттарында және кейінірек зерттеулерде қолданыла бастады. Функционалды сауаттылық концепциясына негізделген, әйгілі, халықаралық бағалау зерттеулерінің бірі, экономикалық серіктестік және дамыту ұжымының жетекшілігімен (ЭСДҰ) 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Program forlnternational Student Assessment - PISA) болып саналады.

PISA 15 жастағы жеткіншектердің мектепте меңгерген білім, білік және іскерліктерін, өмірдің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, әлеуметтік және өзара қарым-қатынас кезінде мәселелерді кең көлемде шеше алу қабілетін бағалайды.

PISA деңгейінде жүргізілген тестілеуде функционалды сауаттылықтың 3 аймағы бағаланады: оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстық ғылыми сауаттылық. Зерттеу кезеңмен жүргізіледі, 3 жылда 1рет. Әр кезеңде функционалды сауаттылықтың нақты бір түріне аса назар аударылады. Осы орайда, қазақстандық оқушылар үшін функционалды сауаттылықты қалыптастыру мәселесінің өзектілігі байқалады.

Қазақстан Республикасында 12.10.2021 ж. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы бекітілді. Ұлттық жобаның мақсаты - барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру [1]. Жаңадан қабылданған құжат 2012 жылдан бастап іске асып жатқан Ұлттық жоспардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесін әрі қарай дамытуды көздейді. Атап айту керек, ҚР үкіметтің қаулысымен 2012 жылдың 25 маусымынан бастап №832, оқушылардың 2012-2016 жылдарға функционалды сауаттылығын дамытудың Ұлттық жоспары бекітілді [2].

Ұлттық жоспарға келесідей мазмұндық, оқу-әдістемелік, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процессін материалдық-техникамен қамсыздандыру шаралары кіреді. Ұлттық жоспар ҚР білім сапасын жаңғыртуда мақсатқа бағыттылықты, толыққанды және оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту әрекетінің жүйелілігін қалыптастыруға негізделген.

Ұлттық жоспардың мақсаты – ҚР оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Ұлттық жоспар міндеті:

  1. Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда отандық және халықаралық тәжірибелерді оқып-үйрену.

  2. Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда өлшем жүйесінің механизімін анықтау.

  3. Білім мазмұнының модернизациясын қамсыздандыру: оқу жоспары және бағдарламасының стандарты.

  4. Білім беру жүйесінің оқу әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ету.

  5. Оқушылардың білім сапасын мониторингілеу және бағалау жүйесін дамыту.

  6. Қосымша білім және мектептің материалдық-техникалық базасын толықтыру.

Мұғалім-практик ретінде осы белгіленген алты міндеттен, төртінші міндетті білім беру процесінің оқу-әдістемелік жұмысын жүзеге асыра аламыз және жүзеге асыруға міндеттіміз. Бұл біздің күнделікті пән бойынша сабақ жүргізуге дайындығымыз.

Білім беру стандартын жаңартумен кез-келген мұғалім айналыса алмайтындығы бәрімізге белгілі, бұл ҚР БҒМ құзырында. Бірақта, функционалды сауаттылықты дамыту нәтижесі, негізгі құзыреттілікті игеру, жастарға тәжірибелік жағдаяттар кезінде және әлеуметтік бейімделу үрдісінде тиімді қолдана білу болып саналады. Негізгі құзыреттілік – бұл орта мектеп түлегінің тұлғалық сапасына білімінің нәтижесі түрінде, оқу бағдарламасында және МЖМБС жазылған мемлекеттің талабы.

Негізігі құзыреттіліктен басқа пәндік аймақтарда пәндік құзыреттіліктер де белгілі: мамандандырылған білім, оқу пәні аумағындағы дағдылар. Негізгі және пәндік құзыреттіліктер білім нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, жемісті, шынайы және уақытпен анықталған болуы тиіс. Осы көрсетілгендердің ішінен бізге, мұғалім-практиктерге келесілері қол жетімді: оқытудың технологиясы және әдістері, формасының жаңаруы; оқушылардың оқудағы жетістікерін бағалау және диагностикалау жүйесі; барлық қызығушы жақтармен серіктестік принципі негізінде білім беру ордасындағы достастық; бала тәрбиесі мен оқуындағы ата-ананың белсенді атсалысуы. Осыған сәйкес, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытудың Ұлттық жоспарында және Ұлттық жобасында көрсетілгендерге таңдау жасап, яғни кәсіби-педагогикалық құзыреттілігімізге сәйкесімен жұмыс істеуіміз керек.

