kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру – о?ушы ??зіреттілігін дамыту кепілі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын

?алыптастыруо?ушы ??зіреттілігін дамыту кепілі

Р.А. Темирбулатова

«А?су ?аласы М.Омаров атында?ы селолы? округі

Е?бек ауылыны? орта мектебі» коммуналды? мемлекеттік мекемесіні?

?аза? тілі мен ?дебиет п?ніні? м??алімі, А?су ?аласы, Павлодар облысы.

Елбасы Н.?. Назарбаев 2012 жыл?ы 27 ?а?тарда?ы «?леуметтік-экономикалы? жа??ырту – ?аза?стан дамуыны? басты ба?ыты» атты ?аза?стан хал?ына кезекті Жолдауында білім беру ?йымдары жастар?а жала? білім беріп ?ана ?оймай, ал?ан білімдерін ?мірді? т?рлі жа?дайларында пайдалана алуды ?йретуі керек екендігін баса айтып, ?кіметке о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамытуды? бес жыл?а арнал?ан ?лтты? шаралар жоспарын дайындау ж?нінде на?ты тапсырма берген болатын [1].

     Осы тапсырманы? негізінде маусым айында?кіметті? 25 маусым 2012 жылы №832 ?аулысымен бекітілген «Мектеп о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын дамыту ж?ніндегі 2012-2016 жылдар?а арнал?ан  ?лтты? іс-?имыл жоспары» ?абылданды. ?лтты? жоспарды? ма?саты – ?аза?стан Республикасында?ы  мектеп о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын дамыту ?шін жа?дай жасау [2].  Кезінде  алаш арыстарыны? бірі Ж.Аймауытов б?гінгі заманауи білім беру талабына сай функционалды? сауаттылы? м?селесіне, д?л осы терминмен айтпаса да, тере? талдау жасап, нанымды т?жырым айт?ан.  А?артушы: « Бала?а е? ?ымбат, е? жылы, жа?ын н?рсе – ту?ан жері, ту?ан жеріні? ??былыстарын білу бала?а ?те ?ызы?. М?ндай о?ыту ж?йесі жергілікті ?мірге, таби?ат?а тере? мазм?н беріп, оларды баланы? санасында жандандырып, олар?а баланы? махаббатын арттырады, бала ?леумет т?рмысына, т??іректегі ?лемге тере? к?збен ?арап ?йреніп, жолы?атын ?иын м?селелерді о?ай шешетін болады, б?рын?ыдай мектептен шы??ан со?, бала ?йренген білімін ?мытып ?алмайды, ?айта білгенімен ?мір ж?зінде пайдаланатын болады.Балалар?а ту?ан жерді? таби?атын, ту?ан елді? ?дет-??рпын, мінезін ?йреніп, х?кімшілік, ?леумет мекемелерімен, оларды? ?ызметтерімен, сауда к?сібімен, ?атынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи ескерткіштерді? ?атынасын т?сіндіріп, балаларды б?рын білмейтін, жат н?рсемен, я?ни ?леумет ?ылымымен таныс ?ыламыз».

Жалпы функционалды? сауаттылы? деген ??ымды таратып айтар болса?, адамдарды? (жеке т?л?аны?) ?леуметтік, м?дени, саяси ж?не экономикалы? ?ызметтерге белсене араласуы ж?не ?мір бойы білім алуына ы?пал ететін базалы? факторы. Я?ни б?гінгі жа?андану д?уіріндегі заман а?ымына ?арай ілесіп отыруы. Сонымен, функционалды? сауаттылы? адамны? маманды?ына, жасына ?арамастан ?немі білімін жетілдіріп отыруы. М?нда?ы басшылы??а алынатын функционалды? сапалар:

  • белсенділік,
  •  шы?армашылы? т?р?ыда ойлау,
  • шешім ?абылдай алу,
  •  ?з к?сібін д?рыс та?дай алу?а ?абілеттілік, т.б.

 Я?ни, жалпы білім беретін мектептерде ?аза?стан республикасыны? зияткерлік, дене ж?не рухани т?р?ысынан дамы?ан азаматын ?алыптастыру, оны? физикалы? ??былмалы ?лемде ?леуметтік бейімделуін ?амтамасыз ететін білім алуда?ы ?ажеттіліктерін ?ана?аттандыру болып табылады.Б?л ?аза?станны? білім беру ж?йесіні? б?секеге ?абілеттілігін к?теруге септігін тигізеді [3].

 М??алім ?о?ам мен мемлекет алдында айры?ша жауапкершілік ж?ктелетін ?рекет иесі. Кезінде А.Байт?рсынов: «Е? ?уелі мектепке керегі -  білімді, педагогика, ?дістемеден хабардар, о?ыта білетін м??алім », - десе, М.?уезов: «Жан д?ниесі бай, талап – тілегі ?скеле?, ой – ?рісі ке? маман иесі ?ана белгілі маманды?ты? ше?берінен адамды? ?асиетті? биік де?гейіне шы?а алады», - деп жазуы мектеп м??алімдеріне ?лкен міндет ж?ктері аны?. О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамытуда о?у ба?дарламасында?ы ?рбір п?нні? м?ні зор.Соны? ішінде ?аза? тілі мен ?дебиетіні? алатын орны ерекше. Осы ретте, о?ушы?а халы?ты? ?о?амды? ?мірін, арман-м?ддесін танытуда, олар?а идеялы?-саяси, рухани-адамгершілік, этикалы?-эстетикалы?  т?рбие беруде, д?ниеге к?з?арасын, мінезін, жалпы м?дениетін ?алыптастыруда к?ркем ?дебиетті ?уатты ??ралдарды?  бірі ретінде пайдалану – ?дебиет п?ніні? басты ма?саты болып есептелсе, тілімізді?  ?зіндік ?алыптас?ан нормаларын, жалпы айт?анда грамматикасын ?йрету – ?аза?  тіліні? басты міндеті болып танылады.

К?ркем туындыны? к?ркемдік н?рін жеткізу лазым, ол ?шін о?ушыларды іздендіре білу ?ажет.К?ркем ?дебиетті? к?ркемдік сын - сипатын таныта білу м?селесі,о?ушыны іздентіп о?ыту м?селесі – ерекше к?н т?ртібіндегі іргелі белес. Проблемалап о?ытуды? ма?саттары мен міндеттері немесе оны? мазм?нымен ж?ргізуді? жолдары о?ушыларды? ?ылыми - шы?армашылы? білім алуына негізделеді. Со?ан негіздей отырып, білім алуды? тиімді жолдарын ?йретеді, ?здігінен ?ылым за?дылы?тарын тану?а а?ыл – ой ?абілеттерін жетілдіреді [4].

Жалпы адамзатты?, ?рбір жеке халы?ты? ?мірлік т?жірибесі ар?ылы ай?ындал?ан ?ымбат  ??ндылы?тар,  биік адамгершілік, азаматты?, кісілік,  Абай ?спеттеген толы? адамды? ?асиеттерді? сырын ашып,ба?асын беретін, рухани ас?ар?а жетелейтін асыл м?ра – ?дебиет, ал біз ?шін – ?асиетті ?аза? ?дебиеті. ?аза? ?дебиеті – ?лемдегі аса бай,  к?ркемдік де?гейі жо?ары, мазм?ны тере? ?дебиеттерді? бірі.Б?гінгі Ш.М?ртаза,Ф.О??арсыновалар, кешегі М.?уезов,?.М?сіреповтер, одан арыда Байт?рсынов, Аймауытовтар, орта ?асыр ойшылдары Ж?сіп Баласа??н, Махмуд ?аш?ари, Ахмед Й?гінеки, ?ожа Ахмет Иассауи е?бектерімен саба?тасып жатыр.Асан ?ай?ы мен Махамбеттерді? ерлік пен елдікті ту еткен жау?ар жырлары, ?лемдік м?дениетке ?ол соз?ан Шо?ан, Ыбырай м?расы, бір ?зі т?тас ?лем, данышпан Абайды? ?лтына ?алдыр?ан ?ла?атты с?зі біз ?шін асыл м?ра.Осындай ауыз толтырып айтатын ?лы адамдарымызды? ?сиет, асыл м?раларын о?ушыларды? бойына сі?іру ?р ?стазды? шеберлігіне байланысты. Ол ?шін к?нделікті о?ыту ?дерісінде ?рбір п?ннен берілетін теориялы? білімді ?мірдегі жа?дайлармен байланыстырып, практикалы? жа?ына ба?ыттап отыру керек.

Сонды?тан теория мен практиканы? байланыста болуын ?амтамасыз ету ?шін ?рбір п?н бойынша берілетін білімні? мазм?ны мен к?лемін аны?та?анда теориялы? ?а?идаларды?, за?дылы?тар мен ережелерді?, я?ни ??ымды?-а?паратты? материалдарды? бала ?мірінде кездесетін т?рлі проблемалы? м?селелерді шешуге к?мегі тиетіндей, бала оны ?олдана алатындай практикалы? ма?ызы ескерілуі тиіс.  Мектеп о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыруда ?атысымды?, р?лдік ойын, дара т?л?а?а ба?дарлан?ан о?ыту ж?не с?ра?-жауап ?дістері ар?ылы ж?зеге асатын жа?даятты? тапсырмалар, р?лдік ойындар, с?хбатты? тапсырмалар, ??зіреттіліктерді ?алыптастыратын тапсырмалар ар?ылы кешенді ж?ргізуді? тиімділігі жо?ары болады [5]. Мысалы: «С?раншы батыр» поэмасын ?ткенде о?ушыларды топ?а б?ліп, олар?а келесі т?р?ыда тапсырмалар беріледі:

  1. Тарихшылар тобы «С?раншы батыр – тарихи т?л?а» та?ырыбында ізденеді;
  2. ?дебиетші - ?алымдар тобы поэманы талдап, пікір дайындайды;
  3. Журналистер тобы а?ын?а арнап ?ле?, ма?ала жазады, газет шы?арады;
  4. Сахна са?ла?тары киносценарий жазады, сахналы? к?рініс дайындайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру – о?ушы ??зіреттілігін дамыту кепілі"»

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын

қалыптастыруоқушы құзіреттілігін дамыту кепілі


Р.А. Темирбулатова

«Ақсу қаласы М.Омаров атындағы селолық округі

Еңбек ауылының орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Ақсу қаласы, Павлодар облысы.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай, алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын [1].

Осы тапсырманың негізінде маусым айындаҮкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау [2]. Кезінде алаш арыстарының бірі Ж.Аймауытов бүгінгі заманауи білім беру талабына сай функционалдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен айтпаса да, терең талдау жасап, нанымды тұжырым айтқан. Ағартушы: « Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенімен өмір жүзінде пайдаланатын болады....Балаларға туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, мінезін үйреніп, хәкімшілік, әлеумет мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда кәсібімен, қатынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи ескерткіштердің қатынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін, жат нәрсемен, яғни әлеумет ғылымымен таныс қыламыз».

Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар:

  • белсенділік,

  • шығармашылық тұрғыда ойлау,

  • шешім қабылдай алу,

  • өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б.

Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге септігін тигізеді [3].

Мұғалім қоғам мен мемлекет алдында айрықша жауапкершілік жүктелетін әрекет иесі. Кезінде А.Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім », - десе , М.Әуезов: «Жан дүниесі бай, талап – тілегі өскелең, ой – өрісі кең маман иесі ғана белгілі мамандықтың шеңберінен адамдық қасиеттің биік деңгейіне шыға алады» , - деп жазуы мектеп мұғалімдеріне үлкен міндет жүктері анық. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің мәні зор.Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.

Көркем туындының көркемдік нәрін жеткізу лазым, ол үшін оқушыларды іздендіре білу қажет.Көркем әдебиеттің көркемдік сын - сипатын таныта білу мәселесі,оқушыны іздентіп оқыту мәселесі – ерекше күн тәртібіндегі іргелі белес. Проблемалап оқытудың мақсаттары мен міндеттері немесе оның мазмұнымен жүргізудің жолдары оқушылардың ғылыми - шығармашылық білім алуына негізделеді. Соған негіздей отырып, білім алудың тиімді жолдарын үйретеді, өздігінен ғылым заңдылықтарын тануға ақыл – ой қабілеттерін жетілдіреді [4].

Жалпы адамзаттың, әрбір жеке халықтың өмірлік тәжірибесі арқылы айқындалған қымбат құндылықтар, биік адамгершілік, азаматтық, кісілік, Абай әспеттеген толық адамдық қасиеттердің сырын ашып,бағасын беретін, рухани асқарға жетелейтін асыл мұра – әдебиет, ал біз үшін – қасиетті қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиеті – әлемдегі аса бай, көркемдік деңгейі жоғары, мазмұны терең әдебиеттердің бірі.Бүгінгі Ш.Мұртаза,Ф.Оңғарсыновалар, кешегі М.Әуезов,Ғ.Мүсіреповтер, одан арыда Байтұрсынов, Аймауытовтар, орта ғасыр ойшылдары Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашғари, Ахмед Йүгінеки, Қожа Ахмет Иассауи еңбектерімен сабақтасып жатыр.Асан қайғы мен Махамбеттердің ерлік пен елдікті ту еткен жауһар жырлары, әлемдік мәдениетке қол созған Шоқан, Ыбырай мұрасы, бір өзі тұтас әлем, данышпан Абайдың ұлтына қалдырған ұлағатты сөзі біз үшін асыл мұра .Осындай ауыз толтырып айтатын ұлы адамдарымыздың өсиет, асыл мұраларын оқушылардың бойына сіңіру әр ұстаздың шеберлігіне байланысты. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек.

Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұхбаттық тапсырмалар, құзіреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады [5]. Мысалы: «Сұраншы батыр» поэмасын өткенде оқушыларды топқа бөліп, оларға келесі тұрғыда тапсырмалар беріледі:

  1. Тарихшылар тобы «Сұраншы батыр – тарихи тұлға» тақырыбында ізденеді;

  2. Әдебиетші - ғалымдар тобы поэманы талдап, пікір дайындайды;

  3. Журналистер тобы ақынға арнап өлең, мақала жазады, газет шығарады;

  4. Сахна саңлақтары киносценарий жазады, сахналық көрініс дайындайды.

Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымы арқылы кешенді қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық. Ол үшін қазақ әдебиеті пәнін оқытуда кеңінен қолданылып жүрген технологияларымның бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Жоба 60 – қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың ішінде сабақтың ерекшелігіне, ауыр – жеңілдігіне қарай лайықталған «Бес жолды өлең», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Семантикалық карта», «Джиксо» стратегияларын қолданамын. Бұл стратегиялар оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай – ақ, стратегиялардың тиімділігі - сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады .

Қазіргі кезеңнің ең басты ерекшеліктерінің бірі – жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына көңіл бөлудің артуы, яғни оқушылардың білімді өздігінен игеруіне жағдай жасау, оқушы пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда дамыта оқыту жүйесі де осы қағидаларға негізделген. Олар – ынтымақтастық, өзара сыйластық қасиеттер. Бұл технологияның тағы бір маңызды ерекшелігі – оқушыларды жақсы, нашар деп бөлмей, барлық оқушылардың үйренуі үшін қолайлы жағдай туғызу. Нашар оқушылардың да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Мысалы: «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті» тақырыбында оқулық мәтінімен жұмысты «Дана үкілер» техникасы арқылы өткіздім. Интерактивті тақтада аталған техниканың шарттары көрсетіледі:

а) Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері:

Мәтіннен негізгі, жаңа ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңдар.Мәтіннен сендер күтпеген, сендердің бұрынғы ұғымдарыңа қарсы тұрған ақпаратты табыңдар. Сендерге жаңалық болған мәліметті жазыңдар.

ә) Маңызды өмірлік даналық:

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңдер.

б)Таныс және таныс емес:

Мәтіннен сендерге алдында таныс болған және сендерге мүлдем таныс емес мәліметті табыңдар

в) Иллюстрациялық бейнелеу:

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, кесте арқылы бейнелеп көрсетіңдер.

г) Үлгі боларлық қорытынды:

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

ғ) Талқылауға арналған маңызды тақырыптар:

Талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

Оқушылар көрсетілген шарт бойынша оқулық мәтінімен жұмыс істейді, ойларын ортаға салады,түйіндейді. Ал «Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбын өткенде қорытындылау кезеңінде пікірталас ұйымдастыру сабақтың тиімділігін арттырары сөзсіз. Ол үшін Дулат ақынның шешен адамға қажет қасиеттерін оқып:

Өзіне – өзі сенімді,

Тұлпар аттай қунақпын.

Сана құйып ойыңа

Қуат беріп бойыңа...

Нысананы дөп басып,

Қалаған жерден көздеген...

Меруерттей сөзбен шашайын

Бойыма біткен асылын,

Ақындық әсер, қуаттың.

Қазіргі іскер адамға қажет құрал – шешендік өнер, жұрт алдында сөйлей білу өнері деген пікірмен келісесіз бе? Бұған не қосуға болады? - деген сұрақ арқылы оқушылардың білімдерін қазақ тіліндегі тақырыппен байланыстырып, ойларын кеңінен жеткізуге көмектесіп, пікірталас тудыру тиімді .

Өз практикамда тіл дамыту жұмысының бір түрі – мәнерлеп оқуға үлкен мән беремін, сондықтан да болар оқушыларым облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, өз шеберліктерін танытуда.Мәнерлеп оқуда оқушылар сөйлеу тілі мен әдеби тілдік норманы сақтап оқуға төселеді, ана тілінің байлығына зер салып, тіл құдіретін сезінеді. Шығарманың мазмұнының мәнін, идеялық негізін, көркемдік ерекшелігін түсінуге мүмкіндік туады.Ақын қаламынан туған лирикалық туындыны мәнерлеп оқи білу техникасын меңгеруде, олардың дауыс биіктігі мен дауыс сазын дұрыс айта білуге, орташа қарқынмен сөйлеуге, дауысты анық мәтіннің мазмұнына сәйкес құбылтып, түрлендіріп отырады.Бұл жұмыстар грамматикалық, логикалық, психологиялық кідірісті сақтап оқуға, орфоэпияның заңдарын ескеріп отыруға, сөздік қорын байытуға бірден – бір жол ашады.

Лирикалық туындыны дұрыс, мәнерлеп оқығанда ғана оқушы жүрегіне жол табады. Мәтінді дұрыс оқып үйренуге байланысты өткізілетін үйірмелерде «өзіңді тыңда», «достарыңды тыңдап көр», «диктор мен өнер адамдарының дауыстарын тыңда» деген сияқты үнқатымдық ауызша жаттығулар жүргізудің тиімділігін байқадым. Бұл автордың суреттеу тәсілдерін түсініп, ұғынуға, оқу, білу тәжірибесін арттыруға бағыттайды. Мәтінді келістіріп оқуға байланысты тапсырмаларды сабақта, сабақтан тыс түрлендіріп отыру мұғалімнің жүйелі түрде ізденісі негізінде іс – шеберлігі арқылы іске асырылады.Сонда ғана оқушының тіл байлығы дамып, дұрыс сөйлеуге дағдыланады, әдеби білім өрісі кеңейеді.

Қорыта келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің мәні зор. Педагогтің шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы - өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Әдебиетті сүйіп оқыған, сол әлемнен сусындаған түлектерімнің алды Алматыдағы Әл - Фараби университетін (Мінайхан Салтанат, Республикалық «Абай оқуларының» І орын иегері ) қазақ тілі мен әдебиет факультетін бітіріп, аспирантурада оқып жатса, соңғылары (Ерманат Ақмарал) Павлодар мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде, ал Муса Ерлан (Республикалық «Мұқағали оқуларының» Алғыс хат иегері), осы күндері ПМУ- і атынан республикалық мәнерлеп оқу сайысына қатысып, І орынды иеленіпті. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса, ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспардың дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру – оқушы құзіреттілігін дамыту кепілі екенін естен шығармауымыз керек.











Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Елбасы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.

  2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс - қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).

  3. Оразахынова Н., Кенжебаева Г.М.- «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. – Б.42 – 47.

  4. А.Ж. Такишева. Қазақ әдебиетінен сұрау - тапсырмалар моделі. «Арман - ПВ» баспасы, 2014.

  5. Айтманбетова Б. Жаңашыл педагогтер идеялары мен тәжірибелері. – Алматы, 1991.

























































ыз»,–деп бүгінгі заманауи білім беру талабына сай функциональдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен айтпаса да, терең талдау жасап, нанымды тұжырым айтқан. Егерде біз қосымша білім беру және мектептен тыс сабақтарда осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, бағдарламалар түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын болсақ, онда функциональдық сауаттылықтың төртінші механизімі өз дәрежесінде жүзеге асады

Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші тетігі (механизмі) –мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі). Бүгінгі білім беру жүйесінде қазақстандық мынадай мектептер бар. Олар: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мектептер, Назарбаевтың зияткерлік мектебі (НЗМ) т.б. Осы мектептердің басқару жүйесі, оқу бағдарламалары, оларда оқытылатын пәндердің оқулықтары, онда оқитын оқушылардың білім сайыстары бір-бірінен ерекшеленіп, бүгінгі қоғам талап етіп отырған үрдістен шығуы тиіс

Алтыншы тетігі (механизмі) – барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы.Бұл мәселедегі жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісімшартқа отырып, мектеп оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі дайындайтын маманның деңгейін, қабілетін, дарынын алдын-ала анықтап, болашақта жүргізілетін жұмыстарын жоспарлап, білім алушыларға кредиттік жүйенің ерекшеліктерін, мақсат-міндеттерін алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру

Функциональдық сауаттылықтың жетінші механизімі – ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ана бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функциональдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функциональдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Бұл жағынан біз, қытай халқының бала тәрбиесіндегі өнегесін алуымыз керек. Олар баланың біліміне, тәрбиесіне мектепті емес ата-ананың өзін жауапты етеді. Егер баласы үй тапсырмасын мезгілінде және дұрыс орындамаса, оған тікелей ата-ана жауапты. Осы мәселе шектен шығатын болса, мектеп басшысы баланы ол мектепке қабылдамауға толық құқылы. Сондай-ақ ата-ана өзі қызмет ететін орында бала тәрбиесіне тікелей жауап беруге мәжбүр болады. Бұдан байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді.

Қорыта келе, Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспардың дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар, бұл функционалдық сауаттылық мәселесінің алаш арыстарының да ой-тұжырымдарынан қағыс қалмағандығын жұртшылық назарына ұсыну болды. Сондықтан да функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шараларда алаш арыстарының ұлт болашағы, оның сауатты, білімді, рухани дүниесі бай, ұлтжанды азамат тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары үнемі басшылыққа алуынуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж.

  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

  3. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. ІҮ том. Алматы, Ғылым, 1998ж – 437 бет.

  4. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. Ү том. Алматы, Ғылым, 1999ж – 301 бет.

Мен, Әкімберді Динара Әкімбердіқызы 2014 жылдың 17 қаңтар айында жұмысқа қабылдандым.

№38 мектеп-гимназиясының 2013-2014 оқу жылына арналған әдістемелік мәселесі: «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда заманауи әдістерді пайдалану – білім сапасын арттырудың негізгі бағытты»

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы.

Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын сусындау арқылы туған халқының тарихымен,мәдениетімен жете танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.

Менің өзекті мәселем: жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту.

Менің ұстанымым: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу – менің күн тәртібімдегі өзекті мәселелардің бірі.Осы мақсатта «Мұқағали оқуларынан»оқушыларым биік шыңдардан көрінді.Атап айтқанда,Дәулетхан Медет,Нұртазина Айжан,қазақ тілінен аудандық олимпиададан оқушым Сатыбалдиева Айзада 3-орынға ие болды.Осы бағытта оқушыларды «Мұқағали оқуларына» баулып,тапсырма беріп қойдым.

Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай,сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келемін.Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабағымда белсенді оқыту,диалогтік оқыту,сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы,Блум таксономиясы,сатылай кешенді талдау,мән беріп оқыту технологиясын қолданып келемін.

Белсенді оқытуда қысқа әңгіме,ойын түрлері,сөздік ойыны тб атауға болады.Өзім беретін 2,4,5-сыныптарда мән беріп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым дағдыларын дамытудамын.Көбінесе топтық жұмыс жасап,достық қарым-қатынасты нығайта отырып,ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын.

Өмірлік қолданыста маңызды рөл атқаратын Блум жүйесін қолданып келемін.Блумның анализ,синтез,бағалау тараулары арқылы кез-келген тақырыпта сұрыптау жасап,пайдалы-пайдасыз жақтарын анықтап.баға бере алатын,жеке көзқарастарын еркін айта алатын жеке тұлғаны дайындау үстіндемін.

Сонымен бірге оқушылардың теориялық білімдерін дамыту мақсатында Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясының тиімді жақтарын айтқым келеді.

1. Оқушыларға теориялық білім береді

2. ҰБТ-ке оқушы дайын болады

3. Тілін дамытады

4. Ұлттық құндылықтарды бағалай білуге,

құрметтеуге үйретеді

5. Ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастырады.

6. оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың білім сапасы туралы мәлімет

сынып

Оқушы саны

«5»

ІҮ т жж

«4»

ІҮ т жж

«3»

ІҮ т жж

«2»

ІҮ т жж

Үлгерім

ІҮ т жж

Сапа

ІҮ т ж ж

4 «а»

15

5

4

8

7

2

4

-

-

100%

100%

86%

80%

4 «в»

17

7

6

6

7

4

4

-

-

100%

100%

76%

76%

2 «д»

13

4

3

6

5

3

3

-

-

100%

100%

76%

76%

5 «в»

15

9

9

6

5

-

1

-

-

100%

100%

100%

93%

Соңғы жарты жылдықта «Қазақшаңыз қалай?» акциясына химия-биология пән бірлестігінің мұғалімдерін дайындадық.Мектепішілік «Жыл мұғаліміне» қатысып,2-орынға ие болдым.

Функционалды сауаттылық

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.

Құзіреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы.

Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын сусындау арқылы туған халқының тарихымен,мәдениетімен жете танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.

Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай,әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келемін.Өзім сабақ беретін 4-5-сыныптарда қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда мынандай әдістерді қолданамын:белсенді оқыту,мән беріп оқыту,сатылай кешенді талдау технологиясы,Блум жүйесі,сыни тұрғыдан ойлау.

Мән беріп оқыту технологиясы (қатысымдық әдіс) функционалды сөйлеудің грамматикалық жағы мен лексикалық бірліктерді меңгертудің негізі болып табылады.Бұл әдіс бойынша оқушыларды сабақтың басынан бастап сөйлесім әрекетіне баулу,тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру,сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету ескеріліп отырады.Өйткені кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу,жазу,оқу,тыңдау әрекеттері арқылы іске асады.Рөлдік ойын әдісі арқылы оқушылар тез тілдеседі,образға енеді,оқушы өзін танытады,достарының пікірімен санасады,дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіреді,жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар сұрақ-жауап әдісін оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту мақсатында оқытудың барлық кезеңдері мен түрлерінде жиі қолданамын

Блум жүйесі арқылы оқушылардың алға қойған мақсатына жету жолдарын,өз ойың еркін жеткізе алатын жеткіншек дайындау үстіндемін.(киіз үйдің суретін слайдтан көрсету)

Сатылай кешенді талдау арқылы қазақ тілінің грамматикасын жете меңгеретін оқушы оқытудамын




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Темирбулатова Раиса Амангельдиновна

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311499


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства