?аза?ты? бас а?ыны, ?лы дана, ойшыл, сазгер Абай ??нанбаевты? мол м?расын о?ушылар?а ке?інен таныстыра отырып, болмыстарыменен, бар жан-т?ндеріменен ??ына сезініп, м?нерлеп о?у?а ша?ыру. Абай шы?армашылы?ын ке?інен таныту ба?ытында ?йымдастырылатын шара?а с?з м?йегін к?кіректерімен ??ынып, ?уезді де, шын сезіммен м?нерлеп о?и білетін о?ушылар ?атыстырыла алады.
Просмотр содержимого документа
«"Абай дана, Абай дара ?аза?та"»
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын оқушыларға кеңінен таныстыра отырып, болмыстарыменен, бар жан-тәндеріменен ұғына сезініп, мінерлеп оқуға,
Міндеті:
1. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.
2. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан көру. 3. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
1жүргізуші
Армысыздар, алқалаған әлеумет!
2 жүргізуші
Бармысыздар, құрметті халайық!
3 жүргізуші
Бүгінгі «Абай оқу-2014» байқауына қош келдіңіздер!
4 жүргізуші
Бүгінгі мереке күнімізқұтты болсын!
1 жүргізуші
Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра.
2 жүргізуші
Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.
3 жүргізуші
Абай мұрасы - мол мұра. Оның жанды сөздері, айтқан ойлары біздерге мәңгілік азық болары хақ.
4 жүргізуші
Ендеше бүгінгі думанды тойымызға қош келдіңіздер!
1 жүргізуші
Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды, Жыр құдайы жоғарыдан қарайды. Көлеңкелі кеудесіне қазақтың Шымырлаған шуақ болып тарайды. Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын, Анық басып, жүрдің байқап ақырын.
2 жүргізуші
Поэзия әлеміне самғадың, Әділетті көксеуден еш талмадың. Ақындардың көшбасшысы атанып, Ел аузында мәңгі қалды жазғаның.
3 жүргізуші
Өзің едің өлең-жырдың тарланы, Шоқ жұлдыздай биік туған арманы. Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым, Қолдасын деп Абай ата аруағы.
4 жүргізуші
Орындалмай қалды қанша арманы, Жас ақындар өнеріңді жалғады. Ұрпақтарың есіне алып өзіңді, Жауһар жырмен мүсініңді сомдады.
«Көңіл құсы құйқылжыр» Абай әндерін орындаушылар байқауы.
4 жүргізуші
Осы бағам бойынша қатысушыларымызды шақыруға рұқсат етіңіздер. Ортада Мулекова Индира мен Казиуиллина Жанар
3 жүргізуші
«Желсіз түнде жарық-ай» әніменен. Қарсы алыңыздар!
(Мулекова Индира мен Казиуиллина Жанар)
4 жүргізуші
Қыздарымызға қол шапалақтарыңызды аямаңыздар! Келесі қатысушымыз бүгінгі сайысқа бірнеше күн дайындалып, түнде де, күнде де сол әнменен әуре болған екен.
3 жүргізуші
Айзада, сенің айтқандарың мені қызықтырып барады. Ол кім екен?
4 жүргізуші
Ол өз өнерін қазақтың қара домбырасы арқылы жеткізбек. Оның домбыра ұстап, алдарыңызға шығуына себеп болған әкесі екен.
3 жүргізуші
Айзада, сенің кімді айтып отырғаныңды ұқтым. Жәнібекұлы Шынтасты ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.
4 жүргізуші
Абайдың әні «Жаз», қошеметтеріңізді көрсете отырыңыздар.
(Жәнібекұлы Шынтас)
3 жүргізуші
Елімнің әнге қосып салтанатын,
Көмейден күн бүгінгі бал таматын,
Рахаттың көңілде самалы ессін,
Қаққан кезде суылдап ән қанатын.
Ортаға 9 сынып оқушысы Қазиоллақызы Еркежанды шақыруға рұқсат етіңіздер.
(Қазиоллақызы Еркежан)
4 жүргізуші
Ақпәтер біздер үшін жер жәннаты,
Жайылған шар талапқа кең қанаты,
Бар еліме аты шығып өнермененен
Самғасын әр жүректе ән қанаты.
Келесі қатысушымыз тек ауыл көлемінде ғана емес, республика көлемінде танылып жүрген оқушы. Оның өнеріне бүгінде барлығы тәнті болып үлгерді.
3 жүргізуші
Ортада мектебіміздің мақтанышы Нұралы Айтуған «Айттым сәлем, Қаламқас» әніменен. Қарсы алыңыздар!
(Нұралы Айтуған «Айттым сәлем, Қаламқас»)
Слайд көрсетілімі
1 жүргізуші
Даяна, осы өнерлердің ішінде қайсысы қиын деп ойлайсың?
2 жүргізуші
Менің ойымша өнер түрінің бәрі қиын. Дегенменен бүгінгі болып отырған шарамызға байланысты айта кетсем, өлең құрау шығар.
1 жүргізуші
Дұрыс таптың, ақындардың өлеңдерін ұғып оқу, оны жадына түю бір мәселе, ал оны өзі ойлап табу қиынның киыны.
2 жүргізуші
Бүгінгі қатысушыларымыз «болмасаңда ұқсап бақ» демекші Абай атамыз сынды жадынан өлең шығарып, ол өлеңдеріменен сіздерменен бөліскісі кеп отыр.
1жүргізуші
Ендеше, ортаға «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» оқушылар шығармашылығы бөлімі бойынша қатысатын оқушыларымызды шақыруға рұқсат етіңіздер!
(Шығармашылығыменен таныстырушылар шығады)
3 жүргізуші
Абай –қазақ халқына біткен жұлдыздай. Оның өлеңдері біздерге ой, саналы ақыл сыйлайды. 4жүргізуші
Абайды оқымайтын, оның поэзиясына құмартпайтын қазақ жоқ шығар. Оны тану, білу, оқу біздерге- оқушыларға міндеттелген жүк.
3 жүргізуші
Ендеше, көп тұрмай, келесі кезеңімізді басталық. «Абай әлемі» әр сынып буклет, кітапша, фотошежіре жасайды. Яғни, Абай атамызды қандай тұрғыда таныстырғысы келсе, өз қалаулары бойынша таныстырып өтеді.
4 жүргізуші
Ортада жоба қорғаушыларымыз. Қарсы алыңыздар!
(Жоба қорғаушылар)
1 жүргізуші
Мінекей, осыменен бүгінгі бағдарламамыз тәмамдала келді. Әділқазыларымыз ақылдаса шешім қабылдағанша, бейнекөрініске назар аударыңыздар.
Слайд көрсетілімі
(4 жүргізуші шығады)
2 жүргізуші
Алдарыңызда бар өнер түрі көрсетілді.
3 жүргізуші
Бүгінгі өнер додасына қатысқан бар қатысушыларымызды ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.