Өз іс-тәжірибемде мен функционалды сауаттылықтың мынадай түрлеріне тілдік және әлеуметтік-тұрмыстық сауаттылыққа көп көңіл бөлемін. Сауаттылықтың осы түрлері меніңше, Ұлттық жоспарда аталған: коммуникативті құзыреттілік - бұл ауызша, жазбаша, қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынасқа түсе білу қабілеттілігі толығымен негізгі құзыреттілікті қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Тілдік және әлеуметтік-тұрмыстық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесін қазақ тілі сабағында М Жампеисованың модулдік технологиясы негізінде жүргізіледі. Осы технология бойынша көптеген әріптестерім оқу модуль 3 бөлімнен тұратындығын біледі: кіріспе, диалогтік және қорытынды бөлім. Көлемді, мазмұнды және негізгі жүктеме диалогтік бөлімде қарастырылады, себебі, тілдік функционалды сауаттылық белсенді түрде осы бөлімде жүзеге асырылады.

Мысалы, 7 cыныпта қазақ тілін оқытуда мен оқушылардың қатысуымен бейнероликтер жасап шығардым, сонымен қатар, олардың оқу әрекетінің объектісі емес субъектісі болуына жағдай жасаймын және топтық жұмыс ұйымдастырамын (1-фото). Бұл оқушылардың танымдық белсенділіктерін жоғарылатуға, қазақ тілін үйренуге қызығушылығын және ең бастысы тілдік және әлеуметтік-тұрмыстық сауаттылығын қалыптастыруға септігін тигізеді. Мысалы, «Музыка. Қазақтың киелі домбрасы» тақырыбы бойынша бейнеролик жасалды, ол оқушылардың тілдік сауаттылығын дамуына үлкен әсер етті.

Сонымен қоса, тілдік сауаттылықты қалыптастыруда, соның ішінде диалогты құруда, лексикалық тақырыпқа жаңа сөздер енгізу қажет, синоним, омоним және антонимдерден мысалдар келтіру. Лексикалық тақырыпты үйренудегі мұндай қатынас, біріншіден, оқушылардың сөздік қорларын молайтуға, екіншіден, әлеуметтік немесе оқу жағдаятында коммуникативтік қабілеттерін көрсете білуге үйретеді.



1-фото Топтық жұмыс


Оқушылардың тілдік және әлеуметтік-тұрмыстық сауаттылығын қалыптастыруда пәнаралық байланыс маңызды рөл атқарады. «Менің отаным - Қазақстан», «Менің сүйікті өлкем» және т.б., лексикалық тақырыптарды оқуда әлемнің физикалық картасын қолдану, атлас, көрнекі құралдар, плакаттар, таныстырулар (презентациялар), видеофильмдер, онлайн мектеп платформасы оқушылардың тақырыпты толық әрі жүйелі меңгеруіне білім салаларымен байланыстыра алуына көмектеседі. Мұны ақпараттық сауаттылық элементіне жатқызуға болады.

Ақпараттық сауаттылықты қалыптастыруда телекоммуникациялар және заманауи ақпараттық жүйелер (ғаламтор), сонымен қатар, ақпараттың басым көпшілігі классикалық құралдар – бұл жұрнал, газет, кітаптар және т.б. Жалпы білім беретін мектеп жағдайында тілдік және әлеуметтік-тұрмыстық сауаттылықты қалыптастыру құралдары жеткілікті: бұл мектеп кітапханасы, асхана, дәрігер бөлмесі, кез-келген әлеуметтік-тұрмыстық жағдаяттарды моделдей алу білігі мен іскерлігін қажет ететін жағдаяттар.

Осыған орай, жоғарыда көрсетілгендерге негіздей отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға жеткілікті дәрежеде жағдай жасалған, ал қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында тілдік және әлеуметтік-тұрмыстық сауаттылықты дамыту мүмкіндіктері мол.


Әдебиет


1. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы бұйрік № 726 12.10.2021ж. //www.gov.kz

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012--2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары //Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Автор: Губайдуллина Баян

Дата: 12.02.2023

Номер свидетельства: 625424

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(164) ""О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын  ?алыптастыру – о?ушы ??зіреттілігін дамыту кепілі""
    ["seo_title"] => string(85) "okushylardynfunktsionaldyksauattylygynkalyptastyruokushykuziriettilighindamytukiepili"
    ["file_id"] => string(6) "311499"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459224162"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "«PIRLS» халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау."
    ["seo_title"] => string(49) "pirls_khalykaralyk_zertteuge_okushylardy_daiyndau"
    ["file_id"] => string(6) "579519"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1619605406"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "Доклад на тему " ?аза? тілі саба?ында интербелсенді та?таны  ?олдану тиімділігі" "
    ["seo_title"] => string(85) "doklad-na-tiemu-k-azak-tili-sabag-ynda-intierbielsiendi-tak-tany-k-oldanu-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "216686"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433104504"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Баяндама "О?ушыларды? о?у жылдамды?ын арттыру жолдары""
    ["seo_title"] => string(51) "baiandamaokushylardynokuzhyldamdygynarttyruzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "283256"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453809211"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(12) "Макала"
    ["seo_title"] => string(6) "makala"
    ["file_id"] => string(6) "292998"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455383174"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства