kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай - дана,Абай - дара

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Абай дана, Абай дара ?аза?та»

Іс-шараны? ма?саты:

  1. О?ушыларды? ойшыл  а?ынны? ?ле?дерін, шы?армаларын  ?алай ме?гергендігін ба?ылау, ?ле? о?у машы?тарын жетілдіру.Даналы? с?здеріне  талдау жасап, ?арас?здері ар?ылы ойына ?оз?ау салу, шы?армашылы? ж?мыс?а баулу.
  2. Абай поэзиясы ар?ылы ?рпа? ж?регіне адамгершілік ?асиеттерін сі?іру, егеменді елді? ерте?гі жан-жа?ты жетілген,адам атына лайы?ты  Абай м?рагерлері екендігін ма?тан т?ту, ?лы баба?а деген ?рпа?ты? с?йіспеншілігін арттыру.
  3. О?ушыларды? ой еркіндігін, эстетикалы? сезімін ояту, с?йлеу м?дениетін ?алыптастыру, ?здігінен ізденту, ой ?рісін дамыту.
  1. ?айырлы к?н, ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! Б?гін кеме?гер ойшыл, кеме?гер а?ын Абай атамыз?а арналып отыр?ан «Абай – дана, Абай – дара» та?ырыбында?ы ?деби- сазды кешімізге ?ош келді?іздер.

 К?п адам д?ниеге бой алдыр?ан,

 Бой алдырып, ая?ын к?п шалдыр?ан,

 ?лді деуге бола ма, ойла?даршы,

 ?лмейт??ын артына с?з ?алдыр?ан, -

 деп т?релігін ?зі шешкен Абай б?гін жар?ын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы ?мір с?ріп  келеді, м??гі ?мір с?ре бермек! (к?рініс)

  1. о?ушы       

Ж?регін шыра? етіп жандыр?ан кім?

     Жырымен жан сусынын ?андыр?ан кім?

     ?зіне –?зі орнатып ескерткішті,

     М?ра ?ып, кейінгіге ?алдыр?ан кім?

     Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

     Талабын тас ?ия?а ?рлеткен кім?

     ??бажан, ??рба?ан ??м, ??ла ?ырда,

     ?ле?ні? бесігінде тербеткен кім?

      Со?ты?палы, со?па?сыз жерде ?скен кім?

      ?нінен ?ділдікті? лебі ескен кім?

      Арманын атандырып келешекке,

      Біздермен осы к?нгі тілдескен кім?

      Тайсалмай, мы?мен жал?ыз алыс?ан кім?

      Жауына найза с?зін шаныш?ан кім?

      ?зендей  ??й?ан  барып к?к те?ізге,

      Лермонтов, Пушкиндермен табыс?ан кім?

Абай роліндегі о?ушы:  Ж?регімні? т?біне тере? бойла,

                                             Мен бір ж?мба? адаммын,оны да ойла.

                                             Со?ты?палы,со?па?сыз жерде ?стім

                                             Мы?мен жал?ыз алыстым,кін? ?ойма.

2-о?ушы:  Мы?мен жал?ыз к?рескені?-батырлы?ы? емес пе?

                    ?ткір ?ле?,?сиеті?- батылды?ы? емес пе?

?нерден шашу шаш?аны?- ?асырлы?ы? емес пе?

Елге жаны? ашы?аны-асылды?ы? емес пе?

3 - о?ушы:                 Абай – дана,

                                    ??ламасы ?асырды?,

                                    Жырларында жабыр?ау жо?,жасын м??

                                    ?ле? болып бізге жетті ?неге?,

                                    С?улесі боп,

                                    ?ле? деген асылды?.

                                     Жырлары?ыз т?нып т?р?ан ?лылы?

                                    Жабыр?асам жан?а ??яр жылылы?.

                                    Абай деген – ж?мба? ?лем,биік шы?

                                    Бол?амыз жо? ?лі ?зі?ді ??ынып.

4 - о?ушы:                          К?рікті к??ілде жыр, ?олда ?алам

?мірді? ?ріне ?рлей бас?ан ?адам

                                               ?аза?ты? ?ле?іні? ?лы атасы,

Ол-Абай, ?лты-?аза?, Аты –Адам.

 2-ж?ргізуші : Абай ізіні? кіршіксіз а? ж?регін тербеткен сансыз ойларын тамаша шы?армалары мен жалынды жырларыны? бетінен ?р жолынан, ?рбір с?зінен бізге соншама ысты?, соншама жар?ын леп еседі. Ол ?ткен заманны?, кешегі т?ркі д?ниесіні? со??ан тынысы болса да бізге т?сінікті, ж?регімізге ?онымды Абай –лебі, Абай - ?ні, ана тынысы - заман тынысы, халы? ?ні. Абайды? жар?ын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге м??гі жасап келеді.

1-ж?ргізуші:  Абай атамызды? суретін к?рген Жамбыл Жабаев: 

 Мына т?р?ан Абайды? суреті ме?

 ?ле? с?зді? ??са?ан ??діретіне.

 А?ыл, ?айрат, білімді те? ?ста?ан

 ?р Абайды? т?теген кім бетіне? –   деп айт?ан екен.

?лы данышпан Абай атамызды? 170 жылды? мерейтойына арнал?ан «Абай – дана, Абай - дара » атты ?деби-сазды кешіміз 4 б?лімнен т?рады  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай - дана,Абай - дара»

«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Келісемін: Бекітемін:

ӘІЖМ: Т.Н Топашева Мектеп директоры: Ж.Ш Кулиева













Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына

арналған әдеби – сазды кеш

Тақырыбы: Абай – дана, Абай – дара










Дайындағандар қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімдері Генжемуратова Л.К және

Кеулумжаева Ж.К









2015-2016 оқу жылы

«Абай дана, Абай дара қазақта»

Іс-шараның мақсаты:

  1. Оқушылардың ойшыл ақынның өлеңдерін, шығармаларын қалай меңгергендігін бақылау, өлең оқу машықтарын жетілдіру.Даналық сөздеріне талдау жасап, қарасөздері арқылы ойына қозғау салу, шығармашылық жұмысқа баулу.

  2. Абай поэзиясы арқылы ұрпақ жүрегіне адамгершілік қасиеттерін сіңіру, егеменді елдің ертеңгі жан-жақты жетілген,адам атына лайықты Абай мұрагерлері екендігін мақтан тұту, ұлы бабаға деген ұрпақтың сүйіспеншілігін арттыру.

  3. Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен ізденту, ой өрісін дамыту.

  1. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін кемеңгер ойшыл, кемеңгер ақын Абай атамызға арналып отырған «Абай – дана, Абай – дара» тақырыбындағы әдеби- сазды кешімізге қош келдіңіздер.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -

деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! (көрініс)

  1. оқушы

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын атандырып келешекке ,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Абай роліндегі оқушы: Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.

Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма.

2-оқушы: Мыңмен жалғыз күрескенің-батырлығың емес пе?

Өткір өлең,өсиетің- батылдығың емес пе?

Өнерден шашу шашқаның- ғасырлығың емес пе?

Елге жаның ашығаны-асылдығың емес пе?

3 - оқушы: Абай – дана,

Ғұламасы ғасырдың,

Жырларында жабырқау жоқ,жасын мұң

Өлең болып бізге жетті өнегең,

Сәулесі боп,

Өлең деген асылдың.

Жырларыңыз тұнып тұрған ұлылық

Жабырқасам жанға құяр жылылық.

Абай деген – жұмбақ әлем,биік шың

Болғамыз жоқ әлі өзіңді ұғынып.

4 - оқушы: Көрікті көңілде жыр, қолда қалам

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,

Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам.

2-жүргізуші : Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

1-жүргізуші: Абай атамыздың суретін көрген Жамбыл Жабаев:

Мына тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

Өр Абайдың төтеген кім бетіне? – деп айтқан екен.

Ұлы данышпан Абай атамыздың 170 жылдық мерейтойына арналған «Абай – дана, Абай - дара » атты әдеби-сазды кешіміз 4 бөлімнен тұрады

І бөлім. Ақынның өмір жолына шолу

ІІ бөлім. «Өлең- сөздің патшасы» деген тақырыпта ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Ғылым, білім туралы көзқарасы

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

«Ғылым таппай мақтанба»

Халық, замана, адам

«Сабырсыз, арсыз, еріншек»

«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»

«Жапырағы қуарған ескі үмітпен»

Махаббат , достық лирикасы

«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»

«Ұяламын дегені көңіл үшін»

Табиғат лирикасы

«Жазғытұры», «Қыс», «Күз».

Ақындық, ән, өнер адамы

«Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа»

Ақын аудармалары

«Қараңғы тау қалғып»

Дананың қара сөздерін нақышына келтіріп оқу.

ІІІ бөлім. «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы,ерінбе!» тақырыбындағы бөлімде мектебіміздің жас ақындары ақын атамызға жүрек жарды лебіздерін білдіреді

ІҮ бөлім. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез». Бұл бөлімде ақынның «Масғұт» поэмасының сахналандырылған көрінісі

2-жүргізуші:

Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы!

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.

1-жүргізуші: «Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп ақын өзі жырлағандай, ғұлама ақын өлсе де,оның баға жетпес мол мұрасы қалды. Біз оның артында қалған мұрасына үңілмес бұрын, өмір жолына шолу жасап өтсек

Өмірбаяны

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:

«Шынжыр балақ, шұбар төс Ызгызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым…»

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көңтерілі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол дін оқуын місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған…») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда бүркітші шығады аңға» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 ж. аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін “жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған.

1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын , өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. Осы кезеңдерде Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.



2-жүргізуші: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Үннің тәтті оралған мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,

Жас балаша көңілді жақсы уатар – деп ақын өзі жырлағандай, орындауында «Көзімнің қарасы» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші : Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Ақын шығармалары- оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігін дәлелдейді.

М.Әуезов Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп атауы да жайдан жай емес.

2-жүргізуші : «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды,ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді,тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, » - демекші «Өлең- сөздің патшасы» бөлімінде Абайдың ғибратты өлеңдеріне тоқталсақ

1 - жүргізуші: Абайдың қара сөзін оқып көрші,

Беріліп жан тәніңмен көңіл бөлші.

Әрбір сөзінде терең ой бар,

Тереңін сен бақылап ,байқап көрші.

2 - жүргізуші: Өлең деген – әр сөздің ұнасымы,

Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.

Сөзі тәтті,мағынасы түзу келсе,

Оған кімнің келеді таласуы? – дегендей, бүгінгі кешімізге ақынның жүз шақты өлеңін жаттау мен қатар ақынға арнау өлеңдер жазып, аудандық «Абай оқуларына» қатысып, мектеп намысын қорғағап ГРАНПРИ жеңіп алған 10 сынып оқушысы Тұрғанбаева Шынарайды ортаға шақырамыз. Шынарай мен мектебіміздің жас ақындары ақын атамызға арнаған жүрек жарды лебіздерін білдірсе. Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық!

1-жүргізуші: Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хәкім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес, - деп келесі « » сынып оқушысы орындауында «Желсіз түнде жарық ай » әні

2-жүргізуші: Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Абайдан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп аса жоғары баға қояды.

1-жүргізуші: Абай шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала-

оның поэмалары.Олар : «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі». Абай өзінің поэмаларында да,өлеңдеріндегі секілді әлеуметтік –адамгершілік идеяларын көтерді.Соның бір дәлелі ретінде «Масғұт» поэмасының сахналандырылған көрінісін тамашалаңыздар.

МАСҒҰТ (көрініс сценарий)

Рөлдерде:

Автор –

Масғұт –

Шал –

Хан –

Халық –

Автор: Я, Алла, құрметіне достың Махмұт,

Тілге жар бер, білінсін тұғры мақсұт.

Һаруан-Рашид халифа заманында

Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.

Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа,

Барды ма кезі келіп бір жұмысқа?

Бір ұры бас сап тонап жатқан жерде

Кез болды бір бишара шал байғұсқа.

Шал байғұс айғайлайды аттан салып,

Айырып алған жан жоқ оны барып.

Кім де болса, бір ерлік қылайын деп,

Масғұт ұшты ұрыға оңдайланып.

Масғұтты ұры шапты қылышпенен,

Тәуір-ақ жан сақтапты жұмыспенен.

Есен-аман шал дағы құтылыпты,

Масғұттан жау қашқан соң ұрыспенен.

Масғұтқа келді әлгі шал көзін тіктеп,

Көрсе, бастан ағып тұр қан дірдектеп.

Мұның қарызын мен де өтеп кетейінші

Жігіт қой ер көкірек, жау жүрек деп:

Шал: - Ей, жігіт, не қылсаң да, ер екенсің,

Көргейсің ерлігіңнің берекесін.

Себеп боп мені ажалдан сен айырдың,

Маған қылған қарызыңды алла өтесін!

Бай емен, батыр емен, хан емеспін,

Атақты артық туған жан емеспін.

Себеп болып айырдың мені ажалдан,

Жақсылықты білмейтін шал емеспін.

Мен - бір шал дүниеде жиһан кезген,

Ертең түсте кетемін шаһаріңізден.

Ертерек пәлен жерден тосып тұрып,

Алып қал бір базарлық, жаным, бізден.

Пұл үшін қызықпассың, сен де - бір ер,

Сені маған кез кылған пәруардигер.

Бір құданың хақы үшін мен тілеймін,

Қабыл көр, сертім үшін қолыңды бер!

Масғұт: - Ұрыға жібермедім мен намысты,

Кім бұлдар мұндай-мұндай қылған істі.

Алла хақы деген соң амал да жоқ,

Барайын,

Автор: - деп уәде етіп қол қағысты.

Ол жерге ерте тұрып жігіт барды,

Шал да душар алдынан бола қалды.

Қолынан ұстап алып, ертіп барып,

Далада бір бұзылған тамға апарды.

Барса, тамда бір гүл тұр солқылдаған,

Басында үш жеміс бар былқылдаған:

Бірі - ақ, бірі - қызыл, бірі - сары,

Шал: - Таңдап ал, мен берейін бірін саған.

Ағын жесең, ақылың жаннан асар,

Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар,

Егерде қызыл жеміс алып жесең,

Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.

Автор: Ол жігіт шал сөзіне құлақ салды,

Көзін төмен жіберіп, аз ойланды.

Ақ пен сары екеуін алмаймын деп,

Қызыл жеміс жеймін деп қолқа салды.

Шал: Мен беремін, танбаймын айта тұра,

Өкінбесең түбінде жүре-бара.

Ақ пен сары екеуін алмағаның

Мәнісін айтсаң екен, жаным, сірә.

Масғұт: - Мен болсам егер ағын жемек дедім,

Ақылды болдым елден бөлек дедім.

Мен ақылды билемен не қылсам да,

Ақыл мені билесе керек дедім.

Ақылды жан табылмас маған сырлас,

Көріне тентек көп надан мойын бұрмас.

Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды

Көре тұра, көңілде тыныштық тұрмас.

Адам дертті болмай ма құса тартып,

Тұщы ұйқы ұйықтай алмай түнде жатып.

Ептеп бағып, есерге ем таба алмай,

Тәтті тамақ жей алман дәмін татып.

Сарыны жеп, мен болсам байдың өзі,

Аузына тамам жанның болдым сөзі.

Пәленшеден бір нәрсе алсақ-ау деп,

Тігілер жан біткеннің маған көзі.

Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін,

Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін.

Не қылса да, надандар алмақты ойлар,

Мал антұрған күйдіріп елдің ішін.

Еңбексіз мал дәметпек - қайыршылық,

Ақылды ерге ар болар ондай қылық.

Оны ойларлық бұл күнде адам бар ма?

Пайда ойламай қылады кім татулық?

Берсең, қалар оларда несі ардың?

Бермесең, сен дағы ит бірге болдың.

Не өзің ит, немесе бар елің ит,

Дауасыз бір пәлеге міне қалдың.

Қызылды жесем, мені әйел сүйер,

Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?

Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,

Деп едім бір пайдасы маған тиер.

Еркектің еркек адам болса қасы,

Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы?

Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,

Сонда ұрғашы болмай ма арашашы?

Тегінде адам басы сау бола ма?

Бойында тексерілмес дау бола ма?

Ері ашу айтса, әйелі басу айтып

Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?

Соны ойлап, қызыл жеміс мен таңдадым,

Берсеңіз, жемек болып бел байладым.

Топа-торсақ бұл сөзді айтқаным жоқ,

Басында-ақ ойлап тегін абайладым.

Шал: - Ендеше тауып айттың, же, шырағым.

Ақыл, дәулет әуелден өзіңде екен,

Өміріңмен артылсын, жаным, бағың!

Автор: Бұл шал бөтен шал емес, Қыдыр еді,

Ебін тауып даруға кезі келді.

Сөзіне, ақылына, қылығына

Разы болғаннан соң, бата берді.

Сол Масғұт Қыдыр шалдан бата алыпты,

Соңында Шәмсі-жиһан атаныпты.

Мағынасы: «бұл дүниенің күні» деген,

Жетіліп бізге ғибрат сөз қалыпты.

Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған,

Жалғанның дәмін бұзып, қауіп қылғызған

Ақыл мен мал екеуін асырай алмай,

Арашашы іздепті қатын, қыздан.

Ендігіге не сұрау бұл жалғанда?

Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда.

Өлген мола, туған жер жібермейді,

Әйтпесе тұрмас едім осы маңда.

Сол Масғұт халифаға уәзір бопты,

Тарқатыпты алдынан көп пен топты.

Бағанағы қыдыр шал бір уақытта

Түсіне аян беріп жолығыпты.

Шал: - Ей, балам, пәлен күні жауын жауар,

Сол жауынның суында кесапат бар:

Жеті күн жынды болар суын ішкен,

Жеті күн өткеннен соң және оңалар.

Ол судан тамам суға су құйылар,

Сел болып, судың бәрі кесел болар.

Ертерек таза судан су жиып ал,

Бұл - хабарым, сақтансаң, жаным, жарар.

Автор: Бұл сөзбен халифаға Масғұт барды,

Хабарын естіген соң хан да аңғарды.

Айтқан кезі жақындап келген шақта,

Ертерек таза судан құйып алды.

Болған соң уәделі күн, жауын жауды,

Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды.

Күні-түні шуласып, таласады,

Ұмытты тамақ жеу мен және ұйықтауды.

Бұлар шулап бір күні келді ордаға,

Хан мен уәзір қарайды тамашаға.

Бәрі де есі шығып, жынды болған,

Бос шулап жүр кіші іні, үлкен аға.

Ол халқының алдына жақын барды

Сөз айтып әрбір түрлі, ақыл салды.

Хан: - Бір кеселге, байғұстар, жолығыпсың,

Үйіңе бар ұқтаңдар! - деп шығарды.

Автор: Олар шықты есіктен ханға өкпелеп,

Көшеде шулап және жылаған көп:

Халық:- Хан мен уәзір ақылдан айрылыпты,

Өлтірейік екеуін, жынды екен, - деп

Өлтіргелі ордаға қайта жүрді,

Бұлардың сөзін естіп хан да көрді:

Хан:- Бұрынғыдан мұнысы қиын болды,

Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік? - деді.

Масғұт:- Құтылар хал болмады мына дудан,

Біз де ішпесек болмайды жынды судан.

Өлтірер өңкей жынды бізді келіп,

Жынды деп есі дұрыс бізді қуған.

Автор: Екеуі жынды судан ішіп салды,

Құтырып көп алдына жетіп барды.

Өңкей жынды байқамай айтыппыз деп,

Құлдық ұрып, бұларға көп жалбарды.

Сонымен бет-бетімен тарқап кетті,

Әйтеуір тарқайтұғын уақыт жетті.

Көрдің бе көп тентектің қылған ісін -

Еріксіз есті екеуін есер етті.

Көптің бәрі осындай, мисал етсең,

Көп айтты деп алданып, уағда күтсең.

Ғапіл боп көп нәрседен бос қаласың,

Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең.








2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең ,менше сүй ,-деп Абай атамыз айтқандай -сынып оқушысы орындауында « » әніне кезек берсек.

1-жүргізуші: Шығыстаудың төрінде Абай атамыздың 170 жылдық мерейтойында Елбасымыз Н.Ә Назарбаев: «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. Бұл жолғы тойдың төріне сол көксеген мұратына жетіп, барша әлемге аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат Адамзат Ардағы, Адамзат Ақыны, Адамзат Ақылманы болып көтеріліп отыр. Бұл жолғы салтанаттың Алматы мен Семейден, Қарауыл мен Жидебайдан басталмай, Батыс пен Шығыстың іргелі елдерінен, Еуропа мен Азияның ең беделді мемлекеттерінен, Мәскеу мен Стамбул, Париж бен Пекин сынды әлеуметтік астаналардан басталғаны да - соның айғағы.

Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып – ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болатын еді. Сорлатқанда біреудің уақыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің аты мен зауқы жоқ.

Әйтпесе «көп дүние әуелі сол әркімнің өзін өзі түзей алмағандығынан өрге баспай жатыр емес пе?! Өз халқын «жұрт болсын, өссін, өнсін» дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын, Абайға құлақ ассын.» деген еді.

2-жүргізуші: Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық. Абай поэзиясы – сарқылмас бұлақ. Сөз шебері- Абай ата, сізге әрқашан борыштымыз, өсиетіңді нық ұстаймыз – деп «Абаймен кемел білімге» атты Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кешімізді аяқтамас бұрын мектебіміздің директоры Ж.Ш Кулиеваға сөз кезегін беріледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Абай - дана,Абай - дара

Автор: Генжемуратова Лаззат Калбаевна

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 294963

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Асыл с?зді іздесе?, Абайды о?ы, ерінбе. "
    ["seo_title"] => string(41) "asyl-sozdi-izdiesien-abaidy-ok-y-ierinbie"
    ["file_id"] => string(6) "182924"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425648181"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства