kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай - дана, ойшыл.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылығы және философиялық ойлары жайындағы мәлімет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай - дана, ойшыл.»

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы

ШЖҚ «Туберкулезге қарсы облыстық балалар шипажайы КМК»

Ускенова Жанерке Рахтайқызы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімінің

баяндамасы

Абай – дана, ойшыл.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904жж) – жаңашыл ақын, сазгер, ағартушы, шебер аудармашы, терең ойшыл (философ). Ол – орыстың, еуропаның мәдениетімен жақын танысу арқылы қазақ мәдениетін жаңа қалыпқа салуды армандаған реформатор. Абай өз шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, адамгершілік мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін, өркениетін жақсы білген. Бірнеше әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Олар: Ұлы ойшыл-ақын Әл Фараби, Сократ, Платон, бірінші ұстаз – Аристотель және Батыс Еуропа ойшылдары -Декарт, Спиноза, Спенсер, Фейербах.

Ақынның «Қара сөздері» - әралуандығымен, ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды шығармалар. Ол өзінің философиялық толғамдарында бүкіл адамзатты толғандырған мәселелер: өмір мен өлім, құдай мен табиғат, адам мен құдірет, жан мен тән жайлы сөз етеді.

Адамды сүй, Алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде одан басқа, - деп және Атаның баласы болма,

Адамның баласы бол, - деп Алла тағаланы, адамзатты сүюге шақырады, адамгершілікті насихаттайды.

Философия, идея деген ол – ұлы күш. Маркстің айтуынша: «Идея становится материальной силой, когда она овладевает массами».

Абайдың жан құмары, жан азығы туралы айтқан сөздері қазақтың рухын оятуға бағытталған.

Қытайда адам­ға дұрыс жолды ұсынатын даосизм деген Лао Цзының ілімі бар. Философия адам, ғылым, тарих жолына ерекше мән береді. Олардың жүріп өткен жолынан тәлім, тағылым іздейді, сабақ алады. Қытай Батыстың озық үлгілеріне қызықпай, өз жолымен, Конфуций жолымен жүріп, дамыған. Сондықтан қазір көш басындағы елдердің бірі болып саналады.

Жол – киелі,қасиетті ұғым.Мұхтар Әуезов қазақты, қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, данышпаны Абайды әлемге танытқан шығармасын «Абай жолы» деп атаған. Абай жолында, Абай ілімінде халыққа қажеттің бәрі бар: нарық та, демократия да, бәсекелестік те, ғылым-білім де бар. Тек оны орынды қолдана білу керек. Абайды оқымаған, оны білмейтін адам жоқ десек те болады.

«Философия» деген сөздің мағынасы – даналық, даналыққа құмарлық дегенді білдіреді.

Абай шығармалары - тұнып тұрған даналық . Абай Сократты пір тұтады, Сократша сұхбат құрып, оған 27 қарасөзін арнайды. Абай Сократты даналығы, білім-ғылымды жоғары бағалағаны, халқына аянбай қызмет еткені, надандықпен күрескені, шәкірттеріне озық тәрбие бергені үшін ерекше қадірлеп, қастерледі, дана санады. Сократтан үлгі алды.

Сондықтан өзінің өмірлік мақсатын халқына аянбай қызмет етуге, оның құндылықтарын атап көрсетуге, кемшілігін ашық, батыра айтып, әр ісіне сын көзбен қарап, халқын түзетуге бағыттады. Сыншылдық - философияға тән қасиет.

Философияның негізгі қыз­меті – даналықты жүзеге асыру. Абай үшін философия – ең алдымен даналық.

Абайдың бәрімізге белгілі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңдерінде осы білім, ғылым жайлы сөз болады. Бұл мәселе - көптеген адамдарды толғандырған, қазіргі жастарға да тіккелей қатысы бар ұлағатты сөз.


«Орын» сөзінің де философияда алатын орны ерекше. Әр нәрсенің дүниедегі орны, адамның дүниедегі орны, олардың біріне-бірі лайық болуы – қай кезде де күрделі мәселе.

Абайдың осы орын деген ұғымға мән беруі – даналық. Өлеңде аталған «бес дұшпанмен күресу» өте маңызды мәселелердің бірі.

Абайдың адамзатқа қойған талаптары өте маңызды болып табылады. Адам адам болу үшін Абай ұсынған бес асыл істі жақсы игеруі қажет.

«Адам бол!» деген ақыл-кеңесі, идеясы өлең жолдарында да, қарасөздерінде де жиі кездесіп, елді адамгершілікке шақырады. Адам тура, дұрыс қалыптасқан күйде дүние есігін ашпайды, адам болып біртіндеп қалыптасады. Адам болу – күрделі құбылыс: бір жағынан, бұл қоғамға, отбасына, ата-анаға, солар арқылы қа­лып­тасқан жағдайға байланысты; екінші жағынан, адамның өзіне - оның талабына, ынтасына, жігеріне байланысты. Адамды сырттан күштеп, инабатты, мәдениетті қылып, оны мәжбүрлеп оқытып, маман қыла алмайсың. Оқу да, ғылым да, өнер де – бәрі де санамен, талаппен, ынтамен, жігермен, үлкен еңбекпен келеді. «Кісіде бар болса талап, отырмас ол бойын балап. Жүрер, әрқайдан ізденер, алар өз сүйгенін қалап»,- дейді данышпан ақын.

Еңбек те – Абай шығармаларындағы жиі сөз болатын ұғымдардың бірі. Кез келген еңбек- пайдалы. «Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе, ең болмаса, еңбекпен мал табалық», «Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас, еңбек қылмас, еріншек адам болмас», «Болмасын кекшіл, болсайшы көпшіл, жан аямай кәсіп қыл. Орынсыз ыржаң, болымсыз қылжаң. Бола ма дәулет, нәсіп бұл? Ең­бек қылсаң ерінбей – тояды қарның тілен­бей» деп халықты еңбекқорлыққа шақырады.

«Малда да бар жан мен тән, ақыл, сезім болмаса, тіршіліктің несі сән, тереңге бет қоймаса», «Терең ойдың телміріп, соңына ермей», адамның ісі бітер ме?» деп терең ойға да айрықша ден қойған.

Адам болудың тағы бір шарты – қанағат. Ежелгі грек, үнді, қытай ойшылдары құмарлықты жеңуге, сөйтіп адамның өзін-өзі билеуіне көп мән береді. «Адамның ең қиын жауы – оның өзі»,- дейді үнді даналығы. Қанағат қылу адамның асыл қасиеті болып табылады. Абайдың айтуынша: «Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен, құдай­дың өз бергенін жеп көрем деп?»

Абайдың поэмасындағы Ескендір патшаға қаратып: «Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең, мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең» деуі де – өмір көрген дананың түсінігі.

Даналықтың нақты көрінісі – түсінік. Абайда адам туралы, «адамның кейбір кездері» туралы, дүние, өмір, ар-ұят, жақсы-жаман қылықтар, махаббат, достық, білім-ғылым туралы таңғажайып түсінік бар.

Абай еңбектеріндегі түсінік өмірден, тарихтан, адамдардың сөзін, ісін, мінез-құлқын, қарым-қаты­насын көріп-біліп, пайымдап, ой елегінен өткізуден туған.

«Ақыл, қайрат, жүректі бір­дей ұста, сонда толық боласың елден бөлек», Тағы бір жерде: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: нұрлы ақыл, ыс­тық қайрат, жылы жүрек», деп бұлардың тек адамға ғана тән қасиеттер екенін көрсетеді. Адамның басқа қасиеттері осыдан шығады. «Адамзатқа не керек? Сүймек, сезбек, күйінбек, харекет қылмақ, жүгірмек. Ақылмен ойлап сөйлемек» – деп, Абай ақыл, қайрат, жүректің қалай іске асатынын көрсетеді.

Бір ғажабы – Абай ақылды, қайратты жүрекке бағындырып қояды. Адам өмірінде бәрі жүректің әмірімен, қалауымен болады дейді. Құдайды қалай­тын – жүрек. Адамды адамға қоса­тын – жүрек. Махаббат та, достық та – жүректің қалауы. «Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық» – бәрі де жүректен шығады (он жетінші сөз). «Дос­тық, қастық, бар қызық – жүрек ісі. Ар-ұят­тың бір ақыл күзетшісі» – дейді данышпан ақын. Ақыл –Абай үшін ақиқатты анықтаушы, айтылған пікірлердің ақиқаттығын, жалғандығын шешуші. Сондықтан ол:

Ақыл сенбей сенбеңіз,-

Бір іске кез келсеңіз, - дейді.

Абай ілімі ұшан-теңіз. Абай ілімін тұтас қамтып шығу мүмкін емес. Қазақтың ұлы жазушыларының бірі М.Әуезовтың айтуынша: «Қазақ әдебиетінде Абай кіргізген жаңалық көп. Абай – қазақтың шебер суретшісі, сұлу сөздің атасы; тереңге сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан. Әдебиетке, өлең-жырға бұрыннан орнаған теріс пікірін жоғалтып, жұрттың ойын тәрбиелеген»









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Абай - дана, ойшыл.

Автор: Ускенова Жанерке Рахтаевна

Дата: 16.01.2021

Номер свидетельства: 570237

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Абай - дана,Абай - дара"
    ["seo_title"] => string(17) "abaidanaabaidara1"
    ["file_id"] => string(6) "294963"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455769041"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Абай-дана, Абай-дара""
    ["seo_title"] => string(16) "abaidanaabaidara"
    ["file_id"] => string(6) "281431"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453532819"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "“Абай-дара, Абай-дана” атты ?деби-сазды кеш."
    ["seo_title"] => string(42) "abai-dara-abai-dana-atty-diebi-sazdy-kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "315774"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459952343"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) ""Абай дана, Абай дара ?аза?та""
    ["seo_title"] => string(31) "abai-dana-abai-dara-k-azak-ta-3"
    ["file_id"] => string(6) "287159"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454434004"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) ""Абай" эссе"
    ["seo_title"] => string(9) "abaiessie"
    ["file_id"] => string(6) "317382"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460354718"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства