kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

“Абай-дара, Абай-дана” атты ?деби-сазды кеш.

Нажмите, чтобы узнать подробности


Абай-дара, Абай-дана атты ?деби-сазды кеш.

Ма?саты: ?лы а?ынны? ?негелі ?мірімен таныстыру, а?ынны? даналы?ын, рухани асыл м?раларын насихаттап, ?ле?дерін, ?ндерін м?нерлеп айт?ызу. К?ркем с?йлеуге, ?з бетімен іздене білуге,  шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге к?мектесу.

К?рнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазыл?ан плакаттар, кітап к?рмесі, слайд, бейнероликтер.
1-ж?ргізуші:

К?п адам д?ниеге бой алдыр?ан, 
Бой алдырып, ая?ын к?п шалдыр?ан, 

?лді деуге бола ма, ойла?даршы, 
?лмейт??ын артына с?з ?алдыр?ан, - деп т?релігін ?зі шешкен Абай б?гін жар?ын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы ?мір с?ріп  келеді, м??гі ?мір с?ре бермек!
Ол ?ткен заманны?, кешегі т?ркі д?ниесіні? со??ан тынысы болса да бізге т?сінікті, ж?регімізге ?онымды Абай –лебі, Абай - ?ні, ана тынысы - заман тынысы, халы? ?ні. Абайды? жар?ын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге м??гі жасап келеді.
2 - ж?ргізуші – 
??рметті ?дебиет с?йер ?ауым!  ?аза?ты? біртуар ?лдарыны? бірі, данышпан а?ын, ойшыл, дана ??ламаларыны? бірі, ?аза? ?дебиетіні? шо?ты?ы биік ірі т?л?асы Абай ??нанбай?лыны? шы?армашылы?ына арнал?ан “ ?лы халы?ты?  - ?лы  Абайы ”атты  ?деби-сазды кешімізге ?ош келді?іздер!

Ж?регін шыра? етіп жандыр?ан кім?

                        Жырымен жан сусынын ?андыр?ан кім?

                        ?зіне –?зі орнатып ескерткішті,

                        М?ра ?ып, кейінгіге ?алдыр?ан кім?

                        Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

                       Талабын тас ?ия?а ?рлеткен кім?

                       ??бажан, ??рба?ан ??м, ??ла ?ырда,

                       ?ле?ні? бесігінде тербеткен кім?

Со?ты?палы, со?па?сыз жерде ?скен кім?

                       ?нінен ?ділдікті? лебі ескен кім?

                       Арманын атандырып келешекке,

                       Біздермен осы к?нгі тілдескен кім?

                       Тайсалмай, мы?мен жал?ыз алыс?ан кім?

                       Жауына найза с?зін шаныш?ан кім?

                       ?зендей  ??й?ан  барып к?к те?ізге,

                       Лермонтов, Пушкиндермен табыс?ан кім?


 

Абай туралы видеоны тамашалайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«“Абай-дара, Абай-дана” атты ?деби-сазды кеш.»


Абай-дара, Абай-дана атты әдеби-сазды кеш.

 

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге,  шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.
1-жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы өмір сүріп  келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2 - жүргізуші – 
Құрметті әдебиет сүйер қауым!  Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Ұлы халықтың  - ұлы  Абайы ”атты  әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

                        Жырымен жан сусынын қандырған кім?

                        Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

                        Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?

                        Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

                       Талабын тас қияға өрлеткен кім?

                       Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

                       Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

                       Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

                       Арманын атандырып келешекке ,

                       Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

                       Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

                       Жауына найза сөзін шанышқан кім?

                       Өзендей  құйған  барып көк теңізге,

                       Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?



Абай туралы видеоны тамашалайық.

2-жүргізуші
- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!





1-жүргізуші: Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. 



2-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонақтарының бірі ағайынды Ельнур мен Нұрайдың «Ұлы халықтың- ұлы Абайы» атты презентациясын тамашалайық!



1-жүргізуші: Тамаша, керемет. Рахмет сендерге! Шұғыла, қалай ойлайсың, келесі кезекті Абай атамыздың өлеңдеріне берсек қалай болады?

2- жүргізуші Иә, Аяз! Мен сенімен келісемін. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық. Кезекті 6 - сынып оқушыларына берейік.



1-оқушы: «Қыс» өлеңі

2-оқушы:  «Жазғытұры» өлеңі

3-оқушы: «Күз» өлеңі



1-жүргізуші : Шұғыла, 6 сынып оқушыларының оқыған өлеңдерінен мен шынымен де әр түрлі жыл мезгілінде болып қайтқандай болдым.



2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Аяз! Мен де өзімді дәл солай сезіндім. 6 - сынып оқушыларына көп-көп рахмет!

Ал, ендігі кезекті мектеп-лицейіміздің мақтанышы, Халықаралық байқаулардың жүлдегері, бұлбұлдай сайраған әнші қызымыз Аружанға берсек деп отырмын.



1-жүргізуші: Олай болса, Аружанды «Көзімнің қарасы» әнімен тамашалайық!



2-жүргізуші: Керемет! Аружанға ду қол шапалақ!



1-жүргізуші : Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – оның қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.



1-жүргізуші: Кезекті Абайдың қара сөздеріне берсек! Абайдың қара сөздерін ортаға салайық, құрметті қонақтар!



4-оқушы 9 қара сөз

5-оқушы 31 қара сөз

6-оқушы 1 қара сөз



2-жүргізуші: Кешіміздің қадірменді көрермендері! Сіздермен «Абай кім?» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнайық

Қонақтармен диолог.

 Абайдың өмірі мен  шығармашылығына  байланысты сұрақтар:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?( Көкбай ).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? ( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургте  жазған).

3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.

( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.

(«Әзімнің әңгімесі».)

6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?

(Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.

( Зере, Ұлжан.)

8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

9. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?

( Ахмет  Байтұрсынов).

10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.

(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?

( 1909 жылы Петербургта).

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?

(Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай Х)

14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)

15. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?

(Абайдың ағасының баласы.)



1-жүргізуші : Ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей түсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді.



2-жүргізуші : Мухамадиева Аружанның орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әнін қабыл алыңыздар!







 1-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,

                        Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.

                        Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

                        Өлмей тұғын артында сөз қалдырған – демекші



Келесі кезекті мектеп-лицейінің жас ақындарына сөз кезегін берейік.



2-жүргізуші: Иә, бойларында шабыты бар ақындар Абай атаға арнаған өз арнауын оқып берсе. Ең алдымен өзім бастасам деймін, Қазақтың бас ақыны Абай атаға арнау



Айтқазы Шұғыла «Абай атаға арнау»

Елюбай Ельнур «Абайға »



1-жүргізуші: Біздің данышпан ақынымыз Абай Құнанбаев шығармашылығындағы ең  өзекті тақырыптардың бірі — қазақ жастарына білім беру, оқыту ісі екені рас. Жастарды оқытудағы мақсат не, балаларына білім бермек болған ата-ананың, үлкендердің көздегені не еді, ал оқуға ұмтылған сол жастардың өздерінің діттегені, алға қойған арман-мұраты қайда жатыр – міне, тура осындай мәселелер ұлы Абайды көп толғандырғаны, барынша тебіренткені  даусыз. Мұны ойшыл ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінде айтқан болатын.

7оқушы  «Әсемпаз болма әрнеге»

8-оқушы «Ғылым таппай мақтанба»

9-оқушы Жасымда ғылым бар деп ескердім

 

 

 

1-жүргізуші: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев

2-жүргізуші: - Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).



1-жүргізуші: Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады . Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді.

Абайдың Пушкиннен аудармасын тамашалаңыздар.



1-жүргізуші: Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан сайын тереңдетіп, байытып, сатиралық сарынды күшейтіп, қазақ әдебиетінің реалистік даму жолын кеңейте түседі.     Крыловты қазақ жұршылығына өз заманында кеңірек танытқан Абай болды. Крыловтың ”Қарға мен түлкі”, ”Піл мен қанден”, ”Есек пен бұлбұл”, тағы басқа мысалдарын аударды.





2-жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті.



1-жүргізуші: Бүгінгі кеш маған ұнады. Шұғыла сенің көңіліңнен шықты ма?



2-жүргізуші: Әрине, маған ұнады. Барлық оқушыларымыз бүгін белсенді болды. Барлықтарыңызға көп-көп рахмет. Олай болса, Абай атамыздың өлеңдерін, аудармаларын, әндерін, қара сөздерін тереңірек білуге ұмтыла берейік. Қош сау болыңыздар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
“Абай-дара, Абай-дана” атты ?деби-сазды кеш.

Автор: Кабасова Ален Ембергеновна

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315774


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства